AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
Заманының үлкен ғалымдары Шейх Хасан әш-Шәфиғи мен Шейх Мухаммад Аууаманың кешегі кездесуінен бірер сурет.

Шейх Хасан әш-Шәфиғи - Мысыр елінің белді ғалымы ғалымы және “Әзһар Шәрифтің жоғары ғұламалар кеңесінің” мүшесі.

Шейх Мухаммад Аууама - Шейх Абдулла Сиражуддин және Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда атты екі үлкен ғалымның шәкірті. Шейхтың Шейх Абдулла Сиражуддинге 50 жыл, Шейх Абдулфаттах Әбу Ғуддаға 40 жыл шәкірт болғанын өз ауызынан естідім.
❤30👍3🔥2
🕊قال رجل لابن مبارك: هل بقي من ينصح؟! قال: فهل تعرف من يقبل؟!

Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “Насихат айтатын адам қалды ма?” - деп сұрағанда: “Оны қабылдайтын адамды білесің бе?!” - деп жауап берген екен.

Жұма мүбарак болсын!
❤23
МАНТЫҚ ІЛІМӘН МЕҢГЕРУГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚУ ЖҮЙЕСІ

І кезең
— Әсируддин әл-Әбһари “Мәтн әл-Исағужи”.
— әл-Мәғниси “Муғни әт-Туллаб”.

ІІ кезең
— әл-Хайдарабади “әл-Мирқат” (кейінгі ғалымдардың хашиясымен оқуға болады)

ІІІ кезең
— Сағдуддин әт-Тәфтазани “әт-Тәһзиб” (әл-Йәздидің шархы және оның хашияларымен немесе әл-Хабисидің шархы және Хасан әл-Аттардың хашиясымен оқуға болады).
— Нәжмуддин әл-Кәтиби “әш-Шәмсийа” (Қутбуддин әр-Разидің “Тәхрир әл-Қауағид әл-Мантықийа” атты шархымен және Сәйид Шәриф әл-Журжанидің хашиясымен оқуға болады).

IV кезең
— Сиражуддин әл-Урмауи “Маталиғ әл-Әнуар” (Қутбиддин әр-Разидің “Маталиғ әл-Әсрар” атты шархымен және Сәийд Шәриф әл-Журжанидің оған жазған хашиясымен оқуға болады).
— Мухиббулла әл-Биһәри “Сулләм әл-Улум” (Мулла Хасан, әл-Қади Мубарак сынды ғалымдардың шархымен және Шәрх Бәхр әл-Улумды оқуға болады).

Осы кітаптарды меңгеру арқылы аталмыш пәннің маманына айналып, қаласа одан әрі тереңдете оқи алады. Мәселен маман ретінде Ибн Синаның еңбектерін оқу өте пайдалы.

Сонымен қатар мантықтың тарихи, беделді тұлғалары, басқа ғылымдарға әсері және мәселелерінің дамуына бағытталып жазылған еңбектерді оқыған дұрыс. Әсіресе заманауи еңбектердің маңызы зор.

-------
https://t.me/AQLNAMA
❤12🔥5
AQLNAMA
МАНТЫҚ ІЛІМӘН МЕҢГЕРУГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚУ ЖҮЙЕСІ І кезең — Әсируддин әл-Әбһари “Мәтн әл-Исағужи”. — әл-Мәғниси “Муғни әт-Туллаб”. ІІ кезең — әл-Хайдарабади “әл-Мирқат” (кейінгі ғалымдардың хашиясымен оқуға болады) ІІІ кезең — Сағдуддин әт-Тәфтазани “әт-Тәһзиб”…
Мантық ілімінің тарихы және оқыту жүйесіне қатысты жазбамыздың соңы осы болмақ. Алдағы уақытта мантыққа қатысты ғылыми мәселелерді жариялайтын боламыз.

Арнадан алыстамаңыздар ағайын 🪽
❤15
ألا يا مُستعير الكُتْبِ دعني
فإن إعارة المعشوق عارٌ
ومعشوقي من الدنيا كتابي
فهل أبصرتَ معشوقاً يعارُ
❤10
وكنتُ أرى أنْ قد تناهى بي الهوى
إلى غايةٍ ما بعدها لي مذهب

فلمّا تفرّقنا تذكرتُ ما مضى
فأيقنتُ أني إنّما كنتُ ألعبُ
❤5
من لم يبدأ اليوم لا ينتهي غدا

Бүгін қадам баспаған жан ертең мәреге жете алмайды
❤14🔥4
وكلُّ أمرٍ لستَ تبتديهِ ... فإنَّ كلَّ العُمْرِ لا يكفيهِ

د. الشيخ عبد الحكيم الأنيس
❤8🔥2
(Үйін сатып, Тахтауидің хашиясын сатып алды)

Мухаммад Наим ибн Абдулхаким Бахр әл-Улум әл-Ансари – үлкен ғалымдардың бірі .
Ол асыл әрі сирек кітаптарды жинауға аса ынталы болатын әрі сыйлық ретіндегі кітапты қуана қабылдайтын.
Тіпті ол Франки-Махал көпірінің жанындағы өз үйін сатып, оның ақшасына «әд-Дур әл-мухтар» еңбегіне Тахтауидің жазған хашиясын алпыс рупийге сатып алған.
🤯13❤6👍6
كلّ ما ألهاك عن مولاك فهو دنياك

د. أيمن سويد عن الشيخ ملا رمضان
❤10
Алла елшісінің мейірімділігі

Әнәстан мынадай хабар келеді:
Алла елшісімен бірге келе жақтан едім. Оның үстінде жағасы қатты нәжранилік шапан болатын. Артымыздан бір бәдәуи қуып жетті де, Алла елшісінің шапанынан қатты тартып қалды. Оның мойынына қарасам, қатты жұлқып қалғанның ізі қалған екен. Сосын ол бәдәуи: “Уа, Мухаммед! Өзіңдегі Алланың дүниесінен бір бөлігінен берсін де!” - дейді. Алла елшісі оған бір назар салып, күліп, оған сұрағанын беруге бұйырады.

Жұма мүбарак болсын!
❤18🔥3
БІР ЕСІМ ЕКІ ТҰЛҒА

Тіл біліміне қатысты кітаптарда «Әбу Ханифа айтты…» деген тіркес жиі кездеседі. Алайда бұл – сіздің ойыңызға бірден келетін ұлы имамымыз емес. Мүлде басқа, басқа бір Әбу Ханифа.

Әбу Ханифа Ахмад ибн Дәуд әд-Динәуәри - атақшы тіл ғалымы және бірнеше ғылымды жетік меңгерген.

Іліміне сенім артуға тұрарлық тұлға. Синтаксик, тіл, геометрия, астрономия, уақыт және өзге де ғылым салаларында қалам тербеген.

Һижреттің 282 жылы Жумәдә әл-Улә айында қайтыс болған.

“ән-Нәбәт”, “әл-Ахбар” және т.б еңбектердің авторы.

Деректерге сүйенсек ханафи мәзһабының ірі ғалымдарының қатарынан.

Әбу Хайян әт-Тәухиди былай деген екен:

«Егер адамзат пен жын атаулы бірігіп, Әбу Усман, Әбу Ханифа және Әбу Зайд ибн Сахл әл-Бәлхи атты үш тұлғаны мақтауға жұмылса, әрқайсысының лайықты мәртебесін толық баяндай алмас еді. Ал Әбу Ханифаға келсек, ол — замана сирегі, араб шешендігі мен пәлсапаның парасатын, тақуалығымен және зейінділігімен қатар алып жүрген, ардақты тұлға еді».

-------------------
https://t.me/AQLNAMA
❤18👍4
يومٌ أراك به فلستُ أصومُه
فالعيد عندي ثابتٌ تحريمُه
❤10🥰1
مَن أحسَنَ التدرّجَ في التلقّي حاز التفوّقَ في الترقّي

-منقول-
❤10
Білмейтін дүниені білмеймін деу айып емес

قَالَ عَبْدُ اللهِ: مَنْ عَلِمَ عِلْمًا فَلْيَقُلْ بِهِ، وَمَنْ لَمْ يَعْلَمْ فَلْيَقُلِ: اللهُ أَعْلَمُ، مِنْ فِقْهِ الرَّجُلِ أَنْ يَقُولَ لِمَا لَا عِلْمَ لَهُ بِهِ: اللهُ أَعْلَمُ.

“Кімде-кімнің бір нәрсе жайлы білімі болса, білетінін айтсын. Хабары болмаған жағдайда: “Анығы Аллаға мәлім” - десін. Пендеге дінде терең түсінік нәсіп болғанның белгісі - білмейтін дүниесіне “Анығы Аллаға мәлім” деп айтуы”.

Абдулла ибн Масғуд (Алла разы болсын)

📕 Сахих Муслим. Каир: Дәр әл-Хадис, IV-т. 415-б.
❤25🔥2
🗓️ Жуырда…
🥰16❤10🕊1
🗓️ Жуырда…
🔥13❤1🥰1