Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
В Алматы за один день высадили более 1,2 тыс. деревьев

В Алматы 10 октября в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошел общегородской субботник. В уборке и озеленении городских территорий приняли участие 3480 человек. Об этом сообщили в управлении коммунальной инфраструктуры и жилищной инспекции города.

Экологическая акция охватила все восемь районов города. Работы проводились на 10 участках, включая скверы, улицы, зеленые зоны и прибрежные территории.

Участники субботника привели в порядок рощу Баума, скверы «Биокомбинат» и Ратушного, территории микрорайонов Саялы и Кокшокы, а также участки вдоль реки Каргалы и ряда городских улиц.

По итогам мероприятия собрано и вывезено 506 кубометров мусора и отходов. Для проведения уборочных работ задействовали 79 единиц специализированной техники.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🔥2
Досхан Жолжақсынов – 75 жаста

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанның халық артисі, театр және кино актері, режиссер Досхан Жолжақсыновты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында өнер иесінің көп жылғы еңбегі мен ұлттық өнердің дамуына қосқан зор үлесіне тоқталған.

«Сіз салиқалы ғұмырыңызды ұлт руханиятын ұлықтауға арнап, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңіз арқылы зор жетістікке қол жеткіздіңіз. Дәстүр сабақтастығын сақтап, ізбасар шәкірттеріңізді тәрбиелеп келесіз», – делінген Президент құттықтауында.

Досхан Жолжақсынов шығармашылық жолында ондаған жарқын образ сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Ал режиссер ретінде түсірген туындылары отандық кинематографияның дамуына қомақты үлес қосты.

Дархан Сатыбалды мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі.

***

Досхан Жолжаксынов: 75-летний юбилей

Аким Алматы Дархан Сатыбалды от имени Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева поздравил народного артиста Казахстана, актера театра и кино, режиссера Досхана Жолжаксынова с 75-летним юбилеем.

В поздравлении Глава государства отметил многолетний труд артиста и его значительный вклад в развитие национального искусства.

«Вы посвятили свою жизнь служению национальной культуре и духовности, добившись значительных успехов благодаря неустанному творческому поиску. Сохраняя преемственность традиций, Вы продолжаете передавать свой опыт молодежи», - подчеркнул Президент.

За годы творческой деятельности Досхан Жолжаксынов создал десятки ярких образов и завоевал любовь зрителей. Его режиссерские работы стали значимой частью отечественного кинематографа.

Дархан Сатыбалды пожелал юбиляру крепкого здоровья, семейного благополучия, долголетия и новых творческих успехов.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤2👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның басты жаңалықтарын дайджестімізде ұсынамыз:

Медеу ауданында топырақ көшкіні қаупі бар аумақтарды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Ауданда барлығы осындай 48 аумақ анықталған. Бүгінде 18 учаскеде жұмыс толық аяқталды, тағы 30 учаске бақылауда.

Алматы спортшылары Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында 22 медаль жеңіп алды. Алматылықтар спорттың 15 түрінен жүлдеге ие болды. Жетістіктер қатарында Қазақстан тарихындағы Азия ойындарының таеквондодан алғашқы алтыны, спорттық құзға өрмелеуден елдің алғашқы медалі, ұлттық рекорд, сондай-ақ еркін жаттығудан 32 жылдан кейінгі алғашқы күміс жүлде бар.

Алматыда өзен суымен суару жүйесі енгізіліп жатыр. Медеу ауданындағы жасыл аймақтар өзен суымен суаруға көшірілуде. Бұл ауыз суды пайдалануды азайтып, әсіресе жаздың ыстық айларында қалалық желілерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Алматыда екі ірі жоба — Almaty AI Hub және Almaty AI Park іске асырылып жатыр. Олар маман даярлауға, стартаптарды дамытуға, зерттеу жүргізуге және технологиялық шешімдерді енгізуге арналған бірыңғай инфрақұрылым қалыптастырады.

Түрксіб ауданында жаңа кітапхана ашылды. Кітап қоры қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 10 мыңнан астам басылымды қамтиды. Келушілер үшін оқу залы, балалар аймағы, компьютерлік аймақ және кітаптарды оқуға алып, қайтаруға арналған «ақылды сөрелер» қарастырылған.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Делимся главными новостями прошедшей недели в нашем дайджесте:

В Медеуском районе продолжают укреплять оползнеопасные участки, чтобы снизить риск оползней. Всего в районе выявили 48 таких участков. На сегодня работы полностью завершили на 18 участках, еще 30 остаются на контроле.

