Almaty_akimdigi
6.6K subscribers
27.9K photos
2.71K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
🎯 Алматы креативті экономикаға басымдықты күшейтіп отыр

Алматыда қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында саланы қолдау тетіктері мен бизнеске кедергі келтіретін факторларды азайту жайы талқыланды. 2030 жылға қарай креативті индустриялардың қала экономикасындағы үлесін жалпы өңірлік өнімнің 4%-ына дейін арттыру көзделіп отыр.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🤷1
🎯 Алматы усиливает ставку на креативную экономику

В городе прошла встреча заместителя акима Олжаса Смагулова с представителями креативной индустрии. Обсуждены меры поддержки отрасли и снижение барьеров для бизнеса. К 2030 году вклад креативных индустрий в экономику Алматы планируется увеличить до 4% ВРП.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🤔1
Саябақтар, жағалаулар, көшелер: қалада не өзгереді

Алматыда қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба көгалдандыру, жарықтандыру, қауіпсіздік және кедергісіз орта бойынша бірыңғай сапа стандарттарына сай жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты.

Негізгі жобалардың бірі — Тұңғыш Президент саябағын жаңарту. Сонымен қатар, қалада троллейбус желісін алып тастау жоспарланбағаны атап өтілді, электркөлік бағыты әрі қарай дамиды.

***

Парк, набережные, улицы: что меняется

В Алматы продолжают комплексное благоустройство общественных пространств — по единым стандартам качества, озеленения, освещения и безбарьерной среды. Об этом на брифинге сообщил заместитель акима города Алмасхан Сматлаев.

Одним из ключевых проектов станет обновление Парка Первого Президента. Отдельно отмечено: планов по ликвидации троллейбусной сети нет — электротранспорт будут развивать.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🤝2❤1🤔1
Алматыда инклюзивті спорт орталығы салынады

Алматыда бейімделген спортты дамыту және параспортшыларды қолдау мақсатында инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды.

1,5 гектар аумақта орналасқан екі қабатты нысанның жалпы ауданы 7,6 мың шаршы метр. Орталықта бассейндер, жаттығу және әмбебап залдар, үстел ойындары мен садақ атуға арналған орындар бар.

Мұнда жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, дзюдо, таэквондо, отырып ойнайтын волейбол, голбол, бочча, арбадағы би және басқа да бейімделген спорт түрлері бойынша сабақтар өткізіледі.


Құрылыс жұмыстары 2025 жылы тамызда басталды. Нысан 2026 жылы IV тоқсанда пайдалануға берілмек.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2
В Алматы строят центр инклюзивного спорта

В Алматы началось строительство Инклюзивного спортивного центра для развития адаптивного спорта и поддержки параспортсменов.

Общая площадь двухэтажного здания составит 7,6 тыс. кв. м, объект разместится на участке 1,5 гектара. В центре предусмотрены бассейны, тренировочные и универсальные залы, а также пространства для настольных игр и стрельбы из лука.

Здесь будут проходить занятия по плаванию, легкой атлетике, пауэрлифтингу, дзюдо, тхэквондо, сидячему волейболу, голболу, бочча, танцам на колясках и другим адаптированным видам спорта.


Строительство стартовало в августе 2025 года, ввод в эксплуатацию запланирован на IV квартал 2026 года.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍3
Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі OTM Mumbai 2026 көрмесіне қатысты

Көрмеде туроператорлар, әуе тасымалдаушылар, қонақ үй брендтері мен ұлттық туристік кеңселерді қамтыған әлемдік туристік саланың негізгі өкілдері бас қосты.

Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді «Қалалық туризмді үздік таныстырғаны үшін» марапатына ие болды. Бұл қаланы халықаралық нарықта таныстыру жұмысының тиімділігін және шетелдік аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетті.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤1