Aqorda 🇰🇿
✔
83.8K subscribers
22.9K photos
3.79K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
✉️Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды.

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

«Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства направил телеграмму соболезнования Эмиру Катара шейху Тамиму бен Хамаду Аль Тани

🇰🇿🇶🇦Президент Касым-Жомарт Токаев в телеграмме отметил, что с глубокой скорбью воспринял печальное известие о кончине бывшего Эмира Государства Катар, Эмира-отца шейха Хамада бен Халифы Аль Тани.

Глава государства подчеркнул, что в этот тяжелый час разделяет горечь утраты с Эмиром Катара, его семьей и соотечественниками.

«Шейх Хамад бен Халифа Аль Тани – выдающийся деятель, заложивший прочный фундамент процветания Катара и благополучного будущего его народа, искренне служивший делу укрепления международной стабильности. Казахстанцы всегда будут помнить Вашего отца, шейха Хамада бен Халифу, как мудрого руководителя, авторитетного политика международного уровня и историческую личность, внесшую огромный вклад в укрепление двустороннего сотрудничества», – говорится в телеграмме.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇲🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады.
 
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️ Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Черногории
 
🇰🇿🇲🇪Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Якова Милатовича по случаю Дня государственности Черногории.
 
Глава нашего государства подчеркнул, что Казахстан высоко ценит многолетнее сотрудничество с Черногорией, основанное на узах дружбы и взаимного уважения.

В телеграмме отмечается, что недавний официальный визит черногорского лидера в Астану, ставший важной вехой в истории двусторонних отношений, расширил горизонты для дальнейшего укрепления взаимодействия по широкому кругу направлений.
 
Президент Казахстана пожелал Якову Милатовичу успехов в ответственной государственной деятельности, а дружественному народу Черногории – благополучия и процветания.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты.

➤ Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады.

🟦Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты.

🟦Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді.

🟦Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды.

➤ Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді.

🟦Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады.

➤ Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты.

🟦Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек.

🟦Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көрсеткіші 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайды.

🟦Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Бұл ретте бюджеттің әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция тартуға септігін тигізді.

🟦Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы және инфляцияны төмендету шаралары туралы ақпарат берілді.

🟦Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады.

🟦Президентке әлеуметтік және көші-қон саясатын жетілдіру нәтижелері туралы баяндалды, сондай-ақ жұмысқа орналасуға ынталандыру арқылы әлеуметтік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру тәсілдері таныстырылды.

🟦Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова
  
Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об итогах социально-экономического развития Республики Казахстан за январь-июнь текущего года и планах по дальнейшей диверсификации экономики.


➤ Премьер-министр доложил, что по итогам полугодия рост ВВП составил 4,1%.

🟦Вклад обрабатывающей промышленности в структуру экономики увеличился на 9,8%, транспортной отрасли – на 7,1%, строительства – на 15,2%.

🟦Рост также зафиксирован в торговле – на 5,7%, сельском хозяйстве – на 4,4% и услугах связи – на 4,3%.

🟦Инвестиции в основной капитал составили 9,5 трлн тенге, в том числе приток частных инвестиций вырос на 21,4%.

➤ Олжас Бектенов отчитался об укреплении структуры национальной экономики.

🟦В текущем году в обрабатывающем секторе будут запущены 200 инвестиционных проектов на 1,7 трлн тенге с созданием 17 тыс. постоянных рабочих мест.

➤ Глава Правительства сообщил о ходе реализации крупных автодорожных проектов, планах по строительству второго аэропорта города Астаны и второй очереди Tarlan Astana.

🟦В строительной сфере показатель ввода жилья будет доведен до 20 млн кв. м.

🟦В сельском хозяйстве объем производства составил 15 трлн тенге, посевные площади увеличены до 23,8 млн га.

🟦На поддержку аграриев направлен 1 трлн тенге, при этом на каждый тенге из бюджета привлечено 6,5 тенге частных инвестиций.

🟦Глава государства был проинформирован о реализации Комплексного плана по повышению доходов населения и принимаемых мерах в целях снижения уровня инфляции.

🟦В июне уровень годовой инфляции составил 10,3%.

🟦Президенту доложено о текущих результатах совершенствования социальной и миграционной политики, а также представлены подходы к дальнейшему повышению эффективности механизмов социальной поддержки посредством стимулирования трудоустройства.

🟦Совокупный эффект от оптимизации нерациональных социальных выплат составит более 800 млрд тенге в год.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
➤ Кездесуде жылыту маусымына дайындық мәселесіне айрықша назар аударылды.

