AMANAT партиясы
5.86K subscribers
23.1K photos
4.29K videos
12 files
5.95K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
📌 «BIR TOLQYNDA» – Қостанайда: «AMANAT» жастармен ЖИ және жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелесті

Қостанай облысында М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті базасында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында кездесу өтті. Оның барысында 200-ге жуық студент ел болашағы, технологиялар және жастардың қоғам өміріндегі рөлі туралы ашық пікір алмасты. Кездесуге «AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева, Qostanai Hub директоры Дамир Мнайдаров және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Жастар саясаты басқармасының жетекшісі Диана Ракпанова қатысты.

Кездесу барысында жастардың саяси белсенділігі, цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктері, қазіргі еңбек нарығының жаңа талаптары және жастардың қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жастардың елдің саяси өміріне араласу мәселесіне ерекше назар аударылды: студенттер өз азаматтық ұстанымын қалыптастыру кезінде қандай критерийлерді ескеру қажет екенін, сондай-ақ сенімді әрі конструктивті қоғамдық бірлестіктер мен саяси партияларды қалай анықтауға болатынын сұрады.

🌐 Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 «AMANAT» партиясының бастамасымен іске асқан жобаның шарапатын 21 мыңға жуық зейнеткер көріп отыр

Шымкентте «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары жұмыс істеп келеді.

⏺Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы негізінде ашылған 4 орталықта күніне 800-ге жуық қария 36 түрлі тегін қызмет түрін пайдалана алады.

Бүгінде Шымкенттегі 100 мыңнан астам зейнеткердің 21 мыңға жуығы осы орталықтардың қызметін тұрақты пайдаланып келеді. Алдағы уақытта жаңа филиалдар ашу жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясына 16 жыл

📌 Бүгін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясына 16 жыл толды. Осы уақыт ішінде Академия партия кадрларын даярлау, саяси білім беру және кәсіби құзыретті арттыру бағытында маңызды жұмыс атқарып келеді.

📊 Академия 330 мыңнан астам адамды оқытып, 1360-тан аса оқыту іс-шарасын өткізді. Бүгінде бұл алаң партия мүшелері, депутаттар, ауыл әкімдері, жас саясаткерлер, көшбасшы әйелдер және бастауыш партия ұйымдарының белсенділері үшін кәсіби даму орталығына айналды.

👏 Академия ұжымын мерейлі датамен құттықтаймыз. Елге қызмет ететін білікті кадрларды даярлау жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠 «AMANAT»: Таразда ескі үйлер еңсесін тіктеді

Тараз қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Тұрғындар аманаты» жобасы аясында тозығы жеткен көпқабатты үйлер кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр.

«Қарасу» мөлтек ауданындағы 7 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатырлар толық ауыстырылды, жертөлелер жаңартылды, қасбеттер әрленіп, подъездер жарықтандырылды. Жаңа есік-терезелер орнатылып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасты.

Бұл бағыттағы жұмыстарға партия атынан сайланған депутаттар да белсенді атсалысуда. Олар тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, нақты мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді.

Бүгінде Тараз қаласында жоба аясындағы жұмыстар жалғасуда. 2026 жылға жоспарланған тағы 5 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар толық аяқталып, жүздеген отбасы жаңарған баспананың игілігін көрмек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝 «AMANAT»: Түркістанда аға буын партия қамқорлығында

Түркістан облысында «AMANAT» партиясы ардагерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Партияның 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында ардагерлердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған 255 іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгінде өңірдегі 207 мыңнан астам зейнеткердің жағдайы партия назарында.

Облыста 23 «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жұмыс істейді. Мұнда қарияларға әлеуметтік, мәдени, психологиялық және сауықтыру қызметтері көрсетіліп, йога, би, қолөнер, шахмат, компьютерлік сауаттылық сабақтары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ жыл сайын 8 мыңға жуық қария облыстық бюджет есебінен демалыс және сауықтыру орындарына жолдама алады. Ал 2025 жылы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 1446 іс-шара өткізіліп, 8 мыңнан астам аға буын өкілі қамтылды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🐎 «AMANAT»: «Ауыл аманаты» жобасы этнотуризмді дамытуға серпін берді

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың тиімді құралына айналып келеді.

Жоба аясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында кәсіпкер Назым Қыстаубаеваның этноауылы іске қосылды. Ол 8 млн теңге көлемінде жеңілдетілген қаржы алып, ұлттық ат туризмін дамытуға мүмкіндік алды.

Бөлінген қаражатқа жылқылар мен пони сатып алынып, этностильде екі киіз үй жабдықталды. Мұнда келушілер атпен серуендеп, ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының мәдениетімен жақын таныса алады.

Бұл жоба ауыл туризмін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған нақты қолдау болып отыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝 «AMANAT»: Қостанайда белсенді ұзақ өмір сүруге жағдай жасалуда

«AMANAT» партиясының бастамасымен Қостанайда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жұмыс істейді.

Орталыққа 500-ге жуық тұрғын тұрақты түрде келіп, денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізіп жүр. Мұнда егде жастағы азаматтардың белсенді өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.

Орталықта сауықтыру, шығармашылық және құқықтық сауаттылық бағыттары қамтылған. Қатысушылар үшін гимнастика, шахмат, қолөнер және вокал сабақтары ұйымдастырылады.

Жоба ардагерлердің денсаулығы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етіп, аға буынға деген нақты қамқорлықтың көрінісіне айналып отыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚 «AMANAT» алаңында Сұлтан Әкімбековтің жаңа кітабы таныстырылды

Астанада «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында белгілі тарихшы, саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтің «27 битв кочевников Евразии» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шара Қоғамдық саясат институтының «SocioExpertClub» диалог алаңы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге тарихшылар, саясаттанушылар, әскери сарапшылар және талдаушылар қатысты.

Пікірталас барысында көшпенділер өркениетінің әскери-саяси рөлі, дала мұрасының әлемдік әскери өнерге ықпалы, сондай-ақ тарихи жад пен ұлттық бірегейліктің маңызы талқыланды.

Қатысушылар жаңа кітап Еуразия тарихындағы көшпенділер өркениетінің орнын жаңаша түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝 «AMANAT»: Семейде зейнеткерлерге арналған белсенді орта қалыптасып келеді

Семей қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істеп келеді.

Қалада 5 орталық бар. Оның төртеуі 2024 жылы ашылған. Бүгінде орталықтарда 568 қызмет алушы тіркелген, күн сайын шамамен 100 адам келеді.

Мұнда зейнеткерлер шахмат, домбыра, хор, гимнастика және қолөнер үйірмелеріне қатысып, бос уақытын тиімді өткізеді. Орталықтар аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне және қоғамнан шет қалмауына жағдай жасап отыр.

Бұл жоба зейнеткерлерге көрсетіліп жатқан нақты қамқорлықтың көрінісі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎨 «AMANAT»: Сәтбаевта жаңа Оқушылар сарайы балалар шығармашылығына жол ашты

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында заманауи Оқушылар сарайы пайдалануға берілді.

Қазір мұнда 1800-ден астам оқушы 37 бағыттағы үйірмеге қатысып, өз қабілеттерін шыңдап жүр.

Оқушылар сарайында домбыра, би, музыка, сурет салу, робототехника, спорт және техникалық бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді.

Жаңа ғимарат ата-аналардың сұранысы бойынша салынып, балалардың сапалы қосымша білім алуына және шығармашылық дамуына жағдай жасады.
Достар! 🌙

Баршаңызды мұсылман қауымының қастерлі мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз», деген еді.

Бұл мереке азаматтарды өзара мейірімділік танытуға шақырады, тұрғындарды рақымшылыққа, төзімділікке және қайырымдылыққа үндейді. Отандастарымыздың игі амалдары мен берген садақалары, шалған құрбандықтары қабыл болсын!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✨ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН АТЫРАУДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ «ШЕБЕР FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Атырауда ұлттық өнер мен рухани мұраны дәріптеуге арналған «Шебер FEST – 2026» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қолөнер шебері қатысты.

Фестивальде киіз басу, зергерлік өнер, ағаш ою, ұлттық аспаптар жасау, этно-дизайн және тоқыма бағытындағы 4000-ға жуық авторлық туынды ұсынылды. Сондай-ақ этнодефиле, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар көрмесі және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.

«Шебер FEST – 2026» ұлттық мәдениетті ұлықтап, қолөнер шеберлері арасындағы шығармашылық байланысты нығайтқан маңызды алаңға айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🛝«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН САУРЫҚ БАТЫР АУЫЛЫНДА КӨПТЕН КҮТКЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Саурық батыр ауылында балалар ойын алаңы мен воркаут аймағы пайдалануға берілді. Бұған дейін елді мекенде балаларға арналған арнайы ойын алаңы болмаған.

Жаңа нысан «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Рүстем Өтембаевтың 17 млн теңге жеке қаражаты есебінен салынды.

Енді ауыл балалары бос уақытын қауіпсіз әрі қолайлы жерде өткізіп, спортпен шұғылдана алады. Жаңа алаң ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты істің нәтижесі болды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🛠️ БАЛА КҮНГІ АРМАНЫН «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны, жас кәсіпкер Бауыржан Сәрсенов «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында қолдау алып, бала күнгі арманы болған жиһаз өндірісін қолға алды.

Бүгінде оның «Baukin» жиһаз цехы асүй жиһаздары, кеңсе үстелдері, шкафтар мен интерьерге арналған бұйымдар дайындайды. Сапалы өнімнің арқасында облыстың әр ауданынан тапсырыстар түсіп жатыр.

Қазіргі таңда цехта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы кәсіп бастаймын деген азаматтарға қолдау көрсетіп, ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп келеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🩺 АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРІП ЖАТЫР?

Қарауыл ауылында ауыл медицинасына қатысты көптен бері көтеріліп келген мәселе шешімін таба бастады. «AMANAT» партиясының қолдауымен Абай аудандық ауруханасына екі жас маман қызметке келді.

Бұған дейін ауылда терапевт пен анестезиолог-реаниматолог секілді қажетті мамандар тапшы болған. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларында бірнеше рет көтерілген.

«Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында ауылға баратын жас дәрігерлерге 100 АЕК көлемінде қолдау қарастырылды. Соның нәтижесінде терапевт Асем Шартыкова мен анестезиолог-реаниматолог Темірұлан Шаяхметов жұмысқа орналасты.

Қарауылдағы бұл өзгеріс ауыл медицинасын жақсартуға бағытталған нақты қадамға айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠 АҚТӨБЕДЕ ТҰРҒЫНДАР КӨПТЕН КҮТКЕН ӨЗГЕРІСТЕР «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «TURGYNDAR AMANATY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілерін жаңарту, аулаларды абаттандыру және МИБ пен ПИК жұмысын жүйелеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

«TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №38 көпқабатты үйдің ауласына балалар және спорт алаңдары салынды. Сондай-ақ инженерлік желілерді қалалық коммуналдық мекемелердің қарамағына өткізу жұмыстары қолға алынды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл өзгерістер ауладағы қолайлы жағдайды жақсартып, өмір сапасына оң әсер еткен.

Сонымен қатар «TURGYNDAR AMANATY» фронт-офисі мен «OSI-SKILLS» семинарлары МИБ және ПИК төрағаларына тәжірибелік көмек беріп, тұрғын үй саласындағы жұмысты жүйелеуге ықпал етуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠 «AMANAT»: ОРАЛДА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Тұрғындар аманаты» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында көпқабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Орал қаласы Абай даңғылы, 54/1 мекенжайындағы көпқабатты үй тұрғындары абаттандыру және кәріз жүйесіне қатысты мәселе көтерген. «AMANAT» партиясының араласуымен және Орал қалалық мәслихатының депутаты Михаил Дудниченковтің қолдауымен үй ауласында ескі ағаштарды кесу, тазалау жұмыстары жүргізіліп, кәріз жүйесінің ескі құбырлары жаңасына ауыстырылды.

Сондай-ақ депутат округтегі көпқабатты үйлер төрағаларымен ортақ чат ашып, тұрғындар көтерген мәселелерді жүйелі әрі уақытылы шешуге ықпал етуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM