Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Апаттық жағдайдағы ғимаратты бұзу

Әлеуметтік желілерде Гоголь көшесі, 45 мекенжайындағы нысанның тарихи ғимарат ретінде бұзылып жатқаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

1908 жылы салынған екі қабатты ғимараттың тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі болмаған. Нысан 2022 жылдан бері техникалық жағдайының нашарлауына байланысты пайдаланылмаған. 2025 жылы жүргізілген техникалық зерттеу нәтижесінде ғимарат апатты деп танылып, оны қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды.

Қазіргі уақытта ғимаратты бұзу жұмыстары аяқталуға жақын. Жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды


***

Снос аварийного здания

В соцсетях распространяется информация о сносе якобы исторического здания по ул. Гоголя, 45, что не отражает объективной действительности.

Двухэтажное здание 1908 года постройки не имело статуса памятника истории и культуры. С 2022 года объект не эксплуатировался из-за неудовлетворительного состояния. По итогам технического обследования 2025 года здание признано аварийным и не подлежащим восстановлению.

Сейчас завершается демонтаж строения. Земельный участок передан в государственный земельный фонд.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2👍2🤔2
Алматы – мектеп олимпиадаларының көшбасшысы

Алматы 23-ші рет елдегі ең үздік олимпиадалық команда мәртебесін айқын дәлелдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қала республикалық зияткерлік жарыстардың жалпыкомандалық есебінде қайтадан бірінші орын иеленді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жүлделі орындар саны 41-ге дейін өсті, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта команда Бас жүлдені жеңіп алды.


Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Алматы - лидер школьных олимпиад

Алматы в 23-й раз подтвердил статус сильнейшей олимпиадной команды страны. По итогам 2025 года город вновь занял первое место в общекомандном зачёте на республиканских интеллектуальных соревнованиях.

Число призовых мест по естественно-математическому направлению выросло до 41, а в общественно-гуманитарном блоке команда получила Гран-при.


Подробнее читайте здесь.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🎉7❤1
Алматыда мектеп құрылысы қарқын алды

Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекордтық қарқынмен дамып келеді. Қалада 37 нысан пайдалануға беріліп, 39 775 оқушы орны құрылды. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» жобасы аясында 34 200 орынға арналған 20 мектеп және жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мектеп салынды.

Білім беру нысандарындағы шамадан тыс жүктемені азайту мақсатында мектептер жанынан 4 қосалқы нысан, 7 мемлекеттік балабақша, 2 қосымша білім беру орталығы және 1 спорт кешені ашылды. Кәсіптік білім беру жүйесіне жатақханасы бар 1 050 орынға арналған жаңа колледж қосылды.

2030 жылға дейін 105 мың оқушы орнына арналған 70 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл кезең-кезеңімен бір ауысымда оқыту жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2
Рост строительства школ в Алматы

В Алматы достигнут рекордный рост образовательной инфраструктуры: в эксплуатацию введено 37 объектов и создано 39 775 ученических мест. Также построено 20 школ по проекту «Келешек мектептері» на 34 200 мест и 2 школы за счёт местного бюджета.

Для снижения перегрузки открыты 4 пристройки к школам, 7 государственных детских садов, 2 центра дополнительного образования и спортивный комплекс. В систему профобразования включен новый колледж на 1 050 мест с общежитием.

До 2030 года планируется строительство 70 школ на 105 тыс. мест, что позволит поэтапно перейти к односменному обучению.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍3
Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Алматыда қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен жаңа «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.


Сонымен қатар «Қалқаман» бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👏4
В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

В Алматы завершена пробивка правого перегонного тоннеля протяженностью 1593 метра между действующей станцией метро «Бауыржан Момышулы» и новой станцией «Калкаман».

Как сообщили в Управлении развития дорожной инфраструктуры, параллельно ведется укладка рельсов по бесшовной технологии. Левый перегонный тоннель полностью готов: в нем уложены пути и контактный рельс, а также смонтированы все инженерные коммуникации.


Кроме того, завершено строительство здания станции «Калкаман», на сегодня продолжаются отделочные работы.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤8👍6🔥3
Алматыда 46 медициналық жоба жүзеге асырылуда

🏥 Алматыда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жұмыстары жалғасуда.

📌 Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласында 32 жаңа нысанның құрылысы және 14 медициналық мекемені жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда.

✅ Негізгі жобалардың қатарында Дарабоз шағынауданында 300 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы, сондай-ақ 250 орындық аурухана, онкологиялық орталық және бір ауысымда 350 келушіге арналған емханасы бар медициналық кешен салу қарастырылған.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok