🚨 3 дәріс бойынша тіркелу әлі де жалғасуда:
Муғни әт-Туллаб (екінші деңгей)
https://t.me/sharigat_panderi/419
Шарх Мухтасар Манар (Қияс бөлімі)
https://t.me/sharigat_panderi/418
әд-Дурра (бастауыш деңгей)
https://t.me/sharigat_panderi/416
Алла Тағала пайдалы ілім нәсіп етсін!
Муғни әт-Туллаб (екінші деңгей)
https://t.me/sharigat_panderi/419
Шарх Мухтасар Манар (Қияс бөлімі)
https://t.me/sharigat_panderi/418
әд-Дурра (бастауыш деңгей)
https://t.me/sharigat_panderi/416
Алла Тағала пайдалы ілім нәсіп етсін!
👍7❤1
БҰЛ КУРСТАН НЕ ҮЙРЕНЕМІЗ?
Курста біз «Муғни әт-тулләб» атты әйгілі мантық кітабының ықшамдалған, жүйеленген нұсқасын оқимыз. Аталмыш еңбек Исағужи атты кең таралған мәтінге жазылған түсіндірме саналады. Көптеген түсіндірмелерге негізделген бұл еңбек өзінің тереңдігімен құнды. Дегенмен, бір оқу жылының ішінде толық игеруге тым ауқымды болғандықтан, оны ғылыми жүйемен ықшамдап, жаңаша тәртіппен ұсынуды жөн көрдік.
📘 Ықшамдаудың әдіснамасы
1. Күрделі немесе түсініксіз тұстарды жеңіл әрі көркем тілмен қайта жазу
2. Ғылыми ортада кең таралмаған, белгісіз пікірлерді қысқартып, орнына танымал көзқарастарды беру
3. Қажетті теориялық қосымшалармен толықтыру
4. Логика ғылымына қатысы жоқ артық мазмұндарды алып тастау
🔄 Келесі кезең:
Бұл кітапты тәмамдағаннан кейін шәкірт «Мирқат» атты келесі деңгейдегі логика оқулығына өте алады. Ол кітапта ән-Нисәб бәйнә әл-Куллиәйни (النسب بين الكليين), әл-Муәжәһат (الموجهات) сынды жаңа әрі күрделі тақырыптар қарастырылады.
🧠 Курс – логиканың негізін дұрыс әрі жүйелі түрде меңгеріп, терең танымға жол ашқысы келетіндерге арналған.
📌 Дәріс араб тілінде өтетіндіктен араб тілін білу шарт етіледі. Сондай-ақ дәрістің басталуына 1 күн ғана қалды.

❤7
БҰЛ КУРСТАН НЕ ҮЙРЕНЕМІЗ?
📘 Жоғарыда айтқанымыздай әд-Дурра кітабы бастауыш деңгейдегі шәкірттерге арналған.
1. Жалпылама түрде ілімнің тарихын және ең танымал еңбектерін;
2. Мантық ілімнің анықтамасын;
3. Зерттеу объектісін;
4. Ілімнің мақсатын;
5. Мантық тарауларының жалпы картасын;
6. әл-Куллия әл-Хамсаны;
7. Тағрифті (анықтама);
8. Қадайа және оның үкімдерін;
9. Қиясты
— білетін боламыз.
❓ Кітапты тәмәмдағаннан кейін не істеуге болады?
әд-Дурра кітабын аяқтаған шәкірт Исағужи мәтінің шархы Муғни әт-Туллаб атты жаңа кітап, жаңа деңгейді оқи алады.
🚨 Тіркелу 28 маусымға дейін жалғасады.

❤6🔥2
«Мухтасар әл-Манар» шархы бойынша Қияс бөлімін үйренетін курсымызда не меңгереміз?
📚 Курстың негізгі мазмұны:
🔹 Қияс ұғымын Имам Мәтуриди қалдырған түсінік бойынша түсіндіреміз
🔹 Қиястың шарттары
🔹 Қиястың тіректері рүкіндері
Содан кейін:
🔸 Ижтихад шарттарын үйренеміз
🔸 Үкім түрлерімен танысамыз:
1. Тек Алла Тағаланың ақысы
2. Тек құлдардың ақысы
3. Екеуі қатар, бірақ Алланың ақысы басым
4. Екеуі қатар, бірақ құлдың ақысы басым
📘 Сондай-ақ өте маңызды негіздермен танысамыз:
▪️ Шарттың анықтамасы мен оның бес түрі
▪️ Себеп ұғымы және оның тура мен ауыспалы болып бөлінуі
▪️ Иллә түсінігі, жеті түрі және себептен айырмашылығы
▪️ Әлама мағынасы
🔍 Келесі бөлім – Әһлият және оның тосқауылдары
Әһлиятқа кедергі келтіретін жайттар – яки табиғи (самауи), яки кейін пайда болған (муктәсәб).
🧩 Соңында тақырыптан тыс, бірақ маңызды ғылыми ескертпелерге арналған тараумен аяқталады.
📖 Оқу әдістемесі қандай?
1. Мәтін мағынасын жалпылай түсіндіру
2. Нақты сөз тіркестері мен құрылымын талдау
3. Қолжазбалардағы қателер мен бұрмалауларды түзету
4. Қосымша ғылыми түсініктемелер беру
🎓 Қияс бабын терең меңгеру үшін бұл кітаптан кейін не оқу ұсынылады,
Келесі деңгейге өтуге дайын шәкіртке «Ифадатул ануар ала матн әл-манар» атты кеңейтілген түсіндірме кітабын оқу ұсынылады. Бұл – жоғары деңгейлі фиқһ әдіснамасына қадам саналады.

❤8👍2🔥2🤯1
قال عبد الرحمن بن أسلم : قلت لأبي حازم يوماً : إني لأجد شيئاً يحزنني ، قال : وما هو يا بني ؟ قلت : حبي الدنيا ، فقال لي : اعلم يا ابن أخي أني ما أعاتب نفسي على حب شيء حببه الله لي ؛ لأن الله - عز وجل ـ حبب هذه الدنيا إلينا ، ولكن لتكن معاتبتنا أنفسنا في غير هذا ، ألا يدعونا حبها إلى أن نأخذ من شيء يكرهه الله ، ولا أن نمنع شيئاً أحبه الله؛ فإذا نحن فعلنا ذلك لا يضرنا حبنا إياها
Абдуррахман ибн Әсләм бір күні өзінің Әбу Хазимге былай дегенін айтады: “Көңілімді құлазытып жүрген бір нәрсе бар”. Әбу Хазим: “Ол не екен балақай?” - деп сұрағанда, Абдуррахман: “Дүниеге деген махаббатым”- деп жауап берген. Сонда Әбу Хазим: “Уа, Ағамның баласы! Алланың өзі маған сүйікті әрі сүйкімді етіп қойған нәрсеге бола өзімді сөгістің астына алмайтынымды білгейсің. Себебі Алла Тағала мына дүниеге бізді құштар етті. Дегенмен, өзіңді жазғыруың бұдан өзге нәрседе болсын. Яғни, дүниеге деген ынтазарлығымыз Алланың қош көрмейтін нәрселеріне қол салуға және Алланың ұнататын нәрсесінен тосылып қалуымызға шақырмауы керек. Ендеше, ісіміз дәйім осылай болса, оған деген махаббатымыз зәредей зиян бермейді” - деген екен.

❤14🔥3🥰1
AQLNAMA
МАНТЫҚТЫҢ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРДЕ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ Күні бүгінге жеткен мантық ғылымының негізін “Бірінші ұстаз” атағына ие грек философы Аристотельдің (б.з.д 322) қалады. Аристотель мұра ретінде ойлау ережелеріне қатысты бірнеше трактаттар қалдырды.…
МАНТЫҚ ЕНДІ АРАБША СӨЙЛЕЙДІ
Мантық ілімі ислам өркениетіне аударма арқылы енген алғашқы ғылымдардың бірі. Аударма ісі Аббасилер халифаты кезінде, Халифа әл-Мәмунның билік құрған уақытында ерекше қарқын алды. Халифа Бағдат қаласында «Бәйт әл-Хикма» (Данылық үйі) деп аталатын ғылым ордасын құрады. Аталмыш орталықта аудармашылар медицина, астрономия, философия, хикма және мантық ілімдеріне қатысты еңбектерді грек немесе арамей тілінен араб тіліне тәржімалумен айналысты. Ең көрнекті аудармашылардың ішінен Хунайн ибн Исхақ (һ.285) пен ұлы Исхақты (һ.297) атап өтуге болады. Дамудың осы сатысында ғалымдар күшін көп жағдайда «Органон» және соған қатысты кітаптарды аударуға бағыттады.
Жалғасы бар…

❤13👍4🔥1
Хазірет Омардан мынадай сөз жеткен:
«Қандай да бір мұсылман бауыры жайлы бір сөз естісе, және ол сөзге қандай да бір жақсы мағына беруге мүмкіндік болса, оны жаманға жорамалдауына рұқсат жоқ».
Жұма мүбарак болсын!

❤22🔥5👍2
АРАБ ТІЛІНДЕГІ ДЕРБЕС МАНТЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Аристотельдің еңбектері тәржімаланғаннан кейін оны ислам өркениетінің әл-Кинди (һ.260), «Екінші мұғалім» Әбу Насыр әл-Фараби (һ.339), «Шейх Раиис» есімімен танымал Әбу Әли ибн Сина (һ.428), ибн Рушд әл-Хафид (һ.595) сынды философтары кеңінен қолданды. Аталған осы және өзге де ғалымдар мантыққа ерекше көңіл бөлгендігімен танымал. Сондай-ақ философия, астрономия және медицина сияқты ғылмдарға да аса ден қойды. Олардың еңбектері егжей-тегжей түсіндірумен және ықшамдаумен ерекшеленді. Сонымен қатар тек аудармамен шектелген еңбектердің санатына жатпайды. Ибн Синаның еңбектері таралу жағынан ауқымды және өзінен кейінгі келген мұсылман ғалымдарға қатты әсер еткен еңбектерден саналады. Әсіресе «әш-Шифа» еңбегінде мантықты кітаптың бір бөлігі ретінде қарастырды және «әл-Ишарат уә әт-Тәнбиһат» еңбегіне көптеген түсіндірмелер жасалды.

🔥7❤1👍1
“әл-Ишарат уә әт-Тәнбиһат” Ибн Синаның ең маңызды еңбектірінің бірі. Мазмұны 2 бөлімнен құралады.
— Мантық бөлімі (10 тақырып)
— Жаратылыс тану ( 10 тақырып)
Ғалымдардың құзырында дәрістік кітап саналған. Сондықтан оның 20-дан астам хашиялары кездеседі.
📘Солардың ішіндегі ең маңыздылары:
🔸 ”Шарх әл-Ишарат” Имам Фахруддин әр-Рази (һ.606). Өз ішіне керемет түсіндіру мен нақтылауларды қамтитын кітап. Сондай-ақ кей орындарды Ибн Синаға сын айтқан.
🔸 ”Хәлл мушкиләт әл-Ишарат” Хаким Мухаққиқ Қожа Насыруддин әт-Туси (һ.672). Автор кітабында Ибн Синаға жақтасып, айтылған сындардың көбіне жауап береді. Күнімізде ең маңызды шархтардың бірі және дәрістік кітап саналады.
🔸 ”әл-Мухакамат бәйна шархайил ишарат” Қутбуддин әр-Рази (һ.766). Фахруддин Рази мен Мухаққиқ әт-Тусидің түсіндірмелерін салыстыруға бағытталған кітап.

👍13❤3🔥3
ШАРИҒАТ ПЕН МАНТЫҚ
Дамудың аталмыш кезеңінде Қазы Ибн Рушдтің атап кеткендігін есептемегенде шариғат ғалымдарының мантық ілімін шариғи ілімдермен араластыруға қаты көңіл бөлгенін байқауға болады. Әбу Мухаммад ибн Хазм әз-Заһиридің де (һ.456) шариғат іліміне қызығушыларды мантықты меңгеруше шақырғанын көре аламыз. Еңбегі «әт-Тақриб ли хәдд әл-Мантық би әлфаз әл-Ғаммийа уә әл-Әмсилә әл-Фиқһийа» деп аталады. Өз кезегінде Имам әл-Ғазали (һ.505) мантықты ілімнің қажетті құралы ретінде санап «Миғиар әл-Улум», «Михак ән-Назар» атты кітап жазып, «әл-Мустасфа» атты кітабында ықшамдап, қорытындылаған.

🔥8👍4🤯1
МАНТЫҚ МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ: КЛАССИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕР АНТОЛОГИЯСЫ
Содан кейін усул әл-Фиқһ, ақида және тіл ғалымдары әр түрлі әдіснамамен мантық іліміне қатысты кітаптар жаза бастады. Төменде танымал еңбектердің тізімі көрсетіледі:
Фахруддин әр-Рази (һ.606), усули, тәпсір ғалымы. «әл-Муләххас фи әл-Мантық уә әл-Хикма», «әл-Мантық әл-Кәбир» және «Шарх әл-Ишарат» атты еңбектері бар
Афдалуддин әл-Хунәжи (һ.646) Мысырдың қазысы. «Кәшф әл-Әсрар», «әл-Жумәл» атты еңбектері бар. Кейін келген ғалымдар одан қатты әсер алған. Мектебі «кейін келген ғалымдардың мектебі» деп танылған.
Әсируддин әл-Әбһари (һ.656). Оның «Исағужи» деп аталатын танымал мәтіні бар. Фарфариостың Исағужи кітабынан басқа кітап. Мантық ілімдегі шәкірттердің ең алғашқы оқылатын кітаптарының бірі. Сәйкесінше көптеген шархтар мен хашиялары бар. Сонымен қатар ғалымның «Хуласа әл-Әфкар» және алғашқы бөлімі мантыққа арналған «һидәя әл-Хикма» деп аталатын кітабы бар.
Нәжмуддин әл-Кәтиби әл-Қазуини (һ. 675). Көптеген шархтар мен хашиялар жазылған «әр-Рисәлә әш-Шәмсийа» атты мәтіні бар.
Сиражуддин әл-Урмауи (һ.686). «әл-Маталиғ әл-Әнуәр» атты кітаптың авторы. Әл-Хунәжидің «Кәшф әл-Әсрар» кітабының ықшамдалған түрі. Көптеген шархтар мен хашиялар жасалған.
Қутбуддин әр-Рази (һ.766) әл-Қутуб әт-Тәхтани есімімен танымал. Әл-Кәтибидің «әш-Шәмсия» еңбегінің түсіндірмесі (Тахрир әл-Қауағид әл-Мантықийа», «Шарх Маталиғ әл-Әнуар ли әл-Урмауи» атты еңбектердің авторы. Мантықтың бөлімдеріне қатысты бірнеше шағын трактаттардың авторы.
Сағдуддин әт-Тәфтазани (һ. 792). «Шарх әш-Шәмсийа ли әл-Кәтиби», әш-Шәмсийа мәтінін ықшамдаған «Тәһзиб әл-Мантық» кітаптарының авторы. Ықдамасына көптеген шархтар мен хашиялар жасалған.
Әс-Сәйид әш-Шәриф әл-Журжани(һ.816). Өте нақты түсіндірмелері ен танымал. «Ләуәмиғ әл-Әсрарға» және «Тахрир әл-Қауағид әл-Мантықийға» хашиясы бар. Сондай-ақ «әс-Суғра» және «әл-Кубра» деп аталатын трактаттың авторы.

🤯7❤6🔥3
🌴"والتقدم لمعالي الأمور قبل إتقان أصولها وضبط طرقها عجلة وشهوة نفسانية توجب لصاحبها الفضيحة دنيا وأخرى"
الإمام السنوسي.
🌴 «Іргетасты мығымдамай және жету жолдарын нақтыламай жоғары істерге ұмтылу – нәпсінің асығыстығы мен құмарлығы. Мұндай адам дүниеде де, ақыретте де масқара болады».
— Имам әс-Сануси

❤15
КЛАССИКАЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ МАНТЫҚ ҚОЛДАНЫСЫ
Жоғарыда аталған еңбектердің басым көпшілігі дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бекітілген оқулықтар. Кейінгі келген ғалымдардың құзырында әр түрлі ғылым салаларында мантық терминдері кеңінен қолданылып, мәселене оның қағидалары мен ережелеріне сай талқылағандықтан, шәкірт үшін көмескі тұстарды түсінбекке мантық ілімін оқудың маңызы одан сайын артты. Әсіресе усул әл-Фиқһтерінде көптеп кездесті. Солардың ішінде «әл-Мустасфа» (әл-Ғазали), «Рауда ән-Назир» (ибн Қудама (һ.620)), «Мухтасар» (ибн Хажиб (һ. 636)), «Тақиб әл-Усул» (Ибн Жуззи (һ.741)), «Усул» (ибн Муфлих (һ.763)) және өзге кітаптарды атауға болады.

❤7🔥2
🌴رب عمل صغير تعظمه النية، ورب عمل كبير تصغره النية.
“Ниетке байланысты кейде кішкентай іс ұлғайып, кейде үлкен іс ниетке қарай кішірейіп кетеді”.
©️ Абдулла ибн Мубарак

❤18👍3
🌴كاد الأدب أن يكون ثلثي الدين.
Әдеп - дінің үштен екі бөлігі іспетті.
©️ Абдулла ибн Мубарак
Әдеп - дінің үштен екі бөлігі іспетті.
©️ Абдулла ибн Мубарак
❤20👍2
🌴Бір ғалымнан мынадай оқиған келеді:
«Абдулла ибн әл-Мубарактан: “Адам баласына берілген ең үлкен жақсылық не?” – деп сұрадым.
Ол: “Ақыл-парасат”, – деп жауап берді.
“Ал егер ол болмаса?” – дедім.
“Әдеп пен көркем мінез”, – деді.
“Ал ол да болмаса?” – дедім.
“Кеңес беретін жанашыр дос”, – деді.
“Егер ол да табылмаса?” – дедім.
“Ұзақ үнсіздік” - деді.
“Егер ол да табылмаса?” – дедім.
“Онда ертелі өлім”, – деп жауап берді.

❤16🔥3
🍀قال رجل لابن مبارك: أوصني، قال: اعرف قدرك.
Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “ Нендей нәрсені өсиет етесіз” деп сұрағанда: “Өз қадіріңді біл” - деп жауап берген екен”.
©️ Абдулла ибн Мубарак
Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “ Нендей нәрсені өсиет етесіз” деп сұрағанда: “Өз қадіріңді біл” - деп жауап берген екен”.
©️ Абдулла ибн Мубарак
❤17👍2
Расында көреген жандар мына төрт нәрседен аман-саумын деп еш ойламайды.
1. Алланың кешіріп, кешірмегенінен бейхабар болған өткен күнә.
2. Құрдымға кетіп, кетпеуінен бейхабар алдағы ғұмыры.
3. Алдап-арбау үшін берілуі мүмкін нығмет және туралық деп таныған адасушылық.
4. Бір сәттік жүректің ауытқуы. Сезбестен дінінен айырылуы мүмкін.

❤18👍2🤯2🙏1
بِجِدٍّ لا بجَدٍّ كلُّ مَجدٍ // فهل جَدٌّ بلا جِدٍّ بمُجدِ؟
© د.أيمن سويد عن الشيخ ملا رمضان
جِدٍّ بكسر الجيم - اجتهاد
جَدّ بفتح الجيم- نسب
بمجد - أي هل له جدوى؟
© د.أيمن سويد عن الشيخ ملا رمضان
جِدٍّ بكسر الجيم - اجتهاد
جَدّ بفتح الجيم- نسب
بمجد - أي هل له جدوى؟
❤7👍2