📌 Арт-терапиялық жаттығу:
“Қорқыныштың екі беті”
(ішкі үрейді сурет арқылы шығару және трансформациялау техникасы)
🔷 Мақсаты:
—Ішкі қорқынышты анықтау.
—Жиналған үрейді сыртқа шығару.
—Қорқынышқа басқа қырынан қарау.
—Ішкі қауіпсіздік сезімін күшейту.
📍 Қажетті құралдар:
Адам басының шаблоны салынған парақ
Түрлі түсті қарындаштар, бояу, фломастер
Қалам
Жайлы тыныш музыку.
▶️ Қатысушылар:
Жасөспірімдерге, ересектерге, топтық не жеке жұмысқа жарайды.
✅ Психолог сөзімен жүргізілуі
Кіріспе
Психолог:
Бүгін біз қорқынышпен күреспейміз, оны жеңуге тырыспаймыз. Бүгін біз оны танып, қағаз бетіне шығарамыз. Кейде қорқыныш іште жатқанда үлкен болып көрінеді, ал сыртқа шыққанда кішірейеді.
Алдарыңыздағы адам басының бейнесі – сіздің ішкі әлеміңіздің символы. Бүгін сол бейнеде қорқыныш пен күшті қатар көреміз.
🔵 1-бөлік: “Қорқыныштың беті”
Адам басының бір жағына сіздің қорқынышыңызды салыңыз.
Бұл нақты сурет болуы міндетті емес. Ол мынандай болуы мүмкін:
қара бұлт
көлеңке
тор
жабық есік
айқай
тікенек
қара түс
белгісіз бейне.
Психолог сөзі:
Қорқыныш қандай түсте? Қандай пішінде? Қай жерде тұр? Үлкен бе, кішкентай ма? Соның бәрін қағазға түсіріңіз.
Уақыт: 7 минут.
🔵 2-бөлік: “Менің күшім”
Енді шаблонның екінші жағына сізді қорғайтын, тыныштандыратын күшті бейнелеңіз.
Бұл болуы мүмкін:
жарық
қалқан
күн
ағаш
қанат
жүрек
жақын адам бейнесі
батыл жануар
тыныш теңіз.
Психолог сөзі:
Әр қорқыныштың қасында күш бар. Сол күшті бүгін суретке айналдырамыз.
Уақыт: 7 минут
✅ Талдау кезеңі
Суретке қарап ойланыңыз:
Қорқыныш қай жақта тұр?
Ол сізге не айтқысы келеді?
Екінші жақтағы күш кім немесе не?
Қай суретке қарағанда жеңілдейсіз?
Өмірде сол күшті қалай қолдана аласыз?
Трансформация техникасы.
Психолог:
Енді қорқыныш суретіне бір өзгеріс енгізіңіз:
кішірейтіңіз
түсін өзгертіңіз
есік ашыңыз
бұлтты таратыңыз
тікенекті гүлге айналдырыңыз
Бұл – сіздің ішкі бақылауыңыздың белгісі.
✅ Қорытынды сөз 👇
#артехника
https://www.instagram.com/p/DYWQ15yIYsP/?igsh=MW1hN2p3ZmpnbHpiMQ==