Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Әйел жарнаманың құралына айналғалы қашааааааан…
Қазір тіпті шегіне жетті.
Қай жарнаманы ашсаң да, міндетті түрде әйел бейнесі.
Тауар басқа, мазмұн басқа… бірақ назар тарту үшін бәрібір әйелді қоя салады.

Ең өкініштісі: бұл енді мұсылман қыз-келіншектерге дейін жетті.
❤27😢17💯8🔥2
дінге деген жеккөрініштен қалай тиісерін білмей, ақыры патриот болып айналдырған 5–6 сөзге(машаллаһ, иншаллаһ, алхамдулиллаһ) жабысып жатқан кейбір кісілер бар.
Әркім өз таңдауы мен түсінігіне өзі жауапты. Білгендерін істесін.

бірақ сіздер де шлии “ахи”, “ухтишка” деген сынды бізе жат сөздерді айтып шектен шығып кетпеңіздер. Әр халықтың өз тілі бар. Еліміз мен тіліміз жасасын🤲🏻🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21💯64🔥2👍1🕊1
1500$-ға 7 күнге Малайзияға барып демалып келдім.
– Вааау… керемет, күштіі😍

900$ ақ долларға 5 күнге Анталияға тур сатып алдым.
– Вааау… мықты ғой!

2500$-ға 10 күнге Европаға тур алдым, төрт қала (Барселона, Милан, Венеция, Париж)
– Вааау… Бізге де нәсіп етсін!


1200$-ға 10 күнге Мекке мен Мәдина қалаларына барып, умрамды өтеп келейін деп жатырмын.
– Одан да мұқтаж адамдарға көмектеспейсің бе, арабтарды байытпай! 😏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯20❤16😁16💔55🔥3
Адам баласы ешқашан біреудің кемшілігіне күлетін жағдайда емес. Өйткені бұл дүниеде ешкімге бәрі бірдей берілмейді.
➖Біріне байлық береді, бірақ береке бермейді.
➖Біріне бала береді, бірақ дәулет бермейді.
➖Біріне көркем жар береді, бірақ ұрпақ нәсіп етпейді.
➖Біріне денсаулық береді, бірақ көңіл тыныштығын бермейді.
Өмірдің заңы осындай: Алла бір нәрсені артық берсе, екінші бір тұстан сынақ жібереді. Бұл - әділетсіздік емес, бұл әркімнің өз сынағы мен тағдыры.

Нұх (а.с.) пайғамбарды еске алайық. Оған пайғамбарлық ұлық мәртебе берілді. Ол шөл далада кеме соғып жатқанда, елі оны “ақылға сыймайтын іс” деп мазақ қылды. Бірақ ол сабыр етті. Топан су келгенде, кемеге сенгендер мен жануарлар ғана мінді.
Алайда, пайғамбардың өз баласы әкесіне ермеді. “Таудың басына шығып құтыламын” деп, Аллаға емес, өз күшіне сенді. Ақыры суға кетті...
Нұх (а.с.) егіліп жылап:
“Уа, Алла! Ол менің балам еді ғой...” – деді.
Сонда Алла Тағала:
“Жоқ! Ол сенің отбасыңнан емес. Өйткені оның ісі салих іс емес», — деп жауап берді.

Алла бір жағынан молынан берсе, екінші жағынан ауыр сынақ қояды. Сондықтан адам баласы ешкімнің тағдырына қызығып та (көреалмаушылықпен), ешкімді кемсітіп те күле алмайды.
Әркімнің өз жүгі, әр жетіспеушіліктің артында үлкен хикмет бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23🔥5💯3😢2🕊1
Forwarded from yerlan_ustaz
Өзіңді керемет адаммын деп санама, сен бар болғаны айыбы жасырылған адамсың…

Даналық сөз
❤31💯5🔥3👍2
Егер Алла Тағала адамның күнәларын иіске айналдырса, біз бір-бірімізге жақындай алмас едік. Сондықтан өзгеден биікпін деп емес, керісінше айыбым жасырылған күйде жүрмін деп шүкір ет.
❤28😢12💯4
“Құдайды неге көре алмаймыз? Көрмеген нәрсеме қалай сенемін?”.

Қате⚠️

“Көрмесем - жоқ” деу балалық түсінік.
Бұл философияда “примитивті эмпиризм”(Naive Empiricism) деп аталады. Яғни “тек көзіммен көргенім ғана бар” деген шектеулі ой.
Бірақ біз мыналарды көре алмаймыз, алайда олардың барына күмәнданбаймыз:

- Сана мен ой (миды көреміз, бірақ “ойды” ұстай алмаймыз).
- Махаббат пен мейірім.
- Логика мен математикалық заңдылықтар.

Олай болса, әлемнің Жаратушысын тек материалдық көзбен іздеу - музыканы микроскоппен іздегенмен тең. Бұл құралдың (көздің) сол нысанды (Құдайды) қабылдауға мүмкіндігі жетпейтінін білдіреді.

Неге Алла Өзін көрсетпейді?

Егер Алла адамға ап-анық көрініп тұрса, бұл сенім, иман емес, мәжбүрлі мойындау болар еді.
Иманның мәні ол еркіндікте. Алла бізге Өзін емес, Өзінің белгілерін (аяттарын) көрсетті:
“Аспандар мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алмасуында ақыл иелері үшін әлбетте дәлелдер бар...” (Әли Имран сүресі, 190-аят).

Құдайды таппадым дейтін адамдардың көбі Оны ақылмен емес, көзбен іздеп жүргендер. Алайда, күннің нұрына қарап оны жаққан шамды көре алмайтынымыз сияқты, Жаратушыны да өзі жаратқан заттық әлемнің ішінен іздеу бос әурешілік. Тек сау ақыл мен шынайы нақылдан(уахи) ғана табамыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27💯4🔥3
Үйден дүкенге шыққан едім. Анадай жердп ит пен күшігі ырылдасып, аунап, ойнап жатқан еді. Ортадан бір үлкендеу көлік пен жеңіл мәшине өте шыққан. Бір қарасам қағып, өлтіріп кеткен екен. Жаңа ғана күшігі аунап, үріп ойнап, жатқан еді. Артынан келді де денесін жалап, оятуға тырысып тұр.
Ананың аты - ана.

Наср қалашығы, Каир🇪🇬
😭30💔18❤3😢2
Алла Тағала мейірімділікті жүз бөлікке бөлді. Оның тоқсан тоғыз бөлігін Өз құзырында сақтап, жер бетіне тек бір бөлігін ғана түсірді. Осы бір ғана бөліктің арқасында бүкіл жаратылыс бір-біріне жанашырлық, мейірімділік танытады. Тіпті жылқы құлынын басып кетпеу үшін аяғын көтереді..

Хадис
(Бұхари, Муслим)
❤33🕊4💯3
الموت ليس أعظم مصيبة في الحياة، فالموت سنة الحياة، ولكن أعظم مصيبة هي موت مخافة الله في قلبك وأنت على قيد الحياة.

Өлім - өмірдегі ең үлкен қайғы емес. Өйткені өлім - бұл өмірдің заңдылығы. Нағыз үлкен қасірет ол тірі жүріп, жүрегіңде Алладан қорқу сезімінің өлуі.

Шейх Шағрауи
❤24😢4💔4😭1
Я Алла, не деген алтыннан қымбат сөздеррр
💔17❤2😢2💯2
Егер сен күнә жасап жатқанда Алла мені көрмейді деп ойласаң - кәпір болғаның. Ал егер Оның көріп тұрғанын біле тұра күнә жасасаң демек, сен үшін Әлемдердің Раббысы Алланың назары кез келген пенденің көзінен арзан, маңызсыз нәрсеге айналғаны... Ойланыңызшы, бұдан асқан қасірет бар ма?
💔14😢13❤7💯2
Өзіңнің қазіргі халіңе қара: егер бұл халің өлім мен қабірге жарамды болса, онда осы жолыңды жалғастыр. Ал егер бұл халің оған жарамсыз болса, онда Аллаға дереу тәубе етіп, жарамды, түзу халге қайт!

📖”Өміріңнен ләззат ал” кітабынан…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27💔53🔥21
Имам әш-Шафиғиден (Алла оны рақымына алсын) сұрады:
“
Алла туралы жаман ойда болу (күмәндану) деген не?”

Сонда ол кісі былай деп жауап берді:
“
Күмәнді ойларға (уәсуәсә) салыну, үнемі басыма бір бақытсыздық келеді деп қорқу және нығметтер таусылып қала ма деп уайымдау – мұның бәрі Аса Қамқор, Ерекше Рақымды, Әлемдердің патшасы Алла туралы жаман ойда болудан туындайды».
❤21😭5💔33
Forwarded from Invintel
Феминизмнің логикалық қайшылықтары көп. Соның бірі:

1. «Бұрын еркектер әйелдерді күң секілді көрген. Оқытпаған. Жұмыс істетпеген. Дауыс беру құқығы болмайтын. Сөз бермейтін, ол үшін шешім қабылдайтын».

2. «Қазір еркектер майдаланып кеткен. Мамсик, абьюзер, тиран, мямля. Бұрынғының еркектері нағыз еркек еді».

Қызығы, екеуін де ыңғайлы тұста пайдаланады)
❤12😁75
Интернет пен телефон алысты жақындатады. Бірақ сақ бол…Олар сені күретамырыңнан да жақын болған Заттан (Алладан) алыстатып жібермесін!
❤217💔4🔥2
Сараңдықтан да өткен жаман нәрсе бар ма?

Даналар былай жауап береді:
“Иә, жасаған жақсылығын айтып жүретін адамның ісі одан да жаман!”🪶
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤165🔥2😢2🕊1
إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى اللَّهِ
“
Менің сыйым тек Алладан”

📖Юнус сүресі 72-аят
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11❤55🔥1
Әрбір ісіңде алдымен Алланы ойла. Жасаған жақсылығың үшін ешкімнен қайтарым күтпе, қошемет пен мақтау іздеме.
Егер ісіңді адамдар үшін істесең - ол адамдармен қалады.
Егер ісіңді Алла үшін істесең - ол Алланың құзырында болады.
❤2353
Егер ықыласты (ниетің түзу) болмасаң, босқа шаршама🐾
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤109🔥11