Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматыда мектеп құрылысы қарқын алды

Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекордтық қарқынмен дамып келеді. Қалада 37 нысан пайдалануға беріліп, 39 775 оқушы орны құрылды. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» жобасы аясында 34 200 орынға арналған 20 мектеп және жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мектеп салынды.

Білім беру нысандарындағы шамадан тыс жүктемені азайту мақсатында мектептер жанынан 4 қосалқы нысан, 7 мемлекеттік балабақша, 2 қосымша білім беру орталығы және 1 спорт кешені ашылды. Кәсіптік білім беру жүйесіне жатақханасы бар 1 050 орынға арналған жаңа колледж қосылды.

2030 жылға дейін 105 мың оқушы орнына арналған 70 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл кезең-кезеңімен бір ауысымда оқыту жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2
Рост строительства школ в Алматы

В Алматы достигнут рекордный рост образовательной инфраструктуры: в эксплуатацию введено 37 объектов и создано 39 775 ученических мест. Также построено 20 школ по проекту «Келешек мектептері» на 34 200 мест и 2 школы за счёт местного бюджета.

Для снижения перегрузки открыты 4 пристройки к школам, 7 государственных детских садов, 2 центра дополнительного образования и спортивный комплекс. В систему профобразования включен новый колледж на 1 050 мест с общежитием.

До 2030 года планируется строительство 70 школ на 105 тыс. мест, что позволит поэтапно перейти к односменному обучению.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍3
Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Алматыда қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен жаңа «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.


Сонымен қатар «Қалқаман» бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👏4
В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

В Алматы завершена пробивка правого перегонного тоннеля протяженностью 1593 метра между действующей станцией метро «Бауыржан Момышулы» и новой станцией «Калкаман».

Как сообщили в Управлении развития дорожной инфраструктуры, параллельно ведется укладка рельсов по бесшовной технологии. Левый перегонный тоннель полностью готов: в нем уложены пути и контактный рельс, а также смонтированы все инженерные коммуникации.


Кроме того, завершено строительство здания станции «Калкаман», на сегодня продолжаются отделочные работы.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤8👍6🔥3
Алматыда 46 медициналық жоба жүзеге асырылуда

🏥 Алматыда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жұмыстары жалғасуда.

📌 Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласында 32 жаңа нысанның құрылысы және 14 медициналық мекемені жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда.

✅ Негізгі жобалардың қатарында Дарабоз шағынауданында 300 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы, сондай-ақ 250 орындық аурухана, онкологиялық орталық және бір ауысымда 350 келушіге арналған емханасы бар медициналық кешен салу қарастырылған.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
В Алматы реализуют 46 медпроектов

🏥 В Алматы продолжается масштабное обновление медицинской инфраструктуры.

📌 По поручению Главы государства реализуются 32 проекта нового строительства и 14 проектов модернизации медучреждений.

✅ Среди ключевых проектов — многопрофильная больница на 300 коек и перинатальный центр на 200 коек в мкр. Дарабоз, а также больница на 250 коек с онкоцентром и поликлиникой на 350 посещений.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Былтыр 1 000 000 адам жәрмеңкеге барды

2025 жылы Алматыда ұйымдастырылған демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне 1 000 000-нан астам тұрғын барды. Алматы облысының фермерлері қала тұрғындарына көкөніс пен жеміс-жидек, ет және құс еті, балық, сүт өнімдері, бал және өзге де азық-түлік түрлерін ұсынды.

***

1 000 000 человек посетили ярмарки за прошлый год

1 000 000. Столько жителей в Алматы посетили ярмарки выходного дня в 2025 году. Фермеры из Алматинской области представили на прилавках овощи и фрукты, мясо, курицу, рыбу, молочные изделия, мёд и другие продукты.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Алматы оқушылары робототехника бойынша чемпион атанды

Алматы қаласының оқушыларынан құралған команда 10–13 ақпан күндері Астана қаласында өтіп жатқан робототехникадан халықаралық чемпионатта жеңіске жетті.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы басты марапат — Champions Award Winner атағын иеленді. Команда құрамында: Айша Кенжебай, Нұрберген Жәнібек, Досан Дәулет және Омар Ерланұлы. Жетекшісі — Айдана Аманбекқызы Ермек.

Бұл жеңіс алматылық оқушыларға АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST әлемдік финалында Қазақстан атынан қатысуға жол ашты.

Чемпионатқа 7 елден 3000-нан астам оқушы қатысуда. Алматы атынан «Kazbots» және «Alash» командалары да бақ сынап жатыр. Қалған санаттар бойынша қорытынды нәтиже алдағы күндері жарияланады.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok