осы жаңа студенттерге дәріс оқыдым. батыс шайыры Гёте айтты деген сөз бар – “эти добрые люди и не подозревают, каких трудов и времени стоит научиться читать. я сам не это употребил 80 лет и все не могу сказать, чтобы вполне достиг цели”. сол секілді үйрету де ілім деген ризығыңды еселей түсетін, түсінбеген, аңғармағаныңды аңдататын құтты қарекет.
оларға жауыр кітаптан гөрі ауыр кітапқа көбірек жүгініңдер дедім. ондай пікірді талғампаз қаламгер А. Сүлейменовтен оқып едім – “ең терең идеялар – қиын идеялар. өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. жазушының бір міндеті – идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «шайнап берген ас болмас». оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? алсын қамау терін!”.
⭐️ қосымша:
білім тұрғысынан кітаптан аса алмайсың. парасат тұрғысынан асасың.
парасат – білімнің адам бойына қонған түрі. білім кітапқа тән нәрсе.
білімді меңгергің келсе, онымен амал ет.

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥195🔥30🤝11💯9💘4⚡2
мазмұнды өмір сонда басталмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡209❤🔥125🔥23💯18💘12🤝8
дәрісте Абай хәкімнің таным тамыры, іргелі концептілері, жәдидизм жайлы пікір айттық. Абай-Ғазали пікір сабақтастығы – жауанмәрттік, сыддық, адамның рухани дәрежелері жайлы да дәйектеуге тырыстық.
мархабат! таратып қойыңыздар
https://youtu.be/QWfDD1d7uog?si=ZZX7nD7K6yKmZUbg
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Арын Құнанбайұлы: Абай Құнанбайұлы кім? Толық талдау.
Арын Құнанбайұлы: Абай Құнанбайұлы кім? Толық талдау. Абай Құнанбайұлы кім? Абайдың қара сөздері.
00:00 Бүгін көретіндеріңіз...
02:22 Абай кім?
05:40 Абай ата образы.
14:17 Күніміз неге кәпірлерге қарады?
18:16 Абай орысқұл емес...
22:00 Мешіт сала бермей…
00:00 Бүгін көретіндеріңіз...
02:22 Абай кім?
05:40 Абай ата образы.
14:17 Күніміз неге кәпірлерге қарады?
18:16 Абай орысқұл емес...
22:00 Мешіт сала бермей…
1🔥99❤🔥26💘11⚡5🤝4💯3
сен оразаны емес, ораза сені “ұстайды”. ұстамды етеді. сақтайды. өтірік-өсектен, көз күнәсінен, әуейіліктен.
өз қалау-құмарыңды басқара білсең, өзің қаламайтын жағдайға тап болмайсың.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2❤🔥321💯41💘24🔥14⚡4🤝4
шеше💗
анаға құрмет – тағдырға құрмет. сол құрсақта құндақталуды саған Алла таңдап берді емес пе?!
сені туған анаң – Алланың жазған тағдыры, таңдауы.
тоғыз ай құрсағында тасиды, тағы тоғыз жыл арқалайды, өле-өлгенше жүрек түкпірінде сақтайды.
шеше деген Жасаған Иеміздің Рахман сипатының ең әдемі көрінісі ғой. Алланың мейірімінің ең көркем көлеңкесі шешеміз емес пе?!
кісі баласының көңіліндегі бір көктем, я бір табиғатындағы шуақ-нұр болса, ол ана жарықтықтан дарымай ма?

1💘241❤🔥118💯19🔥14🤝8⚡5
асыл тас су түбінде жасырын жатады. оның қадірлі болатыны сол – інжу-маржандығы. Алланың “Ұлы Есімі” де құпия. бізге мәлімі 99 ғана. жұма күнгі дұға қабыл болар сәт те сыр, беймәлім. ол сағатқа сай келген таңдайдағы тілек маңдайға бұйырар. іздеу – оның қадірін арттыра түседі . қазақ “қырықтың бірі қыдыр” дейді. әр келгенді қадірлеп, Қыдырдай сыйласаң, астыңа тақ, тәлейіңе бақ боп қонар…әр түнді қадір тұтсаң, әр сағаттың сәнін келтірсең, текке кетірмеуге тырыссаң, сәтін салып, қадірің артар. қадір тұтқанның қадірі артар, тұтылмас.
