Almaty_Joly
3.69K subscribers
1.72K photos
277 videos
14 files
1.18K links
Жол жөндеу жұмыстарының барысы мен көшелердің жабылу уақыты туралы ақпарат
О дорожно-ремонтных работах и времени перекрытия движения. Информацию о дорогах высылайте в бот @AlmatyJolybot
Download Telegram
Алматыда көлік қаңқасының шебер жоспары бекітілді

🚦🏙 Шебер жоспардың мақсаты – қаланың көлік инфрақұрылымын 2030 жылға дейін жақсарту және халықты жеке көліктен қоғамдық көлікке ауыстыру. Сол кезге таман қоғамдық көлікпен жүру санының 64%-ға артуы басты көрсеткіш болады.

Биыл Райымбек даңғылы (17 км) бойынша пилоттық дәлізді іске асыру басталады.

2025-2026 жылдары 14 дәлізден тұратын көлік қаңқасының желісі құрылады. Осы уақытта автобустарды газ бен электр қуатын ауыстыру, ЖРК-ның бірінші желісін іске қосу және «Қалқаман» метро бекетін ашу жоспарланған.

Соңғы кезең (2027-2030 жж.) 42 жүрдек қоғамдық көлік дәлізін және 75% тұрғылықты жері мен 81% жұмыс орнын қамтитын 39 тораптық бекет құру болады.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті және ауысып отыру уақытын азайтуды ескере отырып, аялдамалар мен ауысып отыру пунктінің желісін кеңейтеді.

Көлік қаңқасын құру қоғамдық көлікті дамытуға, қала тұрғындарының мобилділігін арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
#Almaty #қалаинфрақұрылымы 🚌 

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
😐2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚧 Алматы жолдары ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр

📍 Бүгінде жұмыс магистральдық көше, аудандық жол, ішкі көше мен жекелеген учаске сынды қаланың барлық аумағында жүріп жатыр.

🛠 Биыл 294 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Бұл тек шұңқырды жамау емес, 330 көшенің жол төсемін толық жаңарту деген сөз.

💧 Кейбір көшелерде су, кәріз, жарықтандыру секілді алдымен инженерлік желілер тартылады. Содан кейін ғана жаңа асфальт төселеді.


🙏 Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұл Алматыны жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыруға бағытталған.

▶️ Толығырақ ақпарат – бейнематериалда.

#Алматы #ЖолЖөндеу #Жол #Almaty
***
🚧 В Алматы проходит текущий ремонт дорог

📍 Работы сегодня ведутся по всему городу — на магистральных улицах, районных дорогах, внутренних улицах и локальных участках.

🛠 В этом году средним ремонтом охватят 294 км дорог. Это уже полноценное обновление покрытия на 330 улицах, а не только ямочный ремонт.

💧 На части улиц сначала прокладывают инженерные сети — воду, канализацию, освещение и другие коммуникации. Только после этого укладывают новый асфальт.


🙏 Просим жителей с пониманием отнестись к временным неудобствам. Все работы направлены на то, чтобы Алматы становился удобнее и безопаснее.

▶️ Подробнее о ремонте дорог — в видео.

#Алматы #РемонтДорог #Дороги #Almaty

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
😐5❤1👌1