Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтіп жатыр
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлемнің 137 елінен 230-дан астам делегат қатысқан World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты.
Салтанатты рәсімде қала әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді. Мемлекет басшысы құттықтауында іс-шараның халықаралық маңызын атап өтті.
«Осындай беделді халықаралық іс-шараның Алматыда өтуі – әлемдік қауымдастықтың елімізге деген зор сенімі мен құрметінің көрінісі. Біз мұны шынайы мақтан тұтамыз», – делінген Президент құттықтауында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ теннисті дамытудың, спорт инфрақұрылымын жетілдірудің, дарынды спортшыларды қолдау мен кәсіби жаттықтырушылар даярлаудың маңызына тоқталған.
Салтанатты рәсім аясында Халықаралық теннис федерациясының президенті Дэвид Хаггерти халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Ассамблея қатысушылары ұлттық федерацияларды дамыту, балалар мен жасөспірімдер спортын өркендету және халықаралық жарыстар өткізу мәселесіне баса назар аударып отыр.
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok

Алматы принимает Генеральную ассамблею World Tennis
Аким Алматы Дархан Сатыбалды открыл заседание Генеральной ассамблеи World Tennis, собравшую более 230 делегатов из 137 стран мира.
На церемонии аким зачитал приветствие Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, который отметил международное значение мероприятия.
«Проведение этого престижного международного мероприятия в Алматы отражает высокое доверие и уважение мирового сообщества к нашей стране. Мы искренне гордимся этим признанием», - говорится в приветствии Президента.
Глава государства также подчеркнул важность развития тенниса, совершенствования спортивной инфраструктуры, поддержки талантливых спортсменов и подготовки профессиональных тренеров.
В рамках церемонии президент Международной федерации тенниса Дэвид Хаггерти был награжден орденом «Достық» II степени за вклад в укрепление дружбы и сотрудничества между народами.
В центре внимания участников ассамблеи - развитие национальных федераций, детско-юношеского спорта и проведение международных соревнований.

👏1
Жетісу ауданында аллея мен саябақ көркейтілді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданын жұмыс сапары барысында аралап, Қазыбаев көшесінің бойындағы аллея мен «Жетісу» саябағын көркейту жұмыстарының нәтижесімен танысты.
Қазыбаев көшесінде ұзындығы 1 шақырым, аумағы 2,3 гектар болатын аумақ жаңартылды. Мұнда серуен аймақтары жасалып, көгал төселді, автоматты және тамшылатып суару жүйелері орнатылды. 21 мыңнан астам бұта мен ірі көлемді 72 жөке ағашын егу жоспарланған.
«Жетісу» саябағында жүргіншілер жолдары жаңартылып, тартан жабыны төселді және 150-ден астам жарық шамы орнатылды. Аумаққа ағаштар, бұталар мен көпжылдық өсімдіктер егіліп, көгалдандырылды.
Қазыбаев көшесіндегі жұмыс демеушілердің қолдауымен «Алматы Тазалық» мекемесімен бірлесіп жүргізілді. Ал саябақты көркейту жұмыстарын аудан әкімдігі ұйымдастырды.
Жұмыс сапарының соңында Дархан Сатыбалды жасыл желекке тұрақты күтім жасауды, суару жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және екі аумақта да тазалық пен тәртіп сақтауды тапсырды.