Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
2025 жыл: Алматы туризміндегі рекордтық көрсеткіш

2025 жыл Алматының туризм саласы үшін рекордтық кезең болды. Қала өңірдегі жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын айқын нығайтты. Қонақ саны артты, инвестиция көлемі өсті, халықаралық деңгейде мойындалды және туристік инфрақұрылым қарқынды дамыды.

Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі едәуір ұлғайды. Жеке қаражат есебінен көптеген жаңа орналастыру нысаны іске қосылып, қала қонақтары үшін жайлы тұру мүмкіндігі артты.


👉 Негізгі қорытындылар – ☝️

***

2025: туристический рекорд Алматы

2025 год стал рекордным для туристической отрасли Алматы. Город уверенно укрепил свои позиции как одно из ведущих туристических направлений региона. Рост числа гостей, увеличение инвестиций, международное признание и развитие инфраструктуры.

Кроме того, туризм привлекает все больше инвестиций, объем которых увеличился в значительной степени. За счет частных вложений появилось множество новых объектов размещения, что расширяет выбор комфортного жилья для гостей.


👉 Ключевые итоги - ☝️

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы ардагерлер ансамблі халықаралық мәдениет және өнер фестивалінің Бас жүлде иегері атанды

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы «Арай» ардагерлер ансамблі «Музыка мен би әлемі – 2026» халықаралық мәдениет және өнер фестивалінде Бас жүлде жеңіп алды.

Фестиваль Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасу аясында өтіп, аға буын өкілдерінің шығармашылығына арналды. Байқауға 18 ұжым қатысып, олардың ішінен «Арай» ансамблі үздік деп танылды.

Ұжым Бас жүлдемен, дипломмен және естелік мүсіншемен марапатталды. Ансамбль мүшелеріне алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Бірінші орын Медеу ауданының ұжымына бұйырды.

Бұл жеңіс шығармашылықтың жасқа тәуелді еместігін және оның қала мәдениетіндегі маңызды орнын тағы бір мәрте айшықтай түсті.


***

Ветеранский ансамбль Алматы стал обладателями Гран-при международного фестиваля

Ветеранский ансамбль «Арай» Наурызбайского района стал обладателем Гран-при Международного фестиваля культуры и искусства «Мир музыки и танца – 2026».

Фестиваль прошел в рамках культурного обмена между Казахстаном и Китаем и был посвящен творчеству старшего поколения. В конкурсной программе участвовали 18 коллективов, среди которых лучшим был признан ансамбль «Арай».

Коллектив награжден Гран-при, дипломом и памятной статуэткой. Участники ансамбля получили благодарственные письма и медали. Первое место занял коллектив Медеуского района.

Победа подтверждает, что творчество не имеет возрастных границ и остается важной частью культурной жизни города.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤3
Алматыда 2026 жылдың соңынан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады

Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәслихаттың 2025 жылы 30 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сілтеме жасап хабарлады.

Аталған талаптар қаланың газдандырылған аумақтарына қатысты Қағидалардың 52-тармағында көзделген. Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
Almaty_akimdigi
Алматыда 2026 жылдың соңынан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәслихаттың…
Запрет на использование твердого и жидкого топлива в газифицированных районах Алматы вводится в конце 2026 года

В Алматы запрет на использование твердого и жидкого топлива вводится с 30 декабря 2026 года. Об этом сообщили в управлении экологии и окружающей среды города со ссылкой на правила охраны атмосферного воздуха города Алматы, утвержденные решением маслихата 30 декабря 2025 года.

Речь идет о пункте 52 правил, который применяется исключительно к газифицированным районам города. Документ предусматривает запрет на использование твердого и жидкого топлива в индивидуальных жилых домах, банях и отдельных котельных, отапливающих многоквартирные дома, при наличии доступа к газоснабжению.


Facebook
| Instagram | Telegram| TikTok
👍5
Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды

Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сәйкес арнайы экологиялық талаптардың орындалуын «Eco Almaty» ЖШС бақылайды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

«Eco Almaty» ЖШС — 100% мемлекеттік қатысуы бар ұйым. Ол экологиялық нормалардың бұзылуын анықтау барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға – Экология департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Полиция департаментіне жәрдем көрсетеді.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
В Алматы определен оператор по контролю за соблюдением экологических норм

В соответствии с Правилами охраны атмосферного воздуха города Алматы контроль за соблюдением специальных экологических требований будет осуществлять ТОО «Eco Almaty». Об этом сообщили в управлении экологии и окружающей среды Алматы.

