Аят
“Сондай-ақ Құран тақуа жандарға жөн сілтейтін (теңдессіз) жолбасшы”. (Хаққа сүресі, 48)
Хадис
“Мүмін ер мен мүмін әйелдің жанында, бала-шағасында және дүниесінде сәтсіздік һәм нұқсандықтар болмайды. Сондықтан қателікке бой алдырмаған қалпы Алла тағалаға қауышсын”. (Муатта)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнің құзырыңа барамын. Алайда, сауап қоржыным бос. Шексіз рақымдылығыңнан үміттімін. Мені кешір”. (Низамул Мулк)
Мақал
“Жақсының шарапаты тиер тар жерде, Жаманның кесапаты тиер әр жерде”.

“(Нух (а.с.):) «Мен оларды Өзіңнің кешіріміңе бөленсін деп, хақ жолға шақырған сайын олар саусақтарымен құлақтарын бітеп, шапандарына бүркене түсті, һәм ұдайы қасарысып, күпірлікте табандаумен әрі көкірек керіп, дандайсумен болды»”. ("Нух" сүресі, 7)
Хадис
“Сендерге екі нәрсе қалдырып барам. Одан берік ұстасаңдар ешқашан адаспайсыңдар, олар: Алла тағаланың кітабы мен менің сүннетім”. (Мууатта)
Дұға
“Уа, Раббым! Көңілімді кең етіп, ісімді жеңілдете гөр”.
Мақал
“Ғалым болсаң, өр болма, Өнерлі болсаң, кер болма”.

“Содан Біз дүниеге келуін қалаған ұрықты жатырларға жақсылап орналастырамыз да, белгілі уақытқа дейін сол жерде ұстаймыз. Кейін сендерді нәресте етіп, жарық дүниеге шығарамыз. Сонан соң ақыл-ой, күш-қуат жағынан толықсып ержетулеріңе (мүмкіндік береміз)”. (Хаж сүресі, 5)
Хадис
“Кәрілік келуден бұрын жастықтың қадірін біліңдер”. (Хаким)
Дұға
“Әлемдердің Раббысы болған Алла тағала барша жастарға абыройлы бір құл болуды нәсіп етсін. Аманаттың (жастық шақтың шексіз мүмкіндігін) қадірін жете түсінбеуден сақтасын. Алланың аманатын абыроймен тапсыруды нәсіп етсін”.
Мақал
“Жастық кетсе, қайтара алмайсың, Қарттық жетсе, тойтара алмайсың”.

“Кімде-кім Алланы, пайғамбарын және иман еткендерді өзіне жақын дос тұтса, шүбәсіз, Алланың жағында болғандардың мерейі қайткен күнде де үстем болады”. (Мәида сүресі, 56)
Хадис
“Кім кіммен жолдас болса, соның дінінде болады”.
Дұға
“Уа, Раббым! Теріс жолмен жүргенім үшін және біліп-білмей жасағандарыма тәубе еттім!...” (Абдуррахими Руми)
Мақал
“Жақсымен дос болсаң жетесің мұратқа, Жаманмен дос болсаң қаласың ұятқа”.

“Шүбәсіз, (топыраққа түскен) тұқымды да, дәнді де жарып (оларды бір жағынан топырақта шірітсе, бір жағынан оларға жаңа тіршілік сыйлау арқылы бүкіл өсімдіктерді жарататын) бір Алла. Ол өліден тіріні шығарады һәм тіріден өліні де шығарушы. Міне, Алла Осы. Ендеше, (осынау ақиқаттар «мен мұндалап» тұрғанда) олардан қалай ғана сырт айналып, сағым қуып, сан қилы теріс жолдарға түсіп кете бересіңдер?!” (Әнғам сүресі, 95)
Хадис
“Жасырын жасалған садақа Алла тағаланың азабын жеңілдетеді”. (Байһаки)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңнің қадір-құрметіңді білетін құлдарыңның қатарынан ете гөр!” (Амр ибн Мурра (р.а.))
Мақал
“Адамнан сұрасаң ашуланады, Алладан сұрамасаң ашуланады”.

“Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын (немесе Қағбаны тауап ететін) болсаңдар таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер. (Алланың өздеріңе берген нығметінен) ішіп-жеңдер бірақ, ысырап қылмаңдар. Өйткені, Алла ысырапқорларды ұнатпайды”. ("Ағраф" сүресі, 31)
Хадис
“Көңілің қалаған әр нәрсені жей беру– ысырапшылық”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ұлы құдіретіңмен қосылып тұрған екі теңіздің суын бір-біріне араластырмағаныңдай, тозақ отынан және қабір азабынан мені қорғай гөр!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Тарта жесең тай қалады. Қоя жесең қой қалады”.

“Уа, иман еткендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіп, алдында асы болудан сақтаныңдар! Сондай-ақ, Оның елшісіне де шынайы түрде иман етіңдер! ”. (Хадид сүресі, 28)
Хадис
“Кім арлылығын сақтап қалғысы келсе, Алла тағала оны арлы қылады”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Жүрегімізді иман һәм Құран нұрымен нұрландыр. Алла тағалам! Бізді Өз кеңшілігіңмен байыт, бізді арлы құлдарыңнан қыл”.
Мақал
“Арсызбен алысқанша, Арлымен таныс”.

“Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды сүйіншілеп қуанта бер”. ("Бақара" сүресі, 155)
Хадис
“Жер жүзіндегілерге рақымдылық көрсетіңдер, сонда аспандағылар (періштелер) сендерге рақымдылық танытады”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Қиыншылықарда сабыр етуді әрі одан құтылуды, шейіттердің дәрежесін, ізгілердің өмірін, дұшпандарымды жеңуімді һәм пайғамбарларға дос болуды Өзіңнің жомарттылығыңнан сұраймын”. (Пайғамбарымыздан (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Ақымаққа күнде той, Ақылдыға күнде ой”.

“(Өліге жан бітіріп) өмір сыйлайтын да, (тірінің жанын алып) өлтіретін де бір Өзі. Бәрің де Оған қайтудасыңдар”. ("Юнус" сүресі, 56)
Хадис
“Ләззаттарды күл-талқан етуші өлімді көп еске алыңдар”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Өлмей тұрып тәубе етуімді, жан тапсыруымның жеңіл болуын және өлгеннен кейін Өзіңнің кешірімің мен мейіріміңе жолығуымды нәсіп ете гөр”.
Мақал
“Өзекті жанға бір өлім”.

“...Ендеше, оларды жөніне қоя бер! Өздеріне уәде етілген мерзімді күндеріне тап болғанша өздері дендеп бойлаған жалғанның (саз балшығына) батып, ойнап-күліп жүре берсін”. (Мағариж сүресі, 42)
Хадис
“Адам баласының бойында болатын ең жаман қасиет; тым сараңдық пен өте қорқақтық”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бақытсыздыққа жол ашқан күнәларымды кешіре гөр. Нығметтерден құр қалдырған күнәларымды кешір. Дұғаларымның қабыл болуына кедергі болған күнәларымды кешір”. (әзірет Әли (р.а))
Мақал
“Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол”.

“(Кәпірлердің жанын аяусыз жұлқып) суырып алушы періштелерге, (мүміндердің жанын қинамай) байыппен алушы періштелерге”. ("Назиғат" сүресі, 1-2)
Хадис
“Дұға – мүміннің қаруы әрі діннің тірегі һәм аспан мен жердің нұры”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізді ықыласты болған тақуа құлдарыңның қатарынан еткейсің. Тақуалардың имамы (жол бастаушысы) пайғамбарымыз (с.а.с) бен оның сахабаларына салауат айтып, сәлем жолдаймыз”.
Мақал
“Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі, Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі”.

“(Егер Аллаға қарсы келетін болсам), мені Алланың жазасынан ешкім құтқара алмайды, сондай-ақ, Одан басқа пана таппасым да анық”. (Жын сүресі, 22)
Хадис
“Бұл дүниеде жақсылық жолында болған адам ақиретте де жақсылық жолында болады”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Раббым! Қияметте есеп беруге тұрғанымызда мені, ата-анамды және мұсылмандарды қиындықтан құтқара гөр”.
Мақал
“Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая”.

“Алланың көмегі мен (өзге жеңістерге жол ашқан) жеңісі келген кезде, ал, адамдар керуен керуен (топ топ) болып Алланың дініне кіргендерінде Раббыңа мадақ айтып, Оны пәкте және Одан кешірім тіле! Өйткені ол тәубелерді қабыл етуші Таууаб. (Насыр сүресі, 1-2-3)
Хадис
“Константинополь (Ыстамбұл) сөзсіз алынады. Оны ашқан қолбасшы қандай керемет қолбасшы, оны алған әскер қандай керемет әскер”. (Муснәд)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Үмбетті жеңілдіре гөрме, дұшпандарымызды басындырма, бізді жеңіске жеткіз”. (Фатих Султан Мехмед)
Мақал
“Батырдың атын жау шығарады, Шешеннің атын дау шығарады”.

“Алайда, әлемдердің Раббысы Алла қаламайынша сендер ештеңе де қалай алмайсыңдар”. ("Тәкуир" сүресі, 29)
Хадис
“Біле тұра күнә жасауын қоймай әрі кешірім сұрамағандарға қандай өкініш!” (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Менің дене-пішінімді көркем жаратқаныңдай, жан-дүниемді де көркем ете гөр! Менің жүзімді тозақ отынан сақтағайсың”. (Айнаға қарағанда оқылатын дұға)
Мақал
“Арғымақ аттың белгісі аз оттарда көп жусар. Асыл адам белгісі аз сөйлерде көп тыңдар”.

“Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса), жердегі барлық нығметтердің адал, таза әрі денсаулыққа пайдалысынан жеп-ішіңдер. (Кәпір көсемдер мен оларға ергендерді азғырушы) шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол сендерге анық дұшпан”. ("Бақара" сүресі, 168)
Хадис
“Серуенге шығыңдар, денсаулықтарың мықты болады”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббым! Жүрегіме Өзіңді еске алудың ләззатын татқыза гөр әрі Өзіңді еске алуды ұмытудан жүрегімді ояу ұстай гөр”. (Шәйх Ахмед әл-Алауи)
Мақал
“Жақсы дәрі – тілге ащы болғанмен, дертке шипа, Жақсы сөз – құлаққа жайсыз болғанмен, іске шипа”.

“Яһудилер арасында кітап сөзін өзгертіп жібергендер бар. Біз тыңдадық, бірақ бойұсынбадық. Сен бізді тыңда, енді біз саған құлдық салмаймыз”, – дейді олар. Дінді мазақтау үшін“рағна” деген сөзді бұрып сөйлейді. Егер олар бұрмаламай, тыңдадық, бойұсындық, унзурна (дұрыс тыңда) десе, өздері үшін тіпті жақсы болар еді. Бірақ, күпіршілік жасағандары үшін оларды Алла рақымынан қақты. Біразы болмаса, көбі сенімге келмеді” ("Ниса" сүресі, 46-аят).
Хадис
“Күдіксіз, ең керемет сөз – Алла тағаланың кітабы”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Не бұйырсаң да әміріңе құлдық. Бар жақсылық Өзіңнің қолыңда. Жақсылықтар Сенен келеді әрі Саған қайтадан қайтады”.
Мақал
“Шындық – тат баспайтын асыл”.

“(Уа, мүміндер!) Тыйым салынған ауыр күнәлардан бойларыңды аулақ ұстасаңдар, өзге күнә-қателіктеріңді жасырып, кешеміз һәм сендерді сый-құрметке толы керемет мекенге жайғастырамыз”. ("Ниса" сүресі, 31)
Хадис
“Дұғасының қабыл болуы үшін табандылық көрсетіп, көп жалбарғандарды Алла тағала сүйеді”. (Кәнзул Ирфан)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүректерімізді ауытқыта гөрме!” (Али Имран сүресі, 8)
Мақал
“Табанды тауды жығады, Таймаған дауды жығады”.

“Расында, Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық”. (Қамар сүресі, 49)
Хадис
“Өзара тығыз қарым-қатынас жасап, жақсы мәміледе болыңдар һәм бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Өйткені, қарым-қатынас өзара сүйіспеншілікті күшейтеді, ал, сыйлық жүректегі жаман ойларды жоғалтады”. (Кутубу ситтә)
Дұға
“Уа, қалағанын жойып һәм қалағанын бар ететін Алла тағалам! Қалған өмірімізде бізді жамандықтан қорға. Өзіңнің разы болмайтын, ұнатпайтын нәрселерді бізге жеккөрінішті ете гөр, Өзіңнің ұнатқандарыңды жақсы көргіз. Бізге Өзің разы болған істеріңді жасауымызды нәсіп ете гөр”.
Мақал
“Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап көтерер. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірер”.

“Жоқ әлде, күллі аспан әлеміндегі және жердегі жаратылыс атаулының бәрі ерікті һәм еріксіз түрде Аллаға тәсілім болып, бірінен кейін бірі Оған қайтарылып жатқанда, олар Алланың дінінен басқа дін іздеуде ме?!” ("Әли Имран" сүресі, 83)
Хадис
“Мұқтаждықтарыңның бәрін Раббыларыңнан ғана сұраңдар. Тіпті, аяқ киімдеріңнің бауы шешілсе де”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізге тура жол нәсіп ет. Сен жомартсың. Әртүрлі жамандықтардан бізді аман ете гөр. Нәпсімізге мұрсат берме. Бізге кішіпейілділік нәсіп ет!” (Ахмед Муршиди)
Мақал
“Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады, Адамнан сұрағанның екі көзі шығады”.

“Расында, Алла, азабынан қорқып, асылық қылудан қорыққан құлдарымен әрі Раббысының өзін көріп тұрғанын қаперінде ұстап үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге”. (Нахл сүресі, 128)
Хадис
“Қайсыбіріңнің қолдарыңда бір шыбық болса. Егер сол сәтте қиямет басталып кетсе де, мүмкіндігі жетсе оны ексін (яғни, ақиретке қамдансын)”. (Муснәд)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңе қанша шүкір етсем де аз. Өйткені маған берген ризықтарыңа шүкір етуді де нәсіп еткен Өзіңсің”. (Әбу Али Радбари)
Мақал
“Егін өнбесе, қайғысы бір жылдық, Балаң оңбаса, қайғысы ғұмырлық”.