Аят
“Сонда олар Алланың құлдарының шынайы тәубесін һәм шын көңілмен берген зекет-садақаларын қабыл алатынын және Алланың шынымен Тәууаб (яғни, құлдарының тәубесін қабыл етіп қана қоймай, оларды шынайы тәубелері үшін мол сауапқа бөлеуші) һәм (тәубе етіп, Өзіне біржолата бет бұрған мүмін құлдарына) ерекше мейірімді екенін білмейді ме?”. ("Тәубе" сүресі, 104)
Хадис
“Мейірім көрсетпегенге мейірім көрсетілмейді”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңе жалбарынып сұраймын. Өлімімді, есебімді жеңіл қылып, жәннатыңа кіргізе гөр. Шексіз рақымыңнан үміттімін уа, Раббым!” (Мухаммед Бакыр)
Мақал
“Рахымы жоқ адамнан, Рахымы бар ит жақсы”.

“Ендеше, Рабыңның кемшілік, мұқтаждық атаулыдан пәк әрі мінсіз екенін айтып жар сал әрі Оған мақтау айт! Әрдайым сәжде етушілердің қатарынан табыл” (Хижр сүресі, 98).
Хадис
“Алла тағала түпкі ниеті ақиретті көксегенге дүниені береді. Алайда, түпкі ниеті тек дүние болғандарға ақирет бақытын бермейді”. (Ибн Мубарак)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнен басқа ешкім бір нәрсе сұрауға лайық емес. Сен бізге жақсылықтарыңды үзе гөрме!” (Ибн Атауллаһ әл-Ескендір)
Мақал
“Дүниеқор – дүниенің құлы, Әркім – сүйгеннің құлы”.

“Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің”. ("Фуссилат" сүресі, 34)
Хадис
“Садақаның абзалы – кедейлерге берілген жасырын садақа”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Бізге кеңшілігің мен жомарттығың арқылы өзіңді таныттың. Өз кеңшілігіңмен ризықтарыңды үйіп-төктің. Бізді Өзіңнің жәннатыңа шақырдың. Өзіңді көп еске алғандарға, әмірлеріңді орындағандарға есепсіз ризықтар дайындадың. Уа, Раббымыз, Сен қандай ұлысың!” (Абдуллазиз Дирини)
Мақал
“Жақсылық бөліссе, көбейеді, Жамандық бөліссе, азаяды”.

“Олар Құранға терең ой жүгіртіп, оны лайықты түрде түсінуге тырыспай ма? Егер ол Алладан басқа біреуден келгенде, онда олар міндетті түрде оның ішінен талай қайшылықтар табар еді”. ("Ниса" сүресі, 82)
Хадис
“Құран оқыңдар. Себебі, Ол қиямет күні өзін көп оқушыларға шапағатшы болады”. (Муслим)
Дұға
“Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз! Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар? Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық қыл”. (Укалаул-Мәжаниннен)
Мақал
“Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға”.

“Шығыстың да, батыстың да иесі бір Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да, Аллаға бет бұрған боласыңдар. Шүбәсіз, (күллі жаратылысты мейіріміне бөлеген) Алла өте кең, бәрін білетін шексіз ілім иесі”. ("Бақара" сүресі, 115)
Хадис
“Қайғы-мұңдарыңды садақа беру арқылы басыңдар. Алла тағала дұшпандарыңа қарсы сендерге жәрдем беріп, қайғы-мұңнан арылтқанға дейін”. (Дәйләми)
Дұға
“Уа, Раббым! Мұсылмандарға жәрдеміңді бере гөр. Күнәларымызға қарамастан тілектерімізді қабыл еткейсің!”
Мақал
“Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат”.

“Сол күні дүниеде істелген істердің барлығының таразыға тартылары хақ. Сонда кімнің таразыдағы сауапты істері ауыр басса, міне, солар азаптан құтылып, мақсат-мұраттарына жеткендер” ("Ағраф" сүресі, 8).
Хадис
“Сондай бір дәуір туғанда, адам баласы тапқанының адал-арамдығына көңіл бөлмейтін болады”.
Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізге сүннет жолын ұстануды нәсіп ете гөр”.
Мақал
“Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді”.

“Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің иелігі мен бар билігі бір Аллаға тиесілі. Жан бітіріп өмір сыйлайтын да, өмірді қиятын да бір Өзі. Сендердің Алладан басқа бірде-бір қамқоршы иелерің де, қолұшын беретін медеткерлерің де жоқ”. ("Тәубе" сүресі, 116)
Хадис
“Барлық қателіктің басы – дүниеге деген құштарлық. Бір нәрсеге құмартуың сені соқыр һәм саңырау қылады”. (Резин)
Дұға
“Уа, Раббым! Қажеттіліктерімді тек Өзіңнен сұраймын. Дұғаларымның орындалуын Өзіңнен күтем. Жақсылықты жалғыз Өзіңнен сұраймын. Сенің рақымыңнан үмітімді үзбеймін”. (Зуннуни Мысри)
Мақал
“Жалғанға жалқау сенеді, не аңқау сенеді”.

“Басқа келген әр жамандық Алланың рұқсатымен ғана болады. Кімде-кім Аллаға шын көңілден иман етсе, Алла оның жүрегін ақиқатқа және дұрыс бағытқа бұрады. Алла барлық нәрсені біледі”. ("Тағабун" сүресі, 11)
Хадис
“Бір науқастың жанына бара қалсаңдар, оның сендерге дұға етуін сұраңдар. Өйткені, оның дұғасы періштелердің дұғасы сияқты”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Менің күнә-қателіктерімді кешіріп, ауруларыма шипаңды бер. Уа, барлық нәрсеге құдіреті жететін һәм бүкіл нұқсандықтардан пәк болған Раббымыз!” (Убәйс әл-Қарани (р.а))
Мақал
“Баталы құл – арымас, Батасыз құл – жарымас”.

Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол шәк-шүбәсіз бәрін естуші, бәрін де көруші”. ("Исра" сүресі, 1)
Хадис
“Араларыңдағы мәртебесі жоғары болғандарың оны көргенде Алланы еске түсіретіндері”. (Хаким)
Дұға
“Уа, Раббым! Пайғамбарымыз (с.а.с) Сенен қандай жақсылықтарды сұраған болса, біз де соны сұраймыз. Ал, қандай жамандықтардан пана тілеген болса, біз де соны сұраймыз
Мақал
“Жақсыны халық мақтар, Жаманды халық даттар”.

“Алла – Халиқ (бәрін жоқтан жаратқан жалғыз Жаратушы), Бәри (жаратуда ешкіммен ортақтас та, серіктес те болмайтын мінсіз Жаратушы), Мусаууир (әр жаратылысқа өзіне сай әрі жарасымды кескін-келбет беріп, бейнелеуші). Ең көркем есімдер бір Өзіне ғана тән. Күллі аспан әлеміндегі мен жердегінің бәрі Оған: «(Сен – мінсізсің. Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен теңдессіз сипаттар бір Өзіңе ғана тән – деп), үнемі мадақ жаудырады! Ол – Азиз (ұлылық пен үстемдік иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген хикметтер болған асқан дана)”. (Хашыр сүресі, 24)
Хадис
“Дұғалардан кейін «әмин» деу – әлемдердің Раббысы болған Алланың мүмин құлдарының тілдеріндегі таңбасы”. (Ибни Атий)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге пайдалы білім бер һәм оны іске асыруда шынайы ықылас нәсіп ет”. (Абдулкадири Гайлани)
Мақал
“Текті сөзге темір қақпа да ашылады”.

“Ол – Ғафур (кешірімі мол), Уәдууд (құлдарын жақсы көруші және құлдары тарапынан да аса сүйкімді)”. (Буруж сүресі, 14)
Хадис
“Күдіксіз, Алла тағала Шағбанның он бесінші түнінде дүние аспанына рақымы түседі. Әрі Бәни Қалб қауымының қойларының қылдарының санындай адамдарды кешіреді”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Мен Өзіңе әрдайым мұқтажбын. Ал, Сенің маған еш мұқтаждығың жоқ. Жаратушы Ием, мені кешіргейсің”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Тәңір асыраған тоқтыны бөрі жемейді”.

“Ол – күллі аспан әлемі мен жерді жоқтан бар еткен шебер Жаратушы. Ол бір нәрсе қаласа, тек қана: «Бол!» – дейді, (сонда ол бірден) бола қалады”. ("Бақара" сүресі, 117)
Хадис
“Алла тағала өз ісінің шебері болған құлын сүйеді.” (Табарани)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Үндемегенімде жаратылысқа ой жүгірту, назар салуым әр нәрседен ғибрат алу һәм сөйлеуім Өзіңді еске алу болуын нәсіп ете гөр”. (Талха ибн Мусарриф)
Мақал
“Шебердің қолы көпке ортақ”.

“Иман етіп, игілікті істер істеген, намазды кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы оқыған және зекетті толық бергендердің Раббыларының дәргейінде алар сауабы (сыйы) бар. Һәм олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ және көңілдері әсте ортаймайды”. ("Бақара" сүресі, 277)
Хадис
“Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға ең көп пайдасы тигені”. (Дарақутни)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Тұрмысымды жақсартып, күнәмізді кешіргейсің. Расында, Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді”.
Мақал
“Пайдасыз баланы қарағым деме, Өтпес қылышты жарағым деме”.

“Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін (Алланың шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін) ғибратқа толы талай айқын белгілер (дәлелдер) бар”. ("Әли Имран" сүресі, 190)
Хадис
“Алла тағала құлдарының ескі жолдастықты жалғастыруларын, яғни өзара адал болуларын жақсы көреді. Олай болса, оны жалғастырыңдар”. (Дәйләми)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Иманымызды күшейт, денімізге саулық, көңілдерімізге мейірім, дүниеде аманшылық, ақиретте құтылуды нәсіп етіп ет. Және де ауыруларға шипа, дерттілерге дауа, қарызданғандарға құтылуларына жәрдем бергейсің”. (Хатым дұғасынан)
Мақал
“Тауды биік демеңдер, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты демеңдер, Жарақтансаң жығарсың”.

