Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялардың 22-пакетіне ресейлік 60-қа жуық банкті SWIFT жүйесінен ажыратуды енгізуді ұсынып отыр. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, санкцияларды айналып өтуге көмектесетін Ресейдегі және үшінші елдердегі криптовалюта платформалары мен өзге де төлем желілеріне қосымша шектеулер қарастырылған.
Еуропаның компанияларына Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымын, атап айтқанда мұнай өңдеу зауыттарын салуға, оларға қызмет көрсетуге және жөндеуге көмектесуге тыйым салынбақ.
Санкциялар тізіміне ресейлік "тасадағы флоттың" 70 кемесін қосу да ұсынылып отыр. Тағы бір шара – Украинадағы соғысқа қатысқан бұрынғы ресейлік әскери қызметшілердің Еуропа Одағы елдеріне кіруіне тыйым салу. Бұған қоса пакетте ресейлік командалар мен спортшылардың Еуроодақ аумағындағы жарыстарға Ресей туы астында қатысуын және Ресейдің ресми рәміздерін пайдалануын шектеу көзделген.
Ресейлік демеушілердің еуропалық спорт және мәдени бірлестіктерді қаржыландыруын шектеу, сондай-ақ ресейліктерге еуропалық спорт федерацияларына жетекшілік етуге тыйым салу ұсынылған. Бұдан бөлек, Еурокомиссия еуропалықтарға ресейлік компанияларда басшы қызмет атқаруға тыйым салуға ниетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29🔥5
🪖🌟 БАҚ: Украинадағы соғыста кемінде 700 мың ресейлік қаза тапқан
Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылық соғыс ашқан сәттен 2026 жылдың қыркүйек айының аяғына дейін кемінде 490 мың ресейлік жауынгер қаза тапқан. Ресейлік "Росстат" мекемесінен тарап кеткен деректерді зерттеген журналистер осындай қорытындыға келді. Ал әзірге хабар-ошарсыз кеткенге саналатын адамдарды қоса есептегенде, 2026 жылдың күзіне қарай Ресей тарапының шығыны шамамен 720 мың адам немесе одан да көп деп бағалады "Медуза" және "Медаизона" басылымдары.
"Росстат" деректерін журналистерге "Беларусь киберпартизандары" және Silent Crow хакерлік топтары берген. Олар "Росстат" базасын бұзып кіргенін 1 қарашада жариялаған еді.
Журналистер екі деректер қорын өңдеп, қайталанған жазбаларды алып тастаған соң және түзетілген құжаттарды біріктіргеннен кейін 2021 жылдың басынан 2026 жылдың қыркүйегінің аяғына дейінгі аралықтағы өлім-жітім туралы 11 миллион 660 мыңға жуық бірегей жазба қалған. Бұл санға барлық қайтыс болғандар кіретіндіктен, қаза тапқан әскери қызметкерлер туралы мәліметтерді бөлек іріктеуге тура келген.
Журналистер мәліметтерді архив істері тізімі, сот шешімдері, азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесінен бұрын тарап кеткен өзге де деректер және "Росстаттың" ашық статистикасы арқылы тексерген. Архивтерден "Медиазона", BBC-дің Орыс қызметі және еріктілер бірлесіп жүргізетін қаза тапқандардың атаулы тізіміндегі сарбаздардың 95,1 пайызы туралы жазбалар табылған.
Ресейдегі халық санына шаққанда, соғыста ең көп қаза тапқан адам саны Қиыр Шығыс пен Сібір өңірлерінде тіркелген. "Важные истории" есебіне сәйкес, Еврей автономиялық облысында 100 мың тұрғынға шамамен мың қаза тапқан адамнан, Забайкалье өлкесінде – 800-ге жуық, Чукоткада – 760, Тывада – 650 адамнан келеді. Мәскеуде бұл көрсеткіш 63 адамға тең болған.

👏21🔥2😱1
Экобелсенді әрі суретші Салтанат Тәшімова Алматының тау бөктеріндегі Көкжайлау шатқалын қорғауды өзінің басты мақсатының бірі деп біледі. Бұл істе қоғамдық акциялармен қатар тылсым ғұрыптарға да жүгінетін ол Азаттық Азияға сұхбатында билік туризм мен экономиканы дамытуға серпін береді деп отырған тау шаңғысы курортының құрылысына неліктен қарсы екенін айтып берді. #azattyqstories
Осы жерден оқу үшін INSTANT VIEW жазуын басыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
"Адам – табиғаттың әміршісі емес". Алматылық экобелсендінің Көкжайлау үшін күресі
Табиғат көріністерін суретке салғанды, тауға шыққанды ұнататын ол өзін "қалалық бақсы" деп атайды. Алматының тау бөктеріндегі көрікті Көкжайлау шатқалын қорғауды өзінің басты мақсаттарының бірі деп білетін экобелсенді әрі суретші Салтанат Тәшімова бұл істе…
👍8❤2
Қазақстандағы антропология мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш антрополог ғалым Оразақ Ысмағұлов 96 жасында дүние салды.
1930 жылы Қостанай облысындағы Ұялысай ауылында дүниеге келген Оразақ Смағұлұлы 1950 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1958 жылы ол академик Қаныш Сәтбаевтың қолдауымен Мәскеудегі Совет одағы Ғылым академиясының Этнология және антропология институтының аспирантурасына түсіп, білім алған.
1965 жылы "Қазақтың кескін-келбетінің қалыптасуы көне және қазіргі бас сүйектері бойынша" деген тақырыпта антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1984 жылы ғылым докторы атанған.
1989 жылы ол Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы Қазақстандағы алғашқы этностық антропология зертханасын ұйымдастырды, көп жыл институтта еңбек етті.
Жүздеген ғылыми жұмыстың авторы атанған ғалым төрт мың жыл бұрын қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен қазіргі заманғы қазақтардың сүйектерін салыстырып, олардың антропологиялық сәйкестігін анықтаған. Оразақ Ысмағұлов советтік Қазақстаннан шыққан диссидент, кейін Батысқа кетіп, ұзақ уақыт Азаттық радиосында қызмет атқарған Махмет Құлмағамбет туралы "Қазақтың айбарлы диссиденті" деген кітап та шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢28🕊5🙏4💔3❤1
Алматы облыстық соты парақорлық айыбымен 12 жылға сотталған 69 жастағы Кәрім Көкірекбаевты шартты бостандыққа шығару туралы қаулының күшін жойған.
Алатау қалалық соты 17 қарашада Көкірекбаевты денсаулық жағдайына байланысты жаза өтеу мекемесінен бостандыққа шығару туралы шешім шығарған. Бұған қарсылық білдірген прокуратураның шағымын қараған облыстық сот Көкірекбаевты қамаудан босату туралы қаулы негізсіз қабылданған деген ұйғарымға келген.
Бұрын Жамбыл облысының әкімі, "Қазақстан темір жолы" АҚ басшысы, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі сынды лауазымды қызметтер атқарған Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсанында "Bazis Construction INFR" компаниясы басшысы Андрей Поплавскийден 396 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол қаражат Қорғас өзеніндегі қорғаныс бөгеттерінде іс жүзінде атқарылмаған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін берілген. Мемлекетке келген шығын шамамен 2 миллиард теңге деп бағаланды.
2025 жылдың шілде айында сот Көкірекбаевты айыпты деп танып, 12 жылға бостандығынан айырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👍5❤1💩1💔1
Армения билігі 23 қарашада елдің жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Негізгі заңды өзгерту – Әзербайжанның Армениямен бейбіт келісім жасасу және екі ел арасындағы қарым-қатынасты түпкілікті қалыпқа келтіру үшін қойған басты талаптарының бірі.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Конституцияны өзгертуге бастамашы болғанымен, жобаны референдумға шығару мүмкін бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз – бұл мәселе парламенттегі дауыс беруге байланысты.
Азаматтарға жоба туралы пікір білдіріп, өз ұсыныстарын енгізу ұсынылып отыр. Жобада Арменияның Тәуелсіздік декларациясы туралы ештеңе айтылмаған. Қолданыстағы Конституцияда сілтеме жасалған, 1990 жылы қабылданған декларацияда Таулы Қарабақ аталған. Ол – ұзақ уақыт бойы Армения мен Әзербайжан арасындағы жерге байланысты дауға себеп болған, халықаралық деңгейде Әзербайжанға тиесілі деп танылған аумақ.
2023 жылы Әзербайжан Қарабақтың бүкіл аумағына күшпен бақылау орнатты. Пашинян Қарабақты Арменияға қосу жөніндегі қозғалысты қателік деп санайтынын және Әзербайжанмен қарым-қатынаста екі елдің халықаралық деңгейде мойындалған шекараларын негізге алуға ниетті екенін бірнеше рет айтқан. "Халықаралық деңгейде мойындалған аумақ" деген тіркес жаңа Конституция жобасында да кездеседі.
Жаңа Конституцияны референдумда қабылдау көзделіп отыр. Алайда жаңа жобаны дауысқа шығару үшін ел парламенті – Ұлттық жиналыстың кемінде 70 депутаты оны қолдап дауыс беруі керек. Пашинянның партиясында бар болғаны 64 мандат бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤1
Тоқаев құрылыс министрін қызметтен босатты. Ол ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты лауазымынан босатты. Бұл туралы 24 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол сол күні "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін Тоқаев 2027 жылы Қазақстанда ірі құрылыс науқаны басталатынын жариялап, оны "Халықтық құрылыс" болады деп атаған. Президент елде әлеуметтік нысандар салу үшін Ұлттық қордан аса көп мөлшерде қаржы жұмсалатын болады деп мәлімдеген.
46 жастағы Нағаспаев 2025 жылғы 28 ақпаннан бері Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарып келді.

🥱12💩5❤2😁1
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының екі партиядан сайланған 20 мүшесі президент Дональд Трампқа Ресей президенті Владимир Путинді желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырудан бас тартуға үндеп хат жолдады.
Олар Путинді саммитке шақырмауға себеп ретінде Украинадағы соғысты, сондай-ақ Иран 12 америкалық сарбазды жаралаған шабуылына Ресей берген барлау деректерін пайдаланған болуы мүмкін деген хабарларды алға тартқан.
"Қазір әділетсіз соғысты тоқтату мәселесін талқылауды қоспағанда, мейлі G20 саммиті аясында болсын, мейлі кез келген басқа алаңда болсын, Ресеймен экономикалық ынтымақтастық орнататын немесе пікірталас өткізетін уақыт емес. Біз Ресейдің америкалық әскери қызметшілер де, Украина халқы да зардабын тартып отырған сұмдық әрекеттері үшін жауап беруіне қол жеткізуге әрекет жасауды одан әрі жалғастыруымыз керек", – деп жазған конгрессмендер Трампқа хатында.
Биыл қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио президент Трамп Путинге биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 қатысуға шақырту жібергенін хабарлаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32❤5💯5😁1
24 қарашада Венгрия премьер-министрі Петер Мадияр Ужгородта Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген келіссөздерін "тарихи оқиға" деп атады. Кездесу Венгрия үкіметі жетекшісінің Украинаға кейінгі 10 жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы сапары аясында өтті.
Биыл сәуірдегі сайлау қорытындысы бойынша Венгрия билігіне келгеннен кейін Мадияр Украинамен екіжақты қарым-қатынасты жаңа негізде құруға ден қойды деп жазды Reuters. Ужгородта Мадияр Ресейдің "егеменді, еркін еуропалық елге қарсы" жүргізіп жатқан, бес жылға жуық уақытқа созылған соғысын венгр халқы айыптайды деп мәлімдеді.
Ужгородта Мадияр мен Зеленский 2014 жылы Мәскеу Қырымды аннексиялаған сәттен бері қаза тапқан украин сарбаздары жерленген зиратқа бірге барды.
"Мен бүгін тарихи күн деп санаймын және одан екі елдің тарихы мен қарым-қатынасында жаңа бет ашуға зор мүмкіндік көремін",– деді Петер Мадияр зират басына гүл қойғаннан кейін.
Киев қазіргі келіссөздер Украинаның Еуропа одағы құрамына кіру процесін жеделдетуге көмектеседі деп үміттенеді. Кремльге бүйрегі бұратын саясаткер саналған Виктор Орбан басқарған бұрынғы билік тұсында Венгрия Киевтің бұл ұмтылысына басты кедергі болып келген еді.
Венгрияның Мадияр басқаратын жаңа үкіметі Украинаның Еуроодақпен ішкі нарық және бәсекеге қабілеттілік стандарттары мәселелері бойынша келіссөздер бастауына қарсылығын алып тастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤7👏2
АҚШ-тың Украина жөніндегі келіссөз жүргізушілер тобы соғысты аяқтау жөніндегі келісімге неғұрлым тезірек – желтоқсан немесе қаңтар айына дейін қол жеткізуге тырысып отыр. Мұны Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленский айтты. Соғыстың тезірек аяқталуына Киев те мүдделі, бірақ "бұл тек қана Украинаның есебінен болмауы тиіс" деп мәлімдеді ол.
Зеленский осы сұхбатында Украина соғыстың аяқталуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасауды жалғастыратынын айтқан.
"Бірақ сонымен бірге, біз жаңа Конгрестің екі партиясымен де байланыс орнатып, Ресейге қарсы санкциялар салуды және бізге қолдау көрсетуді сұрайтынымыз сөзсіз. Онсыз мүмкін емес. Егер ресейліктер соғысты аяқтағысы келмесе, оларды мәжбүрлеу керек", – деді Зеленский.
Бұған қоса Украина басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің көздеген мақсаты өзгермейтінін – Украинаны басып алу болып қала беретінін және Мәскеудің "қыста украиндықтардың сағы сынады" деген дәмесі барын айтты.
19 қарашада Қытайда АҚШ және Қытай президенттерімен келіссөз өткізгеннен кейін Путин журналистердің сұрағына берген жауабында Украинаны "соғысты бастады" деп тағы да айыптап, қаржыландырудан айырылудан қорқатын Киевтің қазір "мәмілеге" келгісі жоқ деген долбар жасаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24💯4❤2🔥2
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында үш адам Ертіс өзеніне батып опат болған. Бұл туралы өскемендік yk-news.kz онлайн-басылымы хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Зевакино ауылы маңында болған. Ертістен балық аулауға шыққан 1984, 1967 және 1960 жылы туған үш ер адам өзеннің жұқа мұзы ойылып кетіп, суға батып кеткен.
Олардың үстінде суға батудан сақтайтын кеудеше болмаған. Марқұмдарды төтенше жағдайлар қызметінің сүңгуірлері судан алып шыққан.
Төтенше жағдай қызметі өзен мұзының қалыңдығы барлық жерде бірдей емес екенін, әсіресе ағысы бар өзен бетінде мұз жұқа болатынын, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін жұртқа ескертіп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢19❤2🙏2
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Оған мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент жарлығында мемлекеттік комиссияның міндеті – бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу екені айтылған.
Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады делінген ақпаратта.
Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, қауіп-қатер бар-жоғын зерделейді және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді. Жүргізілген мониторинг бойынша ел президентіне тоқсан сайын және жылдық есеп ұсынады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩15👍9❤2🤔1🥱1
Сәрсенбіге қараған түні Ресей күштері Украинаның Одесса облысын атқылап, салдарынан екі адам – 41 жастағы ер азамат және 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан. Облыстық әкімшілік басшысы Олег Кипердің хабарлауынша, тағы үш адам жараланған, олардың арасында 12 жасар бала бар.
Кипер ресейлік шабуылдардан азаматтық инфрақұрылым, жеке тұрғын үй, өндірістік ғимарат және жеңіл автокөліктер зақымданғанын айтты.
Электр энергиясын таратумен және тасымалдаумен айналысатын ДТЭК компаниясының мәліметінше, Одесса облысына кейінгі жасалған шабуылдар салдарынан электр желілеріндегі апат саны 15 есе артқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылғы 23 қарашада "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен тағы бірнеше адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Мұны 25 қарашада ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді" делінген ҰҚК таратқан қысқа ақпаратта.
ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаған пара беру") бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлап, Омарбековпен бірге неше адам ұсталғанын, олардың аты-жөні мен қандай қызмет атқаратынын нақтыламады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12👍5💩1
Azattyq - Азаттық
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы өзінің директорлар кеңесінің 24 қарашадағы шешімімен басқарма мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады.
"Олардың функционалдық міндеттері міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес компания басшылығының ішінде қайта бөлінді. Компания өндірістік және коммерциялық персоналдың толық құрамда жұмысын жалғастырып, ағымдағы шаруашылық қызметі штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", – деген компания жаиялаған ақпаратта.
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы құрылымында 12 жылдан бері жұмыс істеп келген Қуаныш Омарбеков 2023 жылдың маусым айынан компанияның өндіріс жөніндегі бас директоры, 2023 жылдың маусым айынан – басқарма мүшесі болды. Ол 2023 жылдың желтоқсанында "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥4💩2
Қазақстан 2025 жылдың мамыр айынан бері Алматыда экстрадициялық қамауда отырған шешен белсендісі Мансур Мовлаевты Ресейге беруге дайындалып жатыр. Мұны Кремльдің Украинаға ашқан басқыншылық соғысына және жүргізіп отырған саясатына қарсы тұру үшін құрылған "Ресейдің соғысқа қарсы комитеті" бірлестігі хабарлады.
Өз қызметінде құқық қорғаумен де айналысатын қордың мәліметінше, 24 қарашада "Мансур Мовлаевқа сәлемдеме беру үшін тергеу абақтысына барған адамға белсендіні Петропавлға этаппен жөнелткелі жатқанын, ол жақта оны Ресейге беретінін айтқан".
Мовлаевтың адвокаты Елена Жигалёнок бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің талаптарын сақтау және Мовлаевты кепілмен экстрадициялық қамаудан босату жайлы Бас прокуратураға сауал жолдаған.
"Оған апарған сәлемдемені ол этаппен Петропавлға кетті деп қабылдамай қойған. Бірақ олай емес екен. Мән-жайды анықтауға барғанда оның этаппен жөнелтілетіндер тізіміне енгізілгенін естіген. Әзірге әкеткен жоқ", – деді адвокат Азаттық Азияға.
Жигалёноктың сөзінше, қазір Мовлаев Алматыдағы тергеу изоляторында отыр.
"Біз Бас прокурордың орынбасары Жұмағалидың Мансурды беру туралы қаулысына шағымдану жөніндегі іс жүргізуді қайта бастауды сұрап Жоғарғы сотқа өтініш жаздық. Әлі жауап берген жоқ. Алайда Бас прокуратурадағылар өтінішті қайта қарамайтынын, бұған дейін Жоғарғы сот [Мовлаевты Ресейге] беру туралы қаулының заңды екені жөнінде шешім қабылдап қойғанын айтты", – деп хабарлады Жигалёнок.
Азаттық Азия Мансур Мовлаевтың жағдайы бойынша Бас прокуратураға ресми сауал жолдағанын, әзірге жауап алмағанын жазды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13😱6❤1😁1
Жамбыл облысының полиция департаменті мемориалдық ескерткішті қиратып, Ресейдің наразылығын тудырған оқиғаға күдіктілер ұсталғанын хабарлады.
Күштік құрылымдар совет жауынгерлері зиратындағы мемориалды Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 7-сыныпта оқитын үш бала қиратқан болуы мүмкін дейді.
Департамент ақпаратында кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынып, олардың ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылғаны жазылған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда алған жарақаттан госпитальде қайтыс болған Қызыл армия жауынгерлерінің зиратындағы ескерткіш Ресейдің қаражатына қалпына келтіріліп, 15 қазанда Таразда салтанатты түрде ашылған. Алайда бір айдан кейін, 18 қарашада монумент түгел дерлік қиратылғаны белгілі болды.
Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жолдаған дипломатиялық нотада кінәлілерді анықтап, жазалауды талап еткен.
Жергілікті билік мемориал қалпына келтіріліп, күзетке алынғанын хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩15👎9🥴5
Сәрсенбі күні Құрылтай отырысында үкімет жетекшісіне жолдаған депутаттық сауалында ЖСДП фракциясының мүшесі Мақсұт Нәсібулов.елде энергетикалық сусындарға қатаң шектеу енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
"Энергетикалық сусындар айналымын мемлекеттік заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, соның негізінде Қазақстанда бұл мәселені реттеудің жаңа заңнамалық шараларын, тіпті ел аумағында энергетиктерді өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салуға дейінгі шараларды ұсыну қажет", – деді депутат.
Ол тұтынушының жас ерекшелігіне байланысты шектеу енгізілгеніне қарамастан елде сатылатын энергетикалық сусындар көлемі артып отырғанын айтты. Депутат келтірген деректер бойынша, 2023 жылы елде 215 миллион литр энергетик сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жетіп, екі жыл ішіндегі өсім 65 пайыз болған.
"Ал Statista халықаралық компаниясы сарапшылары 2025 жылы Қазақстандағы энергетиктер нарығының қаржылай көлемі 93 миллион долларға жеткенін айтады", – деді ол.
Қазақстанда 2025 жылдан бастап 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған. Ал биылғы жыл басынан бұл өнімдерге акциз енгізілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤9💩2🤡2
🏔️ BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға тұрарлық 20 үздік жердің тізіміне қосты
Британдық BBC Travel басылымы Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыны "2027 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік 20 орын" (The 20 best places to travel in 2027) тізіміне енгізді.
Алматыны қар басқан таңғажайып табиғат аясындағы өркендеген өнер сахнасы бар қала деп сипаттаған басылым Тянь-Шань тауларының бөктерінде орналасқан Алматы бұған дейін Ұлы Жібек жолы бойындағы Бұхара мен Самарқанның тасасында, саяхатшылар назарынан тыс қалып келгенін айтады.
Әйткенмен Еуропа мен Азияның тоғысындағы бұл қала алуан түрлі ас-дәмімен, өнерімен және дизайнымен кейінгі кезде туристердің назарын тартып, халықаралық деңгейде танылып отыр деп жазады.
Басылым Алматыдағы Орталық Азиядағы ірі заманауи өнер музейлерінің бірі Almaty Museum of Arts, сәулетші Асиф Ханның жобасы бойынша жаңартылған "Целинный" мәдениет орталығы мен қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғыртқан жергілікті шеберлердің қолынан шыққан туындылар, The Spirit of Tengri сынды халықаралық заманауи этностық музыка фестивалі туралы да жазған.
BBC Travel биыл жариялаған тізімге Орталық Азиядан жалғыз Алматы ғана кірген.

🔥14👍10
Тоқаев Мәскеуге барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Ақорданың хабарлауынша, оны әуежайда Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін кеште Кремльде жеке кездеседі. Президенттер бірге ас ішеді. Екі президент бейсенбіде AI Journey 2026 халықаралық конференциясында тағы бас қосады деді Песков.
Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, екі ел басшылары Мәскеуде "Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту"мәселесін талқылайды.
Тоқаев жасанды интеллектіге арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Оны жыл сайын Ресейдің "Сбербанкі"ұйымдастырады. Украинадағы соғыс басталғаннан кейін АҚШ қаржы министрлігі бұл банкке санкция салған.
Путин Ресейдің ЖИ саласындағы "егемендігі"туралы көп айтады. Ал Қазақстан АҚШ-тың Pax Silica бастамасына және Қытай бастаған WAICO ұйымдарына қосылған.

💩16🤬8👎6🤡5