Жұмыс істейтін әйелдер әлеуметтік жәрдемақыдан қағылмайды
Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы саясатының ережелерін түсіндірді.
✅ Жұмыс істеп жүріп, босанған әйелдерге алаңдауға негіз жоқ. Оларға бала 1,5 жасқа толғанша декреттік төлем бұрынғыдай беріледі. Табыс деңгейі (отбасының ауқатты немесе мұқтаж екені) ескерілмейді.
✅ Жұмыс істемейтін әйелдерге жаңа ереже қолданылады. Төлем тек отбасы мұқтаж деп танылған жағдайда ғана беріледі. Егер отбасы көмекке мұқтаж болмаса, әйел адам жұмысқа жарамды болып тұрса, денсаулығында кінәрат болмаса, яғни оның өмір сүруіне отбасында жеткілікті табысы бар деген сөз, дейді депутат. Айтуынша, мұндай жағдайда «А» және «Б» санатына кіретін әйелдер бұл төлемді ала алмайды. Бүгінгі таңда «A» және «B» санатына кіретін 30 мыңнан аса әйел декреттік төлем алып отыр.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы саясатының ережелерін түсіндірді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁9🤣7❤4💯3👨💻2
Atameken Business - Жаңалықтар
Алматыда 47 оқушы уланғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды Іспен Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысуда «Тергеу шараларынан кейін, оның ішінде СЭС тексерісінің қорытындысы негізінде, болған оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданады»…
Алматыда улану белгілерімен ауруханаға түскен оқушылар саны 55-ке жетті
12–15 қазан аралығында Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жіті ішек инфекциясының белгілерімен республикалық физика-математика мектебінің 55 оқушысы жатқызылды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

😱10👨💻3🤪3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жүргізуші куәлігі: Төртінші ақылы емтиханның бағасы қанша теңге?
Жүргізуші куәлігін алу үшін азамат үш рет емтиханды сәтсіз тапсырса, төртіншісі ақылы болады. Әзірге нақты тариф бекітілмеген. «Түскі формат» бағдарлмасына қатысқан сарапшы Қайрат Манапұлы ақылы емтиханның бағасы әр өңірде әртүрлі болып белгіленуі мүмкін,-дейді.
Бағдарламаның толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Жүргізуші куәлігін алу үшін азамат үш рет емтиханды сәтсіз тапсырса, төртіншісі ақылы болады. Әзірге нақты тариф бекітілмеген. «Түскі формат» бағдарлмасына қатысқан сарапшы Қайрат Манапұлы ақылы емтиханның бағасы әр өңірде әртүрлі болып белгіленуі мүмкін,-дейді.
Бағдарламаның толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
👎10🤔5❤1👨💻1
Еңбек министрлігі А және В санатына қандай отбасылар кіретінін түсіндірді
🟣 А және В санаттарына әл-ауқаты жоғары және ауқатты отбасылар кіреді. Бұл санаттарды анықтаған кезде бірнеше көрсеткіш бірге қаралады: отбасының қаржылық жағдайы, бірнеше жылжымайтын мүліктің, қымбат көліктің, жеке бизнесі және жер учаскелерінің болуы.
🔴 Отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс деңгейі күнкөріс минимумының 7 еселенген мөлшерінен басталуы ескеріледі. Сонымен қатар бір адамға шаққанда ауданы 120 шартты шаршы метрден басталатын бірнеше тұрғын үйдің болуы, люкс санатындағы көліктер, коммерциялық жылжымайтын мүлік, ірі, орта және шағын бизнес, сондай-ақ көлемді жер учаскелері сияқты көрсеткіштер есепке алынады.
❗️ Жеке пәтердің, көліктің немесе басқа да мүліктің болуы өздігінен отбасын ауқатты деп тануға негіз болмайды. Отбасының түпкілікті санаты барлық мәліметті жиынтық түрде бағалау арқылы анықталады.
✅ Азаматтар өздері және отбасы туралы мәліметтерді электрондық үкімет сервистері арқылы тексере алады. Егер ақпараттан қате анықталса, оны тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жаңартуы тиіс.
Айта кететіні, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде мұқтаждық қағидаты негізге алынады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Айта кететіні, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде мұқтаждық қағидаты негізге алынады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12
Қазақстан Әзербайжанмен бірге Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттырмақ
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі. Президент Әзербайжанмен бірлесіп, Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдаудың көлемін арттыру жөніндегі жоспары туралы айтты.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі. Президент Әзербайжанмен бірлесіп, Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдаудың көлемін арттыру жөніндегі жоспары туралы айтты.
– Каспий теңізі өңіріміздің ғана емес, әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие болып отыр. Қазақстан Каспий өңірдегі және одан тысқары мемлекеттердің ортақ игілігі үшін әрқашан бейбітшілік пен ынтымақтастық кеңістігі болуы керек деп санайды. Бұл ретте су ресурстары мен экология саласындағы бірлескен күш-жігер арқылы оны сақтап қалу өте өзекті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
👏20👍11🤔2❤1
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏18👍5❤4🤔2
Atameken Business - Жаңалықтар
Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісі салтанатты түрде іске қосылды.
Желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.

👏24🔥11👍10❤2🤔2
Түркияда президент сайлауы ертерек өтуі мүмкін.
Бұл Режеп Тайып Ердоғанға билік уақытын тағы да ұзарту мүмкіндігін береді. Президенттің кеңесшісі Мехмет Учум сайлау наурыз немесе сәуір айында болуы тиіс деді. Ердоған Түркияны 23 жылға жуық басқарып келеді. Конституция бойынша президент екі мерзім ғана қызмет атқара алады. Алайда парламент мерзімінен бұрын сайлау жарияласа, Ердоғанның тағы бір рет бағын сынауға жол ашылады. Ұлтшыл қозғалыс партиясының жетекшісі Девлет Бахчели де мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды.
Ал оппозицияның ұстанымы бөлек. Олар сайлау арқылы Ердоғанның экономикалық саясатына балама ұсынғысы келеді. Оппозиция жетекшісі Өзгүр Өзел сайлауды президенттің қайта сайлануына бейімдеу дұрыс емес деді.
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін парламенттегі 600 депутаттың кемінде 360-ы осы бастаманы қолдауы керек. Ердоғанның билік коалициясында 331 орын бар. Демек, оған басқа партиялардан тағы 29 дауыс қажет. Сондықтан сайлаудың нақты мерзімі де, Ердоғанның саяси додаға қайта түсу мүмкіндігі де парламенттегі келісімге байланысты.
Билік басындағылар 2028 жылдың мамыр айында өтуі тиіс сайлауды екі ай бұрын яғни наурызда өткізгісі келеді.

🤔11👍5🤪4🤣1
Қытай технологиясы Азия экономикасын өзгертіп жатыр
Қытай экономикасы технологиялық дамудың жаңа кезеңіне өтті. Жасанды интеллект, электромобиль және таза энергия салалары өңірлік өндіріс пен сауданы өзгертуде. Бұл мәселе Бангкокте өткен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк отырысында талқыланды.
Аталған ұйым сарапшылары болжамына сүйенсек, Қытай экономикасы биыл 4,5 пайызға өседі. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Бұрын Қытай әлемнің негізгі өндіріс орталығы саналатын. Қазір ол технология мен инновацияға басымдық беріп отыр. Таиландта Қытай компаниялары электромобиль және таза энергия өндірісіне инвестиция салуда. Мұндай жобалар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық байланыстарды күшейтеді.
Сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллектке инвестицияның артуы еңбек өнімділігін көтеруі мүмкін. Бұл аймақтың экономикалық өсіміне серпін береді. Осылайша, Қытай тек әлемдік өндіріс орталығы емес, технологиялық жаңашылдықтың да маңызды көзіне айналып келеді.

😡4❤3🤪2👨💻1
Атырауда жаңа жабдықтар балалар реанимациясының мүмкіндіктерін кеңейтті
Атыраудағы екі медициналық мекеме жаңа туған нәрестелер мен балаларға шұғыл көмек көрсетуге арналған тоғыз заманауи медициналық жабдық алды. Облыстық балалар ауруханасына екі SV600 өкпені жасанды желдету аппараты және бес пациент мониторы, ал Атырау қалалық перзентханасына SV800 өкпені жасанды желдету аппараты мен анестезиологиялық-тыныс алу аппараты табысталды.
Жабдықтар AYALA қайырымдылық қоры "Теңізшевройл" ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырып жатқан "Өмір сыйлайық" жобасы аясында берілді. Жоба Қазақстанда нәрестелер өлімін және туа біткен мүгедектік деңгейін төмендету жөніндегі мемлекеттік міндеттерді қолдау мақсатында мемлекеттік перинаталдық орталықтарды, перзентханалар мен балалар ауруханаларын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға бағытталған.
🔗 Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Атыраудағы екі медициналық мекеме жаңа туған нәрестелер мен балаларға шұғыл көмек көрсетуге арналған тоғыз заманауи медициналық жабдық алды. Облыстық балалар ауруханасына екі SV600 өкпені жасанды желдету аппараты және бес пациент мониторы, ал Атырау қалалық перзентханасына SV800 өкпені жасанды желдету аппараты мен анестезиологиялық-тыныс алу аппараты табысталды.
Жабдықтар AYALA қайырымдылық қоры "Теңізшевройл" ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырып жатқан "Өмір сыйлайық" жобасы аясында берілді. Жоба Қазақстанда нәрестелер өлімін және туа біткен мүгедектік деңгейін төмендету жөніндегі мемлекеттік міндеттерді қолдау мақсатында мемлекеттік перинаталдық орталықтарды, перзентханалар мен балалар ауруханаларын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға бағытталған.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍9👨💻1😇1
Forwarded from Silk Way
Қазақстанда 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі артты. Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес, 2026 жылы мұндай азаматтардың үлесі 58,4%-ға жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 53,7% болған. Ал 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға, 100–300 мың теңге аралығында табыс табатындардың үлесі 43%-дан 39,3%-ға төмендеді. Зерттеу сәуір айында жүргізіліп, ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін 3 миллионнан астам адамды қамтыды.
Ең жоғары орташа айлық жалақы ұйым басшыларына тиесілі – 1,1 млн теңге. Инженерлердің орташа жалақысы 702 мың теңге, еңбек қауіпсіздігі инженерлерінікі 645 мың теңге, инженер-технологтардыкі 617 мың теңге, энергетик-инженерлердікі 615 мың теңге болды. Дәрігерлер орта есеппен 491,4 мың теңге, фармацевтер 347,7 мың теңге, фельдшерлер 313,6 мың теңге, медбикелер 264,6 мың теңге алады.
Басқа мамандықтар бойынша орташа айлық жалақы бухгалтерлерде 398,6 мың теңге, жүргізушілерде 328,1 мың теңге, аспаздарда 192,6 мың теңге, күзетшілерде 174,2 мың теңге болды. Жалпы, жалақының номиналды өсімі барлық тоғыз ірі кәсіптік топта тіркелген. Ең жоғары өсім өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларындағы жұмысшыларда – 13,1%, ал өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде 10,4% болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌6❤5👎4😁4👀2👍1🤣1👨💻1
170 пәтерді заңсыз иеленбек болған топ әшкереленді
Астанада құны 4,4 миллиард теңгеден асатын 170 жылжымайтын мүлік нысанын заңсыз иелену әрекетінің жолы кесілді. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық істі ұйымдастырды деген күдікке бұрын үлескерлердің 10 миллиард теңгесін жымқырғаны үшін сотталған «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің бұрынғы басшысы ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол сыбайластарымен бірге пәтер сатып алмаған азаматтардың атына жалған келісімшарттар рәсімдеген. Кейін оларды жәбірленуші ретінде танытып, сот шешімдері арқылы баспаналарды иемденбек болған.
Бұл пәтерлердің бір бөлігі көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған. Тергеу барысында 80-нен астам жалған үлескер анықталды. Жалған келісімшарттарды сатудан азаматтарға 400 миллион теңгеден астам шығын келген. Іс бойынша 19 адам күдікті деп танылып, тоғызы қамауға алынды. 250 миллион теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Полиция қызметкерлерінің ықтимал қатыстылығы да тексеріліп жатыр.
Тергеу аяқталды, тараптар іс материалдарымен танысуға кірісті.

👏10👨💻3👍2😱2
Кәсіп ашу үшін мемлекет қандай қолдау көрсететінін білесіз бе?
Anonymous Poll
1%
Иә, жақсы білемін. Мүмкіндік көп
72%
Жоқ, білмеймін. Ақпарат керек
31%
Естігенмін, бірақ толық білмеймін
2%
Мемлекеттік қолдауды пайдаландым
0%
Өз ойыңыз. Пікір жазыңыз немесе WhatsApp: +7 700 900 4040 хабарласыңыз
🤔4👨💻1
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан бас тартқан (өздеріне жолданған sms-хабарламадан кейін).
Үкіметтің мәліметінше, алушылар өз шешімдерін «қолдауға мұқтаж емеспіз», - деп түсіндірген.
Еңбек министрлігі eGov Mobile арқылы жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисінің жобасын да ұсынды. Ауқаттылар енді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн түрде төлемдерден бас тарта алады.
Жағдайы жақсы азаматтарға арналған өзгерістер төлемнің 36 түрінің 14-іне әсер етеді. Қалған 22 түрі бойынша ережелер сақталады. Мұқтаж отбасылар үшін мемлекеттік қолдаудың қазіргі тәртібі толық көлемде сақталмақ.

