Әр күніңді әсемде
2.59K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Ақиқатында, бұл сөз – (Құран – ақиқат пен жалғанды ажыратып беретін) ап-айқын сөз. Сондай-ақ ол – бос ермек, әзіл емес”. (Тариқ сүресі, 13-14)

Хадис
“Әрбір естіген нәрсесін айтып жүруі кісіге күнә тұрғысынан жеткілікті”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені мына қасиетті Құранмен дүниеде құрметті қылғаныңдай, ақиретте де абырой бер!” (Шәриф Тілемсани)

Мақал
“Жақсы сөз тасты жібітер, Жаман сөз басты шірітер”.
Аят
“Әй, жаны жай тауып, көңілі орныққан жан! Раббыңа бет бұр: сен Раббыңнан, ал Раббың сенен разы болған күйде”. (Фәжр сүресі, 27-28)

Хадис
“Сірке балды қалай бұзса, жаман мінез-құлық та ізгі амалды солай бұзады”. (Ибн Хиббан)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мінез-құлқымның және нәпсімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын”.

Мақал
“Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар, Жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар”.
Аят
“Енді ол күні кімде-кім зәредей жақсылық жасаса да, оның сыйын алады. Ал кімде-кім зәредей жамандық жасаса да, оның жазасын тартады”. (Зілзәлә сүресі, 7-8)

Хадис
“Құлдың тек Алла разылығы үшін жұтқан бір жұтымынан артық Алла жанында сауап тұрғысынан одан жоғары бір жұтым жоқ”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Осыншама сансыз күнә-қателіктерім бар. Соған қарамастан үмітім үзілмек емес Раббым. Сен аса кеңсің, қандай да бір іс болмасын ол Сен үшін түк емес. Мені азабыңа ұшырата көрме уа, Раббым!” (Фаридуддин Аттар)

Мақал
“Жақсылық жер мен көктің арасында, Жамандық қас пен көздің арасында”.
Аят
“...Алайда иман еткендер және ізгі іс жасағандар, сондай-ақ бірін-бірі ақиқат пен сабырға шақырысқандар олардан бөлек (яғни, құтылады)”. (Асыр сүресі, 3)

Хадис
“Кімде-кім мұсылман бауырын жақсы көрсе, оны оған білдірсін”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді жалғаннан ақиқатқа жеткіз, қараңғылықтан жарыққа шығар, бізді пәниден мәңгілікке жеткіз”.

Мақал
“Досы көппен сыйлас бол, Досы жоқпен сырлас бол”.
Аят
“Расында, Алла мүміндерден жандары мен дүние-мүліктерін орнына жәннатты беретін болып сатып алды”. (Тәубе сүресі, 111)

Хадис
“Су қалайша отты сөндірер болса, садақа да дәл солай қателіктерді жояды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақиретте де жақсылық бер әрі бізді тозақ отының азабынан сақта”. (Бақара 201)

Мақал
“Жақсы іс – үлгі, Жаман іс – күлкі”.
Аят
“Сол күні (сендерге ағыл-тегіл берілген) нығметтердің есебін бересіңдер”. (Тәкәсур сүресі, 8)

Хадис
“Алла тағала құлына ізгілік қаласа, оның (қателіктерінің) жазасын бұ дүниеде береді. Ал, құлы үшін жамандық қаласа оның күнәларының жазасын ақиретке сақтайды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Егер күнәмның көптігінен азабыңа жолығар болсам, Өзіңнен кешірім сұраймын. Себебі, Сенің кешіріміңнің кеңдігі менің күнәларымның жанында әлдеқайда кең. Уа, Раббым! Егер сараңдығым себепті азабыңа жолығар болсам, онда Өзіңнен жомарттықты сұраймын”. (Әбу Сулейман Дарани)

Мақал
“Құдайдың құрығы ұзын”.
Аят
“Сондай-ақ, өмір сыйлайтын да, өлтіретін де бір Өзі. Ол бір істің (немесе нәрсенің) болуын үкім қылса, оған тек «бол»,– дейді, сонда ол бірден бола қалады”. (Ғафыр сүресі, 68)

Хадис
“Сендер адамдарға дүние-мүліктерің арқылы қуаныш сыйлай алмайсыңдар. Керісінше жарқын жүздерің мен көркем мінез-құлықтарың арқылы ғана қуанта аласыңдар”. (Бәззар)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Біз амал дәптерімізді күнәмізбен қап-қара қылдық. Өз кеңшілігіңмен біздің күнәларымызды кешіргейсің!” (Әбу Али Даккақ)

Мақал
“Адамның күні адаммен”.
Аят
“Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына баратын күнді ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жәннат бар”. (Рахман сүресі, 46)

Хадис
“Қайда болсаң да Алла тағаладан қорқушы бол һәм тақуалық жолында бол!” (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Жүзімді Өзіңнен басқаға сәжде жасаудан қалай қорғағаныңдай Өзіңнен өзгеге қол жайып, тіленуден де солай қорғай гөр”. (Ахмад ибн Ханбал)

Мақал
“Құдайға сенсең, құстай ұшасың, Адамға сенсең, мұрттай ұшасың”.
Аят
“Содан соң шынайы иман келтіріп, бірін бірі сабырға шақырып, өзара мейірбандықты кеңес еткендерден болу. Амал дәптерлері оң жағынан берілетіндер міне, осылар”. (Бәләд сүресі, 17-18)

Хадис
“Алла тағаланың рақымы мен қолдауы жамағатпен (көпшілік) бірге”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ислам дініне күш-қуат бер! Бізге осы жолда жанқиярлық һәм батылдық рухпен бірігуді нәсіп қыл! Дүниежүзі мұсылмандарына жұдырықтай жұмылуды нәсіп еткейсің!” (Назрул Ислам)

Мақал
“Көпке жақын – көкке жақын”.“Көп алғысы көгертер”.
Аят
“Алла иман етіп, игілікті істер істегендерге кешірім етуді һәм үлкен сый-сияпатқа, зор сауапқа бөлеуді уәде етті”.(Мәида сүресі, 9)

Хадис
“Жақсылық жасауда ешбір нәрсені азсынба. Тіпті, бауырыңа қарап жымиғаның болса да...” (Муслим)

Дұға
“Уа, жақсылықтарын есепсіз берген Раббымыз! Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған сұлулықтармен бейнемді көркейт! Әрбір пайдасыз нәрсені менен алыстат! Әрбір бос, жанға жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет”. (Зуннун-и Мысри)

Мақал
“Жақсылықтың ерте-кеші жоқ”.
Аят
“Енді кім де кімнің таразысы ауыр басса (сауап жағы басым болса), Ол өзі разы болатындай өмір кешеді”. (Қариға сүресі, 6-7)

Хадис
“Қайсыбіріңе дұға есігі ашылған болса, демек оған рақым есігінің ашылғаны”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, бізге нығметтерін есепсіз төккен Жаратқан Иеміз! Өзіңнің ұлылығыңның құрметіне маған жәрдем ете гөр! Сен мені бүкіл мүминдердің анасы еттің һәм жүрегіме оларға деген аналық махаббат орнаттың. Дүниеде ешбір ана өз балаларының отқа күйюін қаламайды. Уа, Раббым, оларды менімен бірге Өз жәннатыңа ал, не мені олармен бірге тозағыңа таста!” (әзірет Айша (р.анһа))

Мақал
“Игіліктің ерте-кеші жоқ”.
Аят
“Сондай-ақ, Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі; бауыр басып, жандарың жай тапсын, деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осыда ақылға салып ойланатын қауым үшін анық дәлелдер мен талай ғибрат бар”. (Рум сүресі, 21)

Хадис
“Ері әйеліне, әйелі де еріне сүйіспеншілікпен қараса, Жаратушы Жаппар Ие де оларға сүйіспеншілікпен қарайды. Егер ері әйелінің қолынан сүйіспеншілікпен ұстаса, екеуініңде күнәлары саусақтарының арасынан төгіледі”. (Жамиу әс-Сағир)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Сені пәктеп, Саған ғана құлшылық етеміз. Біздің күнәларымызды кешіріп, мейіріміңе бөле. Әлбетте, Сен біз білмейтін нәрселерді білесің”.

Мақал
“Отан отбасынан басталады”.
Аят
“Сондай-ақ, ішіп жүрген суларыңа қарамайсыңдар ма? Оны бұлттан жаудырған сендерсіңдер ме, әлде жаудыратын Біз бе? Қаласақ, оны тұзды қылар едік. Ендеше, шүкіршілік етулерің керек емес пе?” (Уақиға 68-69-70)

Хадис
-

Дұға
“Уа, Раббымыз! Сенен кешірім мен жәрдем әрі тура жол сұраймыз. Өзіңе иман еттік. Күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе ғана сүйенеміз. Өзіңді бар жан-тәнімізбен мадақтап, бізге берген ырыс-несібеңе шүкір етеміз”.

Мақал
“Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет”.
Аят
“Жер бетіндегі барлық нәрсе пәни! Тек сенің асқан айбат пен ұлылықтың әрі теңдессіз жомарттық иесі болған Раббыңның жүзі (яғни, Өзі) ғана мәңгі-бақи қалады!” (Рахман сүресі, 26-27)

Хадис
“Кімде-кім діндес бауырының ары мен намысын оны ғайбат етушілерден қорғаса, Алла тағала да оны қиямет күні тозақ отынан қорғайды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңді еске алудан тосатын, Өзіңе деген құштарлығымды су сепкендей ететін, Өзіңді пәктеуден алған ләззатымды жоятын һәм жайсыздығымен абыржытатын бір ауырудан бізді сақта. Өз мейірімділігіңмен осы дұғамды қабылда”. (әзірет Мәулана)

Мақал
“Жақсы ниет – жарым ырыс”.
Аят
“Иә, олар иман етіп, көптеген игі іс істеді. Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең керемет мекен де соларға тән!” (Рағыд сүресі, 29)

Хадис
“Жүрегіндегі дүниеге деген есіктерді бекіткен адамға машақаты көп қиыншылықтар түкке тұрғысыз һәм жеңіл келеді”. (Муснәду әш-Шәриф)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Саған үлкен-кішіміз жаппай тәубе етеміз. Бізге терең тәубе нәсіп ет. Бізді тәубесіне келмегендерден ете гөрме!” (Абдулла ибн Абдуллазиз)

Мақал
“Мың күнәға бір тәубе”.
Аят
“Әрі ата-анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және бөгде көршіге жақсылық жасаңдар” (Ниса сүресі, 36-аят).

Хадис
“Маған Жәбірейіл (а.с) келіп, көршінің хақысын көп ескерткені сонша мен көрші көршіге мұрагер бола ма деп ойладым”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ынта-ықыласымыздың бәсеңдеуінен, іс-әрекеттеріміздің нұқсандықтарынан, ажалымыздың таяп қалуынан, ізгі, тақуа құлдарыңның арамыздан жойылуынан сақта деп Өзіңе сыйынамыз”. (Абдулла ибн Ғалиб)

Мақал
“Көрші ақысы – Тәңір ақысы”.
Аят
“Сондай-ақ, аспан әлемі мен жердегі теңдесі жоқ ұлылық пен шексіз билік бір Өзіне ғана тән! Ол – Азиз (бәрінен үстем, теңдесі жоқ ұлылық иесі) һәм Хаким (әр ісі мен әр үкімінде көптеген хикметтер болатын асқан дана)”. (Жасия сүресі, 37)

Хадис
“Ілім игермеген немесе ілім үйренуге талпынбағандар бізден емес”. (Бәйһақи)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған даналықты нәсіп етіп, изгілердің қатарына қоса гөр!”

Мақал
“Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күнә ғаріп”.
Аят
“Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр неге) құмар болып жаралған”. (Мағариж, 19)

Хадис
“Қызғаныштан сақ болыңдар! Себебі, ол оттың отынды жеп бітіргендей, бүкіл жақсылықтарды жалмап бітіреді”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізге Өзіңді шынайы тануды әрі шынайы құлшылық жасауымызды һәм бізге Өзіңе жақындататын істерді нәсіп қыла гөр. Біздерге таудай тәуекел, дұрыс ой-пікір, дүниеде, ақиретте де есен-саулық және ізгіліктер бере гөр”. (Әбу Мухаммед Рази)

Мақал
“Жаман адам өзі бола алмайды, Болғанды көре алмайды”.
Аят
“Ізгілік жолында садақа берген мүмин ерлер мен мүмин әйелдердің және Аллаға көркем қарыз бергендердің қарымы еселеніп қайтарылады. Сондай-ақ, олар үшін әсте ортаймайтын сондай керім сый да бар.” (Хадид сүресі, 18)

Хадис
“Әрбір жақсылық – садақа”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге берген нығметтеріңді одан сайын арттыра түсуіңді тілейтін әрі бір өзіңе бас иетін құлдарың болуымызға септігін тигізетін шүкіршілік нәсіп еткейсің”. (Омар ибн Зәр)

Мақал
“Жақсылыққа жақсылық – әр жігіттің ісі, Жамандыққа жақсылық – нар жігіттің ісі”.
Аят
“Сол күні жауапқа тартылу үшін Алланың алдына келтірілесіңдер. Сөйтіп, (Алла тағаланың алдында) бірде-бір жасырын сырларың болмайды”. (Хаққа сүресі, 18)

Хадис
“Білімі өзіне де, өзгелерге де пайда бермеген ғалымдар Қиямет күні адамдар арасынан ең ауыр азапқа душар болатындар”. (Кәшфул-Хафа)

Дұға
“Уа, Раббым! Біздей әлсіз құлдарыңның кемшіліктерін елемей, тәубемізді қабыл ете гөр әрі күнәларымызды Өз кеңшілігіңмен кешіре гөр! Бізді әрқашан сергек рухты, терең пікірлі һәм тақуалық кернеген жүрекке ие құлдарыңның қатарына қоса гөр!” (Омар Насухи Билмен)

Мақал
“Зейіні кең – көреген, Пейілі кең – береген”.