Almaty_akimdigi
6.61K subscribers
27.9K photos
2.71K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды

Алматы музейінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме салтанатты түрде ашылды.

Көрмеде Алматы музейі мен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің қорынан алынған театр тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар мен фотосуреттер, 1940 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі спектакль афишалары ұсынылды.

Әсіресе, қазақ театр өнерінің көрнекті майталмандары киген сахналық костюмдер ерекше назарда. Атап айтқанда, А.Молдабековтің «Ваня аға» спектакліндегі, Ш.Жандарбекованың «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымындағы, З.Шәріпованың «Отелло» спектаклінде Дездемона рөлінде киген, сондай-ақ Т.Жаманқұловтың Абылай хан бейнесіндегі сахналық киімдері және басқа да құнды экспонаттар көрмеге қойылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ғасырлық тарихы бар ұлттық театрдың шығармашылық жолын кеңінен насихаттау, көрерменді қазақ театр өнерінің даму кезеңдерімен таныстыру және жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.


Көрменің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық интеллигенция, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
В Музее Алматы открылась выставка «Ғасыр жасаған Ұлт театры»

В Музее Алматы состоялось торжественное открытие выставки «Ғасыр жасаған Ұлт театры», приуроченной к 100-летию Казахского национального драматического театра имени Мухтара Ауэзова.

В экспозиции представлены уникальные архивные документы и фотографии, отражающие историю театра, предоставленные из фондов Музея Алматы и музея Казахского национального драматического театра им. М. Ауэзова, а также театральные афиши спектаклей с 1940-х годов до наших дней.

Особое место в экспозиции занимают сценические костюмы выдающихся мастеров казахского театрального искусства. В частности, экспонируются костюмы А. Молдабекова из спектакля «Дядя Ваня», Ш. Жандарбековой из постановки «Акан сері – Ақтоқты», З. Шариповой в роли Дездемоны в спектакле «Отелло», Т. Жаманқұлова в образе Абылай хана, а также другие сценические костюмы известных театральных деятелей.

Основная цель выставки – широкая популяризация творческого пути национального театра с вековой историей, знакомство зрителей с этапами развития казахского театрального искусства, а также повышение интереса молодого поколения к духовно-культурным ценностям.


В торжественной церемонии открытия приняли участие представители управления культуры города Алматы, творческая интеллигенция, деятели искусства, представители средств массовой информации, а также жители и гости города.

Выставка будет работать до конца февраля.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2
«Алматы» хоккей клубы PRO HOKEI LIGASY плей-офф кезеңінде

«Алматы» хоккей клубы PRO HOKEI LIGASY-дің екінші тұрақты чемпионатында плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Тұрақты чемпионаттың екінші туры аясында алматылық ұжым «Ақтөбе» хоккей клубына қарсы өз алаңында екі ойын өткізді. 29 және 30 қаңтар күндері өткен матчтарда «Алматы» командасы 2:0 және 4:1 есептерімен басым түсті.


Аталған кездесулер сериясының қорытындысы бойынша команда турнирдің шешуші кезеңіне өтуге мүмкіндік алды. Чемпионаттың ширек финалдық ойындары 23 ақпанда басталса, плей-оффтың финалдық кезеңі 6 сәуірге белгіленген.

*

Гордость города: ХК «Алматы» в плей-офф PRO HOKEI LIGASY

Хоккейный клуб «Алматы» обеспечил себе выход в плей-офф второго регулярного чемпионата PRO HOKEI LIGASY.

В рамках второго тура регулярного чемпионата алматинская команда провела две домашние встречи против хоккейного клуба «Актобе». Матчи состоялись 29 и 30 января и завершились победами ХК «Алматы» — со счетом 2:0 и 4:1.


По итогам серии встреч команда гарантировала себе место в финальной стадии турнира. Матчи четвертьфинала чемпионата стартуют 23 февраля, начало финальной стадии плей-офф запланировано на 6 апреля.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🎉1
Қаланы дамыту бойынша қандай міндеттер қойылды

📌 Қала әкімі мәслихат сессиясында сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесу туралы айтып, мегаполисті дамыту жөнінде тапсырмаларға тоқталды.

🏙 Басым бағыттар қатарында экономиканы әртараптандыру, экологиялық ахуалды жақсарту, көлік және туризм саласын дамыту, жайлы қалалық орта қалыптастыру бар.

🤝 Жұмыс депутаттармен тығыз қарым-қатынаста жүйелі түрде жүргізіледі.

📜 Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды қоғамдық талқылау кезеңінде тұрған жаңа Конституция жобасының ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысудың маңызын атады.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Какие задачи поставлены по развитию города

📌 Аким города выступил на сессии маслихата и рассказал о встрече с Президентом Касым-Жомартом Токаевым, в ходе которой были даны поручения по развитию мегаполиса.


🏙 В числе приоритетов: диверсификация экономики, улучшение экологии, развитие транспорта и туризма, формирование комфортной городской среды.

🤝 Работа будет вестись системно, в тесном взаимодействии с депутатами.

📜 Также Дархан Сатыбалды отметил важность участия в разъяснении положений новой Конституции, которая находится на этапе общественного обсуждения.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Алматының Түрксіб ауданына әкім тағайындалды

Алматы қаласы мәслихатының сессиясында кадрлық мәселе қаралды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімі Түрксіб ауданының әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын ұсынды.

Кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталды.

«Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар», – деді қала басшысы.

Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🔥1
Назначен аким Турксибского района Алматы

В ходе сессии маслихата города Алматы был рассмотрен кадровый вопрос. На должность акима Турксибского района по согласованию с Администрацией Президента акимом Алматы была предложена кандидатура Дамира Акежанова.

Представляя кандидата, Дархан Сатыбалды отметил его профессиональный опыт и знание городских проблем.

«Дамир Акежанов обладает значительным опытом работы в системе государственного управления, хорошо знаком с проблемами города и имеет необходимую профессиональную подготовку для выполнения поставленных мною задач», — сказал глава города.

По итогам обсуждения депутаты маслихата поддержали предложенную кандидатуру.


До назначения на новую должность занимал пост заместителя руководителя аппарата акима города Алматы.

Общий стаж государственной службы составляет более 16 лет.

Facebook
| Instagram | Telegram| TikTok
🤔3❤2👍1
Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады

📌 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар жаңа құрылымдық бөлімше — Балалардың құқығын қорғау басқармасын құруды қолдады.

👥 Бұл шешім Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау аясында және Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданды. Аталған өзгерістер жергілікті деңгейде балалардың құқығын қорғау жөніндегі арнаулы органдарды құруды көздейді.

🏙 Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев мегаполис жағдайында профилактика, жедел әрекет ету және ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті.


👶 Жаңа басқарма Алматыда балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау жұмысын күшейтеді.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤1👍1