Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Инвестициялық жобалар және бизнесті қолдау

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты.

Соның бірі Алатау ауданы Көкқайнар шағынауданында салынып жатқан жалпы аумағы 46 500 шаршы метр болатын «А» санатындағы қойма кешені. Құрылыс жұмыстарын наурыз айында аяқтау жоспарланған. Электрондық коммерция қарқынды дамып жатқан кезеңде бұл жоба қаланың логистикалық әлеуетін күшейтіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндік ашады.

Сондай-ақ қала әкімі Индустриялық аймаққа барып, 3 млрд теңге инвестиция тартылған, жылдық өндірістік қуаты 30 млн дана өнім болатын «Telli Ondiris» тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Дархан Сатыбалды қаланың ұйымдары тарапынан кәсіпорын өнімдерін сатып алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ол жергілікті өндірушілерді қолдау қаланың экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті.


Бұдан бөлек, әкім жалпы аумағы 2,8 мың шаршы метр Кіші өнеркәсіптік паркке барды. Мұнда кондитерлік өнімдер мен еттен жартылай фабрикаттар өндіретін тамақ өнеркәсібі нысандары жұмыс істейді.

***

Инвестиционные проекты и поддержка бизнеса

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе рабочего объезда ознакомился с рядом инвестиционных проектов.

Одним из них стали строящиеся складские помещения класса «А» площадью 46 500 кв. м в мкр. Коккайнар Алатауского района. Завершение работ запланировано на март. Проект усилит логистический потенциал города и создаст новые возможности для бизнеса в условиях быстрого развития электронной коммерции.

Аким также посетил Индустриальную зону, где осмотрел завод бытовой химии и средств личной гигиены «Telli Ondiris» с инвестициями 3 млрд тенге и производственной мощностью 30 млн единиц продукции в год. Дархан Сатыбалды поручил рассмотреть закуп продукции городскими организациями, подчеркнув важность поддержки локальных производителей.


Кроме того, аким побывал в Малом промышленном парке (2,8 тыс. кв. м), где работают предприятия пищевой отрасли, выпускающее кондитерскую продукцию и мясные полуфабрикаты.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2
Алматыда мейрамхананың жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды

🏘️ Қажымұқан көшесі, 37 мекенжайында рұқсат құжаттарынсыз салынған нысан анықталған болатын. Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеру барысында белгілі болды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сот қарауына жолданды.

📑 2025 жылы 12 тамызда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз жазғы алаңды бұзу туралы талап-арызды толық қанағаттандырды.


🏗️ Сот шешімін орындау мақсатында нысанды бұзу жұмыстары меншік иесі тарапынан жүзеге асырылды.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
Летнюю террасу ресторана в Алматы снесли по решению суда

🏘️ На ул. Кажымукана, 37 выявлен объект, возведенный без разрешительных документов. Нарушение установлено в ходе внеплановой проверки. В отношении собственника приняты административные меры и материалы направлены в суд.

📑 12 августа 2025 года Специализированный межрайонный экономический суд Алматы удовлетворил иск о сносе незаконной летней площадки.


🏗️ Снос объекта выполнен собственником во исполнение судебного решения.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде

Алматының Бостандық ауданында ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірленуде. Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы іске асыруда.

Бұйым дәстүрлі басу және тігу тәсілдері арқылы қолмен жасалып, классикалық қазақы ою-өрнекпен көмкеріледі. Әрбір өрнек пен әр бөлшекте ұрпақ сабақтастығы, ұлттық қолөнерге деген құрмет және мәдени мұраны сақтау ниеті көрініс табады.


Жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау жоспарланған. Наурыз мерекесінде сырмақ көпшілік назарына ұсынылады.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2
В Бостандыкском районе Алматы создают уникальный сырмак для Книги рекордов Гиннесса

В Бостандыкском районе Алматы создают уникальный сырмак длиной 110 метров для Книги рекордов Гиннесса. Проект реализует сообщество бабушек «Қазақ аналары» при поддержке акимата района.

Изделие выполняется вручную по традиционным технологиям валяния и шитья с использованием классических казахских орнаментов. Каждая деталь отражает преемственность поколений, уважение к ремеслу и стремление сохранить культурное наследие.


Завершение работы запланировано к 21 марта. К празднику Наурыз сырмак будет представлен широкой общественности.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍3
2025 жылы Алматыда әлеуметтік осал санаттағы 49 үй газға қосылды

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жұмысы жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылы 49 тұрғын үй табиғи газға қосылып, олардың тұрғындары қауіпсіз әрі заманауи жылыту жүйесін пайдалануға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар қаланың аудан әкімдіктері мердігер ұйым — «Тараз Агро Пром Сервис» ЖШС-мен бірлесіп, екінші кезектегі тізімді қалыптастыруда.
Тұрғындардан құжаттар қабылданып, жаңадан түскен өтініштер бойынша қосымша тексеру тізімі жасалуда.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы в 2025 году к газу подключены 49 домов социально уязвимых жителей

В Алматы продолжается работа по газификации домов социально уязвимых слоев населения. В 2025 году к системе газоснабжения подключено 49 жилых домов, и их жители уже пользуются преимуществами современного и безопасного отопления.

Параллельно районные акиматы города совместно с подрядной организацией ТОО «Тараз Агро Пром Сервис» формируют список второй очереди. Ведется сбор документов от жителей, а также составляется дополнительный перечень для обследования по вновь поданным заявлениям.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Ташкент төріндегі жарқын жеңіс: Алматы циркі «Жібек жолында» қос жүлдеге қол жеткізді

Қазақ мемлекеттік циркінің артистері Ташкент қаласында өткен II Халықаралық «Жібек жолы» жастар цирк өнері фестивалінде алтын және күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Алтын жүлдеге жұптық сақина жанрындағы «Әуе сферасы» нөмірі ие болды. Нөмірді Жасмин Алшынбаева мен Авелина Гузей орындады. Жетекшісі — Зарина Тапалова.

Күміс жүлдені Әли Салаватов «Еденде доппен жонглерлік» нөмірі үшін жеңіп алды. Нөмір жетекшісі — Равиль Сейдгариев.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Триумф в Ташкенте: артисты алматинского цирка взяли золото и серебро на фестивале «Шелковый путь»

Артисты Казахского государственного цирка завоевали золото и серебро на II Международном молодежном фестивале циркового искусства «Шелковый путь» в Ташкенте.

Золотую награду получил номер «Воздушная Сфера» в жанре парного кольца в исполнении Жасмин Алшынбаевой и Авелины Гузей. Руководитель — Зарина Тапалова.

Серебро завоевал артист Али Салаватов с номером «Жонглер мячами в пол» под руководством Равиля Сейдгариева.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2🤝1