Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматы укрепляет международные связи в креативной экономике

Алматы был представлен как один из ключевых центров креативной экономики Казахстана на международном форуме по развитию креативных индустрий, который прошёл с 1 по 3 февраля в городе Эль-Кувейт.

Форум, организованный World Crafts Council при участии ЮНЕСКО, объединил представителей государственных структур, креативных сообществ и культурных институций из 34 стран мира.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
Технология экологияны қалай жақсартады

Цифрлық технология Алматының тазарып, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуына ықпал етіп отыр. Қалада экологиялық мониторинг, қалдықты ақылды басқару және су ресурстарын бақылау жүйесі дамып келеді.

Цифрлық шешімдер бұзушылықтарға жедел әрекет етуге, қаланы тұрғындар үшін таза әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Толығырақ — карусельде.

***

Как технологии помогают улучшать экологию

Цифровые технологии помогают Алматы становиться чище и экологичнее. В городе развивается система экологического мониторинга, умного управления отходами и контроля водных ресурсов.

Цифровые решения позволяют быстрее реагировать на нарушения и делать город чище и безопаснее для жителей.

Подробнее об этом в нашей карусели.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
Наурызбай ауданы: 2025 жылы мұнда 40 шақырымнан астам инженерлік желі тартылды.

***

Наурызбайский район: в 2025 году здесь проложили более 40 км инженерных сетей.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2
Көріктендіру: кешенді шешімдерге көшу

Алматыда жекелеген жұмыстардан бас тартып, кешенді көріктендіру форматына көшу жалғасып жатыр. Бұл туралы әкімнің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді.

Әкімінің орынбасары атап өткендей, қазіргі көріктендіру — сыртқы әрлеумен немесе жеке учаскелерді ғана ретке келтірумен шектелмейді. Бұл көшелерді, қоғамдық кеңістіктерді және инженерлік инфрақұрылымды қатар қамтитын жүйелі жұмыс. Мұндай тәсіл кеңістіктің қолайлылығы, қауіпсіздігі, қозғалысқа ыңғайлылығы және көгалдандыру мәселелерін бір аумақта бір мезетте шешуге мүмкіндік береді.

Ол сондай-ақ, көріктендіру кезінде уақытша шектеулердің болуы заңды екенін айтты: бұл сапалы әрі ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізу үшін қажет кезең. Қала бытыраңқы жобалар тәжірибесінен саналы түрде бас тартып, қайталанатын жөндеу мен бөлшектенген шешімдердің алдын алуға басымдық беріп отыр.

Жобаларды жоспарлау барысында көлік ағыны, құрылыс тығыздығы және маңайдағы тұрғындардың мүддесі ескеріледі. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, мерзімі мен сапасына салалық басқармалар мен аудан әкімдіктері тұрақты бақылау жасайды.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2
Благоустройство: переход к комплексным работам

В Алматы продолжается переход от точечных ремонтов к комплексному благоустройству. Об этом сообщил заместитель акима Алматы Алмасхан Сматлаев.

Как отметил заместитель акима, современное благоустройство – это не косметические изменения, а комплексная работа, охватывающая улицы, общественные пространства и инженерную инфраструктуру. Такой подход позволяет одновременно решать вопросы функциональности, безопасности, удобства передвижения и озеленения.

Он также подчеркнул, что временные ограничения при работах неизбежны – это необходимо для качественного и долговечного результата. Город сознательно отказывается от разрозненных проектов, чтобы избежать повторных ремонтов и несогласованных решений.

При планировании учитываются транспортные потоки, плотность застройки и интересы жителей. Все работы выполняются поэтапно с контролем сроков и качества.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
🎯 Алматы креативті экономикаға басымдықты күшейтіп отыр

Алматыда қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында саланы қолдау тетіктері мен бизнеске кедергі келтіретін факторларды азайту жайы талқыланды. 2030 жылға қарай креативті индустриялардың қала экономикасындағы үлесін жалпы өңірлік өнімнің 4%-ына дейін арттыру көзделіп отыр.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🤷1
🎯 Алматы усиливает ставку на креативную экономику

В городе прошла встреча заместителя акима Олжаса Смагулова с представителями креативной индустрии. Обсуждены меры поддержки отрасли и снижение барьеров для бизнеса. К 2030 году вклад креативных индустрий в экономику Алматы планируется увеличить до 4% ВРП.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🤔1
Саябақтар, жағалаулар, көшелер: қалада не өзгереді

Алматыда қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба көгалдандыру, жарықтандыру, қауіпсіздік және кедергісіз орта бойынша бірыңғай сапа стандарттарына сай жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты.

Негізгі жобалардың бірі — Тұңғыш Президент саябағын жаңарту. Сонымен қатар, қалада троллейбус желісін алып тастау жоспарланбағаны атап өтілді, электркөлік бағыты әрі қарай дамиды.

***

Парк, набережные, улицы: что меняется

В Алматы продолжают комплексное благоустройство общественных пространств — по единым стандартам качества, озеленения, освещения и безбарьерной среды. Об этом на брифинге сообщил заместитель акима города Алмасхан Сматлаев.

Одним из ключевых проектов станет обновление Парка Первого Президента. Отдельно отмечено: планов по ликвидации троллейбусной сети нет — электротранспорт будут развивать.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🤝2❤1🤔1