4.06K subscribers
12.3K photos
2.7K videos
12.3K links
Қытайдағы жаңалықтар мен трендтер — Қазақстанға қалай әсер етеді?
Қысқа, нақты, күн сайын.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Қытайда метроның ішінде 8 мың шаршы метрлік фитнес-орталық ашылды

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Пачжоу метро станциясының ауысу дәлізінде аумағы 8 мың шаршы метрден асатын фитнес-орталық ұйымдастырылды. Мұнда 300-ден астам жаттығу құрылғысы орнатылып, бокс, үстел теннисі және пиклбол ойнауға арналған аймақтар жабдықталған. Сондай-ақ келушілер үшін киім ауыстыратын бөлмелер мен душ кабиналары қарастырылған.

Ерекше жобаның жаңалығы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Әртүрлі өңірлердің тұрғындары мұндай спорт кешенінің өз қалаларында да болғанын қалайтынын жазған. Жоба метро кеңістігін тиімді пайдаланып, қала тұрғындарына күнделікті тіршіліктің арасында спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3😱3❤2💯1
🔥 Қысқы Универсиада алауы Қытайдың Чанчунь қаласына жеткізілді

Қысқы Универсиада алауы Италияның Турин қаласынан Қытайдың Чанчунь қаласына жеткізілді. 2027 жылғы 15–25 қаңтар аралығында өтетін 33-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы Қытай Мемлекеттік кеңесінің ақпараттық бюросында өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды.

Цзилинь провинциясындағы Чанчунь мен Цзилинь қалалары 63 ел мен өңірден келетін 3716 спортшыны қабылдайды. Олар спорттың 12 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл – Универсиадалар тарихындағы қатысушылардың рекордтық көрсеткіші. Қытай құрамасы жарыстың 11 спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылар жарысты үнемді өткізу қағидатын ұстанып, жаңа спорт нысандарын салудан бас тартқан. Оның орнына қолданыстағы 13 арена жаңғыртылды. Универсиада аяқталғаннан кейін бұл нысандар көпшілікке қолжетімді болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3💯1
🦾 Еуропа супермаркеттерінде гуманоид роботтар жұмыс істей бастады

Данияда супермаркет сөрелерін тауармен толтыратын гуманоид роботтар сынақтан өтіп жатыр. Тәжірибе Копенгаген маңындағы дүкендердің бірінде жүргізілуде. Робот консервілерді танып, сөреге ретімен орналастырады. Әзірге оның әрбір қимылын адам басқарады. Оператор жасанды интеллектіні тауарларды тануға үйретіп жатыр. Роботты әзірлеген компания Еуропаның алты елінде жұмыс істейді және екі мыңнан астам дүкенмен байланысы бар.

Жобаның мақсаты – дүкен қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдеу. Қызметкерлер жұмыс уақытының жартысына жуығын сөрелерді реттеуге жұмсайды. Болашақта бұл міндеттің бір бөлігін роботтар атқарып, қызметкерлердің сатып алушыларға көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік бермек. Компания роботтарды 2027 жылдың басында дербес жұмыс істеуге бейімдеуді жоспарлап отыр. Олар негізінен түнде, дүкендер жабық кезде жұмыс істеп, тауарлардың жарамдылық мерзімін тексеруге, бос сөрелерді және дұрыс орналастырылмаған өнімдерді анықтауға тиіс.

Дегенмен роботтар әзірге адамдарға қарағанда баяу жұмыс істейді және тұрақты бақылауды қажет етеді. Бұған қоса, жергілікті заңнама олардың толық автономды жұмыс істеуіне әзірге мүмкіндік бермейді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1⚡1🔥1😱1
💸 Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» елдерімен саудасы 20 трлн юаньнан асты

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдермен сыртқы сауда көлемі 20 трлн юаньнан асты. Бұл кезеңде экспорт 16,6%-ға, импорт 17,9%-ға өскен. Қытай Мемлекеттік кеңесінің ақпараттық бюросында өткен баспасөз мәслихатында хабарланғандай, қазір Қытай 74 елдің негізгі сауда серіктесі болса, тағы 134 елдің сауда серіктестері арасында алғашқы үштікке кіреді. Бастамаға қатысушы мемлекеттердің үлесіне Қытайдың жалпы сыртқы саудасының 51%-ы тиесілі.