🟦Өткен маусымның қорытындысы бойынша бес жылу электр орталығы аса жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан шығарылып, үш ЖЭО «жасыл» аймаққа ауыстырылды.

🟦Биылғы жөндеу жұмыстары 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны қамтиды. Аталған мақсатқа 384 миллиард теңге бөлінген.

🟦«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді.

➤ Президентке цифрландыру және ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет ұсынылды.

➤ Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын іске асыру мақсатында әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірге қуаты 250 МВт болатын инфрақұрылым жасақталатынын айтты.

🟦Шетелден тартылған инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асты.

➤ Мемлекет басшысына туризм инфрақұрылымын жаңғырту жайында есеп берілді.

🟦Алматы тау кластерін дамыту туризм саласының ІЖӨ құрылымындағы үлесін арттырады.

🟦Almaty SuperSki жобасының құрылысы жандана түсті: 60 шақырым трасса құрылысы аяқталғанда тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туады.

🟦Нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

🟦Еліміз «Болашақ ойындары-2026» жарыстарын өткізуге дайын.

📌Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды.

❗️Заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, Алатау қаласын қарқынды дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

📌Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыруды тапсырды.

📌Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алу міндеті жүктелді. Бұл бастама ел азаматтарының тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс.

❗️Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
➤ Особое внимание в ходе встречи было уделено подготовке к отопительному сезону.

🟦По итогам прошлого сезона обеспечен выход 5 ТЭЦ из критической «красной» зоны риска, дополнительно 3 ТЭЦ переведены в «зеленую» зону.

🟦В текущем году охвачено реконструкцией 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбина. На эти цели выделено 384 млрд тенге.

🟦В рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» до конца года завершится ремонт 12 тыс. км инженерных сетей.

➤ Представлена информация об исполнении поручений Президента по цифровизации и развитию национальной AI-инфраструктуры.

➤ Олжас Бектенов доложил о реализации проекта «Долина ЦОДов».

🟦Совместно с мировыми IT-лидерами разворачивается инфраструктура мощностью 250 МВт. Объем привлеченных иностранных инвестиций превышает 10 млрд долларов.

➤ Глава государства заслушал отчет о модернизации инфраструктуры туризма.

🟦Развитие Алматинского горного кластера увеличит долю туристской отрасли в структуре ВВП.

🟦Проект Almaty SuperSki находится в активной фазе строительства: создание 60 км трасс расширит пропускную способность до 10 тыс. человек в день.

🟦Запуск объекта запланирован на декабрь 2028 года.

🟦Завершается подготовка к проведению «Игр будущего-2026».

📌Президент был проинформирован о мерах по реализации Новой Конституции.

❗️Ведется работа по приведению законодательства в соответствие с Основным законом, укреплению принципов «Справедливый Казахстан» и «Закон и Порядок», совершенствованию социальной политики, формированию правовой основы для развития Алатау как города ускоренного развития, а также продвижению инициативы «Таза Қазақстан».

📌По итогам встречи Касым-Жомарт Токаев поручил продолжить системную работу по дальнейшему обеспечению динамичного развития страны.

📌Правительству поручено приступить к реализации масштабной программы строительства социальных и инфраструктурных объектов. Данная программа призвана в ближайшее время обеспечить значительное улучшение качества жизни граждан во всех регионах страны.

❗️Особый акцент будет сделан на возведении современных объектов здравоохранения.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇶🇦Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды.

🟦Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың елеулі үлес қосқанын атап өтті.

– Ол көрнекті мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🟦Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасып, табысты дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни зор еңбек сіңірді.

🟦Ол Қазақстанға екі рет ресми сапармен келді. Әмірді 1999 жылы сәуірдегі бірінші сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысы қызметінде қарсы алған.

🟦Мемлекет басшысы шейх Хамадтың қолдауымен Астанада алғашқы еңселі әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің бастапқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын ризашылықпен еске алды.

– Осындай қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті.


🟦Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, бұл Қатар мен Қазақстан халықтары арасындағы бауырластық байланыстардың айрықша сипатын көрсететіне назар аударды.

🟦Қатар тарапының бастамасымен мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты.

🟦Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шақыруды ықыласпен қабыл алды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Казахстана встретился c Эмиром Катара шейхом Тамимом бен Хамадом Аль Тани

🇰🇿🇶🇦Касым-Жомарт Токаев прибыл в Доху, чтобы лично выразить слова соболезнования Эмиру Катара шейху Тамиму бен Хамаду Аль Тани и членам правящей семьи в связи с кончиной Эмира-отца шейха Хамада бен Халифы Аль Тани.

🟦Глава государства отметил значительный вклад шейха Хамада в построение сильного и успешного Государства Катар.

– Он был выдающимся государственным деятелем и настоящим другом казахского народа, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.


🟦По словам Президента, шейх Хамад бен Халифа Аль Тани активно содействовал становлению и успешному развитию казахско-катарских отношений.

🟦Он дважды посещал Казахстан с официальными визитами, а во время его первой поездки в апреле 1999 года Касым-Жомарт Токаев встречал Эмира в качестве руководителя внешнеполитического ведомства.

🟦Глава нашего государства с благодарностью отметил, что с помощью шейха Хамада в Астане была построена первая большая мечеть имени Аль-Фараби, а также осуществлен ряд социальных и инфраструктурных проектов в первые годы независимости Казахстана.

– В этот скорбный момент мы молимся, чтобы Всевышний даровал покойному место в раю, – сказал Президент Казахстана.


🟦В свою очередь Эмир шейх Тамим бен Хамад Аль Тани выразил признательность Касым-Жомарту Токаеву за личную поддержку, что отражает особый характер братских отношений между народами Казахстана и Катара.

🟦По инициативе катарской стороны состоялся обмен мнениями по нынешней международной обстановке, включая ситуацию на Ближнем Востоке.

🟦В завершение Глава нашего государства подтвердил свое приглашение Эмиру Катара совершить визит в Казахстан в удобное для него время. Приглашение было с благодарностью принято.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇫🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.

Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Франции

🇰🇿🇫🇷Касым-Жомарт Токаев поздравил Эмманюэля Макрона с национальным праздником – Днем взятия Бастилии.

Президент отметил, что этот знаменательный день символизирует единство французского народа и его приверженность принципам свободы и равенства.

Глава государства подчеркнул, что Казахстан придает большое значение дальнейшему укреплению стратегического партнерства с Францией.

Касым-Жомарт Токаев с удовлетворением отметил динамичное развитие многопланового сотрудничества между двумя странами и личный вклад Эмманюэля Макрона в расширение казахско-французских связей.

Президент пожелал лидеру Франции успехов в его ответственной государственной деятельности, а дружественному народу страны – процветания и благополучия.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады
 
✔️Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
 
✔️Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады.
 
✔️Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.
 
📌Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды.
 
❗️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев принял заместителя Председателя – руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі Канатбека Жайсанбаева
 
✔️Глава государства заслушал доклад о принимаемых мерах по формированию Қазақстан Халық Кеңесі и его Cекретариата.

✔️Канатбек Жайсанбаев доложил, что Секретариат будет обеспечивать организационное, правовое, материально-техническое, финансовое, информационно-аналитическое сопровождение деятельности Қазақстан Халық Кеңесі.

✔️Президент отметил, что Халық Кеңесі – это уникальная диалоговая площадка, которая будет выполнять важную роль в построении Справедливого Казахстана.

📌Глава государства поручил руководителю Секретариата обеспечить эффективную координацию взаимодействия Халық Кеңесі с государственными органами, организациями, институтами гражданского общества и международными организациями.

❗️Президент также обратил внимание на необходимость качественной подготовки к первой Сессии Қазақстан Халық Кеңесі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

🟦Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

🟦Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.
 
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял вновь назначенного посла Казахстана в Кыргызской Республике Абылкаира Скакова

🟦В ходе беседы Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность дальнейшего укрепления уз дружбы, добрососедства, стратегического партнерства и союзничества с братским Кыргызстаном.

🟦Президент поставил перед Абылкаиром Скаковым ряд задач по развитию многопланового казахско-кыргызского сотрудничества в транспортно-транзитной, энергетической, водной, аграрной сферах и в области цифровизации.

🟦Отдельное внимание было уделено укреплению культурно-гуманитарных связей.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.

17 шілде
күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳 Глава государства Касым-Жомарт Токаев по приглашению Председателя КНР Си Цзиньпина прибыл с рабочим визитом в Шанхай

Завтра запланированы переговоры Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Председателем Китайской Народной Республики Си Цзиньпином.

Кроме того, состоится круглый стол с руководителями ведущих китайских компаний.

17 июля Президент примет участие во Всемирной конференции по искусственному интеллекту (WAIC), посвященной теме «Партнерство в области искусственного интеллекта во имя светлого будущего».

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM