Әр күніңді әсемде
2.58K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Мейлі ер, мейлі әйел болсын, кімде-кім кәміл мүмін ретінде Алла бұйырғандай түзу, пайдалы және өзін һәм қоғамды түзетуге бағытталған игілікті істер істесе, міне, солар жұмаққа кіреді әрі титтей де әділетсіздікке ұшырамайды”. ("Ниса" сүресі, 124)

Хадис
“Адамдарға кедергі келтіретін нәрсені жолдан алып тастау – садақа.” (Муслим)

Дұға
“Уа, адасқандарды тура жолға түсірген һәм күнәға бой алдырып жаза басқандарды мейіріміне бөлеген Раббымыз! Күнәһар болған мына құлыңа және барша мұсылмандарға рақымдылық қыла гөр. Бізді өлгеннен соң пайғамбарлармен, шейіттермен және ізгі құлдарыңмен бірге тірілткейсің”. (Утбәтул Ғулам)

Мақал
“Кеңесіп пішкен тон келте болмас”.
Аят
“Әлде адам баласының көңілі соққан нәрсенің бәрі бола бере ме? Жоқ, олай емес! Ақирет өмірі де, дүниенің тіршілігі де бір Алланың қолында. (Екі дүниеде де шексіз билік Иесі)”. ("Нәжім" сүресі, 24-25)

Хадис
“Ең азулы дұшпаның – өз нәпсің”. (Дәйләми)

Дұға
“Уа, Раббым! Қияметтің күнінде бар үмітім Өзіңде. ақиретімді уайымдаудан басқа уайымым жоқ. Өзіңнің кеңшілігіңнен үміттімін. Қыл көпірінен өтерде тек Өзіңе ғана сенім артамын. Амал таразысында медет беретін тек Өзіңсің! Мені Өзіңе қауыштыратын жолға бағытта”. (Фәридуддин Аттар)

Мақал
“Нәпсіге жеңілген патша құл, Нәпсіні жеңген құл патша”.
Аят
“Сондай-ақ, Раббыларыңның: «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді сөзсіз арттырамын. Ал егер жақсылықтың қадірін білмесеңдер, онда азабым, расында да, тым қатты», – деп, жар салғанын естеріңе алыңдар”. ("Ибраһим" сүресі, 7)

Хадис
“Кешірім сұрауға мәжбүр ететін сөзді айтпа”. (Муснәд)

Дұға
“Сабыр еткен адам бәледен құтылады” (Ислам тәрбиесі).

Мақал
“Басқа пәле тілден”.
Аят
“Ақирет секілді дүние тіршілігінің де бүкіл билігі, әлбетте, Бізге тән”. ("Ләйіл" сүресі, 13).

Хадис
“Уәде беру – қарыз секілді”. (Кәнзул Ирфан)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Дүниедегі аянышты хәлімізді есірке. Өлім сәтінде маған рақымдылық таныт. Өзіңнің алдыңа барғанымда маған кеңшілік жасай гөр!” (Ата Суләйми)

Мақал
“Уәде – Құдай сөзі”.
Аят
“...Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады. Расында, осында да терең әрі жүйелі түрде ойланатын қауым үшін анық белгі, ап-айқын ғибрат бар”. (Нахл сүресі, 69)

Хадис
“Алла барлық ауруға шипаны қосып жаратқан” (Әбу Һурайрадан жеткен хадис).

Дұға
“Уа, адамдардың Раббысы! Ауруларымызға шипаңды бер. Өйткені Сен Шафисің (шипа беруші). Өзіңнің шипаңнан басқа шипа жоқ. Сенен ешбір аурудың қаша алмайтын шипасын сұраймыз”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Денсаулықпен тең түсер досың жоқ, Дерт, кеселмен тең түсер қасың жоқ”.
Менің анашымның соңғы жазуларының бірі.
Раджаб пен шағбанды қатты құрметтейтін, намаздарын осы айда реттеп оқи бастаған еді.

Бұл сіздің әдемі жүректі әпкеңіз осындай еді...

Қолдарыңызды жайып әдемі-әдемі дұға жасаңыздаршы.

Бақытқан Қожанқызы
Аят
“Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер…” (Әли Имран сүресі, 103-аят).

Хадис
“Мүминдер – кірпіштері бірін-бірі толықтырып тұратын бүтін бір ғимарат іспеттес”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізге терең бойұсынушылық бер! Өзіңе бекем байлануды нәсіп ет. Бізді Өзіңе сәжде еткеннен кейін отқа тастай гөрме!” (Абдуллағла әт-Тәйми)

Мақал
“Бірлік болмай, тірлік болмас”.
Аят
“(Ей, Мұхаммед) айт! Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?” (Зүмәр сүресі, 9-аят).

Хадис
“Ілім алу мақсатымен жолға шыққан кісі үйіне оралғанға дейін Алланың жолында болып саналады”. (Әбу Нуайым)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған пайдалы ілім нәсіп еткейсің, пайдасыз ілімнен мені сақтағайсың”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Білім – гауһар бағасы жоқ, Надандық – дерт, дауасы жоқ”.
Аят
“Ендеше, жетімді әлсіз екен деп ақысын жеуші болма, төмен санап, көңілін қалдырма. (Алақан жайып) сұрап келгенді де қасыңнан қума (тілегін бер)”. (Духа сүресі, 9-10)

Хадис
“Әр нәрсенің бір кілті болады. Жәннәттің кілті жарлы-жақыбайларға сүйіспеншілік таныту әрі оларға қамқор болу”. (Ибн Лағыл)

Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Бізді «Раббымыз Алла» дегеннен кейін тура жолдан таймаған құлдарыңның қатарынан еткейсің. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) лайықты үммет болуды нәсіп қыл”.

Мақал
“Жетім көрсең жебей жүр”
Аят
“Сондай-ақ, сендерді (жоқтан жаратып) тіршілік иесі қылған да бір Өзі. Ол уақыты келгенде сендерді өлтіріп, жандарыңды алады да, содан кейін бәріңді қайта тірілтеді. Алайда, адам баласы, шынында да, жақсылықты түсінбейді”. (Хаж сүресі, 66)

Хадис
“Ажал ақиқатын жан жүрегімен сезінген адам өтпелі ләззаттардан бас тартады”. (Муснәдуш Шихаб)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңнен өлімнен кейіңгі өмірімнің жарқын болуын әрі Өзіңе есен-амандықта қауышуды жалбарына сұраймын”. (Фудайл ибн Убейд (р.а))

Мақал
“Ажал қиуадан келіп, Қимасыңды алады”
Аят
“Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ”. ("Таһа" сүресі, 131)

Хадис
“Расында әр үммет үшін бір бүлік бар. Алайда, менің үмметімнің бүлігі болса дүние”. (әл-Хайсами)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж болмауымызды нәсіп қыла гөр”.

Мақал
“Сұрамағын пендеден, жағарсың кейде жақпассың, Тілекті тіле Құдайдан айқара ашқан қақпасын”.
Аят
“Ол бергенін өзіне жасалған жақсылықтың қарымтасы деп бермейді. Қол ұзатқаны үшін ешкімнен сый-сияпат та күтпейді. Тек қана Раббысының разылығына қауышуды ғана көксейді”. (Ләйіл сүресі, 19-20)

Хадис
“Алла тағала тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Егер менің пешенеме бақыттылардың қатарында болуды жазған болсаң, мені ол жерде тұрақты ете гөр. Ал, егер бақытсыздардың қатарына жазған болсаң, онда мені олардың қатарынан өшіріп, жақсыларды қатарына жаза гөр. Өйткені, Сен қалағаныңды орындайсың уа, Раббым!” (әзірет Омар (р.а))

Мақал
“Жаңылмайтын жақ, Сүрінбейтін тұяқ жоқ”.
Аят
“(Уа, адамзат!) Өздеріңе Раббыларыңнан түскенді (Құранды) берік ұстаныңдар. Алладан өзгелерді қамқоршы дос тұтып, солардың соңынан еріп кетпеңдер. Сендер (ақиқат, иман жайлы) тым аз ойланасыңдар, ғибрат алғандарың да шамалы!” (Ағраф сүресі, 3)

Хадис
“Шындығында Ібіліс намаз оқушылардың өзіне табынуынан мүлде күдер үзді. Алайда олардың арасына алауыздық себетін болады”.

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді өзара араздықтан ұзақ қыла гөр. Бізге дүниеде һәм ақиретте жақсылықтар бер және бізді тозақ отынан сақта!” (Абдулкадири Гейлани)

Мақал
“Ынтымақ істі бітірер”.
Аят
“(Байлықтың буына мас болған кәпірлер) Алланың ризық-несібе дегенді қалағанына үйіп-төгіп беретінін, сондай-ақ, қалағанына аз әрі өлшеп беретінін білмейді ме? Міне, осында иман етуге бейім қауым үшін сөзсіз талай ғибрат бар”. ("Зумәр" сүресі, 52)

Хадис
“Бір-бірлеріңе тағам ұсыну арқылы қуантыңдар. Бұл ризықтың көбеюіне себеп болады”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге адал ризық нәсіп етіп, харамнан алыстат. Күнәлардан сақтап, Өзіңе ғана бас июді нәсіп қыл”.

Мақал
“Өле жегенше бөле же”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Шынайы түрде тәубе етіп, Аллаға бет бұрыңдар. Міне сонда Раббыларың күнә-қателіктеріңді өшірер”. ("Тахрим" сүресі, 8)

Хадис
“Қайсыбірің Алла тағалаға дұға еткенде қалағанын нақты сұрасын. «Алла тағалам! Қаласаң маған бер» деп айтпасын. Өйткені Алла тағалаға ешбір нәрсе ауыр келмейді”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Саған жаратқан жаратылысыңның санындай көп мақтаулар болсын. Өзіңді лайық түрде мақтау айтуда әлсіз екенімді мойындаймын”. (Дұғалар жинағынан)

Мақал
“Иілген басты қылыш кеспейді”.
Аят
“Ол Хаи (басы мен ақыры болмаған мәңгілік тіршілік иесі). Одан басқа құдай жоқ! Ендеше, осынау хақ дінді шын жүректен толық қабылдап, бар ықыластарыңмен Оған ғана құлшылық етіңдер һәм Оған ғана жалбарыныңдар! Бар мадақ пен шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы Аллаға тән!” ("Ғафыр" сүресі, 65)

Хадис
“Сендерге берген сансыз нығметтері үшін Алла тағаланы сүйіңдер. Мені де Алла тағаланың сүйгені үшін сүйіңдер”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған Өзіңді сүюді әрі Сен сүйген нәрселерді сүюді және мені Өзіңе жақындататын нәрселерді сүюді нәсіп еткейсің! Уа, Раббым! Мен үшін Өзіңе деген сүйіспеншілікті су іздеп қаталаған жанға судың құнды болғанынан да құнды қыла гөр!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Сыйлылық қымбат емес, сүю қымбат”.
Аят
“Ауқатты адам (қолына қараған әйел, бала-шағасына) ауқатына қарай (мол) нәпақа берсін. Ал ризық-несібесі шектеулі болғандар Алланың өзіне нәсіп еткен жағдайына қарай нәпақа берсін. Алла ешбір жанға Өзі берген мүмкіндіктен артық жүк артпайды. Алла әр қиындықтың артынан бір жеңілдік нәсіп етеді”. (Талақ сүресі, 7)

Хадис
“Алла тағала адал ас табу жолында тер төккен құлын көруді ұнатады”. (Дәйләми)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңе қанша шүкір етсем де аз. Өйткені маған берген ризықтарыңа шүкір етуді де нәсіп еткен Өзіңсің”. (Әбу Али Радбари)

Мақал
“Еңбектің наны – тәтті, Жалқаудың жаны – тәтті”.
Аят
“Ал Раббысын көрмесе де, Оған тиісінше тағзым етіп, Одан лайықты түрде именетіндерге тосын кешірім мен үлкен сый бар”. ("Мүлік" сүресі, 12)

Хадис
“Алла тағала бір құлды жақсы көрсе, сендердің қайсыбіреулеріңнің науқастанған бауырын су ішуден тыйғаны секілді оны дүниеден қорғап қыяды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Құлдарыңа көрсеткен мейіріміңе мені де үлескер қыла гөр. Үлестірген ризығыңнан маған да нәсіп еткейсің. Мені қауіп-қатерлерден, жаманшылықтардан қорғағайсың!” (Абдулла ибн Омар (р.а))

Мақал
:“Білгенге маржан, білмеске арзан”.
Аят
“Ол (Алла) сендерді әу баста топырақтан, содан кейін (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында тұрақтайтын) бір тамшы судан, сонан соң жатырға (сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан жаратты. Кейін бәріңді (ана құрсағынан) қызылшақа нәресте етіп, жарық дүниеге шығарады. Сонан соң сендерді ақыл-ес һәм күш-қуат жағынан толықсытып ер жеткізеді. Соңыра қаусаған қарт болғандарыңша өмір сүргізеді”. ("Ғафыр" сүресі, 67)

Хадис
“Балаларыңызды сый-сияпатпен қуантыңыздар һәм жақсы тәрбие беріңіздер”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған Өзіңнің кеңшілік-жомарттығыңмен кіршіксіз пәк бір сәби сыйла. Күдіксіз Сен дұғаларды естушісің”. (әзірет Зәкәрия (р.а))

Мақал
“Тәрбие туғанда басталып, өлгенде бітеді”.
Аят
“Оған тура жолды да көрсеттік. Енді, қаласа, (осынау нығметтердің қадірін біліп, тура жолмен жүретін) шүкіршіл болар, қаласа, (күпірлік қылып, теріс жолдарға түсетін) рақыметі жоқ кәпір болар”. (Инсан сүресі, 3)

Хадис
“Ешкімге сабырдан қайырлы һәм одан үлкен бір нығмет берілмеген”. (Бұхари))

Дұға
“Уа, Раббым! Сабыр еткендерге бұйыратын сауаптарға бізді жеткізетін ізгі істер нәсіп ете гөр. Бізге шүкір етушілердің жететін биігіне жеткізетін терең шүкір нәсіп ете гөр”. (Омар ибн Зәр)

Мақал
“Ымды білмеген дысды білмейді”.