ТОО «Eco Almaty» - организация со 100% государственным участием, которая оказывает содействие уполномоченным государственным органам - Департаменту экологии, Департаменту санитарно-эпидемиологического контроля и Департаменту полиции - в выявлении нарушений экологических норм.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👀1
Алматыда заңсыз көлік жуу нысаны сүріліп жатыр

Нысан Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданындағы Жеңіс көшесінде орналасқан. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары айтты.

Жоспардан тыс тексеріс барысында рұқсатсыз, шаруашылық тәсілмен көлік жуу нысаны мен тұрғын емес үй-жай салынғаны анықталды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.


Нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен бірер күн бұрын басталды.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
В Алматы сносят незаконную автомойку

Объект расположен в мкр. Шугыла по ул. Женис, сообщает Управление градостроительного контроля Алматы.

Ранее в результате внеплановой проверки установлено, что на земельном хозяйственным способом проведено строительство автомойки с нежилыми помещениями. В отношении собственника приняты административные меры и выдано предписание об устранении выявленных нарушений.


Снос объекта начат накануне с участием судебных исполнителей.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Италия циркі - Алматыда

🎪 14 ақпан мен 24 наурыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркінің аренасында әйгілі цирк әулетінің өкілдері Флавио мен Бруно Тонидің жетекшілігімен италиялық Belissimo бағдарламасының гастрольдік қойылымдары өтеді.

🎠 Бағдарламада: бенгал және ақ жолбарыстар, алтын жолбарыстар, үш мәрте сальто-мортале орындайтын акробаттар, эквилибристер, жонглерлер, арқан бойымен жүретін өнерпаздар, жылқылармен қойылым және италиялық клоунада ұсынылады.

🪅 Belissimo — Монте-Карлода өткен цирк фестивалінде 5 мәрте марапатқа ие болған бірегей цирк ұжымы. Бағдарлама бүкіл отбасыға арналған.


***

Итальянский цирк в Алматы

🎪С 14 февраля по 24 марта на арене Казахского государственного цирка пройдут гастроли итальянской программы Belissimo под руководством Флавио и Бруно Тони — представителей известной цирковой династии.

🎠 В программе: бенгальские и белые тигры, золотые тигры, акробатика с тройным сальто мортале, эквилибристы, жонглёры, канатоходцы, номера с лошадьми и итальянская клоунада.

🪅 Belissimo — единственный цирк, удостоенный 5 наград на фестивале цирка в Монте-Карло. Программа рассчитана для всей семьи.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤4🤷‍♂1👏1
Әлеуметтік кәсіпкерлік аясында 217 жаңа жұмыс орны құрылды

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 217 жаңа жұмыс орны ашылды. «Алматы» ӘКК 31 әлеуметтік кәсіпкерге 1 шаршы метрі үшін 0,1 АЕК (432,5 теңге) мөлшеріндегі жеңілдетілген шартпен тұрғын емес ғимараттарды жалға берді.

Ғимараттар ашық байқау негізінде ұсынылады, басымдық инклюзия, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жобаларға беріледі. Жалға алу мерзімі – 3 жылға дейін, ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, 3 айға дейін жалдау төлемінен босатылатын жеңілдік кезеңі көзделген.

Ұсынылған нысандар базасында бейімдеу және оңалту орталықтары, білім беру және шығармашылық жобалар, сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы әйелдерді жұмыспен қамтитын тігін өндірісі жұмыс істейді.
****


***

217 новых рабочих мест в социальном предпринимательстве

В Алматы создано 217 новых рабочих мест благодаря поддержке социального предпринимательства. СПК «Алматы» предоставила 31 социальному предпринимателю нежилые помещения в аренду на льготных условиях - 0,1 МРП за кв. метр (432,5 тенге).

Помещения предоставляются по открытому конкурсу с приоритетом проектам в сфере инклюзии, здравоохранения и образования. Договор аренды - до 3 лет с возможностью продления, с льготным периодом до 3 месяцев без оплаты.

На базе объектов работают центры адаптации и реабилитации, образовательные и творческие проекты, а также швейное производство с трудоустройством женщин из уязвимых групп.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤3