Almaty_akimdigi
6.6K subscribers
27.9K photos
2.71K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматыда екі AI-орталық ашылады

Алматыда білім беру, ғылыми зерттеулер, стартаптарды дамыту және технологиялық компаниялардың жұмысын біріктіретін екі ірі жоба – Almaty AI Hub және Almaty AI Park жүзеге асырылып отыр.

Көктем-3 шағынауданында орналасатын Almaty AI Hub жалпы ауданы 9,4 мың шаршы метрден асатын қайта жаңғыртылып жатқан ғимаратта ашылады. Мұнда 556 жұмыс орны, IT және жасанды интеллект компанияларына, стартаптар мен әзірлеушілерге арналған кеңістіктер, білім беру алаңдары, коворкингтер мен конференц-залдар қарастырылған. Сондай-ақ хабта Tomorrow School мектебі мен AI Campus инфрақұрылымы орналастырылады.

Almaty AI Park орталығы 4,9 гектар аумақта салынады. Мұнда ғылыми-зерттеу және жасанды интеллект зертханалары, кеңселер, коворкинг, акселератор, бизнес-инкубатор, білім беру және іс-шаралар өткізуге арналған кеңістіктер, сондай-ақ университет орналасады.Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңді 2027 жылы желтоқсанда, ал екінші кезеңді 2028 жылы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.

Екі жоба да маман даярлауға, стартаптарды дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және технологиялық шешімдерді енгізуге арналған бірыңғай инфрақұрылым қалыптастырады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
В Алматы создадут два AI-центра

В Алматы реализуются два крупных проекта — Almaty AI Hub и Almaty AI Park, которые объединят образование, исследования, развитие стартапов и работу технологических компаний.

Almaty AI Hub в микрорайоне Коктем-3 разместится в реконструируемом здании площадью более 9,4 тыс. кв. м. Здесь предусмотрено 556 рабочих мест, пространства для IT- и AI-компаний, стартапов и разработчиков, образовательные площадки, коворкинги и конференц-залы. Также в хабе разместятся Tomorrow School и инфраструктура для AI Campus.

Almaty AI Park построят на участке площадью 4,9 га. Здесь разместятся R&D- и AI-лаборатории, офисы, коворкинг, акселератор, бизнес-инкубатор, образовательные и event-пространства, а также университет. Проект реализуют в две очереди: первую планируют завершить в декабре 2027 года, вторую — в декабре 2028 года

Оба проекта создадут единую инфраструктуру для подготовки специалистов, развития стартапов, исследований и внедрения технологических решений.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🔥5🤔2🤷‍♂1
Алматы мен облыстың инфрақұрылымдық дамуы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевпен және Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновпен бірге ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарын көрді. Сондай-ақ, жол құрылысына қатысты жобалардың, соның ішінде Саин көшесі мен Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жұмыстарының барысы тексерілді.

Денсаулық сақтау нысандарына ерекше назар аударылды. №7 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту, №1 перзентхана мен ауысымына 500 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы қаралды.

Сапар аясында Алматы мен облыстың іргелес аумақтарындағы шамамен 200 мың тұрғынды кәріз жүйесімен қамтамасыз ететін Батыс кәріз коллекторының құрылысы да қаралды.

Дархан Сатыбалды жобаларды іске асыру кезінде бүкіл агломерацияның қажеттілігін ескеру маңызды екенін атап өтті. Бұл қала мен қала маңындағы тұрғындардың жол, инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Инфраструктурное развитие Алматы и области

Аким Алматы Дархан Сатыбалды вместе с Первым заместителем Премьер-Министра РК Нурлыбеком Налибаевым и акимом Алматинской области Чингисом Ариновым ознакомился с реализацией крупных инфраструктурных и социальных проектов.

В Международном аэропорту Алматы представили планы дальнейшего развития инфраструктуры. Также проверили строительство дорог, включая пробивку улицы Саина и проспекта Абая до БАКАД.

Особое внимание уделили объектам здравоохранения: реконструкции городской клинической больницы №7, строительству родильного дома №1 и поликлиники на 500 посещений в смену.

В рамках визита осмотрен Западный канализационный коллектор, который обеспечит водоотведение для около 200 тыс. жителей Алматы и прилегающих территорий области.

Дархан Сатыбалды отметил, что при реализации проектов важно учитывать потребности всей агломерации, обеспечивая жителям города и пригородов удобный доступ к дорогам, инженерной инфраструктуре и социальным объектам.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍1