Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Кейде көмейге келген кейбір көркем сөзді айтуға жүрек дауаламайды.
Өз ішіңнен туған ойды өзгенің алдына шығаруға батпай, оны “даналардың сөзі”, “ізгілерден жеткен сөз” деп жасырып жіберетін сәттер болады.
Бұл қорққаннан емес.
Бәлкім бұл сөздің салмағын сезіну, сол сөздің қадірін өзіңнен биік қойғандықтан болар)

Ондай ұстаз, толибтар көп деп ойлаймын🙂
😍9❤84💯3💔3🤗3
“Екі көз тозақ отын көрмейді: Алладан қорқып жылаған көз және Алла жолында шекара күзетіп, түнде көз ілмеген көз”.
(хадис)

Отан қорғаушылар күні құтты болсын🗡
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15🔥66
Отанды қорғау тек шекарада тұру емес, Отанды қорғау ол оның рухани қауіпсіздігін, сенімі мен бірлігін сақтау.
💯9❤8🔥3😍1
Елімізді жат ағымдардың арбауынан, күпірлік пен құдайсыздықтың қараңғылығынан құтқарып, халықтың жүрегіне иман нұрын сеуіп жүрген ұстаздар қауымында құттықтаймын💥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26🤗33
“Үйден шықпағанның ақылы ауласынан аспайды” деген сөзді кейбіреулер “шетелге шықпағанның…” деп бұрып айтып жүр екен.
Әуелгісінің мағынасы - адам көріп, танып, тәжірибе жинасын деген сөз. Оған келісуге болады. Бірақ оны шетелмен өлшеу дұрыс емес.

Ақыл да, парасат та тек ел аралаумен келмейді.
Шетелге шығып алып дана болып кеткендер жоқ, шықпай-ақ терең ойлы болғандар қаншама.

Әркімнің жағдайы әртүрлі. Біреуге Алла мүмкіндік береді, біреуге әзірге нәсіп етпейді. Сол үшін адамның деңгейін барған елімен өлшеу тым орынсыз.

Кейде екі-үш ел көріп келген адамның өзгеге жоғарыдан қарап сөйлегенін естісең, еріксіз көңілің суиды. “Ой, Алла…” дейсің.
👍15❤10
“Расында, Алланың алдында ең ардақтыларың - ең тақуаларың.”

QURAN 49:13
❤172🕊1
“Махаббат деген – парасатты екі адамның сана биігінде тоғысуы” деген сөз қазір көп айтылып кетті.
Бірақ сол сөзді айтып жүргендер өздері толық түсінбейді мағынасын)

Сонда не, сана биігінде тоғыспаса махаббат емес пе?

Махаббаттың анықтамасы біреу ғана емес. Жетеді. Әр адам оны әртүрлі сезінеді, әртүрлі түсінеді.

Ал “парасатты екеудің сана биігінде тоғысуы” деген соның бір ғана сипаттамасы. Мүмкін, Мұхтар Шахан махаббатты солай қабылдаған шығар. Бірақ оны бүкіл адамзатқа ортақ жалғыз өлшем сияқты тықпалаудың қажеті жоқ.
❤33👍8💯63🕊21
Болмайтын сұрақ қоймаңыздар анонимный хатқа
👍7❤42
О Алла, жағамды ұстадым…

Бір-екі хиджабтағы қыз TikTok-қа ерсі билеп видео салыпты.
Астына біреу: “Нұр” сүресінің 31-аятындағы Алланың әмірі қайда қалды? деп жазған екен.

Сосын әлгілер: “тебе что? и что? отвали” сынды сөздермен жауап беріпті.

Алла сақтасын…

Мұсылман адам Құран аяты айтылса, тым болмаса үндемей қалады.
Тым болмаса ойланады…
Тым болмаса қорқыныш оянады…
Алланың аятынан келген ескертуді пысқырып та көрмеу тым қорқынышты.
❤21😢14💔52🔥1
Тіпті ондай Алланың ескертуіне мән бермейтін дәрежедегі адамдардың намаз оқуының өзі күмән тудырады.

Бір жақта билеп, секеңдеп, ерсі қылықпен елдің назарын жинап,
бір жақта намаз оқу –
екеуі бір жүректе оңай тоғыса бермейді.
❤15😢12💔5💯1
Аллаға мұқтаждықпен емес, махаббатпен жақындаушылардан болып үлгер🌱
❤499💔7
“Мына дұға өте күшті”, “мына сөзді 313 рет айтсаң бәрі шешіледі”, “мына құпия дұғаны ешкім білмейді” деген сөздер көбейіп кетті.

Ал Пайғамбарымыз ﷺ үйреткен дұғаларға қарасақ, олар адамның дүниесі мен ақыретін түгел қамтиды. Сондықтан көптеген ғұламалар Құран мен Сүннетте келген дұғаларды ерекше қадірлеген.

Әрине, өз сөзімен дұға жасауға болады. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе біреулердің Сүннеттегі дұғаларды ысырып қойып, дәлелі жоқ “құпия әдістерді” діннің бір бөлігі сияқты көрсетуінде.

Мұсылман үшін ең қауіпсіз әрі берекелі жол ол Алла Елшісі ﷺ үйреткен жол. Жаңа “формулаларды” іздемей тұрып, әуелі оның ﷺ үйреткен дұғаларын меңгеріп алайық.
❤26💯6🔥2🕊1
Емтихан деп жүріп, өзге каналдарды оқымақ түгілі өз каналым бар екенін де үнемі ұмытып кете беремін, басқа кезде де))😅
❤34😁3
Дінді тек ғибадатпен шектейтін мұсылмандар көбейіп барады: намазын қаза етпейді, алайда саудасында адалдықты, отбасында жауапкершілікті, сауда да адалдықты, ішкен асында халалдықты және мінезінде көркем ахлақты байқамайсың…
❤33💯5
Намаз адамды Аллаға жақындатса, сол жақындық оның мінезінен, ісінен және адаммен қарым-қатынасынан көрінуі тиіс. Әйтпесе, дін өмірдің мәніне емес, әшейін тек рәсімге айналып қалады.
❤28🔥9
Әрбір қысылған жүректің түбінде Алладан алыстау жатыр. Алламен байланыс әлсіреген сайын, жүректегі бос кеңістік ұлғая береді.

“Ал кім Мені еске алудан теріс бұрылса, расында оған тар (қысылған) тіршілік болады…”

Таһа сүресі, 124-аят
❤45🕊3
Жақсылық жасауға мүмкіндігі бола тұра сараңдық танытатын адамның мәселесі түптеп келгенде ықыласқа келіп тіреледі. Өйткені ықылас әлсіреген сайын дүниеге деген байланыс күшейіп, адамның көзі дүниемен тұманданады. Сонда ол үлкен игіліктерден қалыс қалып, болмашы ғана жақсылығына мәз болып, өзін ізгі жан санап кетуі мүмкін.
❤22
Бұл жерде жалпы жақсылық пен көмектің барлық түрі жайында айтып отырмын.

Біреу кезінде сізге көмектеспеген шығар. Елемеген де болар. Бірақ оған бас ауыртпаңыз. Өйткені сіздің мақсатыңыз – адамдардың разылығы емес, Алланың разылығы.

Егер жүрегіңізде: “Мен бәрін Алла разылығы үшін істеймін” деген сенім болса, онда кеше сізді елемеген адамның бүгін көмек сұрауы сіздің ықыласыңызды өзгертпеуі керек. Шамаңыз келсе, көмектесіңіз. Ол үшін емес, Алла үшін. Ал ықыласыңыз өзгеріп кетсе онда бұл ықыласқа адамның разылығы араласа бастаған.

Нағыз ықылас – адамның қарым-қатынасына емес, Алланың разылығына қарап амал ету. Міне, бұл нағыз жәннатқа лайық адамның сипаты. Алла разы болатын мүміннің сипаты да осы.
❤18👍3🕊1
“Кофе ішкенше садақа бер, ақыретіңе сауап жина” деген науқастарға, медресе құрылыстарына сбор видеоны көріп, “манипуляция”, “психологиялық қысым” деп сөгіп жатқандар көбейіп кетті.

Садақа бергің келмесе – берме. Ешкім сені күштемейді. Кофеңді де іше бер. Оған ешкімнің таласы жоқ.

Бірақ садақаға үндегенді сөкпе.

Өйткені садақа біреуге емес, ең алдымен өзіңнің ақыретің үшін. Берсең өз пайдаңа, бермесең өз таңдауың.

Бүгін “жұрттан жинап жатыр, дінмен монипуляция жасап” деп сынаған адамның өзі ертең жақыны ауыр дертке шалдығып, емге жүздеген миллион қажет болғанда:
“Құдай үшін көмектесіңіздерші…” деп халыққа жүгінері сөзсіз.

Өмірдің сынағы кімнің басына қашан келетінін ешкім білмейді.

Сондықтан қолыңнан келмесе үндемей өте шық. Қолыңнан келсе жәрдем бер. Ал қайырымдылыққа шақырған жанды жазғырудың қажеті жоқ.
❤35👍6🔥2😢1🙊1
Балаларың сенің дастарханыңнан тамақ тауып, бірақ жүрегіңнен даналық таппайтын күннен қорық.

Сен ойын-сауықтың соңында жүргенде, олар ақыл мен өнегені өзгенің әкесінен іздеп кетпесін.

Өйткені балаға ең қымбат мұра – байлық емес, әкенің даналығы. Ең үлкен жетімдік – әкесі тірі бола тұра, оның тәлімінен мақұрым қалу.

Бүгін балаңа дүние емес, ең әуелі дұрыс бағыт қалдыр. Әйтпесе ертең оның жүрегіндегі орныңды білімді, көреген, тәрбиелі біреу иеленуі мүмкін.
❤26🔥3👍2