Әр күніңді әсемде
2.56K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Әй, адам баласы! Кәрим (асқан жомарт) Раббыңа қатысты сені азғырып, алдаған не еді?! Ол сені жоқтан жаратты, саған керемет кескін-келбет әрі дене мүшелеріңмен қоса бүкіл тәніңе керемет үйлесім мен өлшем берді. Сөйтіп, сені Өзі қалаған бейнеде қалыптастырды”. (Инфитар сүресі, 6-7-8)

Хадис
“Адам баласының барлық жерін топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құйымшақ қана шірімейді. Адам құйымшақтан жаратылған және содан қайта құрылып, қайта жаратылады”, ­– дейді (Бұхари, Мүслим).

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді адам қылып жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің. Саған сансыз шүкірліктер болсын”.

Мақал
“Адам кейде көл, кейде шөл”.
Аят
“Алланың шексіз құдіретін көрсететін дәлелдерінің бірі: (Қуаңшылық кезінде) жерді әбден қаңсып, ұнжырғасы түскен күйде көресің. Алайда, оған (көктен) жауын жаудырғанымызда, (әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып, (қунап кетеді). Шүбәсіз, сол өлі жерді тірілткен (Алла) өлілерді қайтадан тірілтуші. Өйткені, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді”. (Фуссилат сүресі, 39)

Хадис
“Алла тағаланың мені тура жолға бастаушы һәм ілім үйретуші етіп жіберуі жер жүзіне жауған рахмет жаңбырына ұқсайды”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған Өзіңді жақсырақ тануым үшін биік парасат бер. Әрқашан Өзіңді еске алудан суы құрғамайтын тіл бере гөр!” (Низами-и Гәнжәуи)

Мақал
“Елі үшін сүрген ағаның, Етегін басып, жолын қу. Болайын деген баланың, Бетінен қақпай, белін бу”.
Аят
“Олай болса, бір істі бітірген соң, артынша тағы бір қайырлы іске кірісіп, шұғылдан”. (Инширах сүресі, 7)

Хадис
“Исламның тура жолы нәсіп етіліп әрі жеткілікті дәрежеде ризықтандырылып, соған қанағат қылған жан қандай бақытты!” (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Біздің намазымыз бен оразамызды және басқа да құлшылықтарымызды қабыл ете гөр. Әрі кемшіліктері болса, Өзің толықтырғайсың. Өзіңнің разылығың үшін жасаған ғибадаттарымызды кері қайтара гөрме”.

Мақал
“Сөз қуған пәлеге жолығар, Шаруа қуған қазынаға жолығар”.
Аят
“Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады. Ал кімде-кім бір жамандықпен келсе, ол тек сол күнәсінің ғана жазасын тартады. Олардың ешбіріне титтей де әділетсіздік жасалмайды”. ("Әнғам" сүресі, 160)

Хадис
“Адамдармен араласып, олардың қиыншылықтарына шыдаған мұсылыман олармен араласпай, қиыншылықтарына шыдамаған мұсылманнан әлдеқайда қайырлы”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге Өзіңді, періштелеріңді, пайғамбарларың мен ізгі құлдарыңды жақсы көруді нәсіп ет. Біздің барша күнә-қателіктерімізді кешіріп, тақуалармен бірге қылғайсың”.

Мақал
“Елін сүю – ердің ісі, Елден безу – ездің ісі”.
Аят
“Аспан әлеміндегі және жердегі әрбір тіршілік иесі мұң-мұқтажын бір Өзінен (Алладан) сұрайды”. ("Рахман" сүресі, 29-30)

Хадис
“Науқастың хәлін сұрауға барған адам қайта оралғанша жәннат жемістерінің арасында болады”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Бізді бәле-жаланың, қазаның әрі аурудың әртүрінен аман сақтай гөр”.

Мақал
“Жақсының сөзі – шәрбат, Шөлдегеніңде қанып іш”.
Аят
“Ендеше, әрбір қиындықтың қасында, сөзсіз, жеңілдік бар. Иә, қиындықпен бірге жеңілдік бар”. ("Инширах" сүресі, 5-6)

Хадис
“Ешкімге сабырдан қайырлы һәм одан үлкен бір нығмет берілмеген”. (Бұхари))

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Нәпсісінің шырмауына шырмалғандарды құтқара гөр. Оларға таудай сабыр беріп, шексіз рақымыңа бөлей гөр”. (Ахмет Өзер)

Мақал
“Жеңілдік жарға жығады”.
Аят
“Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді”. (Лұқман сүресі, 14)

Хадис
“Кісі анасына жұмсақ сөз сөйлеп, онымен көркем мәміледе болса әрі үлкен күнәлардан сақтанса сөзсіз жәннатқа кіреді”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Олар (ата-ана) мені кішкентайымда қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды мейірімңе бөлеп, ізгі құлдарыңның қатарына қосқайсың!” ("Исра" сүресі, 24)

Мақал
“Анаңнан асар аяулың жоқ, Әкеңнен асар қамқоршың жоқ”.
Аят
“Оларға: «Егер дұға-мінәжаттарың болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын!», – деп, айт”. (Фурқан сүресі, 77)

Хадис
“Кісінің сөз арасында «иншалла» деуі иманының көркемдігі”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Раббым! Күнәм тым көп. Өзіңнің есігіңнен басқа барар есігім жоқ. Өзіңнен басқа жәрдемшім жоқ. Қателіктерімді азайтуым үшін маған жәрдем бер”. (Зәкария Әнсари)

Мақал
“Жалғыздың жары – Құдай”.
Аят
“Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, (әр істің, әрбір жетістіктің) басында да, соңында да, дүниеде де, ақиретте де бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіне ғана тән. Бар билік, шексіз үстемдік бір Өзінің қолында және бәрің де Оған қайтарылудасыңдар”. ("Қасас" сүресі, 70)