әр демің де жақұт, қадам. қадам болатыны – жатар жерің – қабіріңе қадам. қазынаның түгесілмесі, бақиы деммен өлшенеді. демің қашан үзілері де белгісіз, сыр. әр деміңді аялау, қадірліге түгету шарт.
мақсат-діттем табу емес, қадір тұтып іздеу.
🌹 іздегеннің бәрі таппас, – тапқанның бәрі іздепті.
әр демің де жақұт, қадам. қадам болатыны – жатар жерің – қабіріңе қадам. қазынаның түгесілмесі, бақиы деммен өлшенеді. демің қашан үзілері де белгісіз, сыр. әр деміңді аялау, қадірліге түгету шарт.
мақсат-діттем табу емес, қадір тұтып іздеу.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥202🔥23💘12💯7🤝5⚡4
“рамазан кәрим” деп екі сөзді бекер тіркестірмейміз.
кәрім – сақи, мәрттік, жомарттықты білдіретін сөз. осы айда барынша кеңпейіл болған жөн.
жомарттық үйіп-төгіп садақа беру емес. бәлки, міндетсімей, кішірейіп беру.
бәлки, жомарттық – сұратпай беру. уақыт бөлсе де, жақсы сөз сөйлесе де, көңіл бөлсе де – жомарттың ісі. нағыз кәрім сипаты бар кісі садақа беріп жатып алушыдан қарағанда өзінің сауапқа көбірек мұқтаж екенін сезінеді.
бір қызығы, Құранда адам сараңдықты басқаға емес, өзіне ғана жасайды дейді.
🔗 сілтеме
кәрім – сақи, мәрттік, жомарттықты білдіретін сөз. осы айда барынша кеңпейіл болған жөн.
жомарттық үйіп-төгіп садақа беру емес. бәлки, міндетсімей, кішірейіп беру.
бәлки, жомарттық – сұратпай беру. уақыт бөлсе де, жақсы сөз сөйлесе де, көңіл бөлсе де – жомарттың ісі. нағыз кәрім сипаты бар кісі садақа беріп жатып алушыдан қарағанда өзінің сауапқа көбірек мұқтаж екенін сезінеді.
бір қызығы, Құранда адам сараңдықты басқаға емес, өзіне ғана жасайды дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥136❤🔥56💘20💯10🤝6⚡3
тұяқ серіппей ұйықтап өткізген түннен берекелі таң күту ақымақтық емес пе?! түні тірілгеннің күндізі жарық болмас па…”түн” сөзі Құранда 114 рет келеді екен. мейірім көп түсетін уақ – түн. ояну керек. жүректі де ояту керек.
🌙 таңның берекесі таңнан емес, түннен бастау алса керек…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥222❤🔥66💯23💘13🤝6⚡3
біз – біреудің қабыл болған дұғасымыз…❤️
таңдайдағы тілек маңдайға бұйырар түндері бірімізге-біріміз дұға етейік. қайтарылмайтын дұға деген сол…
таңдайдағы тілек маңдайға бұйырар түндері бірімізге-біріміз дұға етейік. қайтарылмайтын дұға деген сол…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💘281❤🔥115💯28🔥24🤝10⚡6
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥270🔥34💯22🤝18💘15⚡4
көктем-көңілдеріңіз бүр жарып, жан дүниелеріңізді наурыз-құттың шуағы шарласын.
самарқанның көк тасын ерітіп, тас астындағы тамырды тірілтіп, жер дүниені түрлендіріп, жан дүниені гүлдендіріп, адамзатты керемет бір күйге ендіріп, төрт түлік төлін ойнақтатып, күрең шайды қаймақтатып келіп жеткен
наурыз құтты болсын!
армандарыңыз асқақ, ниеттеріңіз ақ, көңілдеріңіз шат, мақсаттарыңыз асыл болсын!
