Иран АҚШ-пен ядролық келісімге келуге ниетті
Иран АҚШ-пен ядролық келісім жасау үшін ымыраға келуге ниетті. Негізгі талап – Вашингтонның санкцияларды алып тастау мәселесін талқылауға дайын болуы. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи айтты.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше, президент Дональд Трамп Тегеранмен мәселені дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды, бірақ келісімге келу өте қиын болатынын айтқан.
АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөздер кезеңі 24 ақпан күні Женевада өтеді деп күтілуде. Тараптар ақпан айының басында Оман астанасы Маскат қаласында кездескен болатын. Вашингтон мен Тегеранның ұстанымдары әлі де бір-бірінен алшақ. Иран өзінің ядролық бағдарламасы мен санкцияларды алып тастау мәселесін ғана талқылағысы келеді. Ал АҚШ келіссөздер аясын кеңейтіп, Иранның зымыран бағдарламасын және елдің Хезболлах пен ХАМАС сияқты топтарға қолдауын да қарастыруға ниетті.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

❤11😎8
Қазақстанда жылына қатерлі ісікке шалдыққан 5 мыңға жуық бала ем қабылдайды
Соңғы 10 жылдың ішінде көрсеткіш тұрақты болып қалып отыр. 100 мың балаға шаққанда орта есеппен 9,7 бала қатерлі ісікке шалдығады. Балалардың онкологиялық ауруларының құрылымында жіті лейкоздар (36%-дан астам), орталық жүйке жүйесінің ісіктері (20%) және лимфомалар (7%) көш бастап тұр. Шамамен 6%-ы нейробластома және герминогенді ісіктер. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша жыл сайын 5 мыңға жуық бала ем қабылдайды.

«2013 жылдан бастап 529 гемопоэздік дің жасушасын трансплантаттау жүргізіледі. Көз торының ісіктері үшін 90-нан астам селективті интраартериялық химиотерапия операциясы жасалды. Жылына 70-тен астам сүйек кемігін трансплантаттау және сүйек ісіктері кезінде 15 буындарды эндопротездеу жүргізіледі», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
😱14❤4👍1👏1
Ильхам Алиев Ресейді Киевтегі Әзербайжан елшілігін әдейі нысанаға алды деп айыптады
Оның айтуынша, әуе шабуылдары тамыз және қараша айларында болған.
Бұл мәлімдеме Алиевтің Владимир Зеленский мен Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясындағы кездесуінен кейін жасалды. Әзербайжан басшысы елшілікке жасалған үш соққыны «достыққа жат қадам» деп атады.
Алиевтің сөзінше, алғашқы шабуылдан кейін бұл кездейсоқ болуы мүмкін деп саналған. Алайда Әзербайжан тарапы дипломатиялық нысандардың координаттарын Ресейге бергеніне қарамастан, тағы екі соққы жасалған. Ол бұл әрекеттерді Әзербайжан дипломатиялық миссияларына бағытталған әдейі шабуыл деп бағалады.
Өз кезегінде Ресей сыртқы істер министрлігі бұл айыптауларға таңданыс білдіріп, әуе соққыларын жоспарлау кезінде дипломатиялық нысандардың орналасуы міндетті түрде ескерілетінін мәлімдеді.

👍38👏5❤2😡1
Трамптың Бейбітшілік кеңесі Газаға 5 млрд доллар бөледі
Бейбітшілік кеңесі Газаға гуманитарлық көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарына 5 миллиард доллардан астам қаржы бөледі. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде жазды.
Сөзінше, 19 ақпанда Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында «Бейбітшілік кеңесінің» мүшелерімен кездесу өтеді. Сол жерде Газаға қомақты қаржы бөлінетіні туралы ресми түрде жарияланады. Трамп «Бейбітшілік кеңесінің» әлеуеті зор екенін атап өтті.
«Бейбітшілік кеңесі» қаңтар айында Давос қаласында құрылған болатын.

😎12🤔6👍3🙏2
Елімізде микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары бекітілді.
Құжатқа сәйкес, салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешекті толық өтеген жағдайда есептелген санкциялар жойылады. Бұл талап 2026 1-ші қаңтары мен 31 наурызы аралығында орындалуы тиіс. Есептен шығаруға ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген өсімпұл, сондай-ақ қарыз өтелген күнге дейін есептелген өсімпұлдар мен мемлекеттік кірістер органдары салған айыппұлдар жатады.
Сонымен қатар төлеу мерзімі өзгертілген міндеттемелер, оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері аясындағы берешектер толық өтелген жағдайда да санкциялар жойылады.
Бұдан бөлек, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғанға дейінгі айналымдар үшін салынған айыппұлдарды да есептен шығару қарастырылған.

👎7🤔4👀3
Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге жоспарлы тексеру жүргізеді
Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді. Осыған байланысты 16-18 ақпан күндері Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника көбейеді. Ведомство автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді. Осыған байланысты 16-18 ақпан күндері Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника көбейеді. Ведомство автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.
«Қазақстан азаматтарын, БАҚ өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз», – деп хабарлады министрлік.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
👍24🤔5❤2
Аудит палатасы құрылыстағы тендер төлемдеріне бақылауды күшейтті
Елімізде құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау күшейтілді. Тиісті өзгерістер Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдары негізінде бюджет қағидаларына енгізілді.
Бұған дейін 2019-2021 жылдар аралығында Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілген болатын. Аудит қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне мемлекеттік мекемелерді қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары (ғимараттар, құрылыстар, автожолдар және өзге де нысандар) бойынша орындалған жұмыстар актілерін ұсынуға міндеттейтін өзгерістер енгізу тапсырылды.
Нәтижесінде 2025 жылы бекітілген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қажетті түзетулер енгізілді.
Онда мынандай талаптар көзделген:
❖ Құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме:
▪️электрондық төлем шотын мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасалатын және басшының ЭЦҚ-сы қойылған орындалған жұмыстар актісі негізінде ресімдеуге;
▪️егер шарттың құнына жобалау-сметалық құжаттама енгізілген болса, аванстан кейін төлем жасау кезінде қосымша түрде кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының (ЖСҚ немесе ТЭН бойынша) скан нұсқасын ұсынуға міндетті.
❖ Мердігерге соңғы төлем барлық құрылыс немесе жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және заңнамаға сәйкес ресімделген нысанды пайдалануға беру актісі қазынашылық органына ұсынылған соң ғана жүргізіледі.
❖ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шарттар бойынша қазынашылықтың бақылау шотындағы қаражат нысан пайдалануға берілгеннен кейін бас мердігерге аударылады. Төлем тапсырмасына міндетті түрде нысанды пайдалануға беру актісі қоса тіркеледі.
❖ Мемлекеттік мекемелер төлем жүргізу кезінде қазынашылыққа міндетті түрде:
▪️тауарлар бойынша – шот-фактураны немесе лизингтік төлемдер кестесін;
▪️жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша – орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісін (егер қызмет түрі акт жасалмайтын қызметтер қатарына жатпаса) ұсынуға міндетті.
Барлық құжаттар ужеткізушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылуы тиіс. Құжаттар қағаз түрінде ұсынылған жағдайда, олар уәкілетті басшының қолымен және мекеменің мөрімен куәландырылады.
📌Сонымен қатар 2026 жылдан бастап 2025 жылғы 27 маусымдағы ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Бюджетті қазынашылық атқару рәсімдері күшіне енді. Онда да растайтын құжаттарға және төлемдерді жүргізу тәртібіне қойылатын ұқсас талаптар бекітілген.
Қабылданған өзгерістер бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен бақылауын арттырып, негізсіз төлемдер мен құрылыс және жөндеу кезіндегі заң бұзушылықтар тәуекелін төмендетеді. Сондай-ақ төлемдердің тек нақты орындалған және расталған жұмыстар үшін ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді.

👍18❤1
Жаңа Ата заң жобасына арналған сайт өз жұмысын бастады
referendum2026.kz сайты алдағы референдумға және жаңа Конституция жобасына арналған. Мұнда Ата заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Түсіндіру материалдарынан бөлек, ресми сайтта Конституцияның мәні мен оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық материалдар, видеоконтент және интерактивті форматтар ұсынылған.
Айта кететіні, жаңа Конституцияның жобасына қатысты референдум 15 наурызда өтеді.

👍9👎6❤2😁1
Депутат түтінге тұншыққан қала тұрғындарына өтемақы мен әлеуметтік жәрдемақы енгізуді ұсынды. Бұған көзқарасыңыз?
Anonymous Poll
54%
Өте орынды. Қауіпсіздік үшін маска, ауа тазалағыш сатып алатындардың шығынын азайтады. Көмек болады
16%
Бұл мәселені толық шешпейді. Ауаның ластануы жыл сайын қайталана береді
29%
Меніңше, өндірістерді реттеп, көлік қозғалысын бақылап, экологиялық стандарттарды қатаңдату керек
1%
Сіздің пікіріңіз (комментарийге жазыңыз👇🏻)
❤3
Atameken Business - Жаңалықтар
Токиода Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті. Бүгін Император…
Президент сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті. Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті. Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
– Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
🔥22👏9👍7❤3
Алматы мен Астанада автономды таксилер сынақтан өтеді
Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қалалық мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қалалық мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
«Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарланып отыр. Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
👏14👍9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Дем алу қиын!»: Түтінге тұншыққан Өскемен халқы өтемақы талап етеді
Өскемен аспанын бүгін қою түтін торлап алды. Мектеп оқушылары тағы да онлайн оқуға көшті. Шығыстағы шаһарда тыныс алу мұңға айналып, халық дабыл қағып жатыр. Тұрғындар денсаулығына тиген зиян үшін өтемақы талап етуде.
«Түскі форматтың» толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Өскемен аспанын бүгін қою түтін торлап алды. Мектеп оқушылары тағы да онлайн оқуға көшті. Шығыстағы шаһарда тыныс алу мұңға айналып, халық дабыл қағып жатыр. Тұрғындар денсаулығына тиген зиян үшін өтемақы талап етуде.
«Түскі форматтың» толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
👍35🎉1👨💻1
Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Президент Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ресей Президентінің сапары мамыр айына жоспарланған.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Президент Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ресей Президентінің сапары мамыр айына жоспарланған.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
👎94🤬9❤1👨💻1😎1
Теңге нығайды
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 491,97 теңге болды. Шетел валютасы 3,76 теңгеге түскен.
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 490,04 теңгеден сатып алынады, 497,04 теңгеден сатылады. Алматыда долларды сатып алу – 492,5 теңге, сату – 494,29 теңге.

👍16❤5🤔3👨💻2
Алматы әуежайы 2,1 млн теңге айыппұл арқалады
Бұған дейін сот әуе айлағына өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына қатысты ескерту жіберген. Алайда Алматы әуежайы бұл талапты орындамаған. Осылайша халықаралық әуежайға 500 АЕК (2 162 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шықты. Бұл ретте әуе айлағының ірі кәсіпкерлік субъектісі екені ескерілген.
Қаулы күшіне енді. Әуежай айыппұлды 30 тәулік ішінде төлеуі тиіс.

👍27🎉2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев Дубайдан жеңіспен оралған бір топ офицерді марапаттады
Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарыстан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Президенттің Алғысымен марапатталды.
Дүбірлі додада «Қазақстан С» командасы теңдесі жоқ, яғни абсолютті чемпион атанды. Ал «Қазақстан А» командасы екінші орынға ие болды. Президент «Томирис» қыздар құрамасының жетістігіне де айрықша тоқталды.
t.me/atamekenbusiness_qaz

Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді. Бұл нағыз жасампаз отаншылдық деп күмәнсіз айтуға болады. Төрткүл дүние ұл-қыздарымыздың мықтылығына куә болды. Сондықтан тағы да атап өткім келеді, сіздер көрсеткен мықты тактикалық дайындық, айрықша күш-жігер мен тамаша топтық жұмыстың арқасында әлем жұртшылығы қазақтың батыл, қайсар және өр рухты ұлт екеніне көз жеткізді, – деді Президент.
t.me/atamekenbusiness_qaz
👍77❤9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Салықтық рақымшылық келер апта басталады
Келер аптада ресми түрде салықтық рақымшылық басталады. Қаржы министрлігінің бұйрығы 24 ақпан күні күшіне енеді. Бұл жолы рақымшылыққа шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері іліккен. Міндетті алымдардан жалтарған бизнесмендер мемлекетке шамамен 1 трлн-нан аса қаржы қарыз. Бұл соманың қаншасы кешіріледі, салықтық рақымшылық қалай және қашанға дейін жүзеге аспақ?
Басты жаңалықтардың толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.

👍10❤7👏5
Биыл елде дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен 2,64 ГВт қуат пайдалануға берілмек
Жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Осы жылы 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылады және екі электр станциясын кеңейту жоспарлануда. Аталған энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд киловатт-сағат энергия өндіреді.
2026 жылы жаңартылатын энергия көздерінің пулы қуаты 245 мегаватт болатын бірқатар маңызды нысандармен толығады. Қостанай облысында 2 жел электр станциясы іске қосылады. Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай және Жетісу облыстарында жиынтық қуаты 92 мегаватт болатын 4 күн электр станциясын іске қосу күтілуде. Сондай-ақ, Түркістан облысында шағын ГЭС жұмысын бастайды.

❤11👍11🤝2
Польша билігі өз азаматтарын Ресей аумағынан кетуге шақырды
Ресми мәлімдемеде бұл шешім Ресейдің Украинаға қарсы шабуылының күшеюіне байланысты деп жазылған. Сондай-ақ Польша билігі өз азаматтарын ерекше қажеттілік болмаса, Ресейге сапар жасамауға үндеді. Қауіпсіздік күрт нашарлаған жағдайда, шекара жабылса немесе күтпеген жағдайлар туындаса, эвакуация жасау қиын екенін ескертті.
Консулдық көмектің де шектелуі ықтимал. Бұған Ресейдегі дипломатиялық қызметкерлер санының қысқаруы себеп. Кей жағдайда азаматтарға алыс қалалардағы консулдықтарға баруға тура келеді. Польша мен Ресей арасындағы консулдық қатынастар 2024 жылдың күзінде күрт нашарлаған. Сол кезде екі елдің ең ірі 3 қаласындағы консулдық бөлімдер жабылды. Қазір тек Мәскеу мен Варшавада ғана елшілік жұмыс істейді. Қарым-қатынастың ушығуына Польша аумағында болған бірқатар диверсиялар әсер еткен.

👍24❤9🤔5