“Өйткені, Алланың алдында жер басып жүрген тіршілік иелерінің ең жаманы – (уахи арқылы келген ақиқаттарды) ақылға салып, ойланбайтын керең-мылқаулар” (Әнфәл сүресі, 22).
Хадис
“Құлым Мен туралы қандай ойда болса, оған ойлағаны лайық мәміледе боламын”.
Дұға
“Алла тағалам біздің кәміл адам болуымызды нәсіп етсін!” (Мухаммет Лутфи).
Мақал
“Жақсы кісі қартайса да, ақылынан азбас, Жақсы ат қартайса да, жүрісінен танбас”.

“Ол – Алла! Одан басқа тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған ғана тән”. (Таһа сүресі, 8)
Хадис
“Кешірімді болу мен кішіпейілділік һәм жұмсақтықтан нәсібі болмағанның көркемдіктен әрі жақсылықтан да нәсібі болмайды”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Жаратушы Иеміз! Бізге жұмсақтық һәм кешірімділік нәсіп ет. Біздің мұсылман қалпымызда жан тапсыруымызды нәсіп ете гөр”.
Мақал
“Үлкенге – құрмет, Кішіге – ізет”.

“Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін. Расында, тәкаппарлыққа салынып, Маған құлшылық қылуды бойларына шақ көрмейтіндер әбден қор болған күйде жаһаннамға кіреді», – деп айтады»”. ("Ғафыр" сүресі, 60)
Хадис
“Тәубе деген жақсы нәрсе. Алайда, ол жастарда болса тіпті жақсы”. (Дәуләми)
Дұға
“Уа, ең көзге ілгісіз жаратылыстардың жасырын тілектерін һәм жалбарынуларын білетін һәм еститін әрі жауап беретін Ұлы Раббымыз! Сен қандай да бір әлсіздіктен пәксің һәм ұзақсың. Сенен өзге құдай жоқ. Бізді тозақ отынан құтқар”.
Мақал
“Су да төмен қарай ағады, Кішіпейілділік адамға жағады”.

“(Уа, құлдарым!) Бастарыңа алапат азап келмей тұрып, жан-тәндеріңмен Раббыларыңа бет бұрыңдар және Оған толық мойынсұныңдар! Әйтпесе, (ешкімнен) ешқандай жәрдем ала алмайсыңдар!” ("Зүмәр" сүресі, 54)
Хадис
“Дүниеде адамды абыржытып, жүзін қарайтқан ауру-сырқау қиыншылықтар (сынақтар) қиямет күнінде иесінің жүзін ақ қылады”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізге ризықтарыңды арттыруыңды сұраймын. Өзіңе мойынсұнған құлдардан болуымызға жеткіз, терең шүкір нәсіп ет”. (Омар ибн Зәрр)
Мақал
“Қайғыны қайратты жеңеді”.

“Егер Рахман сендерге ризық-несібе беруді мүлдем тоқтатса, өздеріңе Одан басқа ризық-несібе беретін кім бар?! Анығында, олар қасарысып ақиқатқа мойынсұнбауда һәм оны жек көруде”. ("Мүлік" сүресі, 21)
Хадис
“Нанды қастерлеңдер. Өйткені, Алла тағала қастерлі еткен. Кім нанды қастерлесе – Алла да мейірім көрсетеді”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббымыз, бізді күпірлік қылғандармен сынай көрме (яғни кәпірлерді бізден үстем қылып, бізді олардың қас-қабағына қаратып, қиын жағдайға душар ете гөрме)! Бізді кешіре гөр! Күмәнсіз, Сен Азизсің (бәрінен үстем әрі ұлысың), Хакимсің (әр ісің мен әрбір үкімің хикметтерге толы болған асқан даналық иесісің”. (Мумтәхинә сүресі, 5)
Мақал
“Нан – ас атасы Ынтымақ – көптің батасы”.

“кімде-кім (Алланың өзі берген мал-дүниеден Оның жолында) жұмсап, тақуалық етсе (Алланың бұйрықтарын орындап, харамнан, күнә атаулыдан аулақ жүрсе), сондай-ақ (сенімнің, іс-әрекет пен сөздердің ) ең жақсысын шын жүрегімен растаса, Біз де олар үшін мәңгілік бақытқа жеткізетін (пейішке жетелейтін) жолды жеңілдетеміз”. (Ләйл сүресі, 5-6-7)
Хадис
“Бақытты адам анасының құрсағында бақытты, бақытсыз адам да анасының құрсағында бақытсыз”
Дұға
“Табиғаттың дүлей күшінің қолына түскен ақсақ торғай сияқты, нәпсімнің қолына түстім. Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңе қауыштыратын тура жол көрсете гөр”. (Фәридуддин Аттар)
Мақал
“Жақсылық қыл, міндет қылма”.