отбасыларыңыз аман, туған-туыстарыңыз түгел, ырыс-нәсіптеріңіз мол, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз толағай болуын Алла нәсіп етсін!
p.s.: мешітте айтылған жұма уағызын имам Науауидің кітабындағы “шариғаттағы нақты айтылмаған тұстарда салт-дәстүрге сүйену керек” деген ой түйіндеді. наурызда туыс-туғанды аралап, “көңілдерді зиярат етіп”, ақжарма тілек, риясыз әңгіме, батиқалы сөз тыңдағанның өзі сауап. туыс қақы деген бар. сауабы кешіктірілмей, осы дүниеңде қызығын көретін жақсылық сол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥142🔥16💘11💯10⚡4🤝4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
тіл байлығының бала танымына, бітім-болмысына әсері жайлы оймақтай ой. әсілінде, баланы метафоралар, синонимдер, перифраздар, омонимдер, антонимдер өсіреді ғой…
жиған-тергеніміздің тиянағы – дәріс-сұқбатымыз шығыпты:
https://youtu.be/M1bW-EbP568?si=Gu-E1sVv2Ibco-Zm
жақсыны көрмекке
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥113🔥26💯10💘7🤝3⚡2
– білімнің абзалы қайсы?
– біліміңдіаз деп білуің. білімсіздер ізденісті тоқтатқандар, көпсінгендер.
– біліміңді
1❤🔥223🔥39💯28💘6🤝5⚡4
«даже Өміш те үйленіпті».
– анауӨміштің өзі үйленіпті.
–тіпті Өміш те үйленіпті.
–өле жатқан Өміштер де үйленіпті.
–қыл аяғы Өміш те үйленіпті.
– Өмішекеш Өміш те үйленіпті.
“дажыламаңыздар”.
– анау
–
–
–
– Өміш
“дажыламаңыздар”.
1🔥297❤🔥42💯40🤝28💘5⚡3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Әркім жалыға білуі керек | Қатынбұраш | Сөзбұзар сленгтер | Арын Құнанбайұлы
Қазақ тілін трендтің тіліне айналдыру неге оңай? “Моггать” - “бәсі артық” неге демеске? “Қатынбұраш” деген кім? Ғабит Мүсірептің Оралхан Бөкейдің сөзін қалай түзеді? Санаға сіңімді сленгтер мен жұтаң сөздік қоры туралы танымды әңгіме. Ақ студияның
кезекті…
кезекті…
❤🔥57🔥10💯4💘2⚡1🤝1
ойлы оқырман, амансыздар ма! сіздерге paraqta атты кітапсүйерлерге сүйеніш-түрткі болар қолданбаны таныстырмақшымын. телеграм арқылы тіркеліп алсаңыз, жыл ішінде “шам жағып” отырып бірнеше кітап тауысуға жол ашылады. тақауыры мен тиянағы көрініп тұрады сайтта. тегін кітапханасы, топтары, талқысы да бар.
🎁 үздіксіз оқу мен тоқтаусыз ізденістің мұрындығы – марафонға қатысыңыздар. менің атымнан тіркелгендерге 800 теңге.
🪔 мына сілтемені басып тіркелесіз: https://paraqta.kz/b/aryn
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
PARAQTA
PARAQTA — үздіксіз кітап оқу платформасы
Оқуды қызықты әдетке айналдыр — streak, статистика, достар, айлық есеп. Telegram арқылы тегін баста.
❤🔥58💘11⚡8🤝5💯2🔥1
men❤️🩹
түркі дүниесінен нобель алған жалғыз жазушы орхан памукты айтам…бір кітабында бүй депті: “достоевскийдің “братья карамазовы” романын алғаш оқығаным есімде қалыпты. он сегіз жаста ем. терезесінен босфор көрінетін бөлмеде өзім жалғыз отырып оқитынмын. әкемнің…
әсіресе, балалар жазда ит аузына ағаш тығып бос жатпай, ата-анасы, әулетімен бірге кітап кемірсе, талқыласа, бірін-бірі тақауырласа дейміз❣️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1❤🔥100💘15⚡5🔥3💯1🤝1
бала “құлақтан семіреді” – ата-анасы айтқан алымды ақыл көмейінен көкейіне құйыла береді. сөздік қоры боп жиыла береді. сөйтіп оқуға жол ашылады…
🧠 «оқитын ми» туралы ата-аналарға арналған нұсқаулықты; 100-ден аса мысалы бар тіл ұстарту материалын алам десеңіз, жазыңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2❤🔥156🔥34💯14🤝7💘6⚡5