Тасымал саласында ең жоғары өсім әуе жүк тасымалында тіркеліп, 60,1%-ға жеткен. Автокөлікпен тасымалдау 34,1%-ға, теміржол арқылы жеткізу 16,4%-ға, теңіз тасымалы 7,1%-ға артқан. Қытай кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, әуе-әуе және әуе-теміржол бағыттары сияқты мультимодальды тасымал түрлерін дамытып жатыр. Сонымен қатар бастамаға қатысушы елдерде Қытай орындаған мердігерлік жұмыстардың көлемі 100 млрд юаньға жуықтаған, ал хирургиялық роботтар экспорты 2,9 есе өскен.

Импорт бағытында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімі де кеңейіп келеді. Мысыр, Сенегал және Кениядан тауар әкелу тұрақты өссе, жуырда Қытай Тәжікстаннан қара өрік пен өрік, Түркиядан лавр жапырағы, Оңтүстік Африка Республикасынан шие импорттауға рұқсат берді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3⚡1👍1🤔1
📆 Тәжікстанда шағын және орта бизнес тексерістен 2029 жылға дейін босатылды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторийді 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартты. Салық органдарының тексерістері бұл шектеуге кірмейді. Мемлекет басшысы бұл шешімді 14 қазанда кәсіпкерлермен және инвесторлармен кездесуде жариялады. Бұған дейін мораторий 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болуы тиіс еді.

Президент тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар билік тексеру жүйесіне тәуекелге негізделген тәсілді енгізуді, негізсіз және қайталанатын тексерістерді болдырмауды жоспарлап отыр. Егер алғаш рет жасалған заң бұзушылық ешқандай залал келтірмесе, айыппұл салудың орнына ескерту беру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Эмомали Рахмон кәсіпкерлерді тексеру, олардан қосымша құжаттар талап ету және мемлекеттік органдарға шақыру тек заңда көзделген жағдайларда әрі нақты құқықтық негіз болған кезде ғана жүргізілуі керектігін атап өтті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3⚡1
🤖 Қытай терроризмге қарсы күресте роботтарды қолданады

Бейжіңде «Ұлы қорған» халықаралық форумы ашылды. Іс-шара барысында Қытай полициясы қалада және таулы аймақтарда арнайы операциялар жүргізудің жаңа тәсілдерін таныстырды. Жаттығуларға мергендердің әрекеті, ұшқышсыз ұшу жүйелері және интеллектуалды қару платформалары енгізілген.

Назар аударарлығы – терроризмге қарсы операцияларда робот-иттер мен виртуалды шындық технологияларының қолданылуы. Бұл құралдар қызметкерлерді жаттықтыруға, күрделі жағдайларды модельдеуге және қауіпті аймақтардағы іс-қимылды алдын ала пысықтауға мүмкіндік береді. Форумның негізгі мақсаты – шетелдік арнайы қызметтермен тәжірибе алмасып, терроризмге қарсы бірлескен іс-қимылды күшейту.

Қауіпсіздік саласында технологиялардың рөлі артып келеді. Дегенмен роботтар мен цифрлық жүйелердің тиімділігі мамандардың кәсіби дайындығына, үйлесімді әрекетке және халықаралық ынтымақтастыққа тікелей байланысты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👌2❤1😱1
ℹ️ Қазақстанға визасыз келетін шетелдіктерге электронды рұқсат қажет болады

Қазақстан үкіметі визасыз режиммен елге келетін шетел азаматтарына электронды рұқсат рәсімдеу тәртібін бекітті. Жаңа талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарына, сондай-ақ Қазақстанмен визасыз сапарлар туралы келісімі бар мемлекеттер мен ережеде көрсетілген басқа елдердің азаматтарына қатысты болады. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Түркия және басқа мемлекеттер бар. Рұқсат тегін беріледі. Өтінішті елге келетін күннен кемінде 72 сағат бұрын цифрлық платформа арқылы тапсыру қажет.

Жаңа тәртіп кезең-кезеңімен енгізіледі: 2026 жылғы 1 қарашадан бастап Ақтау халықаралық әуежайы мен бірқатар автомобиль өткізу бекетінде, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана және Алматы әуежайларында, ал 1 наурыздан бастап қалған шекара бекеттерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңдерде рұқсаттың болмауы елге кіруге кедергі болмайды. Ал 2027 жылғы 1 шілдеден бастап электронды рұқсат міндетті болады және оның болмауы Қазақстанға кіруден бас тартуға негіз болмақ. Рұқсат 180 күнтізбелік күнге беріледі, бірақ елде болу мерзімі азаматтығы бар елге қолданылатын ережелерге байланысты анықталады.

Жаңа талаптан бірқатар санат босатылады. Олардың қатарында 16 жасқа толмағандар мен 65 жастан асқандар, Қазақстанның қолданыстағы визасы немесе тұруға рұқсаты бар адамдар, шекарадан өтпей транзиттік аймақта қалатын жолаушылар, босқындар, ресми делегация мүшелері, экипаждар және гуманитарлық миссия қатысушылары бар. Құжатта барлығы 29 санат бойынша ерекшелік қарастырылған. Қаулы 2026 жылғы 24 қазанда күшіне енеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3⚡1💯1
🚂 Қорғас арқылы Қытай мен Еуропа, Орталық Азия арасында 7 мыңнан астам жүк пойызы өтті

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі Қорғас теміржол шекара бекеті арқылы Қытай – Еуропа және Қытай – Орталық Азия бағыттарында 7 264 жүк пойызы қатынаған. Осы кезеңде сыртқы сауда жүктерінің тасымал көлемі 12,28 млн тоннаға жетті.

Жалпы, Қорғас арқылы осындай 60 мыңнан астам жүк пойызы өткен. Қазір бұл бекет Қытайды 18 елмен байланыстыратын 91 теміржол бағытына қызмет көрсетеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2⚡1👌1
💰 Қазақстанда басшылардың орташа жалақысы 1,1 млн теңгеге жетті

Қазақстанда 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі артты. Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес, 2026 жылы мұндай азаматтардың үлесі 58,4%-ға жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 53,7% болған. Ал 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға, 100–300 мың теңге аралығында табыс табатындардың үлесі 43%-дан 39,3%-ға төмендеді. Зерттеу сәуір айында жүргізіліп, ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін 3 миллионнан астам адамды қамтыды.

Ең жоғары орташа айлық жалақы ұйым басшыларына тиесілі – 1,1 млн теңге. Инженерлердің орташа жалақысы 702 мың теңге, еңбек қауіпсіздігі инженерлерінікі 645 мың теңге, инженер-технологтардыкі 617 мың теңге, энергетик-инженерлердікі 615 мың теңге болды. Дәрігерлер орта есеппен 491,4 мың теңге, фармацевтер 347,7 мың теңге, фельдшерлер 313,6 мың теңге, медбикелер 264,6 мың теңге алады.

Басқа мамандықтар бойынша орташа айлық жалақы бухгалтерлерде 398,6 мың теңге, жүргізушілерде 328,1 мың теңге, аспаздарда 192,6 мың теңге, күзетшілерде 174,2 мың теңге болды. Жалпы, жалақының номиналды өсімі барлық тоғыз ірі кәсіптік топта тіркелген. Ең жоғары өсім өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларындағы жұмысшыларда – 13,1%, ал өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде 10,4% болды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2😱2❤1💯1
🔑 Бейжің қаланы басқаруға жасанды интеллект пен роботтарды енгізіп жатыр

Қытай астанасы Бейжіңде қалалық басқару жүйесіне жасанды интеллект пен роботтар кеңінен енгізілуде. Қаладағы жаңа технологиялар көлік қозғалысын бақылауға, ықтимал қауіптерді алдын ала анықтауға және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Қазір Бейжіңнің И-Таунындағы көшелерде 20 автономды патруль көлігі жұмыс істейді. Олар тәулік бойы жағдайды бақылап, заң бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар анықталса, тиісті қызметтерге жедел хабарлайды. Жиналған деректер арнайы модель арқылы талданып, полиция мен коммуналдық қызметтердің жұмысын жоспарлауға пайдаланылады.

Жасанды интеллект пен роботтар әлеуметтік қызмет көрсету саласында да қолданыла бастады. Қарттарға арналған орталықтарда роботтар тұрғындарға қызмет көрсетіп, олардың денсаулығына қатысты көрсеткіштерді тексеруге көмектеседі. Мәселен, бет-әлпетті тану технологиясы арқылы медициналық көрсеткіштер автоматты түрде талданады. Сонымен қатар роботтар тұрғындардың пікірлерін жинап, бұл мәліметтер жүйені жетілдіруге қолданылады.

Осылайша, Бейжің жасанды интеллектіні тек технологиялық жаңалық ретінде емес, қаланың күнделікті тіршілігін басқару құралы ретінде дамытып келеді. Жаңа жүйелер қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, қалалық қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2😱2🆒1
📱 Microsoft жасанды интеллектіні компьютерде іске қосатын технологиясын таныстырды

Microsoft жасанды интеллект агенттерін тікелей дербес компьютерде іске қосуға мүмкіндік беретін жаңа технологиясын таныстырды. Компанияның мақсаты – ЖИ агенттеріне код жазу және күрделі тапсырмаларды орындау мүмкіндігін беру. Сонымен қатар Microsoft арнайы қауіпсіздік жүйесін әзірледі. Ол ЖИ агенттерінің рұқсатсыз деректерге қол жеткізуіне жол бермейді. Мамандар әр компьютердегі агенттердің жұмыс істеуіне қатысты нақты ережелерді белгілей алады.

Жаңа технологияны OpenAI, Anthropic және Nvidia компаниялары да пайдаланбақ. Алайда мұндай жүйелерді іске қосатын компьютерлердің бағасы жоғары. Бастапқы нұсқасының құны 2,5 мың доллардан асады, ал ең қуатты үлгісі 6 мың долларға жуықтайды.

Жад микросхемалары бағасының өсуі де жасанды интеллектіге арналған компьютерлердің қымбаттауына әсер етіп отыр. Осылайша, ЖИ-ді тікелей компьютерде пайдалану мүмкіндігі кеңейгенімен, мұндай технология әзірге қомақты қаражатты талап етеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👌2❤1🔥1
🚆 Қытайда фермерлерге арналған ерекше пойыз қатынайды

Қытайдың Юньнань провинциясында таулы ауылдардың тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін арнайы пойыздар қатынайды. Ұзындығы 261 шақырым болатын бағыттағы пойыз шағын станциялардың барлығына тоқтайды. Жол жүру ақысы бірнеше юань ғана. Вагонның бір бөлігі жолаушыларға арналса, екінші бөлігі сауда аймағына айналдырылған. Мұнда фермерлер маусымдық көкөністер мен жемістерін, жабайы саңырауқұлақтарын және жергілікті өнімдерін сатуға мүмкіндік алады.

Шағын станцияларда жолаушылардың көбі фермерлер болғандықтан, вокзал қызметкерлері мен жолсеріктер олардың себеттері мен жүк-көтергіштерін тасуға көмектеседі. Бұл пойызға міну мен түсуді жеңілдетеді. Жолсеріктер жолаушыларға таулы ауылдарда өндірілген табиғи өнімдер туралы да ақпарат береді.

Мұндай пойыздар ауыл тұрғындары үшін маңызды көлік әрі сауда құралына айналған. Ал кейбір жолаушылар бұл бағытқа арнайы келіп, ауылдың тыныс-тіршілігін сезінуге және жергілікті өнімдерді тікелей вагоннан сатып алуға тырысады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2⚡1💯1
📍 Ван Гогтың 180 млн долларға бағаланған картинасы Гонконгте соңғы рет көрсетіледі

Гонконгте жүздеген адам нидерландтық суретші Винсент ван Гогтың «Гүлдеген каштан ағаштары» картинасын көру үшін кезекке тұрды. 13 қазанда көпшілік назарына ұсынылған туынды 60 жылдан астам уақыт бойы ашық көрмеге қойылмаған. Sotheby’s аукцион үйі картинаны 18 қарашада Нью-Йоркте өтетін сауда алдында таныстырды. Оның шамамен 180 млн долларға сатылуы мүмкін екені болжанып отыр. Гонконгтегі көрме бүгін, 15 қазанда аяқталды.

Одан кейін картина 19–23 қазан аралығында Парижде көрсетіледі. Ван Гог бұл туындыны 1890 жылғы мамырда, қайтыс болуына екі ай қалғанда салған.

Аукционға осы картинамен бірге Поль Сезанн, Клод Моне, Поль Гоген және басқа суретшілердің тағы 11 туындысы қойылады. Барлық шығарма 2020 жылы қайтыс болған аргентиналық коллекционер Нелли Арриета де Блакьердің жеке жинағына тиесілі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2⚡1👍1💯1
🗺 Кантон жәрмеңкесі 70 жылдығын атап өтуде

Қытайдың Гуанчжоу қаласында 15 қазанда 140-шы Кантон жәрмеңкесі ашылды. Биыл халықаралық көрменің ұйымдастырылғанына 70 жыл толып отыр. Жәрмеңке үш кезеңмен өтіп, 4 қарашаға дейін жалғасады. Ашылу рәсіміне Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян қатысып, баяндама жасады.

15–19 қазан аралығындағы алғашқы кезең озық өндіріс технологияларына арналған. Аумағы 520 мың шаршы метрді қамтитын көрмеге 12 мыңнан астам қатысушы қатысады. Онда өнеркәсіптік автоматтандыру, электроника, тұрмыстық техника, электромобильдер мен зияткерлік көлік жүйелері таныстырылады.

Көрмеге келушілер гуманоид роботтарды, жасанды интеллект әзірлемелерін, жанасуды сезетін роботтандырылған жүйелерді, ми мен компьютерді байланыстыратын технологияларды және энергия сақтау шешімдерін көре алады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2⚡1💯1
📱 Huawei Kirin чиптерімен 100 млн құрылғы сатты

Қытайдың Huawei компаниясы 2023 жылдан бері өзінің Kirin процессорларымен жабдықталған 100 миллионнан астам құрылғы жеткізген. Бұл туралы компания алты жылдық үзілістен кейін алғаш рет өткізген чип технологияларына арналған брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ Huawei 2027 жылғы Kirin процессорының нұсқасын сынауды бастады.

Компания жаңа процессорларды әзірлеуде қолданылатын LogicFolding технологиясының ерекшеліктерін алғаш рет ашты. Kirin чиптері Huawei-дің флагмандық смартфондарын дамытуда маңызды рөл атқарады.

АҚШ санкцияларынан кейін компания жаңа буын чиптерін шығаруды уақытша тоқтатқан еді. Алайда 2023 жылғы тамызда Қытайдың SMIC жартылай өткізгіш өндірушісімен бірлесіп, процессорлар өндірісін қайта жандандырды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤1🤔1
🔋 Қытай электромобильдері 9 минутта қуатталады

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қытай 8,205 млн автомобиль экспорттаған. Әлемдік нарықта қытайлық электромобильдер мен гибридтерге сұраныс артып келеді. БАҚ мәліметінше, электромобиль сату бойынша Қытай Tesla-ны басып озған.

Шэньчжэнь қаласында екінші буындағы Blade Battery аккумуляторлары сынақтан өтіп жатыр. Олар батарея қуатын 10%-дан 97%-ға дейін небәрі 8 минут 25 секундта толтыра алады. Зарядтау қуаты 1,2 МВт-тан асады. Бұл электромобильді қуаттандыру уақытын дәстүрлі көлікке жанармай құю уақытына жақындатады.

Қытай инженерлері суық ауа райында батарея қуатының төмендеуі мәселесін де шешуге тырысуда. −30°C температурадағы сынақ кезінде аккумуляторды қуаттандыру уақыты қалыпты жағдаймен салыстырғанда небәрі үш минутқа ұзарған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4⚡2👍2❤1
✔️ Күннің басты жаңалықтары:

ℹ️ Қазақстанға визасыз келетін шетелдіктерге электронды рұқсат қажет болады

🤖 Қытай терроризмге қарсы күресте роботтарды қолданады

💰 Қазақстанда басшылардың орташа жалақысы 1,1 млн теңгеге жетті

📆 Тәжікстанда шағын және орта бизнес тексерістен 2029 жылға дейін босатылды

🔑 Бейжің қаланы басқаруға жасанды интеллект пен роботтарды енгізіп жатыр

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3⚡2