Әр күніңді әсемде
2.59K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Аспан қақ айырылғанда, таулар күл болып ұшқанда, сондай-ақ елші пайғамбарлар үшін (үмбеттеріне куәлік ететін) уақыт белгіленгенде,”. (Мурсалат сүресі, 9-10-11)

Хадис
“Алланың бір құлға кедейлік немесе ауру бергенін көргенде, Алла тағаланың оны күнәларынан тазартуды қалағаны деп біліңдер”. (Дәйләми)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Жәһаннам азабының бетін бізден ары қылғайсың! Өйткені, оның азабы шеті-шегі жоқ жантөзгісіз азап. Расында, жәһаннам – неткен жаман жай, неткен жаман тұрақ еді!” (Фурқан: 65-66)

Мақал
“Ауруда шаншу жаман, Сөзде қаңқу жаман”.
Аят
“Содан олар оны азын-аулақ тиын-тебенге сатып жіберді. Олар одан тезірек құтылу үшін оны тым төмен бағалаған еді”. (Юсуф сүресі, 20)

Хадис
“Ешқайсысың ешбір адамның алдында мақтанбасын һәм ешкімге қиянат жасамасын”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені бейқамдықтан, селқостықтан сақтай гөр”. (әзірет Омар (р.а))

Мақал
“Мақтаншақтық өтірік айтқызады, Өтірік көңіл қайтқызады”.
Аят
“Алла тағала көкірек сарайын Исламға айқара ашқан, сөйтіп, Раббысынан келген нұрға бөленіп, тура жолға түскен жан (жүрегі тастай болып қатып қалған кісімен тең бе?). Ендеше, Алланы еске алуға келгенде, жүректері тастай болып қатып қалған бейбақтар қараң болсын! Олар анық адасуда”. ("Зумәр" сүресі, 22)

Хадис
“Ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Раббым! Иманымды, білімімді, түсінік-пайымымды һәм білімімді арттыр”. (Абдулла ибн Масғуд (р.а))

Мақал
“Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар”.
Аят
“Күлдіретін де, жылататын да – Өзі”. ("Нәжім" сүресі, 43)

Хадис
“Қарқылдап күлу – шайтаннан. Ал, күлімсіреу болса – Рахманнан”. (Кәнзул Ирфан)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге ақиқатты ақиқат ретінде көрсетіп әрі соған еруді нәсіп ете гөр. Жалғандықты жалған етіп көрсетіп әрі одан алыстауды нәсіп еткейсің”.

Мақал
“Тіріде сыйласпаған, Өліде жыласпайды”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Өздеріңді һәм отбасыларыңды (имандылыққа, адамгершілікке баулу арқылы) отыны адамдар мен тастардан тұратын алапат оттан қорғаңдар! Оның басында қорқынышты, аяуды білмейтін тым қатал жауапты періштелер болады. Олар әсте Алланың әміріне қарсы келмейді және өздеріне берілген бұйрықты бұлжытпай орындайды”. (Тәхрим сүресі, 6)

Хадис
“Арабтың араб еместен, араб еместің арабқа, қараның қызылға, қызылдың қараға (Құдайға деген) тақуалық жағынан басқа ешқандай үстемдігі жоқ”. (Муснәд)

Дұға
“Уа, Раббым! Біздерге рақым еткейсің. Бізге өмірімізді нұрға бөлеп, көріктендіре түсетін Өзіңнің тура жолыңды нәсіп еткейсің!” (Шәйх Ахмед әл-Алауи)

Мақал
“Алыстағы жаудың дүбірінен қорықпа, Қасыңдағы жаудың күбірінен қорық”.
Аят
“(Уа, Мұхаммед), оларға былай де: «Сендерді көркем бейнеде жаратқан әрі сендерге есту қабілетін, көзді және (жүрек түкпіріндегі) рухани сезімдерді берген де бір Алла. Соған қарамастан сендер өте аз шүкір етесіңдер!»”. ("Мүлік" сүресі, 23)

Хадис
“Абай болыңдар! Денеде бір кесек ет бар. Егер ол дұрыс болса, барлық дене дұрыс болады. Ал, егер ол бұзылса, барлық денесі бұзылады. Расында, ол – жүрек!” (Бұхари)

Дұға
“Уа, кешірімі шексіз Раббым! Өзіңнен жалынып-жалбарынып сұраймын, бізді кешір!” (Абдулқадир Гәйлани)

Мақал
“Жүрек нені ойласа, тіл соны сөйлейді”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер һәм Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар. Оған жақындай түсудің жолын (себебін) іздеңдер һәм Оның жолында аянбай күресіңдер сонда (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер”. ("Мәида" сүресі, 35)

Хадис
“Мына екі әлсіздің ақысы тұрғысынан Алладан қорқыңдар! Олар – әйелдер мен жетім балалар”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Ұлы Жаратушы Ием! Біз өзімізге қиянат жасап қойдық. Нәпсіміздің жаманшылығының қоршауында қалдық. Уайымсыз салғырттық теңізі жүректерімізді толтырды. Бідің осы жағдайымызды ең жақсы білетін Өзіңсің. Бізді құтқар”. (Абдуллазиз Дирини)

Мақал
“Жетім жыласа, жер жылайды”.
Аят
“Қабірлер (іші сыртына шыға) ақтарылған кезде... Міне, сонда әрбір жан (бұл дүниеден ақиретке жақсы-жаман) не жолдағанын және артына не қалдырғанын анық біледі”. ("Инфитар" сүресі, 4-5)

Хадис
“Таң намазының екі рәкат сүннеті – дүниеден һәм дүниедегі барлық нәрседен қайырлы”. (Муслим)

Дұға
“Дүниеде зұлымдық жасағандардың келтірген уәждері пайда бермейтін әрі олардың Сенің рақымдылығыңнан алыс жаман жайда болатын күні бізді мейіріміңе бөлегейсің, Раббым!” (әзірет Әли (р.а))

Мақал
“Сүйенгеніңнен сыйынғаның күшті болсын”.
Аят
“Сондай-ақ Алланың жазасының тым қатты екенін, әрі Алланың (әсіресе мүмін құлдары үшін) өте кешірімді һәм ерекше мейірімді екенін біліп қойыңдар!” ("Мәида" сүресі, 98)

Хадис
“Зекет берген, қонақты тамақтандырған һәм қиыншылыққа душар болғандарға жәрдем көрсеткен адам – сарандықтан құтылды”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенен түгесілмес ризық, үзілмейтін қуаныш сұраймын. Мені тағдырыңа разы қылуыңды, өлімнен кейінгі өмірде жеңіл өмір сүруді сұраймын” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы).

Мақал
“Жайылымы болмаса, мал азады, Қайырымы болмаса, жан азады”.
Аят
“Бір ауыз жылы сөз, біреудің айыбын жасыру һәм қатесін кешіру арты (қайыр-садақа алған адамды) ренжітуге ұласатын садақадан әлдеқайда қайырлы. Алла – Ғани (сендердің садақаларыңа да, құлшылықтарыңа да мұқтаж емес), Халим (құлын бірден жазаламайтын өте сабырлы, кешірімді)”. ("Бақара" сүресі, 263)

Хадис
“Өсекке құлақ аспаңдар”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені азабыңнан қорға. Мен күнәсінің кешірілуінен үміттенген бір күнәһармын. Сенің мейріміңе мұқтаж әлсіз құлмын. Маған Өз кеңшілігіңмен ризығымды молайтқайсың”. (Әбу Дәрда (р.а))

Мақал
“Көңіл көзін сөз ашар, Сөйлемесе, кір басар”.
Аят
“(Сонда періштелер шарасыздықтарын мойындап): «Сен мінсізсің, ұлысың! Біз Өзің үйреткеннен басқаны білмейміз. Шүбәсіз, Сен барлық нәрсені толық білуші, әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет болған асқан данасың», – деді”. ("Бақара" сүресі, 32)

Хадис
“Ең жақсы садақа – бір мұсылманның білім үйреніп, сол білімін мұсылман бауырларына үйретуі”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бүкіл дүние дәріс беретін сыныбым, барша балалар шәкірттерім болсын. Соғыстардан жалыққан жер бетінде тек сүйіспеншілік болсын!” (ұстаздың дұғасы)

Мақал
“Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ”.
Аят
“Сондай-ақ күнәларын толық мойындаған тағы бір топ бар. Олар кезінде игі істерге де жаман істерге де барды, сөйтіп, бірде сауапқа бөленсе, бірде күнәға батты. Бәлкім, Алла олардың тәубесін қабыл етер. Шүбәсіз, Алла өте кешірімді, (әсіресе күнәсін мойындап, тәубеге келіп, Өзіне бір жолата бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. ("Тәубе" сүресі, 102)

Хадис
“Ең ізгі садақа – мал-дүниесі аз бола тұра, басқаға беру арқылы жанқиярлықпен жасалған садақа”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Сенен дүниенің де, ақиреттің де қайырын сұраймын уа, рақымдылардың рақымдысы!” (дұғалар жинағынан)

Мақал
“Атың барда желіп жүріп жер таны, Асың барда беріп жүріп ел таны”.
Аят
“Ол сендер үшін (яғни, өмірге бірте-бірте бейімделу, үйрену арқылы толыққанды адам болып қалыптасуларың үшін) есту қабілетін, көздерді және жүректі (яғни жүректегі рухани сезімдерді) жаратты. Алайда сендер Оның осынау нығметтеріне өте аз шүкір етесіңдер!” (Фурқан сүресі, 47)

Хадис
“Кім жүрегін Аллаға байласа, Алла тағала мүминдердің жүрегінде оған деген сүйіспеншілік пен рақымдылық орнатады”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізді ықыласты, тақуалықта өмір сүрген, дүниеге аса көңіл қоймай, Өзіңе жақын болған құлдарыңнан еткейсің”.

Мақал
“Жеке-жеке ғаріп болдық, Ел болдық, қарық болдық”.
Аят
“(Уа, Мұхаммед!) Былай де: «Мен тек Раббыма ғана құлшылық етіп, жалбарынамын һәм Оған ешкімді және еш нәрсені серік етіп қоспаймын»”. ("Жын" сүресі, 20)

Хадис
“Кісінің басына сынақ келген кезде, (сабыр етіп) сол бір қиыншылықтың кетуін күтуі – құлшылық”. (Рамуз әл-Әхадис)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған мейірім танытуыңды, мені бергеніңе разы, қанағатшыл һәм әрдайым кішіпейілділікте болуымды нәсіп еткейсің”. (әзірет Әли (р.а))

Мақал
“Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады, Адам жақсысы ұзақ істе сыналады”.
Аят
“Қиямет күні сендерге жақындарың да, бала-шағаларың да пайда бермейді. Ол күні Алла сендерді (дүниедегі сенімдерің мен іс-әрекеттеріңе қарай) бір-бірлеріңнен ажыратады. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңді толық көруде”. (Мумтәхинә сүресі, 3 )

Хадис
“Мұсылман адам тағдырдың жақсылылқ-жамандығына, ащы-тұщысына иман етпейінше иманның дәмін шынайы тата алмайды”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған Өзіңнің разылығыңа жетуді нәсіп ет. Сені лайықты дәрежеде еске алып, пәктеуімді нәсіп ете гөр”. (Зуннуни Мысри)

Мақал
“Таршылық болмай, Кеңшілік болмайды”.
Аят
“Ол күні кейбір жүздер жарқын болмақ. Күлім қаққан, қуанышты болмақ”. (Абаса сүресі, 38-39)

Хадис
“Еш күмәнсіз туралық – жақсылыққа апарады. Ал, жақсылық – жәннатқа апарады”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Дүние-ақиретте Өзіңнің кеңшілігің мен мейіріміңе қауыштыратын шынайы иман нәсіп ете гөр”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Жақсылық пен ар-намыс – жанның көркі”.
Аят
“Кімде-кім Аллаға және расулына лайықты түрде мойынсұнса, міне, солар (пейіште) Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, (пайғамбарлардың ең жақын да, адал достары) сыддықтармен, шейіттермен және (сенімі, ниеті, ойы, сөзі һәм іс-әрекеттері түзу болған) ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет жолдастар десеңші!” ("Ниса" сүресі, 69)

Хадис
“Қай жерде болсаң да Алладан қорық әрі жаманшылығыңның артынан жақсылық жаса. Расында жақсылықтар оны жояды”. (Кутубy Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Шығыс пен батыстың арасын қалай алыстатқан болсаң, мені де күнәларымнан солай алыстата гөр”.

Мақал
“Жақсы көпке ауырлық қылмайды”.
Аят
“Одан басқа құдай жоқ! Жан бітіріп, өмір сыйлайтын да, өлтіретін де бір Өзі. Ол – сендердің де, өздеріңнен бұрын өткен ата-баларыңның да Раббысы”. (Духан сүресі, 8)

Хадис
“Кімде-кім Алладан шейіт болуды шын көңілінен сұраса, Алла тағала тіпті, ол төсегінде жатып өлсе де, шейіттердің дәрежесіне жеткізеді”. (Муслим)

Дұға
“Уа, көңілдердің дертіне дауа беруші Раббым! Сенің ешбір ұқсасың жоқ. Біз секілді күнәһар құлыңа мейріміңді көрсете гөр. Көңіл Өзіңнен басқаны аңсамайды уа, біздің ұлы Раббымыз!” (Рабиғатул Адауиа)

Мақал
“Өзі жақсы кісіге, Бір кісілік орын бар”.
Аят
“Аса Ұлы Раббыңның есімін мадақтап, пәкте!” ("Ағла" сүресі, 1)

Хадис
“Жақсы бір сөзді естіп, оны діндес бауырыңа жеткізіп, үйретуің қандай керемет сыйлық”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзің разы болмайтын нәрселерден мені алыс ет. Жүрегімді нұрыңмен жарқырат һәм тіліме Саған шүкір етуді үйрет. Сені пәктеуіммен көңіліме тазалық бер”. (Низами Гәнжәуи)

Мақал
“Жақсылықты бөліссе, көбейеді, Жамандықты бөліссе, азаяды”.
Аят
“Ал тақуа жандар болса, жәннат бақшаларында сан алуан нығметтерге бөленуде. Раббыларының өздеріне берген (сан алуан) нығметтерінің қызығына батады. Сондай-ақ, Раббылары оларды жалын атқан жаһаннам азабынан сақтайды”. (Тур сүресі, 17-18)

Хадис
“Кімде-кім қарым-қатынас жасауда кішпейілдіктен қол үзсе, көп қайырдан мақұрым қалады”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сені ұмыт қалдырғандардың ұмытуларына себеп болған істерді менен аулақ ет! Сенен Өзің разы болатын істерді сұраймын. Мені құлшылығына қарым күтетіндерден етпе!” (Жунейди Бағдади)

Мақал
“Ұлық болсаң, кішік бол”.