Almaty_akimdigi
6.6K subscribers
27.9K photos
2.71K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Алматыда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқаулары жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаулар білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті дамытуға, балалар мен жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ көгалдандыру және экологиялық тәрбие саласындағы практикалық бастамаларды қолдауға бағытталған.

«Үздік жасыл балабақша» байқауына Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдары қатысты. Аудандық кезеңде білім беру ұйымдары жобаларын таныстырып, үздік бастамалар қалалық кезеңге жолдама алды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:

І орын — Алатау ауданындағы №31 бөбекжай-балабақша;
ІІ орын — Әуезов ауданындағы №186 бөбекжай-балабақша;
ІІІ орын — Медеу ауданындағы №125 бөбекжай-балабақша.

Алматыда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басын қосқан «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауы да өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын — Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі №1;
ІІ орын — Алматы құрылыс-техникалық колледжі;
ІІІ орын — Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі.

Екі қалалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

***

«Таза Қазақстан»: в Алматы определили победителей городских конкурсов «Лучший зеленый детский сад» и «Лучший зеленый колледж»

В Алматы состоялась церемония награждения победителей городских конкурсов «Лучший зеленый детский сад» и «Лучший зеленый колледж», проведенных в рамках общенациональной экологической инициативы Главы государства – «Таза Қазақстан».

Конкурсы направлены на развитие экологической культуры в образовательных организациях, формирование у детей и молодежи ответственного отношения к окружающей среде, а также поддержку практических инициатив в сфере озеленения и экологического воспитания.

В конкурсе «Лучший зеленый детский сад» приняли участие дошкольные организации Алматы. На районном этапе образовательные учреждения представили проекты, после чего лучшие инициативы были отобраны для участия в городском этапе.

По итогам конкурса призовые места распределились следующим образом:
І место — ясли-сад №31 Алатауского района;
II место — ясли-сад №186 Ауэзовского района;
III место — ясли-сад №125 Медеуского района.

Впервые в Алматы также состоялся городской конкурс «Лучший зеленый колледж», объединивший организации технического и профессионального образования.

По итогам конкурса:
I место — Алматинский казахский гуманитарно-педагогический колледж №1;
II место — Алматинский строительно-технический колледж;
III место — Алматинский колледж телекоммуникаций и машиностроения.

Победители и призеры обоих городских конкурсов награждены дипломами управления образования города Алматы.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда көшкін қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматының Медеу ауданында көшкін қаупін азайту мақсатында қауіпті учаскелерді нығайту жұмыстары жалғасып келеді.

Ауданда барлығы 48 көшкін қаупі бар учаске анықталған. Оның 12-сінде әкімдік тиісті шараларды қолға алған. Қазір төрт учаскеде жұмыс жалғасып жатыр.

Тағы сегіз учаскеде меншік иелері сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес қажетті жұмыс жүргізуде.

Мамандар беткейлерді нығайтып, тіреу құрылымдарын орнатып, басқа да қажетті жұмыстарды атқаруда. Бұл топырақтың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде 18 учаскедегі жұмыс толық аяқталды. Қалған 30 учаске тұрақты бақылауда.

Айта кетейік, 2024 жылдан бері ауданда көшкін қаупі бар учаскелердің саны 87-ге дейін жеткен болатын.

Негізгі міндет – қауіпті учаскелерді алдын ала анықтап, қажетті жұмыстарды уақытында жүргізу. Бұл көшкін мен төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған.

***

В Алматы проводят работы против оползней

В Медеуском районе Алматы продолжают укреплять участки, чтобы снизить риск оползней.

Всего в районе выявили 48 оползнеопасных участков. Акимат работает на 12 из них. На четырех участках работы еще идут.

Еще на восьми участках работы проводят собственники. Они делают это по рекомендациям экспертов.

Специалисты укрепляют склоны, устанавливают подпорные конструкции и проводят другие необходимые работы. Это помогает сделать грунт более устойчивым.

На сегодня работы полностью завершили на 18 участках. Еще 30 участков остаются на контроле.

При этом с 2024 года в районе насчитывалось до 87 потенциально опасных участков.

Главная задача - заранее выявлять опасные места и проводить необходимые работы, чтобы не допустить оползней и чрезвычайных ситуаций.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍7
Әлемдік MICE-индустрия Алматыға қызығушылық танытып келеді: халықаралық басылым қаланың іскерлік туризмдегі артықшылықтарын атады

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жетекші салалық басылымдардың бірі TTGmice Алматыны халықаралық іс-шаралар, корпоративтік сапарлар және іскерлік туризм үшін мүмкіндігі мол бағыт ретінде таныстырды.

MICE-индустрияның кәсіби аудиториясына арналған сингапурлық басылымның материалы халықаралық нарықтың Алматыға деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. TTGmice қаланың басты артықшылығына – заманауи мегаполис пен таудың жақындығына ерекше назар аударған.

Заманауи іскерлік инфрақұрылым, халықаралық қонақ үйлер мен іс-шара өткізуге арналған алаңдар Іле Алатауына тікелей жақын орналасқан. Бұл іскерлік бағдарламаны таудағы демалыспен, мәдени бағыттармен, гастрономиямен және белсенді демалыс түрлерімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Басылым Алматының халықаралық көлік қатынасына да назар аударған. Қала Бейжің, Шанхай, Сеул, Бангкок және Куала-Лумпур сияқты Азияның ірі қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. Бұл шетелдік қонақтардың қатысуымен конференция, форум мен корпоративтік іс-шара өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Мировая MICE-индустрия открывает Алматы: международное издание назвало преимущества города для делового туризма

Одно из ведущих отраслевых изданий Азиатско-Тихоокеанского региона TTGmice представило Алматы как перспективное направление для международных мероприятий, корпоративных поездок и делового туризма.

Публикация в специализированном сингапурском издании, ориентированном на профессиональную аудиторию MICE-индустрии, отражает растущий интерес к Алматы со стороны международного рынка.

Особое внимание TTGmice уделяет ключевому преимуществу города – уникальному сочетанию мегаполиса и гор.

Современная деловая инфраструктура, международные гостиницы и площадки для мероприятий находятся в непосредственной близости от Заилийского Алатау. Это позволяет совмещать деловую программу с горным отдыхом, культурными маршрутами, гастрономией и активными форматами.

В числе преимуществ также отмечается развитая международная транспортная доступность. Алматы связан прямыми рейсами с крупнейшими городами Азии, включая Пекин, Шанхай, Сеул, Бангкок и Куала-Лумпур, что расширяет возможности для проведения конференций, форумов и корпоративных мероприятий с участием зарубежных гостей.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🤷‍♂1👏1
Жылу болмаған жағдайда қайда хабарласу керек

Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріледі. Жылу жүйесіне қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жылу мектептерге, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға, кейін тұрғын үйлерге беріледі.

Жылыту жүйесіне өз бетінше араласуға болмайтынын ескерген жөн. Атап айтқанда, радиаторларды алып тастау, жүйедегі суды ағызу және осыған ұқсас әрекет апаттық жағдайға, жүйе жұмысының бұзылуына және жылу берудің тоқтауына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ радиаторларды қалың перделермен жауып қоюға болмайды. Бұл жылудың тарауын төмендетеді.

Құбырдан су ақса, жүйеде ақау болса немесе жылу берілмесе, тәулік бойы жұмыс істейтін «Жедел әрекет ету штабына» 109, +7 747 132 23 52, +7 707 018 08 46 нөмірлері арқылы немесе Бірыңғай диспетчерлік орталықтың 225-14-31 нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ үйді басқару органына, Open Almaty және e-Otinish сервистері арқылы, сондай-ақ Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жүгінуге болады.

Аудан бойынша:
Алатау ауданы – Тулентаев Қанат, тел.:+7 701 822 5789
Алмалы ауданы – Ежебеков Мади, тел.: +7 778 200 2121
Әуезов ауданы – Нүкебаев Еркін, тел.: +7 705 555 9092
Бостандық ауданы – Алимбетова Айгерим, тел.: +7 701 232 0485
Жетісу ауданы – Қоразов Діннмухамед, тел.: +7 700 815 1090
Медеу ауданы – Картбаев Габит Даулетбаевич тел.: +7 777 387 3799
Наурызбай ауданы – Алимжан Ерік тел.: +7 707 199 9009
Түрксіб ауданы - Баясыл Сакен тел.: +7 707 322 5004

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍1
Куда обращаться при отсутствии отопления

В Алматы отопительный сезон планируется начать 9 октября. Подключение к теплоснабжению будет проходить поэтапно: сначала тепло подадут в школы, больницы и другие социально значимые объекты, затем — в жилые дома.

Необходимо помнить, что самовольное вмешательство в систему отопления, в том числе снятие радиаторов, слив воды и другие подобные действия, могут привести к аварийным ситуациям, нарушению работы системы и отключению отопления на стояках. Также не рекомендуется закрывать радиаторы плотными шторами — это снижает теплоотдачу.

При протечках, неисправностях или отсутствии отопления можно обратиться в круглосуточный «Штаб оперативного реагирования»: по номерам 109, +7 747 132 23 52, +7 707 018 08 46, в Единый диспетчерский центр 225-14-31, а также через орган управления домом, Open Almaty, e-Otinish и официальные страницы управления коммунальной инфраструктуры и жилищной инспекции в соцсетях.

Ответственные по районам:
Алатауский район – Тулентаев Қанат, тел.:+7 701822 5789
Алмалинский район – Ежебеков Мади, тел.: +7 778 200 2121
Ауэзовский район – Нүкебаев Еркін, тел.: +7 705 555 9092
Бостандыкский район – Алимбетова Айгерим, тел.: +7 701 232 0485
Жетысуский район – Қоразов Діннмухамед, тел.: +7 700 815 1090
Медеуский район – Картбаев Габит Даулетбаевичтел.: +7 777 387 3799
Наурызбайский района – Алимжан Ерік тел.: +7 707 199 9009
Турксибский район - Баясыл Сакен тел.: +7 707 322 5004

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤2👍1
Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Алматыда субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге жоспарлы түрде консервациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар 1-10 қазан аралығында кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Субұрқақтар тоқтатылып, суы ағызылады, тостағаны мен жабдықтары тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, құрғатады, ал жабдықтардың кейбір құрылымдары алынып, қысқы сақтауға жіберіледі.

Консервациялау жұмыстары инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температураның әсерінен қорғау үшін қажет. Бұл ретте, әр нысанның техникалық ерекшеліктері ескеріледі.

Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсетіп, субұрқақтарды жаңа маусымға дайындайды.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍1
В Алматы поэтапно отключают фонтаны на зимний период

В Алматы продолжается плановая консервация фонтанов на осенне-зимний период. Работы проходят поэтапно с 1 по 10 октября.

Фонтаны отключают, сливают воду, очищают чаши и оборудование. Также специалисты продувают и осушают инженерные системы, а отдельные элементы оборудования демонтируют и готовят к зимнему хранению.

Консервация необходима для защиты инженерных сетей и оборудования от низких температур и проводится с учетом технических особенностей каждого объекта.

Завершить работы планируется до 10 октября. После зимнего периода специалисты проведут техническое обслуживание и подготовят фонтаны к новому сезону.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍5👀2
Алматыда 100 мыңнан астам тұрғынды тұрақты сумен қамту үшін сорғы станциясы қалпына келтірілді

Алматыда бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған «Индустриялық аймақ» сорғы станциясы қалпына келтіріліп, техникалық тұрғыда іске қосылды. Нысан Алатау ауданының батыс бөлігіндегі сумен жабдықтау жүйесінің қуатын арттырып, жаз мезгілінде су тұтыну көлемі артатын аумақтарда қажетті қуат резервін қалыптастырады. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Станция шамамен 30 мың тұрғынды, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандарды сумен қамтамасыз етуге есептелген. Оның қосымша қуаты Наурызбай ауданының солтүстік бөлігі мен Алатау ауданының оңтүстік-батысында тұратын 100 мыңнан астам тұрғынды сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Станцияны іске қосу алдында кешенді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нысан ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағандықтан, техникалық аудит өткізіліп, жабдықтар мен кабель желілері қалпына келтірілді, сондай-ақ негізгі инженерлік жүйелер қалпына келтірілді.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы восстановили насосную станцию для стабильного водоснабжения более 100 тыс. жителей

В Алматы технически запущена насосная станция «Индустриальная зона», восстановленная после нескольких лет простоя. Объект обеспечивает дополнительную мощность системы водоснабжения западной части Алатауского района и создает резерв для территорий, где нагрузка на сети значительно возрастает в летний период. Об этом сообщили в управлении энергетики и водоснабжения города.

Станция рассчитана на обеспечение водой порядка 30 тыс. жителей, а также промышленных объектов. Дополнительные мощности позволят повысить стабильность водоснабжения более 100 тыс. жителей северной части Наурызбайского и юго-западной части Алатауского районов.

Запуску станции предшествовала комплексная восстановительная работа. После длительного простоя объекта потребовалось провести технический аудит, восстановить оборудование и кабельные линии, а также привести в рабочее состояние основные инженерные системы.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍1
Алматыда екі AI-орталық ашылады

Алматыда білім беру, ғылыми зерттеулер, стартаптарды дамыту және технологиялық компаниялардың жұмысын біріктіретін екі ірі жоба – Almaty AI Hub және Almaty AI Park жүзеге асырылып отыр.

Көктем-3 шағынауданында орналасатын Almaty AI Hub жалпы ауданы 9,4 мың шаршы метрден асатын қайта жаңғыртылып жатқан ғимаратта ашылады. Мұнда 556 жұмыс орны, IT және жасанды интеллект компанияларына, стартаптар мен әзірлеушілерге арналған кеңістіктер, білім беру алаңдары, коворкингтер мен конференц-залдар қарастырылған. Сондай-ақ хабта Tomorrow School мектебі мен AI Campus инфрақұрылымы орналастырылады.

Almaty AI Park орталығы 4,9 гектар аумақта салынады. Мұнда ғылыми-зерттеу және жасанды интеллект зертханалары, кеңселер, коворкинг, акселератор, бизнес-инкубатор, білім беру және іс-шаралар өткізуге арналған кеңістіктер, сондай-ақ университет орналасады.Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңді 2027 жылы желтоқсанда, ал екінші кезеңді 2028 жылы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.

Екі жоба да маман даярлауға, стартаптарды дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және технологиялық шешімдерді енгізуге арналған бірыңғай инфрақұрылым қалыптастырады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
В Алматы создадут два AI-центра

В Алматы реализуются два крупных проекта — Almaty AI Hub и Almaty AI Park, которые объединят образование, исследования, развитие стартапов и работу технологических компаний.

Almaty AI Hub в микрорайоне Коктем-3 разместится в реконструируемом здании площадью более 9,4 тыс. кв. м. Здесь предусмотрено 556 рабочих мест, пространства для IT- и AI-компаний, стартапов и разработчиков, образовательные площадки, коворкинги и конференц-залы. Также в хабе разместятся Tomorrow School и инфраструктура для AI Campus.

Almaty AI Park построят на участке площадью 4,9 га. Здесь разместятся R&D- и AI-лаборатории, офисы, коворкинг, акселератор, бизнес-инкубатор, образовательные и event-пространства, а также университет. Проект реализуют в две очереди: первую планируют завершить в декабре 2027 года, вторую — в декабре 2028 года

Оба проекта создадут единую инфраструктуру для подготовки специалистов, развития стартапов, исследований и внедрения технологических решений.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🔥5🤔2🤷‍♂1