сезімдер сөйлесін💌
1.53K subscribers
1.13K photos
29 videos
83 files
81 links
менің әлемім✨
Download Telegram
Сұрақ: Енді 2 курс оқитын қыздарға кеңесіңіз

Жауап: мамандығыңыз бойынша жақсы білім алып шығу, қосымша іздену, ел көру, саяхаттау. Әр сәттен ләззәт ала білу.
❤10
Айтпақшы, қазір күшті кітап оқып жүрмін. Басты кейіпкер - 1 жыл ғана өмірі қалған, ракпен ауыратын қыз. Бұрынғы махаббатын ұмыта алмай, қиналып жүр. Соңғы жылымды өзім үшін өмір сүремін деп, басқа елге көшіп кетті. Енді, соңы немен бітетіні қызық болып жүр.

Қыз өлмей қалып, жаңа махаббат тауып, бақытты болып кетсе, жылаймын.
❤27
Кездессек, кездесейікші,
Қашанғы қашып жүреміз?
❤26💋7🤩3👍2
“Левша” деген фильмді көріп аяқтадым.

Ер адам өмірінде әйелдің орны қаншалықты маңызды екенін көрсете білген. Ашудың адамға нағыз дұшпан екенін түсінуге болады.

Өмірімізде болып жатқан әр сәтсіздікке тек өзіміздің кінәлі екеніміз рас. Оны тағдырға жаба салуға болмайды.

Әр адамның өмірінде өмір сүруге, жетістікке жетуіне
мотивация беретін әйтеуір бір адам болады. Сол адамды бағалаңдар.
❤46👏3👍1
Не жаңалық?
❤7
Өзім қолданатын пресеттерді сатылымға шығардым.

Стористе толық ақпарат:
https://www.instagram.com/arubiqesh_private?igsh=MWp6NmxtZWt3NHAxZA==
❤13
Мысығым - қомағай. Тойғанын білмейді. Тамақ деп қалай мияулайтынын көрсеңдер. Көп жеп алса құсады, сәл жесе тоймайды. Өз нормасын білмейді. Қазір нервыма тиіп отыр, мысалы.
❤13
Қандай жақсы сериал көруге болады?
❤2👍1