Almaty_akimdigi
6.56K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
«Алматы Тазалық» мекемесінің жаңартылған базасы

Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы «Алматы Тазалық» мекемесінің жаңартылған базасын аралады. Дархан Сатыбалды арнайы техникаларды қарап, қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысып, ұжыммен кездесті.

Аумағы 2 гектар болатын базада 352 қызметкер жұмыс істейді, 66 арнайы техника орналасқан. Мұнда асфальт жабыны жаңартылып, көктайғаққа қарсы материалдарды сақтауға арналған алаң жабдықталды, сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылды.

Дархан Сатыбалды қаланың сапалы тазалануы қызметкерлерге жасалған еңбек жағдайына да тікелей байланысты екенін атап өтті. Ол көшелерді жүйелі түрде тазалау, қала тазалығын сақтау және көркейту жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

Бүгінде «Алматы Тазалық» мекемесінің автопаркінде 1017 техника бар. Биыл тағы 200 арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша автопарктегі техникалардың жалпы саны 1217 бірлікке жетеді.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Обновленная база «Алматы Тазалық»

Аким Алматы посетил обновленную базу «Алматы Тазалық» в Наурызбайском районе. Дархан Сатыбалды осмотрел спецтехнику, ознакомился с условиями труда и встретился с сотрудниками.

На территории площадью 2 га работают 352 человека и размещены 66 единиц техники. На базе обновили асфальтовое покрытие, обустроили площадку для хранения противогололедных материалов и улучшили инфраструктуру.

Дархан Сатыбалды отметил, что качественная уборка города зависит в том числе от условий труда сотрудников. Он подчеркнул важность регулярной уборки улиц, чистоты и благоустройства.

Сегодня автопарк «Алматы Тазалық» насчитывает 1017 единиц техники. В этом году планируется приобрести еще 200 машин, после чего общее количество техники достигнет 1217 единиц.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда салмақ өлшеу кешендерін орнатуға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда ірі габаритті жүк көліктерінің қозғалысын тиісті деңгейде бақылауды қамтамасыз ету мақсатында салмақтық және габариттік бақылау жүйелерін орнату жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 19 қазан мен 19 қараша аралығында Құлжа тасжолының қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне қарай созылатын 200 метрлік учаскесінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар осы кезеңде Іле тасжолының қала шекарасынан Сүйінбай даңғылына қарай бағытталған 200 метрлік бөлігінде де реверсивті қозғалыс енгізіледі.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және технологиялық процеске әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланады.

***

В Алматы на период установки весовых комплексов ограничат движение на ряде трасс

В Алматы в целях обеспечения надлежащего контроля за проездом крупногабаритного грузового транспорта будут проводиться работы по устройству систем весового и габаритного контроля.

В этой связи, будет введено частичное ограничение движение автотранспорта.

Так, с 19 октября до 19 ноября на участке Кульджинского тракта протяженностью 200 метров от границы города в сторону ул. Бухтарминская будет организовано реверсивное движение.

Кроме того, в этот же период на участке Илийского тракта протяженностью 200 метров от границы города в сторону проспекта Суюнбая будет введено реверсивное движение.

Просим участников дорожного движения соблюдать требования временных дорожных знаков, скоростной режим и заранее планировать маршруты движения.

Сроки проведения ремонтных работ могут быть скорректированы в зависимости от погодных условий и иных факторов, влияющих на технологический процесс.

Напомним, вся информация касательно ограничений движения размещена в Telegram-канале @AlmatyJoly, в социальных сетях акимата, а также в сервисах 2GIS и «Яндекс карты».

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда Republic Day және Bereke Fest акциясы өтеді

Алматыда 17-27 қазан аралығында Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest республикалық акциясы өтеді.

Қаланың сауда орталықтары мен дүкендерінде түрлі санаттағы тауарларға жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылады. Жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың басым бөлігі 21–27 қазан аралығына жоспарланған.

Қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне ерекше назар аударылады.

Акциялар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен ұйымдастырылған жалпыреспубликалық науқан аясында өтеді.

Акцияға қатысатын сауда нысандарының тізімі мен мекенжайын карточкадан көре аласыздар.

***

Republic Day и Bereke Fest в Алматы

С 17 по 27 октября в Алматы пройдут республиканские акции Republic Day и Bereke Fest, приуроченные ко Дню Республики.

В торговых центрах и магазинах города будут действовать скидки и специальные предложения на различные категории товаров. Самый насыщенный период акций ожидается с 21 по 27 октября.

Отдельный акцент сделан на продукции казахстанских производителей.

Акции пройдут в рамках общереспубликанской кампании Министерства торговли и интеграции и местных исполнительных органов.

Список участвующих торговых объектов и адреса смотрите в карточках.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok