Аят
“Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін” ("Бақара" сүресі, 184-аят).
Хадис
“Бұл дүниеде бейне бір бөтен жердің адамындай немесе жолаушы секілді бол!” (Бұхари)
Дұға
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапарға шығарда түйесіне мініп үш рет:“Алла ұлы”,“Алла ұлы”,“Алла ұлы”,-деп одан кейін былай айтатын:“Мұны бізге бағынышты еткен Алла кемшіліктен пәк. Алла мұны бізге олай (бағынышты) етпегенде маңына да жуый алмас едік. Расында біз Раббымызға қайтушымыз. Алла менің бұл сапарымды өзің разы болатын тақуалы амалдар істейтін сапардан ет. Әрі сапардың алыстығын жақын ет, қиындықтарын жеңіл ет. Сапардағы жолдасым өзіңсің, әрі жанұяммен қалған да өзіңсің. Сапардың мұңлы көріністері мен қиыншылықтарынан жанұяммен мал мүлкіме қаралы қайтудан өзіңе сыйынамын” (Абдулла инб Омар).
Мақал
“Дүние бір серуен, Адам бір көшкен керуен”.

“Сондай-ақ, адам баласының аузынан нендей сөз шықса да дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар”. ("Қаф" сүресі, 18)
Хадис
“Ең сараң адам – сәлем беруден қашқан адам”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенен жұмаққа жетелер сөз бен амалды сұраймын. Тозаққа апаратын сөз бен істерден сақта”.
Мақал
“Сәлем – сөздің анасы”.

“Ендеше, Алладан ешкім кері қайтара (да, кейінге шегере де) алмайтын алапат күн келмей тұрып, Раббыларыңның (хақ дінге деген) шақыруын қабыл алыңдар! Ол күні сендерге (Алланың азабынан құтылу үшін) бас сауғалайтын пана да, жасырынатын жер де болмайды, сондай-ақ, күнәларыңнан жалтара да алмайсыңдар”. ("Шура" сүресі, 47)
Хадис
“Әрбір тірі жанды Алла тағала жаратты; сөйтіп, оның маңдайына өмірін, ажалын, ризық-несібесін және басына түсетін қайғы-қасіретті жазып қойды”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Жаратқан Ием! Сенің қалауыңмен таң атырып, Сенің көмегіңмен кеш батырдық. Сенің қалауыңмен тіріліп, Сенің қалауыңмен көз жұмамыз. Қайтып барар жеріміз де Сен жақ”.
Мақал
“Ажалы жеткен ауырмай өледі”.

“Ол күні адам баласына (дүниеде өз қолымен істеп, ақиретке) жолдаған жақсы-жаман істері мен істемей кейінге қалдырған барлық істері түгелдей білдіріледі”. ("Қиямет" сүресі, 13)
Хадис
“Жаза басып күнәлі іс істеп қойсаң, дереу соны жоятын бір жақсылық жаса”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Жүрегімді өзіңнен келген қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске алумен тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды нәсіп еткейсің”. (Жунейд-и Бағдади)
Мақал
“Игі істер өлмейді, Ізгі істер өшпейді”.

“Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен) бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ, (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер”. ("Хужурат" сүресі, 10)
Хадис
“Кісі досының дінінде. Сондықтан, кіммен дос болып жүргеніне мән берсін!” (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Раббым! Мені және бауырымды кешіріп, бізді өз мейіріміңе бөле. Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің”. (әзірет Мұса (а.с))
Мақал
“Жақсының күндесі болма, шын досы бол”.

“Уа, адамдар! Алланың өздеріңе үйіп-төгіп берген нығметтерін естеріңе алыңдар! Өздерің айтыңдаршы, сендерге көктен һәм жерден ризық-несібе беретін Алладан басқа жаратушы ие бар ма?!” ("Фатыр" сүресі, 3)
Хадис
“Ішіңдер-жеңдер, садақа беріп, әсем киініңдер. Алайда, ысырып пен тәкәппарлыққа жол бермеңдер”. (Нәсәи)
Дұға
“Бізге ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор болған Раббымыз Алла тағалаға сансыз шүкірліктер болсын”.
Мақал
“Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады, Адамнан сұрағанның екі көзі шығады”.

“Сендер (Аллаға) шүкіршілік білдіріп, иман етсеңдер, Алла сендерді азаптап қайтеді? Алла (Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп қайтарып), қисапсыз нығметке, мол сауапқа бөлеуші һәм шексіз ілім иесі”. ("Ниса" сүресі, 147)
Хадис
“Қанағатшыл бол, өйткені қанағат – түгелмес бір қазына”. (Тирмизи)
Дұға
“Бізді шексіз нығметтеріңе бөлеп, әрқандай жамандықтан қорғаған Алла тағалам! Өзіңе сансыз шүкірлік айтамыз. Егер мейірімің ашуыңнан жоғары болмағанда сөзсіз мен Сенің мейіріміңе емес, ашуыңа лайық болар едім”. (Зәмахшари)
Мақал
“Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыз жалғыз атын сойдырады”.

“Сөз тасып, араға от салғыш, келеке етуші әрбір адамға қандай өкініш! (Олар) мал жинап, оны (мұқтаждарға таратпай) санай береді (әрі барымен көзге шұқып өзгелерді төмен санайды)”. ("Һумәзә" сүресі, 1-2)
Хадис
“Бауырыңның басына іс түскенде табалап күлме, әйтпесе, Алла тағала оған мейірімін төгіп, оның басындағы қиыншылықты сенің басыңа келтіреді”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Саттар (кемшіліктерді жасырушы)! Менің кемшіліктерімді жасырғайсың. Мені адамдардың алдында ұятқа қалдыра гөрме. Менің дәрежемді жоғарылата гөр”. (Сади әш-Ширази)
Мақал
“Күлме досқа, келер басқа”.

“Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт”. (Кәһф сүресі, 28)
Хадис
“Мұсылманның басына келген бір ауыртпалық, шаршап-шалдығу, қайғы, ауыру, тіпті болмашы мұңаюы болсын, Алла тағала соның себебінен оның күналарының бір бөлігін кешіреді”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені Исламмен қауыштырғаннан кейін жан тапсырғанға дейін мені одан, оны менен айыра көрме”. (Абдулла ибн Омар)
Мақал
“Сабыр түбі сары алтын”.

“Түнді (бейне бір) жамылғы, ал күндізді тіршілік уақыты қылдық”. ("Нәбә" сүресі, 10-11)
Хадис
“Кісі маңдай терімен тапқан бір жапырақ асынан қайырлы ас жемеген”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені таң сәріде таратқан ризық-несібеңнен нәсібі бар құлдарыңнан ете гөр. Маған тура жол бер”. (Абдулла ибн Омар (р.а))
Мақал
“Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме”.

“Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біліп тұрып жасырмаңдар”. ("Бақара" сүресі, 42)
Хадис
“Ислам діні әубаста бөтен (топаны аз адам) болып басталды, күндердің күнінде о бастағыдай (қоғамға) бөтен күйге түседі. (дін насихатында болған) Бөтендер қандай бақытты жандар десеңші!” (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Көңлімді кеңейт. Ісімді жеңілдет. Сөзімді олар ұғыну үшін тілімнің тұтықпасын шеше гөр”. (әзірет Муса (а.с))
Мақал
“Шындықтың сүйегі қатты, дәні тәтті”.

“(Уа, адамдар! Бұл дүниеде) өздеріңе берілгеннің бәрі қу тіршіліктің болмашы бұйым-боқшасы мен өткінші сән-салтанаты ғана. Ал Алланың сендер үшін сақтаған (ақиреттік) сый-сияпаты болса, әлдеқайда қайырлы һәм мәңгілік. Әлі де ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!” ("Қасас" сүресі, 60)
Хадис
“Шүбәсіз, қайсыбірің намаз оқыған уақытында Раббысымен тілдеседі. Сондықтан да, әдеппен сөйлессін”. (Хаким)
Дұға
“Уа, Тәңірім! Өзің жайлы хабар берген тілді азапқа душар етпе! Өзіңді танытатын білімге қараған көзді азапқа душар етпе!” (Ибн Жәузи)
Мақал
“Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі”.

“Ол (Алла тағала) қайсыбірің анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты.” ("Мүлік" сүресі, 2)
Хадис
“Мүміннің абыройы – оның діні, тектілігі – көркем мінезі, ал, адамгершілігі – ақылы”. (Ибн Хиббан)
Дұға
“Алла тағалам! Ізгілердің ізгілігін көбейт! Күнәһарларға тәубе етуді нәсіп ет!” (Омар ибн Абдулазиз)
Мақал
“Қиыншылық – ерге егеу, езге бөгеу”.

“«Раббымыз – Алла», – деп, иман айтқаннан кейін (шынайы иманның талабына сай сенімі, ниеті һәм іс-әрекеттері түзу болып) тұп-тура жолмен жүргендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ, сондай-ақ, олар әсте қайғы-мұңға душар болмайды”. ("Ахқаф" сүресі, 13)
Хадис
“Иман екі бөліктен құралған бір бүтін нәрсе; оның бір бөлігін сабыр, екінші бөлігін шүкір құрайды”. (Шуабул-Иман)
Дұға
“Уа, Аллам! Көңілдерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз сенсің. Көңілімді дініңе берік қыл!”
Мақал
“Иман отқа жанбайды, Жақсылық жерде қалмайды”.

“(Ақирет есебін жоққа шығарып) ықылассыз, немқұрайлы намаз оқушыларға неткен өкініш! Олар өз намаздарына бейғам, Намаздарын (жұртқа) көрсету үшін оқитындар солар!” ("Мағун" сүресі, 4-5-6)
Хадис
“Денеде бастың орны қандай болса, дінде намаздың орны да сондай”. (әл-Мужәммул-Әусад)
Дұға
“Тек Саған құлшылық етіп, жалғыз Сенен жәрдем сұраймыз”. (Фатиха сүресі, 5)
Мақал
“Аллаға жағайын десең, Азаның болсын. Қазыға жағайын десең, Қазаның болсын”.

“Кімде-кім жақсылық жасаса, өз пайдасына, сондай-ақ, кім жамандық жасаса, өз зиянына. Раббың құлдарына әсте зұлымдық жасамайды”. ("Фуссилат" сүресі, 46)
Хадис
“Адамдармен қарым-қатынас жасағаныңда көркем мінезді бол”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Күнәларымызды кешіре гөр. Құлшылықтарымызда жіберген кемшіліктерімізді ғафу ет. Білместікпен жасаған күнә-қателіктерімізді кеш әрі бізді ақыл иелері қылғайсың. Сен біздің Раббымызсың, Сен кешірімдісің”. (Абдуллазиз Дирини)
Мақал
“Жақсыны сыйласаң, Есінен кетпейді. Жаманды сыйласаң, Есігіңнен кетпейді”.

“Сондай-ақ, ашу керенеген кезде өздері кешірім еткендер” (Шура сүресі, 37-аят).
Хадис
“Қайсыбіреулерің ашуланғанда тік тұрған болса, отырсын. Ашуы қайтса нұр үстіне нұр. Алайда, ашуы қайтпаса, ұзыннан түсіп жатсын”. (Муснәд)
Дұға
“Уа, Аллам! Ашулы болған кезімде де, разы болған кезімде де ақиқатты айтуымды нәсіп ет!” (Пайғамбар с.а.у дұғасы).
Мақал
“Ашу келсе, ақыл кетер, Ақылдыны ақымақ етер”.

“Олардың бастарына тұрып алып (иманға) зорлаушы емессің”. (“Ғашия” сүресі, 22)
Хадис
“Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!”
Дұға
“Уа, Раббым! Өткен өмірінде шектен шығып, Өзіңе бойұсынбаған мына күнәһар құлыңның күнәларын жарылқағайсың!” (Зәмахшәри)
Мақал
“Опасыздың көпірінен өткенше, Опалының өзеніне ағып кет”.

“Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және рүкуғ етушілермен бірге рүкуғ етіңдер”. (Бақара сүресі, 43)
Хадис
“Қияметтің күнінде кісінің есепке тартылатын алғашқы амалы оның намазы болмақ”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізге ықыласпен амал етуді нәсіп ете гөр! Сен біздің айыптарымызды жасырушысың әрі біздің күнәларымызды Өзіңнен басқа кешіруші жоқ”. (Ахмад Муршиди)
Мақал
“Аллаға жағайын десең азанды бол”

“Уа, адамдар! Алланың алдында барлығың пақырсыңдар, бәрің де Оған мұқтажсыңдар! Алла болса, Ғани (ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж болмаған сарқылмас байлық иесі), Хамид (бәріңнің мұң-мұқтаждарыңды өтеп, ризық-несібелеріңді жеткізетін Раббыларың ретінде бар мадаққа әрі үздіксіз ұлықталуға әбден лайық)”. (Фатыр сүресі, 15)
Хадис
“Дүниеге ден қоймау (қызықпау) – жүректі де, денені де тыныштандырып, рахат сезім сыйлайды”. (Муснәди-Шихаб)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Тіршілігімнің қорғаны болған дінімді, осы дүниелік тіршілігімді және ертеңгі баратын ақиретімді жақсартып, береке бергейсің. Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с) Мұхаммедке және оның сахабалары мен қияметке дейін соңынан ерушілерге салауат айтып, сәлем жолдаймыз”.
Мақал
“Ат қадірін жоқ білмес, Ас қадірін тоқ білмес”.