AMANAT партиясы
5.86K subscribers
23.1K photos
4.29K videos
12 files
5.95K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Аманжол Әлтай: «Денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға шығыс медицинасы орталықтары жөнінде депутаттық сауал жолдады.

«Кейбір орталықтар қысқа мерзімге ашылып, атауын немесе мекенжайын өзгертіп, бақылаудан жалтарып жатады. Әсіресе тегі-тамыры белгісіз, өзін білікті дәрігер ретінде жарнамалаған Қытай Халық Республикасының азаматтары төрт-бес ай халықты емдеген болып, елдің сеніміне кіріп, артынша емдеу орталығын жауып, «аңқау елге арамза емші» дегендей қалтасын қампайтып алып, кетіп қалып жатады. Бұл жағдайлар пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Самат Нұртаза: «Студент оқу орнына пышақ алып кіріп, оқытушыны жарақаттаған»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Нұртаза Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселелері жөнінде депутаттық сауал жолдады.

«Білім беру мекемелерінің көбінде ғимаратқа тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін анықтайтын техникалық тексеру құралдары, соның ішінде металл детекторлары жоқ екенін атап өткім келеді. Соның бір мысалы ретінде жақында Алматы қаласындағы университеттердің бірінде болған сұмдық жағдайды айтсақ болады. Студент оқу орнына пышақ алып кіріп, оқытушыны жарақаттаған», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Цифровое государство на старых координатах: депутат «AMANAT» подняла проблему внедрения QAZ TRF 23

Несмотря на технологическую готовность Казахстана к работе в современной системе координат QazTRF-23, ее практическое внедрение остается фрагментарным, а ключевые государственные информационные системы продолжают функционировать в устаревшем формате. Это приводит к разрозненности пространственных данных, затрудняет градостроительное планирование, управление территориями и развитие цифровых сервисов.

На проблему в депутатском запросе заместителю Премьер-министра – министру искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслану Мадиеву указала депутат Мажилиса от партии «AMANAT» Екатерина Смышляева. Она подчеркнула необходимость срочных управленческих решений – от централизованной миграции ретроспективных данных и перехода ключевых госинформационных систем на QazTRF-23 до усиления контроля за исполнением постановления Правительства и интеграции государственных и региональных геопорталов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бауржан Смағұлов: «Бюджеттік ұйымдар электр энергиясын ең жоғары тарифтер бойынша төлейді»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бауржан Смағұлов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға бюджеттік ұйымдарда энергияны тиімді тұтынуға қатысты депутаттық сауал жолдады.

«Бюджеттік ұйымдар электр энергиясын ең жоғары тарифтер бойынша төлейді, бұл тарифтер 1 кВт сағ үшін 82 теңгеге дейін жетеді. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баламалы энергия көздерінен электр энергиясын өндіру мен жеткізудің дербес сегментін дамыту арқылы бюджеттік ұйымдардың ғимараттарын шатырлық күн панельдерімен кезең-кезеңімен жабдықтау орынды деп саналады», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Гүлдара Нұрым: «Елімізде 1 миллионнан астам адам ең төменгі жалақымен өмір сүріп отыр»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрым Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ақылы қоғамдық жұмыстар туралы депутаттық сауал жолдады.

«Бүгінде елімізде 1 миллионнан астам адам ең төменгі жалақымен өмір сүріп отыр. Бұл – миллиондаған отбасының шынайы жағдайы, әлеуметтік ахуалы. Ал енді сол адамдардың қолындағы ең соңғы тірегін – ақылы қоғамдық жұмыстарды қысқарту туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің желтоқсандағы бұйрығы «жалақысы аз адамдар саны қысқарады» деп бағалануы мүмкін. Бірақ ауылдағы жағдайды көрген адам үшін бұл – жұмыссыздардың саны көбейеді деген сөз», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️«Совет не выходить из дома вместо чистого воздуха»

Усть-Каменогорск уже давно живёт в условиях плохой экологии, но сейчас ситуация фактически перешла в кризис. Речь не о редких выбросах или «неудачном сезоне», а о постоянном загрязнении воздуха. В конце января, по данным «Казгидромета», концентрация сероводорода и диоксида серы превысила норму в 3,6 раза. Школы пришлось срочно перевести на дистанционное обучение, родители боятся отпускать детей на улицу, всё больше людей жалуются на проблемы с дыханием.

На это обратил внимание депутат Мажилиса, член фракции партии “AMANAT” Марат Башимов. По его словам, жители промышленного города каждый день дышат опасным воздухом, но при этом остаются один на один с последствиями. Никаких компенсаций, никакой системной помощи – только рекомендации «поменьше выходить из дома», которые проблему не решают.

В своём депутатском запросе он потребовал конкретных действий: реального снижения выбросов, ответственности предприятий и поддержки жителей экологически опасных районов. По его словам, право на чистый воздух – это не просьба, а обязанность государства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from QURYLTAI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Еркін Әбіл, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі: Жаңа Конституция жобасының орталық идеяларының бірі – тарихи сабақтастық

Мәжілістің жалпы отырысында конституциялық реформа бойынша сөйлеген сөзі. 4 ақпан 2026 жыл.

t.me/mazhilis_kz
Forwarded from QURYLTAI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мақсат Толықбай, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды

Мәжілістің жалпы отырысында конституциялық реформа бойынша сөйлеген сөзі. 4 ақпан 2026 жыл.

t.me/mazhilis_kz
✔️«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауылдар көгілдір отынға қол жеткізді
 
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты Шайхана және Қарақалпақ елді мекендері табиғи газ жүйелеріне қосылды. Бұл – тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытындағы әлеуметтік маңызы бар аса маңызды жобалар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Шолпан Каринова: «Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағдарын айқындайтын басты құжат»

Астанада «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу нысандарымен қамту, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жұмыс жоспарларын бейімдеу мәселелері және техникалық, кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді дамыту шаралары талқыланды.

​Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, партия қызметкерлері және бейнеконференц-байланыс режимі арқылы өңірлердегі басқарма басшылары қатысты.

🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Шолпан Каринова: Проект новой Конституции – ключевой документ, определяющий новые ориентиры развития страны

В Астане состоялось заседание Республиканского совета по инклюзии людей с инвалидностью при партии «AMANAT». В ходе мероприятия были обсуждены вопросы охвата детей особыми образовательными потребностями и детей с инвалидностью специальными формами психолого-педагогического сопровождения, а также адаптации учебных программ и рабочих планов, и меры по развитию инклюзивного образования в системе технического и профессионального образования.

В заседании приняли участие депутаты Мажилиса, представители центральных государственных органов, сотрудники партии, а также руководители управлений из регионов в режиме видеоконференц-связи.

🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардың көзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері және партияның өңірлердегі Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.

«AMANAT» партиясының Хатшысы, Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова модераторлық еткен дөңгелек үстелде жаңа Конституция жобасының әйелдер үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы, кәсіби дамуы мен саяси белсенділігіне тікелей ықпал етеді.

«Жаңа Конституция тек заңгерлерге немесе саясаткерлерге арналған құжат емес. Бұл - әр азаматтың, әр қазақстандықтың, әсіресе әр әйелдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі қоғамдық келісім. Конституция азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесіне қатысуына тең мүмкіндік береді. Біз Конституция жобасын әйелдік тәжірибе, жауапкершілік және азаматтық ұстаным тұрғысынан қарастырамыз. Себебі әйелдердің қатысуынсыз әділетті қоғам құру мүмкін емес, ал әділетті қоғам Конституциядан басталады», – деді Шолпан Каринова.


🌐 Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM