GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Photo
🇰🇿 Әлемнің 22 елінің жоғары аудит органдарының өкілдері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

📌Астанада арнайы келген шетелдік делегациялардың қатысуымен Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар ресми түрде бастау алды.

Мерейтойлық бағдарлама елордада сәрсенбі күні, 16 қыркүйекте, «Болашақ мемлекеттік аудит: инновациялар, цифрлық трансформация және тұрақты даму» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан басталды.

Бүгінгі таңда жасанды интеллект пен цифрлық экономика әлем бойынша мемлекеттік басқарудың архитектурасын қарқынды түрде өзгертуде. Осы жағдайларда жоғары аудит органдарының рөлі де өзгерді. Бұл мемлекет қаржысын пайдалануды дәстүрлі тексеруден мемлекеттік шешімдердің сапасы мен тәуекелдерін басқарудың стратегиялық орталықтарының біріне айналуға көшуді білдіреді.

✔️ Заманауи контекстті ескере отырып, Астанадағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар ЖИ-ді мемлекеттік секторға интеграциялау, мемлекеттік аудитте цифрлық аналитика мен үлкен деректерді қолдану, ЖИ технологияларын пайдалану кезінде қауіпсіздік пен жауапкершілікті сақтау сияқты өзекті тақырыптарды талқылауға назар аударды.

✔️ Сондай-ақ тұрақты даму аудитін жүргізудің практикалық аспектілері, экономика мен геосаясаттағы жаһандық өзгерістерге аудиторлық тәсілдерді бейімдеу мәселелері және мемлекеттік институттардың өздерінің тұрақтылығы мен тиімділігіне қойылатын жаңа талаптар қаралды.

Іс-шараға әлемнің 22 елінен жоғары аудит органдарының басшылары мен өкілдері келді. Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің, Азия даму банкінің, Халықаралық валюта қорының, БҰҰДБ, ИНТОСАИ Даму бастамасының (IDI), ҚР ЖИ және цифрлық даму министрлігінің, тексеру комиссияларының, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің уәкілетті өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Конференцияда АЗОСАИ төрағасы – Үндістанның бас бақылаушысы және аудиторы Шри К. Санджай Мурти, АЗОСАИ бас хатшысы – ҚХР Ұлттық аудит кеңсесінің бас аудиторы Хоу Кай, ИНТОСАИ төрағасының өкілі – Мысырдың есеп беру жөніндегі мемлекеттік органының вице-президенті Маналь Мохамед Хайри, ИНТОСАИ Бас хатшылығының өкілі – Австрия Аудит соты директорының орынбасары Герберт Баумгартнер, OLACEFS өкілі – Бразилияның Федералдық шоттар соты бөлімінің басшысы Уго Чудисон Араужу Фрейре, сондай-ақ ТМД елдері Жоғары аудит органдары басшылары кеңесінің бас хатшылығы өкілі – Ресей Есеп палатасы төрағасының орынбасары Галина Изотова құттықтау сөз сөйледі.

ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстандағы мемлекеттік аудиттің қалыптасу бастаулары туралы айтып, республикадағы және әлемдегі мемлекеттік аудиттің жаңа трендтері мен одан әрі дамуына тоқталды.

Ең алдымен, Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның институционалдық дамуының 30 жылдық жолының маңыздылығына тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және мемлекеттік институттардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ауқымды жаңғырту процестерінің бір бөлігі ретінде 2022 жылы Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттіктерін кеңейту маңызды меже болды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 Әлемнің 22 елінің жоғары аудит органдарының өкілдері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты 📌Астанада арнайы келген шетелдік делегациялардың қатысуымен Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің…
📌Бүгінде Палата өз профильдік функцияларын табысты орындап қана қоймай, сонымен қатар Президенттің Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізуге де үлес қосып келеді.

«Жоғары аудиторлық палата цифрлық құралдар мен технологияларды белсенді түрде енгізуде. Біздің ақпараттық жүйеміз бүгінде аудиторлық циклдің барлық кезеңін қамтиды. Ол мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 20 ақпараттық жүйесімен біріктіріліп, мемлекеттік аудиттің 18 мыңнан астам объектісінің, яғни бюджет қаражатын алушылардың барлығының мониторингін қамтамасыз етеді», — деді Ә.Смайылов.

Қазір Мемлекеттік аудит объектісінің кабинеті мен Бірыңғай деректер қоры жұмыс істейді. Олар әрбір аудит объектісінің динамикалық бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның цифрлық жүйесінде сатып алуларға, салық түсімдеріне және бюджеттің атқарылуына мониторинг жасауды, сондай-ақ аудит объектілерін тәуекелге бағдарланған іріктеуді қолдауды қамтамасыз ететін аналитикалық компонент жұмыс істейді.

Әлихан Смайылов атап өткендей, заманауи аудит стратегиялық талдаудың және жүйелік тәуекелдерді анықтаудың толыққанды құралына айналып келеді және тұрақты дамудың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдеседі. Бұл ережелер ИНТОСАИ 25-Конгресінің Шарм-эль-Шейх декларациясында тікелей көрініс тапты.

Осыған байланысты жаһандық аудиторлық қоғамдастықтың ортақ міндеті – жасанды интеллект мүмкіндіктеріне сүйенетін, бірақ сонымен бірге тәуелсіздікті, кәсіби пайымды, этиканы және қоғамдық сенімді сақтайтын болашақ мемлекеттік аудит контурын айқындау.

Жоғары аудиторлық палата төрағасының айтуынша, ЖИ аудиторларға ақпараттың үлкен массивтерін талдаудан және рутиналық операцияларды автоматтандырудан бастап, әлеуетті тәуекелдерді анықтау мен болжауға дейінгі түбегейлі жаңа мүмкіндіктер береді.

Алайда цифрландыру жаңа сын-қатерлерде туындатады. Атап айтқанда, ЖИ алгоритмдері пайдаланатын деректердің дәйектілігі мен сапасын қамтамасыз ету, дербес мәліметтерді қорғау, қабылданатын шешімдер үшін адам мен алгоритм арасындағы жауапкершілікті бөлу, сондай-ақ мемлекеттік аудиторларды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге сапалы оқыту.

Осы ретте Жоғары аудиторлық палата төрағасы алдағы жылдары жоғары аудит органдары үшін басым бағыттарды атап өтті:

🔴Жасанды интеллект жүйелеріне аудит жүргізу тәсілдерін дамыту. Олардың тек техникалық тиімділігін ғана емес, этикалық нормаларын, алгоритмдердің ашықтығын, пайдаланылатын деректердің сапасын, модельдердің сенімділігін және адам бақылауы механизмдерінің міндетті түрде болуын бағалау;

🔴 Тәуекелге бағдарланған аудитті жетілдіру. Цифрлық қауіптердің толық спектрін, соның ішінде кибертәуекелдерді, технологиялық тәуелділікті және ЖИ-ді ауқымды қолдану кезіндегі алгоритмдік қателіктердің жиынтық әсерін ескеру;

🔴 Аудиторлардың кәсіби құзыреттерін нығайту. Тәуелсіз кәсіби пайымдаудың негізгі рөлін сақтай отырып, Data Science және ЖИ саласындағы жұмыс дағдыларын дамыту;

🔴 Халықаралық ынтымақтастықты жандандыру. Тиімді тәжірибе алмасу үшін цифрлық мемлекеттік жүйелер аудитінің бірыңғай принциптерін, әдістемелері мен стандарттарын әзірлеу;

🔴 ЖИ-дің тұрақты дамуға және қоғамдық құндылыққа қосқан үлесін бағалау. Цифрлық трансформация игіліктердің әділ бөлінуіне, қоршаған ортаны қорғауға және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға қаншалықты ықпал ететінін тексеру.

«Жоғары аудиторлық палата ЖИ-ді жеке автоматтандыру жобасы ретінде емес, мемлекеттік аудит моделінің өзіне енгізілген түзетулер ретінде қарастырады. Бұл жұмыста біз үш қағидатты ұстанамыз: түпкілікті аудиторлық пайымдау аудитордың құзырында қалуы тиіс, ЖИ қолдану арқылы дайындалған кез келген қорытынды қайта тексерілуі және аудиторлық дәлелдемелермен расталуы қажет, мемлекеттік аудит деректерін өңдеу қорғалған контурда жүзеге асырылуы тиіс», — деді Ә. Смайылов.


Сөз соңында төраға технологиялар, экономика және мемлекеттік басқару тәсілдері өзгергенімен, аудит органдарының басты миссиясы – қоғамға қызмет ету өзгеріссіз қалатынын атап өтті.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
🇰🇿 Представители 22 стран мира приняли участие в конференции в честь 30-летия Высшей аудиторской палаты РК

📌В Астане официально стартовали мероприятия, приуроченные к 30-летию деятельности Высшей аудиторской палаты Казахстана, с участием приглашенных гостей и иностранных делегаций.

Отправной точкой в юбилейной программе стала международная научно-практическая конференция «Государственный аудит будущего: инновации, цифровая трансформация и устойчивое развитие», состоявшаяся в столице в среду, 16 сентября.

Сегодня искусственный интеллект и цифровая экономика стремительно меняют саму архитектуру государственного управления по всему миру. В этих условиях меняется и роль высших органов аудита, которым предстоит занять новое место в современной управленческой реальности. На практике это означает переход от традиционной проверки использования государственных финансов к роли одного из стратегических центров управления рисками и качеством государственных решений.

✔️ Учитывая современный контекст, участники научно-практической конференции в Астане сфокусировались на обсуждении таких актуальных тем, как интеграция ИИ в государственный сектор, применение цифровой аналитики и больших данных в госаудите, соблюдение безопасности и ответственности при использовании технологий ИИ.

✔️ Отдельным блоком также были рассмотрены практические аспекты проведения аудита устойчивого развития, вопросы адаптации аудиторских подходов к глобальным изменениям в экономике и геополитике и новые требования к устойчивости и эффективности самих государственных институтов.

В мероприятии приняли участие руководители и представители высших органов аудита 22 стран мира. Присутствовали уполномоченные представители Всемирного банка, Азиатского банка развития, Международного валютного фонда, ПРООН, Инициативы развития ИНТОСАИ (IDI), Министерства ИИ и цифрового развития РК, ревизионных комиссий, Комитета внутреннего государственного аудита, а также ученые иэксперты.

С приветственной речью на конференциивыступили: председатель АЗОСАИ – генеральный контролер и аудитор Индии Шри К. Санджай Мурти, генеральный секретарь АЗОСАИ – генеральный аудитор Офиса национального аудита Китая Хоу Кай, представитель председателя ИНТОСАИ – вице-президент Государственного органа по подотчетности Египта Маналь Мохамед Хайри, представитель Генерального секретариата ИНТОСАИ – заместитель директора Суда аудита Австрии Герберт Баумгартнер, представитель OLACEFS – руководитель отдела Федерального суда счетов Бразилии Уго Чудисон Араужу Фрейре, а также представитель Генерального секретариата Совета руководителей ВОАстран СНГ – заместитель председателя Счетной палаты России Галина Изотова.

В ходе своего выступления председатель ВАП РК Алихан Смаилов рассказал об истоках становления госаудита в Казахстане, а также представил стратегическое видение новых трендов и дальнейшего развития государственного аудита в республике и мире.

В первую очередь он подчеркнул значимость 30-летнего пути институционального развития Высшей аудиторской палаты, проходившего в полном соответствии с международными стандартами ИНТОСАИ. Важным рубежом стало существенное расширение полномочий ВАП в 2022 году как части общих масштабных модернизационных процессов, инициированных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, и направленных на повышение эффективности и прозрачности государственных институтов.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 Представители 22 стран мира приняли участие в конференции в честь 30-летия Высшей аудиторской палаты РК 📌В Астане официально стартовали мероприятия, приуроченные к 30-летию деятельности Высшей аудиторской палаты Казахстана, с участием приглашенных гостей…
📌Сегодня ВАП не только успешно исполняет свои профильные функции, но также вносит вклад в достижение задачи Президента по преобразованию Казахстана в полноценную цифровую страну.

«Высшая аудиторская палата активно внедряет цифровые инструменты и технологии. Наша информационная система сегодня охватывает все этапы аудиторского цикла. Она интегрирована с 20 информсистемами госорганов и организаций квазигоссектора, обеспечивая мониторинг свыше 18 тысяч объектов госаудита, то есть всех получателей бюджетных средств», — сказал Алихан Смаилов.

Он добавил, что уже работают Кабинет объекта госаудита и Единое хранилище данных, которые позволяют формировать динамический профиль каждого объекта аудита.

Кроме того, в цифровой системе ВАП функционирует аналитический компонент, обеспечивающий мониторинг закупок, налоговых поступлений и исполнения бюджета, а также поддержку риск-ориентированного отбора объектов аудита.

Как отметил Алихан Смаилов, современный аудит становится полноценным инструментом стратегического анализа и выявления системных рисков, содействует достижению долгосрочных целей устойчивого развития. Эти положения, в частности, нашли прямое отражение в Шарм-эль-Шейхской Декларации 25-го Конгресса ИНТОСАИ.

В этой связи общая задача глобального аудиторского сообщества – определить контуры государственного аудита будущего, который будет опираться на возможности ИИ, но при этом сохранит независимость, профессиональное суждение, этику и общественное доверие.

По словам председателя Высшей аудиторской палаты, ИИ предоставляет аудиторам принципиально новые возможности: от анализа больших массивов информации и автоматизации рутинных операций до выявления потенциальных рисков и прогнозирования.

Однако цифровизация формирует и новые вызовы: обеспечение достоверности и качества используемых алгоритмами ИИ данных, защита персональных сведений, распределение ответственности между человеком и алгоритмом за принимаемые решения, а также качественное обучение госаудиторов работе с новыми технологиями.

В этом контексте председатель ВАП обозначил приоритетные направления для высших органов аудита в ближайшие годы:

🔴Развивать подходы к аудиту систем ИИ. Оценивать не только их техническую эффективность, но и этичность, прозрачность алгоритмов, качество используемых данных, надежность моделей и обязательное наличие механизмов человеческого контроля;

🔴 Совершенствовать риск-ориентированный аудит. Учитывать весь спектр цифровых угроз, включая киберриски, технологическую зависимость и накопительный эффект алгоритмических ошибок при масштабном использовании ИИ;

🔴 Укреплять профессиональные компетенции аудиторов. Развивать навыки работы с Data Science и ИИ, сохраняя при этом ключевую роль независимого профессионального суждения;

🔴 Активизировать международное сотрудничество. Разрабатывать единые принципы, методики и стандарты аудита цифровых государственных систем для эффективного обмена лучшими практиками;

🔴 Оценивать вклад ИИ в устойчивое развитие и общественную ценность. Проверять, способствует ли цифровая трансформация справедливому распределению благ, защите окружающей среды и укреплению доверия граждан к государству.

«Высшая аудиторская палата рассматривает ИИ не как отдельный проект автоматизации, а скорее, как коррективы самой модели госаудита. В этой работе мы придерживаемся трех принципов: окончательное аудиторское суждение должно оставаться за аудитором, любой вывод, подготовленный с применением ИИ, должен быть воспроизводим и подтвержден аудиторскими доказательствами, обработка данных госаудита должна осуществляться в защищенном контуре», — озвучил Алихан Смаилов.


В завершение председатель ВАП отметил, что за последние десятилетия изменились технологии, экономика и сами подходы к госуправлению, однако главная миссия высших органов аудита остается неизменной – служить обществу.

🗓️ Следующим крупным событием в официальной программе станет 63-е заседание Совета правления Азиатской организации высших органов аудита (АЗОСАИ), которое впервые состоится в Казахстане 17 сентября.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM