Аят
“Иман еткендер, (керек кезде) Алла жолында хижрет еткендер және (бүлікшілерге қарсы) жан-тәнімен күрескендер, міне, солар Алланың мейірімінен үміт ете алады. Алла (құлдарының күнәлары қаншалықты үлкен болса да тәубеге келгендерінде) өте кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше мейірімді”. ("Бақара" сүресі, 218)
Хадис
“Кімде-кім Алла жолында Алланың атын жаңғырту үшін, (әртүрлі кедергілерге қарамастан) күресіп бақса, жәннат ол адамға уәжіп болады”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңе тәуекел етем, ұлылығыңның алдында басымды иіп, Өзіңнің жолыңда күресем. Уа, Раббым! Бар ықылас-ниетім тек Өзің үшін. Маған жәрдем бере гөр”. (Сұлтан Алпарсланның дұғасы)
Мақал
“Ақ пен қара жарысар, Аққа Құдай болысар”.

“Әр адам өз еңбегінің ғана қарымын алады”. ("Нәжім" сүресі, 39)
Хадис
“Адамдарға тиісінше құрмет көрсетіңдер”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізді Өзіңнен басқаға мұқтаж ете гөрме! Біз Саған ғана мұқтажбыз. Жалғыз Өзіңнің жәрдемің арқылы басқаға мұқтаж болудан құтыламыз”. (Бәкір ибн Абдулла Музени)
Мақал
“Силасқанға не жетеді, Сөйлескеннен нең кетеді”.

“Олар Аллаға һәм ақирет күніне кәміл сенеді һәм (ел-жұртты) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады. Міне, солар ізгі жандардың қатарында”. ("Әли Имран" сүресі, 114)
Хадис
“Жақсылық жасау (әркімнің қолынан келмейді). Тек дінінде берік, жүріс-тұрысы әдепті һәм мінезі көркем болған адамдарға жеңіл келеді”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббым! Менің зұлымдығымды һәм жақсылықты бағалай алмауымды кешіре гөр”. (әзірет Омар (р.а))
Мақал
“Жақсымен сөйлессең, Балға шекер қатқандай. Жаманмен сөйлессең, Итке сүйек атқандай”.

“Түн мен күндізді паналаған барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Ол бәрін естуші һәм бәрін білетін шексіз ілім иесі”. (Әнғам 13)
Хадис
“Кісінің Алладан қорқуы – оның жөн білетіндігін көрсетеді, ал, өзін биік ұстап, мардымсуы – оның білместігін көрсетеді”. (Байһаки)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге Құран аяттарын терең түсінуге қабілет бер әрі зейінімізді ашқайсың!” (Зуннуни Мысри)
Мақал
“Кісі білмегенінің жауы”.

“Алла сендер білмегенді білгендіктен, одан бұрын болатын сендерге жеңісті нәсіп етті”. ("Фәтх" сүресі, 27)
Хадис
“Алла жолында жараланған барлық жара (көрген кез-келген қиындық) – қиямет күні сол қалпы жарасынан қан аққан күйі келеді. Бұл қанның өңі қан болғанымен исі жұпар аңқып тұрады”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізді жеңіске жеткіз! Жүзімізді жарқын қыла гөр. Күпірліктен бізді сақтағайсың!” (Кануни Сұлтан Сулейман)
Мақал
“Бейнет түбі – зейнет”.

“Жер-жаһанда ризығы Алладан келмейтін бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ. Сондай-ақ, Ол (әрбір тіршілік иесі анасының құрсағынан бастап бұл дүниеде) жүріп-тұратын жерін де, өлетін (һәм қойылатын) жерін де нақты біледі. Мұның барлығы айқын Кітапта (Ләухул-Махфузда) жазулы”. ("Һуд" сүресі, 6)
Хадис
“Жәннаттың исі бес жүз жылдық қашықтықтан сезіледі. Ата-анасын ренжіткендер мен туыстарымен ара-қатынасын үзгендер бұл исті сезе алмайды”. (Табарани)
Дұға
“Алла тағала бізді лайым нәпсілерін аштықпен тәрбиелеген, қайғы-мұңнан арылған, жазадан құтылып, сырат көпірінен есен-аман өткендерден етсін”.
Мақал
“Ата-ананың ақылы, Сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы, Сарқылмайтын көлмен тең”.

“Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай”. ("Бақара" сүресі, 185)
Хадис
“Кімде-кім терең иманмен, сауабын Алладан үміт ете отырып, рамазан оразасын ұстаса, өткен күнәлары кешіріледі”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Осы күнгі ұстаған оразамды шынайы ораза ұстағандардың оразасынан болуын нәсіп ет және құлшылығымды шынайы құлшылық еткендердің құлшылығы сияқты қыл”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Үмітсіздік – шайтанның ісі”.

“Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер”. ("Бақара" сүресі, 183)
Хадис
“Ораза – тозақ отынан қалқан. Қайсыбірің ораза ұстаған күні жаман сөз сөйлемесін және ұрыс-керіс шығармасын. Ал егер бір кісі оған соқтықса немесе балағаттаса, «Мен оразамын» деп айтсын”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бұл күннің берекетінен нәсібімді мол қыл; жақсылықтарыңа жету жолымды жеңілдет; жақсы амалдарыңның қабыл болуынан мені құр қалтырма”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ халықты асырар”.

Араларыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын”. ("Бақара" сүресі, 185)
Хадис
“Аузы берік адамның аузынан шыққан иіс Алла тағаланың құзырында хош иісті мисктен де жағымды”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ораза ұстағандар Өзіңнің разылығың үшін ораза ұстады. Құлшылық үшін түнде тұрғандар Өзің үшін тұрды. Уа, Алла тағалам! Өзіңнің разылығыңды көздеп жасаған азын-аулақ құлшылықтарымызды кемшіліктеріне қарамастан қабыл еткейсің”.
Мақал
“Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай, Жақсының сөзі мейір қандырғандай”.

“Таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға (таңның бейне бір ақ жіптей ағарып, қылаң бере бастағанын көргенге) дейін жеп-ішіңдер. Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін оразаны толық ұстаңдар”. ("Бақара" сүресі, 187)
Хадис
“Ораза ұстаған адамның екі үлкен қуанышты сәті бар. Бірі ауыз ашқан уақыты, екіншісі болса, Раббысына қауышқан сәті”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнің разылығың үшін ораза ұстадым. Кемшіліктеріне кешіріммен қарағайсың!”
Мақал
“Ас – адамның арқауы”.

“Ол күні адамдар (дүниеде жасаған тірліктерінің) ақырын көру үшін мазарларынан жеке-жеке топтарға бөлініп шығады”. ("Зілзала" сүресі, 6)
Хадис
“Кімде-кім Аллаға және ақирет күніне иман келтірсе, көршісіне жақсылық жасасын (зәбір көрсетпесін)”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Раббым! Өз кеңшілігіңмен тура жолға салған жүрегімізді қайта адасудан сақта. Жамандықтарды бізден кетіріп, алыстата гөр”. (Мәуләна)
Мақал
“Көрші ақысы – Тәңір ақысы”.

“Егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Расында, Алла (қанша күнә жасаса да тәубесіне келген құлдарына) өте кешірімді, ерекше мейірімді”. ("Нахл" сүресі, 18)
Хадис
“Еркін өмір сүруің үшін қарызыңды азайт”. (Бәйһаки)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Қарызға батудан һәм аштықтан Өзіңе сыйынамын. Расында аштық нендей қиын”.
Мақал
“Қарыз, Қарызды қайтару – парыз”.

“Алладан кешірім тіле. Өйткені Алла өте кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше мейірімді”. ("Ниса" сүресі, 106)
Хадис
“Рамазан айында жәннат есіктері ашылып, жәһаннам есіктері жабылып, шайтандар бұғауланады”. (Нәсәи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңнің разылығың үшін ораза ұстадым, Өзіңе иман еттім, Өзіңе сенім арттым, Өзіңнің ризығыңмен оразамды аштым. Рамазан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Менің өткен және алдымдағы күнәларымды кешіргейсің!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Сөзшең едім деп өсекшіл болма, Ақылды едім деп жетекшіл болма”.

“Иман етіп, (сол иманның арқасында өздерінің һәм өзгелердің жақсылығы үшін) игілікті істер істегендердің құлшылықтары мен дұға-мінәжаттарын қабыл алады. Сөйтіп, Өзінің шексіз шарапатымен олардың сауабын арттырады. Ал кәпірлерге келсек, олар үшін қатты азап бар”. ("Шура" сүресі, 26)
Хадис
“Рамазан айы келгенде, «Жақсылық иелері, жақсылыққа ұмтылыңдар! Жамандық иелері, жамандықтан бас тартыңдар!’ деп айтылады”. (Нәсәи)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Сенің құлдарыңа деген махаббатың мен сүйіспеншілігің болмаса әрі Сені еске алуымыз болмаса бұ дүниенің қызығы болмайды, Жүректердің хошы келмейді. Бізді қисапсыз ризықтарыңа бөлегейсің!” (Имам Зәйнул Абидин)
Мақал
“Жақсыны жақтай жүр, Жаманды жасқай жүр”.

“Егер олар тиісінше иман келтіріп, Аллаға шын жүректен тағзым етіп, (сиқыр сынды) харам нәрселерден бойларын аулақ ұстағанда ғой (әлі де болса солай істесе ғой)! Онда Алланың оларға берер сауабы бәрінен де қайырлы болар еді. Әттең, олар соны білсе ғой!” ("Бақара" сүресі, 103)
Хадис
“Әрбір нәрсенің бір есігі бар. Құлшылықтың есігі – ораза”. (Китабу әз-Зуһд)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Біз тек Сағана ғана құлшылық етіп, Сен үшін намаз оқып, Сағана сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, Сенің ризалығыңа жету үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз”.
Мақал
“Тек жүргенше тегін істе”.

“Шүбәсіз, жердегі және көктегі бірде-бір нәрсе Алладан жасырын қала алмайды”. ("Әли Имран" сүресі, 5)
Хадис
“«Аллаға иман еттім» деп айт. Сосын тұп-тура болғын”. (Муслим)
Дұға
“Уа, жәрдем сұрағандардың жәрдемшісі! Бізді тура жолға сала гөр. Дұғада һәм құлшылықта Өзіңе лайық болмаған сөздерді білместікпен айтып, қателік жасасақ, ол сөздерімізді Өзің дұрыстай гөр әрі дұғамызды қабыл ет”. (Мәулана)
Мақал
“Тура биде туған жоқ, Туғанда биде иман жоқ”.

“Әрдайым тәубе етіп, күнәларынан арылушыларды, Аллаға жан-тәнімен құлшылық етушілерді, Раббыларына мадақ айтып, шүкіршілік етушілерді, Алла жолында сапар шегушілерді, Алланың алдында иіліп рукуғ етушілерді, Аллаға сәжде етушілерді, елге жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыиюшыларды және Алланың белгілеген үкімдеріне толық бағынатындар бар ғой, (уа, Мұхаммед), міне, сондай шынайы мүміндерді сүйіншіле!” ("Тәубе" сүресі, 112)
Хадис
“Тазалық – иманның жартысы”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге күнәлардан тазартатын терең тәубе нәсіп ет. Сол арқылы Өзіңе жақын болған пенделеріңнің дәрежесіне жеткізе гөр. Барлық ризықтардың һәм жақсылардың иесі Сенсің”. (Омар ибн Зәрр)
Мақал
“Бетің былғанса, су тазалайды, Арың былғанса, не тазалайды”.

“Аллаға һәм расулына бағыныңдар. Сонда (екі дүниеде де) мейірімге бөленесіңдер”. ("Әли Имран" сүресі, 132)
Хадис
“Қайсыбірің мешітке кірер болсаңдар, екі рәкәт намаз (тәхиәтуль мәсжид) оқымай отырмаңдар”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Дұшпандарыңның өшпенділігін арттырғаныңдай Өзіңе деген тақуалығымызды арттырғайсың. Өзіңе сәжде қылатын жүзімізді тозақ отынан сақта”. (Абдулағла Куреши)
Мақал
“Басы ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңірменен ісі жоқ”.

“Сондай-ақ, адамдар арасында Алла разылығына бөлену үшін шыбын жанын қиятындар да бар. Алла құлдарына өте жанашыр, мейірбан”. ("Бақара" сүресі, 207)
Хадис
“Амалдардың ең ардақтысы – Алла үшін сүйіп, Алла үшін жақсы көре білуі”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ұлы есіміңді, хақ сөзіңді һәм ұлық дінің Исламды дүниенің төрт тарапына жайғайсың! Біздің және дүниедегі барлық құлдарыңның жүректеріне иман сыйла һәм аңсарымызды Исламға, Құранға һәм жақсылыққа аша гөр”.
Мақал
“Сүйген іс сүйкімді”.

“Сонда Алла былай дейді: «Бұл күн турашылдардың шын сөзі өздерінің пайдасына жарайтын ұлы күн. Олар үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшалары бар. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, бақытты ғұмыр кешеді. Алла олардан разы, олар да Аллаға дән риза. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс міне, осы»”. ("Мәида" 119)
Хадис
“Кісінің парыз намазынан басқа ең қайырлы намазы үйінде оқыған намазы”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ісімнің соңы қайырлы амалмен бітуін сұраймын. Уа, Раббым! Өзіңнің разылығыңа жетуді һәм жәннатыңның биік дәрежелерін сұраймын”. (әзірет Әбу Бәкір (р.а))
Мақал
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын”.