Хадис
“Түнде оқыған намаздарыңның санын тақ қылыңдар”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ризығыңа ие болдым, алайда шүкір қыла алмадым. Қиыншылықтарға душар болдым, алайда сабыр ете алмадым. Шүкір қылмағаным үшін ризығыңды азайтпадың. Сабыр етпегенім үшін мені азаптамадың. Раббым! Бұл Саған ғана тән жомарттық һәм кеңшілік”. (Сары Абдулла)

Мақал
“Өз қатесін көрмеген, Басқаның қатесін сезбейді”.
Аят
“Таразыдан (әділдіктен, негізгі өлшем мен тепе-теңдіктен) ауытқып, шектен шықпауларың үшін. Таразыны әділ тартыңдар (сөзде де, істе де қара қылды қақ жарғандай әділ болыңдар). Таразыдан жемеңдер, өлшем мен тепе-теңдікті бұзбаңдар”. ("Рахман" сүресі, 8-9)

Хадис
“(Амалдарыңда) орта жолда болыңдар, шектен шықпаңдар”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізді Өзіңе бойұсынушылардың қатарына қоса гөр әрі ұрпағымыздан Өзіңе бағынатын үммет шығарғайсың”.

Мақал
“Артық байлық адамды аздырады, Артық күлкі жиреніш тудырады”.
Аят
“...Немесе олар қабір қойнындағылар тірілтіліп, сыртқа шыққанда, (Раббының жақсылығын көрмеу деген не екенін) білмей ме? (Сана сезім мен) көкейдегі бар нәрсе әшкере болып, ортаға салынғанда (не боларын ойламай ма?) Міне, сол күні Раббылары олардан (дүниедегі бүкіл күйлері мен істерінен әсіресе, хабардар”. (Адиат сүресі, 9-10-11)

Хадис
“Мұқтаж жандарға садақа беру қажет болып әрі оларға қандай да бір жақсылық жасауды ниет етсең оны дереу жаса (кешіктірме)”. (Муснәд)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған жәрдем бере гөр. Осы жолдың қиындығын көтеруге күш-қуат бер. Бұл жолда нәпсімнің қалауларын жасамауға әрі нәпсімнің қаламаған нәрсесін жасауыма Өзің жәрдем бере гөр”. (Бәхауддин Бұхари)

Мақал
“Жақсы туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы”.
Аят
“Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс біткеннің бәрі Алланың мінсіз, пәк һәм кемшілік атаулыдан ада екендігін жар салып ұлықтайды!” (Жұма сүресі, 1)

Хадис
“Күдіксіз, Алла тағала берген нығметінің әсерін құлының қолында көруді қалайды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзімнің шама-шарқымша Саған шүкір етемін. Уа, Раббым! Өзіңнен кешіріміңді тілеймін”. (Абдулкадир Гайлани)

Мақал
“Жақсыны көрмекке”.
Аят
“Сондай-ақ Құран тақуа жандарға жөн сілтейтін (теңдессіз) жолбасшы”. (Хаққа сүресі, 48)

Хадис
“Мүмін ер мен мүмін әйелдің жанында, бала-шағасында және дүниесінде сәтсіздік һәм нұқсандықтар болмайды. Сондықтан қателікке бой алдырмаған қалпы Алла тағалаға қауышсын”. (Муатта)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнің құзырыңа барамын. Алайда, сауап қоржыным бос. Шексіз рақымдылығыңнан үміттімін. Мені кешір”. (Низамул Мулк)

Мақал
“Жақсының шарапаты тиер тар жерде, Жаманның кесапаты тиер әр жерде”.
Аят
“(Нух (а.с.):) «Мен оларды Өзіңнің кешіріміңе бөленсін деп, хақ жолға шақырған сайын олар саусақтарымен құлақтарын бітеп, шапандарына бүркене түсті, һәм ұдайы қасарысып, күпірлікте табандаумен әрі көкірек керіп, дандайсумен болды»”. ("Нух" сүресі, 7)

Хадис
“Сендерге екі нәрсе қалдырып барам. Одан берік ұстасаңдар ешқашан адаспайсыңдар, олар: Алла тағаланың кітабы мен менің сүннетім”. (Мууатта)

Дұға
“Уа, Раббым! Көңілімді кең етіп, ісімді жеңілдете гөр”.

Мақал
“Ғалым болсаң, өр болма, Өнерлі болсаң, кер болма”.
Ассаләму ғалейкум, құрметті жақсылар.
Рауан есімді жерлес бауырыңызды, яғни мені, дұғаларыңызда ұмытпаңыз. Ары кетсе 0.5-1 минут уақытыңызды алады ;) Аман-сау болыңыздар!
Аят
“Содан Біз дүниеге келуін қалаған ұрықты жатырларға жақсылап орналастырамыз да, белгілі уақытқа дейін сол жерде ұстаймыз. Кейін сендерді нәресте етіп, жарық дүниеге шығарамыз. Сонан соң ақыл-ой, күш-қуат жағынан толықсып ержетулеріңе (мүмкіндік береміз)”. (Хаж сүресі, 5)

Хадис
“Кәрілік келуден бұрын жастықтың қадірін біліңдер”. (Хаким)

Дұға
“Әлемдердің Раббысы болған Алла тағала барша жастарға абыройлы бір құл болуды нәсіп етсін. Аманаттың (жастық шақтың шексіз мүмкіндігін) қадірін жете түсінбеуден сақтасын. Алланың аманатын абыроймен тапсыруды нәсіп етсін”.

Мақал
“Жастық кетсе, қайтара алмайсың, Қарттық жетсе, тойтара алмайсың”.