Спортсмены Алматы завоевали 22 медали на XX летних Азиатских играх в Японии. Алматинцы отличились в 15 видах спорта. Среди достижений — первое в истории Казахстана золото Азиады по таеквондо, первая медаль страны в спортивном скалолазании, национальный рекорд, а также первое за 32 года серебро в вольных упражнениях.

В Алматы внедряют речной полив. В Медеуском районе зеленые зоны переводят на полив водой из рек. Это позволит сократить использование питьевой воды и снизить нагрузку на городские сети, особенно в жаркие летние месяцы.

В Алматы реализуют два крупных проекта — Almaty AI Hub и Almaty AI Park. Они создадут единую инфраструктуру для подготовки специалистов, развития стартапов, проведения исследований и внедрения технологических решений.

В Турксибском районе открылась новая библиотека. Книжный фонд насчитывает более 10 тысяч изданий на казахском, русском и иностранных языках. Для посетителей предусмотрены читальный зал, детские зоны, компьютерная зона и «умные полки» для самостоятельной выдачи и возврата книг.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматының Шаңырақ шағынауданында жаңа балалар ойын алаңы ашылды

Шағынауданда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Мұндв балаларға арналған ойын кешендері, сырғанақтар, сурет салуға арналған тақталар мен жарық беретін плиткалар орнатылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жабын төселген. Ал ересектер үшін ашық аспан астында жаттығуға арналған тренажерлермен жабдықталған аймақ қарастырылған.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шаңырақ шағынауданында барлығы 7 жоба жүзеге асырылды.

Жаңа ойын алаңы бүгінде тұрғындар үшін қолжетімді. Ол балалардың ойын ойнауына, серуендеуіне және отбасымен бірге демалуына арналған тағы бір жайлы орынға айналды.

***

В микрорайоне Шанырак Алматы открыли новую детскую площадку

В микрорайоне появилась новая детская игровая площадка, обустроенная в рамках проекта «Бюджет народного участия».

Здесь установили игровые комплексы, горки, доски для рисования и светящиеся плитки. Для безопасности детей предусмотрено специальное покрытие, а для взрослых оборудована зона с уличными тренажёрами.

Всего в этом году в микрорайоне Шанырак в рамках «Бюджета народного участия» реализовано 7 проектов.

Новая площадка уже доступна для жителей и стала ещё одним местом для игр, прогулок и семейного отдыха.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👏2❤1
Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған үлестік қатысу мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірнеше тұрғын үй кешені үлескерлердің мүддесін қорғау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, Esentai City тұрғын үй кешенінің жылжымайтын мүлкіне салынған тыйымды алып тастау және құрылысты жалғастыру мәселесі шешімін тапты. Ал «Достар Делюкс» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне келтірілген залалды өтеу тетігі меншік иелерінің бастамашыл тобына ұсынылды.

Monblanc тұрғын үй кешенінің құрылысын жалғастыруға ниетті инвестор табылды. Ол жер телімін сатып алып, үлескерлердің шығынын өтеуге дайын. Қазір инвестор мен үлескерлер арасында тиісті келісім әзірленіп жатыр.

Заңсыз салынған Pine Hill және Sky Club тұрғын үй кешендерінің құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Ведомствоаралық комиссия инвестормен келісімге келген. Жер телімдеріне салынған тыйым алынып, жоғалған құжаттар қалпына келтірілгеннен кейін учаскелер инвесторға беріледі. Осыдан соң ол үлескерлер алдындағы берешекті өтеу міндеттемесін мойнына алады.

Қазір комиссия Швейцария, Silver Hills және басқа да проблемалық тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатыр. Бұл нысандар бойынша қылмыстық істерді тергеудің аяқталуы күтіліп отыр.

Бастапқы нарықтан жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын құрылыс салушының барлық қажетті құжаты бар екеніне көз жеткізуді сұраймыз. Сондай-ақ нысанның мәртебесін Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 нөміріндегі анықтамалық WhatsApp арнасы арқылы тексеруге болады.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍2
Акимат Алматы помог сотням обманутых дольщиков вернуть средства

Межведомственная комиссия по вопросам долевого участия, созданная по поручению акима Алматы Дархана Сатыбалды, пришла к решению проблемы дольщиков сразу нескольких ЖК.

В частности, урегулирован вопрос по снятию арестов с недвижимости и продолжению строительства ЖК Esentai City. Между тем механизм возмещения ущерба дольщикам ЖК «Достар Делюкс» представлен инициативной группе собственников.

По ЖК Monblanc для продолжения строительства определен инвестор, готовый выкупить участок и восстановить ущерб дольщикам. На сегодня в процессе подготовка соответствующих соглашений между инвестором и дольщиками.

По застройщику сразу двух незаконных ЖК - Pine Hill и Sky Club расследовалось уголовное дело. Межведомственной комиссией достигнута договорённость с инвестором, передача участков которому будет проведена по завершении процедуры снятия арестов с участков и восстановлению утерянных документов. Далее инвестор возьмет на себя обязательства по погашению задолженности перед дольщиками.

На сегодня работа комиссии направлена на решение вопросов дольщиков по ряду проблемных ЖК, в их числе «Швейцария», Silver Hills, по которым ожидается окончание расследования уголовных дел и другие.

Настоятельно рекомендуем перед покупкой первичной недвижимости проверять наличие полного пакета документов у застройщика или уточнить статус объекта по справочному WhatsApp-каналу управления градостроительного контроля +7 705 89 66 000.

График работы: с 09:00 до 18:00, пн - пт.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👌1
900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыдағы орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 53,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артты. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Қаңтар-маусым айлары аралығында қаладағы қонақ үйлер мен өзге де орналастыру орындары 1,1 млн-нан астам қонақты қабылдады. Қазіргі таңда қалада туристер мен іскерлік сапармен келушілерге қызмет көрсететін 448 орналастыру нысаны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қаланың қонақ үй нарығы жаңа нысандармен белсенді түрде толығып келеді. Жыл басынан бері жеке инвестиция есебінен жалпы саны 1 103 нөмірге арналған 26 қонақ үй ашылды.

Бұдан бөлек, ауқымды жобалар іске асырылу және пысықталу сатысында тұр. Жалпы құны шамамен 900 млрд теңге болатын 87 қонақ үй жобасы аясында 9 590 жаңа нөмір ашу жоспарланған.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👌1
Около 900 млрд тенге инвестиций: гостиничный рынок Алматы продолжает расти

В первом полугодии 2026 года объем услуг средств размещения в Алматы достиг 53,1 млрд тенге, увеличившись на 6% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Об этом сообщили в управлении туризма.

За январь – июнь гостиницы и другие средства размещения города приняли свыше 1,1 млн посетителей. Сегодня в Алматы работают 448 объектов размещения, обеспечивающих туристам и деловым гостям широкий выбор вариантов проживания.

При этом гостиничный рынок продолжает активно пополняться новыми объектами. С начала года в городе открылось 26 гостиниц на 1 103 номера, реализованных за счет частных инвестиций.

Еще более значительный объем проектов находится на стадии реализации и проработки. 87 гостиничных проектов общей стоимостью около 900 млрд тенге предусматривают создание 9 590 новых номеров.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤3
VietJet Air Ханой – Алматы – Прага жаңа әуе бағытын ашты

2026 жылы 10 қазанда вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Жаңа бағыт бойынша Airbus A330 ұшақтары аптасына екі рет қатынайды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығының арқасында жолаушылар бүкіл бағыт бойынша ғана емес, Алматы мен Прага арасында жеке ұша алады.

2025 жылы Алматыға келген Вьетнам туристерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға артты. Жаңа бағыт Вьетнаммен туристік байланысты одан әрі дамытуға және Алматының осы елден келетін саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
👍1
VietJet Air открыла новый авиамаршрут Ханой – Алматы – Прага

10 октября 2026 года вьетнамская авиакомпания VietJet Air запустила регулярные рейсы по маршруту Ханой – Алматы – Прага. Полеты выполняются два раза в неделю на воздушных судах Airbus A330. Об этом сообщили в управлении туризма.

Благодаря правам пятой степени свободы воздуха пассажиры могут летать не только по всему маршруту, но и отдельно между Алматы и Прагой.

За 2025 год Алматы посетили на 20% больше туристов из Вьетнама, чем годом ранее. Новый маршрут будет способствовать дальнейшему развитию туристических связей с Вьетнамом и повышению привлекательности Алматы для путешественников из этой страны.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
👍1
Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған турнир өтті

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Төрт күн ішінде турнирді 10 мыңға жуық көрермен тамашалады.

Қазақстандық Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан 204,36 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series жарыстар сериясы аясында өтті.

Бағдарлама аясында әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, «Естелігі өшпейтін мұз» атты гала-шоу өтті. Оған турнир жүлдегерлері, арнайы шақырылған спортшылар және Денис Тен академиясының тәрбиеленушілері қатысты.

Осылайша, Denis Ten Memorial Challenge турнирі Денис Теннің спорттық мұрасын дәріптеп, жас мәнерлеп сырғанаушыларға халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беріп келеді.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
❤1👍1