Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
«Жас Қанат» шағынауданында кітапхана ашылды

Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат» шағынауданында қалалық кітапхана ашылды.

Кітапхана қорында қазақ, орыс және шет тіліндегі 10 мыңнан астам басылым бар. Келушілер үшін оқу залы, балаларға арналған аймақтар, компьютермен жұмыс істеу аймағы, сондай-ақ кітаптарды өз бетінше алып, қайтаруға мүмкіндік беретін «ақылды сөрелер» қарастырылған.

Кітапхана күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Қонаев атындағы бау-бақша кооперативінің аумағы, 336/37.

Бүгінде Алматыда 32 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Олардың жетеуі тәулік бойы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қаладағы сауда орталықтарында кітап беретін екі пункт және өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған 32 автономды кітапхана бар.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
В мкр. «Жас Қанат» открылась библиотека

В микрорайоне «Жас Қанат» Турксибского района открылась городская библиотека.

Книжный фонд насчитывает более 10 тысяч изданий на казахском, русском и иностранных языках. Для посетителей предусмотрены читальный зал, детские зоны, компьютерная рабочая зона и «умные полки» для самостоятельной выдачи и возврата книг.

Библиотека работает ежедневно с 09:00 до 20:00 по адресу: Турксибский район, ПК Кунаева территория, 336/37.

Сегодня в Алматы работают 32 городские библиотеки, семь из них - круглосуточно. Также в городе действуют два пункта книговыдачи в торговых центрах и 32 автономные библиотеки самообслуживания.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍1
Жылу мәселесі: қайда хабарласу керек

Алматыда 9 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады. Жылу кезең-кезеңімен беріледі: алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар, содан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар жылуға қосылады.
 
Жылыту маусымын іске қосу кезеңінде қаланың сегіз ауданының әрқайсысында жауапты мамандар бекітілді. Жылуға қосылу мәселесі бойынша немесе ақаулар туындаған жағдайда тұрғындар карточкаларда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласа алады.
 
📌 Ауданыңыздың байланыс нөмірлерін сақтап қойыңыз.
 
Сондай-ақ өтінішті көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар, басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және e-Otinish платформасы арқылы жолдауға болады.

***

Проблемы с отоплением: куда обращаться

С 9 октября в Алматы начинается отопительный сезон 2026–2027 годов. Тепло будут подключать поэтапно: сначала социально значимые объекты, затем многоквартирные дома и другие здания.
 
На период запуска в каждом из восьми районов определены ответственные специалисты. По вопросам подключения отопления и при возникновении неисправностей жители могут обращаться по телефонам, указанным в карточках.
 
📌 Сохраните контакты своего района.
 
Обращения также можно направлять через обслуживающие организации многоквартирных домов, официальные страницы управления в социальных сетях и платформу e-Otinish.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤1
Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға қатынайтын халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 1,6 млн-ға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Mastercard Tourism Insights халықаралық талдау платформасының мәліметінше, Қытай мен Түркия бағыттарында айтарлықтай өсім байқалған. Қытайдан Алматыға қатынайтын рейстердегі орын саны 75%-ға артып, 295 мыңға жетті. Ал Түркия бағыты бойынша көрсеткіш 11%-ға өсіп, 203 мың орын болды.

Шетелдік нарықтармен тікелей әуе қатынасының кеңеюі Алматыға келетін туристер санын арттыруға, іскерлік сапарларды дамытуға және халықаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Пассажировместимость международных рейсов в Алматы выросла на 13%

В первом полугодии 2026 года пассажировместимость международных рейсов в Алматы достигла 1,6 млн мест, что на 13% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Об этом сообщили в управлении туризма города.

По данным международной аналитической платформы Mastercard Tourism Insights, наиболее заметный рост зафиксирован на направлениях из Китая и Турции. Пассажировместимость рейсов из Китая увеличилась на 75% — до 295 тыс. мест. На турецком направлении показатель вырос на 11% и достиг 203 тыс. мест.

Расширение прямого авиасообщения с зарубежными рынками создает дополнительные возможности для роста въездного туризма, деловых поездок и проведения международных мероприятий в Алматы.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🔥1
«Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды

Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз-1» шағынауданында №18 және №18А үйдің ауласын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Аулаларда асфальт жабыны мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жаттығу құрылғылары және шағын сәулет нысандары орнатылды. Сондай-ақ, тартан жабындысы төселген спорт алаңы мен су бұру жүйесі салынды.

Биыл «Жұлдыз» шағынауданында 10 көппәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы төрт аула жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек, ауданның тағы 16 ауласында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы да жалғасып келеді. Биыл Түрксіб ауданында 24 жоба қолға алынған. Оның аясында скверлер мен жүргіншілер аймақтары көркейтіліп, балалар және спорт алаңдары жасақталып, автоматты суару жүйелері орнатылып, автотұрақ салынып жатыр.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤1
В микрорайоне «Жұлдыз» обновили дворы

В микрорайоне «Жұлдыз-1» Турксибского района завершили капитальный ремонт дворов по адресам №18 и №18А.

Здесь обновили асфальт, освещение и установили скамейки, урны, тренажёры и малые архитектурные формы. Также обустроили спортивную площадку с тартановым покрытием и систему водоотведения.

В этом году в микрорайоне «Жұлдыз» ремонтируют четыре дворовые территории возле десяти многоквартирных домов. Ещё в 16 дворах района завершается текущий ремонт.

Продолжается и программа «Бюджет народного участия». В 2026 году в Турксибском районе реализуют 24 проекта: обустраивают скверы и пешеходные зоны, детские и спортивные площадки, устанавливают системы автоматического полива и создают парковку.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👏1