Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Робототехника чемпионатындағы үш бірдей жеңіс

Астанада Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Ауқымды додаға 7 елден 3000-нан астам оқушы қатысты. Алматыдан барған барлық команда жүлделі орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан намысын әлемдік финалда — Хьюстон қаласында (АҚШ) қорғайтын болды.

FIRST LEGO League Challenge санатында «ALASH» командасы ІІ орынға ие болып, Грекияның Софико қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Ал «KAZBOTS» командасы Core Value Award номинациясының жүлдегері атанып, Қазақстан атынан Бейжіңде (Қытай) өтетін жарысқа қатысады


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Три победы на Чемпионате по робототехнике

В Астане завершился международный фестиваль Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026. В соревнованиях приняли участие более 3000 школьников из 7 стран. Все команды из Алматы вернулись с призовыми местами.

Команда «Alem Innovators» победила в категории FIRST LEGO League Explore и представит Казахстан на мировом финале в Хьюстоне (США).

В категории FIRST LEGO League Challenge команда «ALASH» заняла II место и выступит на международном чемпионате в Софико (Греция). Команда «KAZBOTS» стала призером в номинации Core Value Award и представит страну в Пекине (Китай).


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤1
Алматыда GITEX көрмесі алғаш рет өтеді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 1981 жылдан бері жаһандық технологиялық үрдістерді айқындап келе жатқан әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі GITEX жобасының жаһандық ұйымдастырушыларының өкілдерімен кездесу өткізді.

Алматы GITEX бренді аясында Орталық Азиядағы алғашқы алаң болмақ. Қала аймақтағы жетекші IT-хаб ретінде танылып, мұнда технологиялық компаниялар, халықаралық орталықтар және дамыған стартап экожүйе шоғырланған. Форум 2026 жылы 4-5 мамыр күндері өтіп, цифрлық технология саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға жаңа серпін береді.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
В Алматы впервые пройдет GITEX

Аким Алматы Дархан Сатыбалды провел совещание с представителями inD, глобального организатора GITEX, крупнейшей технологической выставки мира, формирующей глобальные тренды с 1981 года.

Алматы впервые станет точкой входа бренда GITEX в Центральную Азию. Город позиционируется как ведущий IT-хаб региона с развитой стартап-экосистемой, технологическими компаниями и международными центрами. Форум пройдет 4–5 мая 2026 года и усилит международное сотрудничество в сфере цифровых технологий.


Facebook
| Instagram | Telegram| TikTok
❤1👍1
Тікелей шетелдік инвестицияның 40 пайыздан астамы — Алматының үлесінде

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалаға 6 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл – республикалық жалпы көлемнің 40 пайыздан астамы.

Бизнес өкілдерімен өткен кездесудің қорытындысы бойынша қала әкімі Дархан Сатыбалды жобаларды сапалы сүйемелдеуді күшейтуді, әкімшілік кедергілерді қысқартуды және оларды іске асыру мерзіміне жеке бақылау орнатуды тапсырды.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы

За 9 месяцев 2025 года город привлёк $6 млрд прямых иностранных инвестиций (ПИИ) — это более 40% от республиканского объёма.

По итогам встречи с бизнесом аким Дархан Сатыбалды поручил усилить сопровождение проектов, сократить административные барьеры и обеспечить персональный контроль сроков их реализации.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

2025 жылы Алматыда жастар саясаты жөніндегі көзделген іс-шаралар 2025–2026 жылдарға арналған жоспар аясында толық орындалды.

Құжат 59 бағытты қамтиды — жұмыспен қамтуды қолдау мен әлеуметтік көмек көрсетуден бастап тұрғын үй бағдарламаларына және жастарға арналған қалалық инфрақұрылымды дамытуға дейін. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.


Қазіргі таңда Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 712,3 мың жас тұрады, бұл қала халқының 32%-ы. Оның ішінде 455,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
В Алматы подвели итоги работы по молодежной политике за 2025 год

В 2025 году в Алматы все мероприятия по молодежной политике были выполнены в рамках Плана мероприятий управления молодежной политики на 2025–2026 годы.

Документ включает 59 направлений - от поддержки занятости и социальной помощи до жилищных программ и развития городской инфраструктуры для молодежи. Об этом сообщили в управлении молодежной политики города.


Отметим, что сегодня в Алматы проживают 712,3 тыс. молодых людей в возрасте от 14 до 35 лет, что составляет 32% населения города. Из них 455,6 тыс. уже работают.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
Алматы мен АҚШ: ынтымақтастықты дамыту

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысты одан әрі нығайту, сондай-ақ туризм саласындағы әлеуетті кеңейту жайын талқылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Өткен жылдың 9 айында қалаға АҚШ-тан 18 мыңнан астам турист келген.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2🔥1
Алматы и США: развитие сотрудничества

Аким Алматы Дархан Сатыбалды встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом США Джули Стаффт. Стороны обсудили развитие экономических, культурных и гуманитарных связей, а также потенциал туризма.

Отметим, что по итогам 2025 года товарооборот между Алматы и США превысил 1 млрд долларов. За 9 месяцев прошлого года город посетили более 18 тыс. туристов из США.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
🔥3🤔1