🤣18❤3🤔2👨💻2
Үйі немесе көлігі бар азаматтар автоматты түрде ауқатты отбасылар қатарына қосылмайды.
Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, «Цифрлық отбасы картасы» әр шаңырақтың жағдайын 59 көрсеткіш бойынша бағалайды. А және В санаттарына тұрмысы жоғары, дәулетті отбасылар жатады. Оларды анықтағанда жан басына шаққандағы табыс, жылжымайтын мүлік, көлік, кәсіпкерлік және жер төлімдері ескеріледі.
С санаты – тұрмысы орташа, D – материалдық қиындыққа тап болған, ал Е – шұғыл мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылар. Бір ғана баспана, көлік немесе несиенің болуы санатты анықтауға негіз бола алмайды. Отбасының жағдайы ай сайын қайта есептеледі.
Еске салайық, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір жәрдемақы мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады. Ал С, D және Е санатындағы отбасылар белгіленген талаптарға сай келсе, тиісті төлемдерді алу құқығын сақтайды.

👍8🤔5👨💻2❤1
Қарызы үшін банк шоты бұғатталған азаматтардың күнкөрісіне қажетті ең төменгі қаражатты сақтап қалу ұсынылды.
Ұлттық банк осы мәселе бойынша Әділет министрлігіне тиісті ұсыныстар жолдады.
Төраға орынбасары Данияр Вагаповтың айтуынша, қазір банктер мерзімі өткен несие берешегін өндіргенде шоттағы қаражаттың 50 пайызынан артық ұстай алмайды. Алайда сот орындаушыларының өндіріп алу туралы өкімдеріне бұл талап қолданылмайды. Соның салдарынан борышкердің барлық шоты бұғатталып, тіпті қарыз сомасынан бірнеше есе көп ақшаға шектеу қойылуы мүмкін.
Ұлттық банк осы олқылықты жою үшін заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Сондай-ақ бірнеше шоты бар азаматтардың қаражатын бұғаттау тәртібін нақтылау қажет деп санайды. Әзірге ұсыныстар заң жүзінде бекітілген жоқ.

👍18
Банк шотындағы мәліметтерді ашуға келісім бермеген азаматтардың жәрдемақысы уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты.
Қазір ведомство әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтардың кірісі мен шығысы туралы ақпарат алуға банктермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Вице-министр Бақтияр Жазықбаевтың айтуынша, банк құпиясын ашу үшін отбасының әр мүшесі дербес деректерін өңдеуге жеке келісім беруі қажет. Ал келісім берілмесе, оның себебі анықталғанша әлеуметтік төлем уақытша тоқтатылады. Министрлік өкілдері азаматпен жеке сөйлесіп, мән-жайды анықтайды.

😡7😁6🙉5👎2👨💻1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр табысы мен мүлкі бойынша В санатына енді
Бүгін брифингте Еңбек министрі Асқарбек Ертаев өз деректерін әл-ауқатты бағалау калькуляторына енгізді. Мәліметтерін жүйеге жазар кезде оның 1 млн 200 мың теңге жалақы алатыны, ал жұбайының жұмыс істемейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, министрдің төрт баласы бар, олардың үлкендері жұмыс істеп, 400 және 600 мың теңге жалақы алады.
Асқарбек Ертаев сонымен қатар Астанада екі пәтері (100 ш.м. үш бөлмелі және 60 ш.м. екі бөлмелі) және «Тойота Камри 50» автокөлігі бар екенін айтты.
Министрдің басқа жер учаскелері немесе бизнесі жоқ.
Барлық деректер жүйеге енгізілгеннен кейін калькулятор Ертаевтың В санатына (ауқаттылар қатарына) кіретінін көрсетті.

😁24👍9❤1
Енді аналар 1,5 жасқа дейінгі баланы күту жәрдемақысын жұмыс істеп жүріп те ала алады
Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы Алмас Құрманов айтты. Жаңа ереже 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Сөзінше, әйел босанғаннан кейін 1,5 жыл ішінде төлемге өтініш бере алады. Тіпті бірнеше ай бұрын босанған болса да, қаңтарда өтініш беруге мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда төлем толық көлемде тағайындалып, бала 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді.
Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Ана жұмысқа шықса, жәрдемақы тоқтайтын еді.

👍16👏7👨💻2🔥1🎉1