Almaty_akimdigi
6.6K subscribers
27.9K photos
2.71K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Қаланы дамыту: инфрақұрылым ескерілген жаңа жобалар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды сәулет жобалары жөнінде кеңес өткізді. Наурызбай ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана мен театр салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жаңа қонақ үй мен реновация бағдарламасы аясындағы тұрғын үй жобалары қаралды.

Жаңа нысандар қалалық ортаға үйлесімді болып, айналадағы құрылыстың ерекшеліктерін ескеруі және заманауи сәулеттік келбетке ие болуы керек.

Тұрғын үй құрылысына да ерекше назар аударылды. Жобаларды әзірлеу кезінде құрылыс тығыздығы мен ғимараттардың сыртқы келбетін ғана емес, әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемені де ескеру маңызды.

Дархан Сатыбалды Білім басқармасымен бірлесіп, жаңа мектептер мен балабақшалар салуды қарастыруды тапсырды. Қажетті әлеуметтік инфрақұрылымның болуы жаңа жобаларды келісудің міндетті шарты болуға тиіс.

***

Развитие города: новые проекты с учетом инфраструктуры

Аким Алматы Дархан Сатыбалды провел совещание по архитектурным проектам. В Наурызбайском районе планируется строительство поликлиники на 500 посещений и театра. Также рассмотрены проекты новой гостиницы и жилья по программе реновации.

Новые объекты должны гармонично вписываться в городскую среду, учитывать особенности окружающей застройки и при этом иметь современный архитектурный облик.

Отдельное внимание уделено строительству жилья. При разработке проектов важно учитывать не только плотность застройки и внешний вид зданий, но и нагрузку на социальную инфраструктуру.

Дархан Сатыбалды поручил совместно с Управлением образования предусматривать строительство новых школ и детских садов. Наличие необходимой социальной инфраструктуры должно быть обязательным условием согласования новых проектов.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда үш жаңа емхана салынады

Жыл соңына дейін Алматыда үш жаңа емхананың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар Шұғыла және Алтай-1 шағынаудандарында, сондай-ақ Әйтеке би көшесінде орналасады. Әр емхана бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдай алады.

Шұғыла шағынауданындағы аумағы 12 мың шаршы метрден асатын емханада ересектер және балалар бөлімшелері, әйелдер консультациясы, зертхана, медициналық оңалту бөлімі, күндізгі стационар және амбулаториялық хирургия орталығы болады.

Әйтеке би көшесіндегі аумағы 8 мың шаршы метрден асатын емхана шамамен 30 мың тіркелген тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда терапия және педиатрия бөлімшелері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және бейінді мамандардың кабинеттері жұмыс істейді.

Алтай-1 шағынауданында аумағы шамамен 10 мың шаршы метр болатын емхана салынып жатыр. Мұнда Отбасылық денсаулық орталығы, Жастар денсаулық орталығы, профилактика бөлімі және күндізгі стационар орналасады.

Үш емханада да келушілерге ыңғайлы болу үшін жеке кіреберістер мен қозғалыс бағыттары қарастырылған. Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін де қажетті жағдай жасалады

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Три новые поликлиники появятся в Алматы

До конца года в Алматы планируется завершить строительство трех новых поликлиник — в микрорайонах Шугыла и Алтай-1, а также на улице Айтеке би. Каждая сможет принимать до 500 пациентов за смену.

В мкр. Шугыла поликлиника площадью более 12 тыс. кв. метров будет включать взрослое и детское отделения, женскую консультацию, лабораторию, реабилитацию, дневной стационар и центр амбулаторной хирургии.

Поликлиника на ул. Айтеке би площадью более 8 тыс. кв. метров рассчитана примерно на 30 тыс. прикрепленных жителей. Здесь будут работать терапевтическое и педиатрическое отделения, женская консультация, дневной стационар и профильные специалисты.

В мкр. Алтай-1 строится поликлиника площадью около 10 тыс. кв. метров с Центром семейного здоровья, молодежным центром здоровья, отделением профилактики и дневным стационаром.

На всех объектах предусмотрены отдельные входы и маршруты для разных потоков пациентов, а также условия для людей с особыми потребностями.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍4
«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Алматыда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқаулары жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаулар білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті дамытуға, балалар мен жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ көгалдандыру және экологиялық тәрбие саласындағы практикалық бастамаларды қолдауға бағытталған.

«Үздік жасыл балабақша» байқауына Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдары қатысты. Аудандық кезеңде білім беру ұйымдары жобаларын таныстырып, үздік бастамалар қалалық кезеңге жолдама алды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:

І орын — Алатау ауданындағы №31 бөбекжай-балабақша;
ІІ орын — Әуезов ауданындағы №186 бөбекжай-балабақша;
ІІІ орын — Медеу ауданындағы №125 бөбекжай-балабақша.

Алматыда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басын қосқан «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауы да өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын — Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі №1;
ІІ орын — Алматы құрылыс-техникалық колледжі;
ІІІ орын — Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі.

Екі қалалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

***

«Таза Қазақстан»: в Алматы определили победителей городских конкурсов «Лучший зеленый детский сад» и «Лучший зеленый колледж»

В Алматы состоялась церемония награждения победителей городских конкурсов «Лучший зеленый детский сад» и «Лучший зеленый колледж», проведенных в рамках общенациональной экологической инициативы Главы государства – «Таза Қазақстан».

Конкурсы направлены на развитие экологической культуры в образовательных организациях, формирование у детей и молодежи ответственного отношения к окружающей среде, а также поддержку практических инициатив в сфере озеленения и экологического воспитания.

В конкурсе «Лучший зеленый детский сад» приняли участие дошкольные организации Алматы. На районном этапе образовательные учреждения представили проекты, после чего лучшие инициативы были отобраны для участия в городском этапе.

По итогам конкурса призовые места распределились следующим образом:
І место — ясли-сад №31 Алатауского района;
II место — ясли-сад №186 Ауэзовского района;
III место — ясли-сад №125 Медеуского района.

Впервые в Алматы также состоялся городской конкурс «Лучший зеленый колледж», объединивший организации технического и профессионального образования.

По итогам конкурса:
I место — Алматинский казахский гуманитарно-педагогический колледж №1;
II место — Алматинский строительно-технический колледж;
III место — Алматинский колледж телекоммуникаций и машиностроения.

Победители и призеры обоих городских конкурсов награждены дипломами управления образования города Алматы.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда көшкін қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматының Медеу ауданында көшкін қаупін азайту мақсатында қауіпті учаскелерді нығайту жұмыстары жалғасып келеді.

Ауданда барлығы 48 көшкін қаупі бар учаске анықталған. Оның 12-сінде әкімдік тиісті шараларды қолға алған. Қазір төрт учаскеде жұмыс жалғасып жатыр.

Тағы сегіз учаскеде меншік иелері сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес қажетті жұмыс жүргізуде.

Мамандар беткейлерді нығайтып, тіреу құрылымдарын орнатып, басқа да қажетті жұмыстарды атқаруда. Бұл топырақтың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде 18 учаскедегі жұмыс толық аяқталды. Қалған 30 учаске тұрақты бақылауда.

Айта кетейік, 2024 жылдан бері ауданда көшкін қаупі бар учаскелердің саны 87-ге дейін жеткен болатын.

Негізгі міндет – қауіпті учаскелерді алдын ала анықтап, қажетті жұмыстарды уақытында жүргізу. Бұл көшкін мен төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған.

***

В Алматы проводят работы против оползней

В Медеуском районе Алматы продолжают укреплять участки, чтобы снизить риск оползней.

Всего в районе выявили 48 оползнеопасных участков. Акимат работает на 12 из них. На четырех участках работы еще идут.

Еще на восьми участках работы проводят собственники. Они делают это по рекомендациям экспертов.

Специалисты укрепляют склоны, устанавливают подпорные конструкции и проводят другие необходимые работы. Это помогает сделать грунт более устойчивым.

На сегодня работы полностью завершили на 18 участках. Еще 30 участков остаются на контроле.

При этом с 2024 года в районе насчитывалось до 87 потенциально опасных участков.

Главная задача - заранее выявлять опасные места и проводить необходимые работы, чтобы не допустить оползней и чрезвычайных ситуаций.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍7
Әлемдік MICE-индустрия Алматыға қызығушылық танытып келеді: халықаралық басылым қаланың іскерлік туризмдегі артықшылықтарын атады

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жетекші салалық басылымдардың бірі TTGmice Алматыны халықаралық іс-шаралар, корпоративтік сапарлар және іскерлік туризм үшін мүмкіндігі мол бағыт ретінде таныстырды.

MICE-индустрияның кәсіби аудиториясына арналған сингапурлық басылымның материалы халықаралық нарықтың Алматыға деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. TTGmice қаланың басты артықшылығына – заманауи мегаполис пен таудың жақындығына ерекше назар аударған.

Заманауи іскерлік инфрақұрылым, халықаралық қонақ үйлер мен іс-шара өткізуге арналған алаңдар Іле Алатауына тікелей жақын орналасқан. Бұл іскерлік бағдарламаны таудағы демалыспен, мәдени бағыттармен, гастрономиямен және белсенді демалыс түрлерімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Басылым Алматының халықаралық көлік қатынасына да назар аударған. Қала Бейжің, Шанхай, Сеул, Бангкок және Куала-Лумпур сияқты Азияның ірі қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. Бұл шетелдік қонақтардың қатысуымен конференция, форум мен корпоративтік іс-шара өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok