4.06K subscribers
12.3K photos
2.7K videos
12.3K links
Қытайдағы жаңалықтар мен трендтер — Қазақстанға қалай әсер етеді?
Қысқа, нақты, күн сайын.
Download Telegram
📍 Иранда 40 күндік аза тұту жарияланды

Иран үкіметі жоғарғы көшбасшы Аятолла Али Хаменеи қаза тапқанына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Билік бұл қылмысқа қатысы бар тұлғалар «қатаң жазаға тартылады» деп мәлімдеді. Бұл туралы Mehr агенттігі хабарлады.

Елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Мемлекеттік мекемелер жеті күнге жабылады.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Аятолла Али Хаменеи қайтыс болғаннан кейін ел басқару міндеті уақытша президент Масуд Пезешкианға, сот жүйесінің басшысына және Конституцияны қорғау кеңесінің бір мүшесіне жүктеледі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱6❤2⚡1👨‍💻1
☀️ Қытай ауа сапасына қойылатын талаптарды қатаңдатты

Қытай 14 жылдан кейін ауа сапасына қатысты стандарттарды күшейтті. 2026 жылдың 1 наурызынан бастап PM2.5 ұсақ бөлшектерінің жылдық шекті деңгейі 35-тен 30 мкг/куб. м-ге төмендетіледі. Ал 2031 жылдан бастап бұл көрсеткіш 25 мкг/куб. м болады.

Ұлттық парктер үшін талап одан да қатаң — 10 мкг/куб. м.

Соңғы жылдары елде ауа сапасы айтарлықтай жақсарған: 2013 жылы PM2.5 деңгейі 68 мкг/куб. м болса, 2025 жылы 28 мкг/куб. м-ге дейін төмендеген.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤔3❤1⚡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗓 Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мереке бірлік пен өзара құрметтің символы екенін атап өтті.

Президент ата-бабаларға тағзым етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген барлық маман иелеріне, сондай-ақ жастар мен еріктілерге алғыс білдірді.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасы адам құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын айтты.

Мемлекет басшысы барша жұртты татулық пен сенім негізінде ел дамуына бірге үлес қосуға шақырды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4🙏3👏2
✈️ Астана әуежайы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін екенін ескертті

Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне және сол өңір арқылы қатынайтын кейбір халықаралық рейстердің кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, бұл шара Таяу Шығыстағы жағдайдың өзгеруіне байланысты қабылданып отыр. Жолаушыларға әуежайға бармас бұрын рейс мәртебесін әуе компаниясынан нақтылап алу ұсынылды.

Әуежай өкілдері тасымалдаушылармен тұрақты байланыста екенін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстаннан Таяу Шығыс елдеріне рейстер 3 наурызға дейін тоқтатылғаны хабарланған. Сондай-ақ Дубайдың халықаралық әуежайлары жұмысын уақытша тоқтатқан.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤔1🙏1👌1
❗️ Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ирандағы қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иранда жүрген Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылды.

Адам көп жиналатын орындарға бармау, ресми ақпаратты қадағалау, қажетсіз сапарларды шектеу және дипломатиялық өкілдіктермен байланыста болу қажет.

Жедел байланыс нөмірлері:

Тегеран:
+98 21 2256 5933
+98 936 208 4672 (WhatsApp)

Горган:
+98 912 298 0350
+98 173 252 0443
+7 701 771 34 01 (WhatsApp)

Бендер-Аббас:
+98 930 298 57 03 (WhatsApp)

Иран әуе кеңістігі жабылғандықтан, елден құрлық шекаралары арқылы шығу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👨‍💻4👍3👌2
🌍 Қытай ғарышкерін алғаш рет орбитада бір жылға жібереді

Қытай 2026 жылы алғаш рет бір тайконавтын ғарыш станциясында бір жыл бойы қалдыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін қытайлық ғарышкерлер орбитада алты ай ғана болатын.

Биыл екі пилотталатын ұшырылым және бір жүк кемесін жіберу көзделген. Сонымен қатар миссияларға Гонконг пен Макаодан іріктелген мамандар алғаш рет қатысуы мүмкін.

❕ Қытай 2030 жылға жоспарланған Айға қону бағдарламасына дайындықты жалғастырып жатыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👏4🤔2👍1
🌍 Қытай АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларына алаңдаушылық білдірді

Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Фу Цун БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әскери соққылары өңірдегі жағдайды күрт ушықтырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Иранның және аймақтағы басқа елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы құрметтелуі тиіс. Қытай бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандарға алаңдаушылық білдіріп, тараптарды халықаралық құқық нормаларын сақтауға және азаматтық нысандарға шабуыл жасамауға шақырды.

Фу Цун әскери күш қолдану халықаралық дауларды шешудің жолы емес екенін атап өтіп, Таяу Шығыстағы шиеленістің ешбір тараптың мүддесіне сай келмейтінін айтты.

Қытай атысты дереу тоқтатуға және мәселені тек диалог пен келіссөз арқылы шешуге үндеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4👌2🤔1
🌐 Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылауда

Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақты бақылап отыр.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан бауырлас иордан халқына қолдау білдіретінін жеткізген.

Президент жағдайды ушықтыруы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырып, халықаралық дауларды тек дипломатиялық жолмен шешу қажет екенін атап өткен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌2🤡2💯1
🔼 Гонконг биржасында IPO көлемі күрт артты

Жыл басынан бері Гонконг қор биржасында 24 компания IPO өткізіп, жалпы 11 млрд доллардан астам қаржы тартты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда он есе көп.

Қаңтардан бері жиналған қаражат көлемі 2025 жылғы барлық IPO-ның төрттен бірінен асып түсті.

Қазіргі уақытта тағы 390 компания Гонконг биржасына шығуға өтінім беріп, листингті күтіп отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5⚡3💯1
❗️ Көлік министрлігі Таяу Шығыстан азаматтарды қайтару мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысы өтті.

Жиында өңірдегі ахуал, тоқтатылған рейстер жолаушыларына қолдау көрсету және баламалы, қауіпсіз бағыттар арқылы азаматтарды елге қайтару жоспарлары қаралды.

Қазіргі уақытта Иран, Израиль, БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз. Осыған байланысты 28 ақпанда 14 рейс, 1 наурызға жоспарланған 12 рейс тоқтатылды.

Жолаушыларға көмек көрсету үшін «Авиациялық әкімшілік» АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ашылды:

+7 7172 77 98 21
+7 7172 79 82 13
+7 7172 79 82 14

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3⚡2❤2👌1
⚡️ Иранның экс-президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад Тегеранда АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде қаза тапқаны хабарланды. Бұл туралы ирандық ILNA агенттігі мәлімдеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱7🕊5❤2⚡2
⚡️ Аятолла Али Хаменеимен бірге отбасы мүшелері де қаза тапты

АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан бірқатар жоғары лауазымды ирандық тұлғалар қаза тапқаны хабарланды.

Ирандық дереккөздердің мәліметінше, қаза тапқандар қатарында Аятолла Али Хаменеиден бөлек Қарулы күштер Бас штабының бастығы Абдольрахим Мусави, Ислам революциясы сақшылар корпусының бас қолбасшысы Мохаммед Пакпур және Жоғарғы бас қолбасшының кеңесшісі, Қорғаныс кеңесінің хатшысы Али Шамхани бар.

Сондай-ақ шабуыл салдарынан Хаменеи отбасының мүшелері — қызы, күйеу баласы және немересі де қаза тапқаны айтылды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱5⚡3😨3❤2
🛍 FT: Парсы шығанағы арқылы өтетін кемелерді сақтандыру қымбаттады

Financial Times басылымының хабарлауынша, сақтандыру компаниялары Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге арналған сақтандыру тарифтерін көтеріп жатыр. Кейбір жағдайларда полистерді мүлде беруден бас тарту да тіркелген.

Бұл шешім өңірдегі әскери және саяси шиеленістің күшеюіне байланысты қабылданған. Сарапшылардың пікірінше, сақтандыру құнының өсуі теңіз тасымалының бағасын арттырып, мұнай мен өзге де тауарлардың жеткізіліміне әсер етуі мүмкін.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5😁3🤔2👌1
⚡️ БАӘ Тегерандағы елшілігін жауып, елшісін кері шақырды

Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігін жабатынын, елшісін және дипломатиялық миссия мүшелерін кері шақыратынын мәлімдеді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі өкіліне сілтеме жасап Al Jazeera хабарлады.

Сонымен қатар БАӘ билігі 2 және 3 наурыз күндері Дубай мен Абу-Даби қор биржаларындағы сауданы уақытша тоқтататынын жариялады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👎2🤔2❤1👌1🤣1😡1
📈 Brent мұнайы $81-ден асты

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 81 доллардан жоғары көтерілді. Бұл – 2025 жылдың 23 маусымынан бергі ең жоғары деңгей.

Апта басында мұнай бірден 12,2%-ға қымбаттауына Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы себеп болды. Өңірдегі тұрақсыздық мұнай жеткізіліміне әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық бағаның өсуін жеделдетті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👨‍💻2❤1💯1😡1
💰 Қытайда ең жоғары жалақы алатын мамандықтар белгілі болды

Қытайда бұлтты жүйе архитекторлары мен микрочип жобалаушы инженерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарына шықты. Бұл туралы 51job кадрлық сервисінің зерттеуінде айтылған.

Бірінші деңгейлі қалаларда бұлтты архитектура мамандары жылына орта есеппен 490 мың юаньнан (шамамен 72 мың доллар), ал чип инженерлері 400 мың юаньнан (58 мың доллар) астам табыс табады.

Сондай-ақ автосала мен өнеркәсіптегі цифрлық бағыттағы мамандардың жалақысы өскен. Алгоритмдер бойынша автоинженерлер жылына 385 мың юань, өндірісті автоматтандыру инженерлері 235 мың юань алады.

❕ 2025 жылы жалақы өсімі бойынша жоғары технологиялар саласы көш бастады. Ең жоғары жалақы төленетін қалалар – Шанхай, Бейжің, Гуанчжоу, Ханчжоу және Нанкин.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5🔥1👌1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚝 Астанада LRT көктемде жолаушы тасымалын бастайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр LRT жобасының іске асырылу барысымен танысып, пойызбен сынақ режимінде жүріп өтті.

Олар депоны, Бірыңғай диспетчерлік орталықты және «Әуежай», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі», «Музей» станцияларын аралады.

Қалалық әкімдік мәліметінше, барлық сынақ кезеңі толық аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті көлік көктемде жолаушыларды тасымалдауды бастайды. Пойыздар өңірдің климатына бейімделген, аяз бен көктайғаққа төзімді.

❕ LRT желісінің жалпы ұзындығы 21 шақырымнан асады. Жобада қытайлық технологиялық стандарттар енгізіліп, Қытай өндірісінің автоматты, жүргізушісіз басқару жүйесі қолданылған. Бірінші кезең аясында 18 станция мен бір вагон депосы салынды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏7👍6❤2👌1
⚡️ АҚШ пен Израиль соққыларынан Иранда кемінде 555 адам қаза тапты

Сенбі таңынан бері АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан кемінде 555 адам қаза тапты. Бұл туралы дүйсенбі күні Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы мәлімдеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱7🕊4😭3
🚌 Қытай Ирандағы азаматтарын эвакуациялап жатыр

Қытай билігі Иран аумағындағы өз азаматтарын эвакуациялауды бастады. Алғашқы топ кеше Әзербайжан арқылы шығарылды.

18 Қытай азаматы Әзербайжанның Астара қаласындағы шекаралық бақылау-өткізу бекеті арқылы Ираннан өтіп, көрші ел аумағына кірген. Жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:30-да құжаттық рәсімдер толық аяқталған соң, олар Әзербайжандағы ҚХР елшілігі ұйымдастырған автобуспен Баку қаласына жеткізілді.

UPD: Қытай Сыртқы істер министрлігі Тегеранда болған әскери қақтығыс салдарынан бір Қытай азаматының қаза тапқанын хабарлады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🕊3👌1🤝1
📣 МАГАТЭ: Ирандағы атом нысандарына снарядтар түскені туралы дерек жоқ

МАГАТЭ Иран аумағындағы атом нысандарына снарядтардың түскені жөнінде мәлімет тіркемеген. Бұл туралы агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.

🔄 Иранның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Реза Наджафи Натанз қаласындағы ядролық нысан шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы МАГАТЭ Басқарушылар кеңесінің арнайы отырысы кезінде журналистерге айтты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3⚡2👍2👌1
✔️ Хоргоста автокөліктерді өткізу жеделдеді

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Хоргос автокөлік өткізу бекетінде шекарадан өтудің экспресс-арнасы іске қосылды. Жаңа жүйе жүргізушілердің құжат рәсімдеу уақытын қысқартып, бақылау процесін жылдамдатуға бағытталған.

Енді жүргізушілер көліктен түспей-ақ төлқұжатын сканерлеп, биометриялық тексеруден бірден өте алады. Бұрын олар қызмет көрсету орнына барып, кезек күтетін.

❕ Хоргос – Қытайдағы коммерциялық автокөліктерді экспорттайтын ең ірі құрлықтағы бекет. Күн сайын бұл жерден Қазақстан мен Өзбекстанға мыңнан астам көлік өтеді. 2025 жылы бекет арқылы 450 мың автокөлік экспортталып, тарихи рекорд тіркелді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3👌2👨‍💻1