Әр күніңді әсемде
2.56K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс атаулының бәрі бір Аллаға тиесілі. Ол қалағанын жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Алайда, Алла (құлдары қанша жерден күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді, (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. (Әли Имран сүресі, 129)

Хадис
“Жарты құрмамен болса да (садақа етумен) өздеріңді тозақ отынан сақтандырыңдар”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Құлың өзіңнен басқа кімге қол жайсын! Дұға да өзіңнен, оны қабылдау да өзіңнен. Әуелі көңілімізді дұғаға бұрасың, содан кейін дұғаларымызға жауап бересің, мейірімің неткен кең”. (Мәуләна)

Мақал
“Жолдас болма қуға, Басың қалар дауға”.
Аят
“Ол жер бетін сендерге бесік қылды және онда жол тауып емін-еркін жүріп-тұруларың үшін жолдар мен өткелдер ашты”. (Зухруф сүресі, 10)

Хадис
“Жәннәттағы инедей жер күннің шығып-батқан барлық жерінен де қайырлы”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен жақсырақ білесің. Өзіңе алып баратын ізгі істерді маған нәсіп қыла гөр”. (Маруфи Кәрһи)

Мақал
“Жақсылық қыл, міндет қылма”.
Аят
“Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер істесе, Біз оған міндетті түрде пәк әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ, оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін ескере отырып сөзсіз сый-сияпатқа бөлейміз”. (Нахл сүресі, 97)

Хадис
“Дүниедегі ең қайырлы болмыс – ізгі әйел”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Уа, Тәңірім! Бізге әзірет Мәриямның арлылығын мен әзірет Әсияның батылдығын бере гөр. әзірет Хадишаның мейірімі мен әзірет Айшаның білімін және де әзірет Фатиманың иманын бере гөр деп тілейміз”. (Н. Хилал)

Мақал
“Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді, Жаман әйел ерінің басын көрге сүйрейді”.
Аят
“Алайда иман келтіріп, ізгі істерді атқарған шын мүминдер бүкіл жаратылыстардың ең жақсылары (һәм артықтары)”. (Бәийнә, 7)

Хадис
“Қиямет күні таразға алғаш тартылатын нәрсе көркем мінез-құлық”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені, ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр”. (Мансур ибн Аммар)

Мақал
“Сіз-біз деген жылы сөз, Тірліктің ғаниметі”.
Аят
“Аспан қалай биіктетіліп (тіреусіз) тұрғызылған? Таулар қазықтай қағылып, жерді қалай ұстап тұр? Жер қалай төселіп өмірге лайықты етілген?”. (Ғашия сүресі, 18-19-20)

Хадис
“Алла тағаланы еске алмастан көп сөйлеу жүрекке мұң ұялатады”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнен һидаят болмаса менің халім нешік?” (Әбу Хамид)

Мақал
“Жақсы адам езуінен енші береді”.
Аят
“Ол күні адамдар жан-жаққа бытыраған күйе көбелек (пәруана) іспеттес”. (Қариға сүресі, 4)

Хадис
“Кісі қандай хәлде жан тапсырса, қиямет күні дәл солай тіріледі”. (Муслим)

Дұға
“Уа Раббым! Күндердің күнінде Өзіңнен басқа ешкім қалмайтын бір сәт келеді. Сол кезде маған достық көмек көрсеткейсің. Ең жақын достарым менен теріс айналғанда, маған Өзің қол ұшын бер, Игілігің мен жақсылығыңа ие болайын”. (Низамул-Мулк)

Мақал
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын”.
Аят
“Шын мәнінде мүміндер туыс” (Хужурат сүресі, 10-аят).

Хадис
“Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған ешқашан зұлымдық жасамайды әрі оны қиын-қыстау кезде тастамайды”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені, ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр”. (Мансур ибн Аммар)

Мақал
“Тамақты жамандаған – қарынның тоқтығы, Туысты жамандаған – ақылдың жоқтығы”.
Аят
“Жерді (бейне бір жуас малдай) сендерге көнбіс етіп бағындырып қойған да бір Өзі. Ендеше, оның төсінде емін-еркін жүріп-тұрыңдар һәм Алланың өздеріңе нәсіп еткен ризығынан жеңдер, игіліктеріңе жаратыңдар. Алайда, естеріңде болсын, ақыр соңында бәрің де Оның алдына барасыңдар”. (Мүлік сүресі, 15)

Хадис
“Игі іске себепші болған адам оны жасағандай сауапқа кенеледі”. (Тирмизи)

Дұға
“Басыма келген жаманшылақтан Өзіңе сыйынамын уа, Жаратушы Ием! Мені құлдарыңа теріс үлгі болып қалудан сақта”. (Мутарриф ибн Абдулла)

Мақал
“Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл, Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.”
Аят
“«(Осы күнге дейін) істеген күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін күнәларыңа өкінген бойда Оған жан-тәндеріңмен бет бұрыңдар. Расында, Раббым (әсіресе, Өзіне жан-тәнімен ниет қойып, бет бұрған құлдарына) өте мейірімді, оларға деген махаббаты шексіз», – деді”. ("Һуд" сүресі, 90)

Хадис
“Алла тағаланың ұнатпаған ісін жасап қойсаң, артынша оны жоятын бір жақсылық жасап жібер”. (Муснәд)

Дұға
“Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін” (Әнбия сүресі, 87-аят).

Мақал
“Қателік – қателік емес, оны түзетпеу қателік”.
Аят
“Кеудедегі жанды алып, өлтіретін де, жан бітіріп, өмір сыйлайтын да – Өзі (Алла тағала)”. (Нәжім сүресі, 44)

Хадис
“Кісінің пешенесіне жазылған нәрсе міндетті түрде орындалады”. (Кутуби-Ситтә)

Дұға
“Уа, Аллам! Адамның күнде басына келетін барлық жағдайлары Сенің қалауың және жаратуыңмен болады. Сондықтан қалауларымызды Өз қалауыңа сәйкес қыл”.

Мақал
“Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі”.
Аят
“Алла жолында өлтірілгендерді өлі демеңдер. Керісінше, олар тірі, бірақ, сендер оны сезбейсіңдер”. (Бақара сүресі, 154)

Хадис
“Шәһиттер Алла тағаланың құзырында көрген сый-құрметтен кейін дүниеге қайта қайтуды және он қайтара өлтіріліп, шәһид болуды қалайды”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Раббым! Өмірімнің соңын қайырлы қыл, ісімнің соңын да қайырлы қыл һәм Өзіңмен қауышуды нәсіп ет”.

Мақал
“Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді”.
Аят
“(Уа, Мұхаммед!): Біз сені күллі әлемге (күллі жаратылысқа) теңдесі жоқ рақым ретінде ғана жібердік”. (Әнбие сүресі, 107)

Хадис
“Сендердің қайсыбірің мені өзінен де, әкесінен де, баласынан да және бүкіл адамдардан артық жақсы көрмейінше шынайы иман келтірген болып саналмайды”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Жаратқан Ием, Сен мәңгі тірісің, ал мен болсам өлімін. Өліге тіріден басқа кім мейірім көрсете алады? Сен шексізсің, ал мен шектеулімін. Шектеуліге шексізден басқа кім мейірім көрсете алады”. (әзірет Әли (р.а))

Мақал
“Мейірімділік жүректен, Мейірімсіздік білектен”.
Аят
“Алла жерді сендер үшін кеңінен жайылған төсеніш етті. Жер бетінде (таулар мен алқаптар арасында) даңғыл жолдармен емін-еркін жүріп-тұрарсыңдар деп, (жерді кең-байтақ етіп жаратты)”. (Нух сүресі, 19-20)

Хадис
“Дүние – мүміннің зынданы, ал кәпірдің жәннаты”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Жаратушы Жаппар Ием! Тұрмысымызды жақсартып, ондағы күнә-қателіктерімізді кешіргейсің. Сен барлықл нәрсеге құдіреттісің”.

Мақал
“Жақсылық жер мен көктің арасында, Жамандық қас пен көздің арасында”.
Аят
“Жалын атқан жаһаннам оты қызған үстіне қызған кезде... Сондай-ақ жәннат (тақуа жандардың кіруі үшін) жақындатылған кезде... Міне, сонда әрбір жан өзі үшін не дайындағанын анық білетін болады”. (Тәкуир сүресі, 12-13-14)

Хадис
“Өтірік жамандыққа апарады. Ал, жамандық болса тозаққа апарады”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Күнәларымнан бас тартып, Өзіңе қауышам. Өзіңе тәубе етем. Мен оларға қайта оралмаймын. Алла тағалам,Сенің жәрдемің мен кешірімің менім күнәларыма қарағанда әлдеқайда көп әрі Сенің шексіз мейірімің менім құлшылығыма қарағанда сарқылмас үміт бастауы”. (Тәубе намазының дұғасы)

Мақал
“Өтірік өрге бастырмас”.
Аят
“Әй, адам! Сенің бар күшіңді жұмсап, тырбанауың түптің түбінде Раббыңның құзырында аяқталады. Ақыр соңында Онымен қауышасың”. (Иншиқақ сүресі, 6)

Хадис
“Күллі адам баласы әзірет Адамның (а.с.) ұрпағы. Ал, Адам болса топырақтан жаратылған”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, кемшіліктерімізді жасырған Ұлы Раббымыз! Саған бас иіп, Сенен ғана жәрдем тілейміз! Жүректерімізді әртүрлі ластықтардан тазалау Сенің ғана қолыңнан келеді. Мен тәубе еттім, күнәларымды кешіргейсің!” (Азиз Махмуд Худайы)

Мақал
“Адам болатын бала алысқа қарайды”.
Аят
“Күллі аспан әлемі мен жерде (Құрандағы ақиқаттарға айғақ болатын) қаншама дәлелдер бар! Алайда, олар сол дәлелдердің ортасында жүрсе де, бейқамдық танытып, олардан сырт айналуда (яғни, оларға зер салып қарамауда, мүлдем мән бермеуде)”. (Юсуф, 105)

Хадис
“Күнәларыңды азайт, сонда ғана өлім саған жеңіл болады”. (Байһаки)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Дүние-мүлік пен бала-шағаның ешқайсысы пайда бермейтін, тек таза жүректі жан құтылатын күні Өзіңнен есен-амандық тілеймін. Иман етпегендер «әттеген-ай, мен де Алла елшісінің жолын ұстансамшы» деп бармақ тістейтін күні Өзіңнен кеңшілік сұраймын”. (әзірет Әли (р.а))

Мақал
“Атың барда кезіп жүріп жер таны, Асың барда беріп жүріп ел таны”.
Аят
“Жаратқан білмей ме?! Ол – Латиф (ешкім көре де, сезе де алмайтын нәрселерді көріп, сезе алушы, шексіз ілімімен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы)”. (Мүлік сүресі, 14)

Хадис
“Сәлем беру сөйлесуден бұрын болады”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Кемшіліктерімді жасыр әрі мені қауіп-қатерден аман сақта!” (Дұғалар жинағынан).

Мақал
“Сәлем – сөздің анасы”.
Аят
“Әлбетте, сен үшін істің (мәңгілікке ұласып кететін) соңғысы басынан (ал ақирет жұрты дүние тіршілігінен) әлдеқайда қайырлы”.(Духа сүресі, 4)

Хадис
“Нағыз құлшылық – қиыншылыққа сабырмен төзу”. (Байһаки)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Көздер ұйқыға кетті, жұлдыздар жарқырап шықты. Алайда, Сен мәңгі Тірісің, ұйықтамайсың. Маған Өзің тура жол бергейсің”. (Муаз ибн Жәбәл)

Мақал
“Сабыр түбі – сары алтын”.
Аят
“Ол сендер үшін жерді төсеніш, көкті күмбез етті. Көктен жаңбыр жаудыру арқылы сендерге ризық етіп жерден алуан түрлі өнім шығарды. Мұның бәрін біле тұра, Аллаға өзгелерді тең көріп, серік етіп қоспаңдар”. (Бақара сүресі, 22)

Хадис
“Анығында әрбірің анасының құрсағында қырық күн жиналады. Тағы бір қырық күнде үйыған қан болады. Сосын тағы бір қырық күнде кесек етке айналады. Содан кейін Алла тағала:ол кісінің ризығын, ажалын, бақытты және бақытсыздығын періштеге жаздырады. Сосын ол періштені төрт істің тағдырымен жібереді...”

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнен әр нәрседе ризықтың кәмілін сұраймын. Өзіңнің тарапыңнан разы етілуді әрі разы етілгеннен кейін сол үшін Өзіңе шүкір етуімді нәсіп ет деп Сенен сұраймын. Уа, Жомарттық Иесі! Нәтижесі жақсылық болған әр нәрсенің ауырын емес, жеңілін сұраймын”. (әзірет Әбу Бәкір (р.а))

Мақал
“Құдай деген құр қалмас”.