Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬 АҚШ Өзбекстанның 44 азаматын депортациялады

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейс "азаматтарды өз отанына қауіпсіз әрі уақытында жеткізу" мақсатында АҚШ билігімен бірігіп ұйымдастырылған.

Екі ел арасында шетте жүрген Өзбекстан азаматтарының құқықтарын қорғау және оларды отанына қайтару мәселелері бойынша әріптестік жалғасып жатыр деп айтылады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏21🔥2👎1
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы жарғыға қол қойды.

Келісімге қол қою рәсімі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда өтті. Кейін Кеңеске қосылуға келіскен елдердің басшылары келісімге қол қойды. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Әзербайжан, Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Аргентина, Парагвай басшылары, Венгрия, Әзербайжан премьерлері бар.

CNN келісімге 20-дан аса елдің лидері қол қойғанын айтады. Олардың қатарында Батыс Еуропа елдері, Қытай, Ресей жоқ. Бұл елдерге де Трамп шақырту жіберген.

АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесін БҰҰ-ға альтернатива ретінде құрған.
👍19👎6🤔4😁3🔥2🥱1
Azattyq - Азаттық
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы жарғыға қол қойды. Келісімге қол қою рәсімі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда өтті. Кейін Кеңеске қосылуға келіскен елдердің басшылары келісімге қол қойды. Олардың арасында Қазақстан…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақорда да Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойғанын хабарлап, шарадан шағын видео жариялады. Онда Тоқаевтың Трампқа бірдеңе айтып жатқаны көрінеді, Трамп жымиып, оны қолдағандай сыңай танытады
👍25😁12🤮3🤔2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік арналар президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған өзгерістерді кеңінен мадақтап, әлеуметтік желіде де бұл тақырып қызу талқыланып жатқанымен, Алматы көшесінде Азаттық тілшісіне кезіккен көп тұрғын жаңалықтан бейхабар болып шықты. Билік Құрылтайда айтылған ұсыныстарды ауқымды саяси реформа деп сипаттап отыр. Ал тұрғындар не ойлайды, пікірін сұрап көрдік.
🤣14🤔13👍10❤2😁2💩2
⚡АҚШ, Украина және Ресей арасында үш жақты кездесу өтеді

Украина президенті Владимир Зеленский 23-24 қаңтарда АҚШ, Ресей және Украина арасында алғаш рет үш жақты кездесу өтетін мәлімдеді. Зеленский бұл сөзді Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді.

«Орыстар компромиске дайын болуы керек. Украина ғана емес, бәрі де дайын болуы тиіс. Қандай нәтиже шығатынын көреміз» деді ол.
🔥20👍8❤3
❗Amnesty International халықаралық адам құқығы ұйымы Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының істі болып жатқан 19 мүшесін босатуға шақырды.

Ұйым не деді?

"Қазақтан билігі қылмыстық заңнаманы теріс пайдалануды дереу тоқтатып, адам құқығы бойынша халықаралық стандарттың талаптарын орындауы тиіс. Яғни, "Атажұрт" белсенділеріне тағылған негізсіз айыптарды жойып, ұсталғандардың бәрін босатуы керек. Бейбіт наразылық билікке және Қытай сияқты ықпалды геосаяси ойыншыға ыңғайсыз болғаны үшін қылмыс саналмауы тиіс" деді Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Струтерс мәлімдемеде.

Amnesty International Қазақстан билігі "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабын "тағы да" белсенділерді қудалауға пайдаланып отыр деп санайды және "Атажұрт" белсенділерін қудалауды тоқтатып, тез босатуға шақырады.

19 белсенді неге қамалды?

"Ұлтараздықты қоздыру" бабымен істі боп жатқан 19 белсендінің соты ертең, 23 қаңтарда Талдықорғанда басталады. Қазір 13 белсенді қамауда, 6 белсенді үйқамақта отыр.

13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында Қалжат елді мекені маңында қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған ұлты қазақ азаматтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен еді.

Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Туыстары Қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайға араша сұрап, бірнеше мәрте Астанаға арыз-өтініш жолдаған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай берген ақпаратқа сүйеніп берген жауабында, 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны, ал қос азаматтық екі елде де "заңсыз" екені айтылған.
👍26❤5🖕1
💬Давоста Трамп пен Зеленский кездесті

Швейцарияның Давос қаласында бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский кездесті. Келіссөз шамамен бір сағатқа созылды.

Кездесуден кейін Трамп журналистермен сөйлесіп, кездесудің "өте жақсы" өткенін айтты. Трамптың айтуынша, ол Ресей басшысы Владимир Путинге Украинадағы соғыс тоқтатылуы керек деген месседж жіберген. Владимир Зеленский де Давос форумында сөйлеген сөзінде Дональд Трамппен әңгіменің қалай өткеніне тоқталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤3😁2🥴1
🔴Ақорданың назары түскен кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп кім?

Бұрын жеке сектордағы компанияның топ-менеджері болған Шахмұрат Мүтәліп аз уақыттың ішінде елдегі ауқатты кәсіпкерлердің қатарына қосылды. Бірнеше мекеме құрып, ірі құрылыс компанияларын иелігіне алды. Мемлекеттік ірі жобалардың тендерін ұтты. Елдегі тау-кен саласындағы концерндерді сатып алуға ұмтылыс жатыр. Аз уақыттың ішінде Қазақстан президентінің жеке қабылдауына екі рет кіріп шықты.

Шахмұрат Мүтәліп кім? Бұрын-соңды жеке кәсіпкер ретінде танылмаған адам қалай аяқасты байлық жиды? Бір кезеңде олигарх Машкеевичтерге, Дариға Назарбаеваның қазіргі күйеуі делінетін Шәріпбаевқа қараған активтер оған қалай өтті? Азаттық жауап іздеді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15👍5❤3🤔1
🗣Орал тұрғынын Мәскеуде үш күн ұрып-соғып, соғысқа баруға көндіруге тырысқан

Қазақстандық Жазылбек Әжіғалиев бауырымен бірге нәпақа табу үшін желтоқсан басында Мәскеуге барған. Қаңтар айында оны ресейлік полиция ұстап, ұрып-соғып, соғысқа баруға көндіруге тырысқан. Бұл жөнінде оралдық азаматтық белсенді Маруа Ескендіроваға сүйенген "Уральская неделя" басылымы жазды.

"Оны учаскеге әкеліп, қатты ұрып-соға бастаған. Үш күн ұрып-соғып, электрошокермен азаптаған" деді Маруа Ескендірова.

Сурет: "Уральская неделя" басылымынан алынған скриншот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬30😱13❤4🤷‍♂1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақорданың назары түскен кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп кім? Бұрын-соңды жеке кәсіпкер ретінде танылмаған адам қалай аяқасты байлық жиды? Бір кезеңде олигарх Машкеевичтерге, Дариға Назарбаеваның қазіргі күйеуі делінетін Шәріпбаевқа қараған активтер оған қалай өтті? Азаттық жауап іздеді.

Видеоның толық нұсқасын көріңіз
🤔14🤬5🔥3🤪3❤1
🗣Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Соңғы рет базалық мөлшерлеме былтыр қазанда өзгертілген еді: ол кезде Ұлтық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға дейін бірден көтерген. Ведомство мұны инфляцияны тежеу қадамы ретінде түсіндірді. Қаржы реттеуші органның мәліметінше, 2025 жылы желтоқсанда айлық инфляция біршама жеделдеп, 0,9% болған.

“Инфляция 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12,3% болып, Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келді. Инфляцияның қалыптасуына азық-түлік компоненті (13,5%) көп үлес қосты. Оның құрылымында ет пен май бағасының шарықтауы өндіріс шығындарының өсуіне және жоғары экспорттық жеткізілімдерге негізделген” деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни, ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎4🤬3🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬Жергілікті БАҚ Қарағандыда полиция облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасындағы төбелесті тергеп жатқанын хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінде болған. Tengrinews-дің жазуынша, әуелі олар сөзге келіп қалған, кейін төбелескен. Соның салдарынан Сәпиев дене жарақатын алған, оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелген. Сәпиев те, Есімханов та оқиғаға түсініктеме бермеген. Полиция 42 жастағы қала тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс тіркелгенін растады.

Желіде "төбелес туралы видео" тарады. Ешбір жақ оған түсініктеме бермеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁8🤬8😱3🔥2❤1👎1
❗️"Түбегейлі саяси реформа жүргізу мақсаты қойылған жоқ". Құқыққорғаушы Евгений Жовтиспен сұхбат

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Конституциялық комиссия" құру туралы жарлыққа қол қойды. Негізгі заңды реформалау туралы ұсыныстарды талқылап, зерделейтін, жиынтығы 130 адамнан тұратын комиссияның құрамы, оның сапасы мен жұмысы және алдына қойылған міндет туралы құқыққорғаушы, заңгер Евгений Жовтиспен сұхбат құрдық.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👎5🤡2❤1🤮1
❗"Атажұрт" белсенділерінің соты басталды. Іс туралы не белгілі?

Талдықорғанда "Атажұрт" ұйымының 19 белсендісінің соты басталды. Оларға "Ұлт аралық араздықты қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Іс не үшін қозғалды?

Былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен еді.

Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Туыстары Қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайға араша сұрап, бірнеше мәрте Астанаға арыз-өтініш жолдаған.

Алматы облысындағы оқиғадан кейін полиция "Атажұрттың" 19 белсендісін ұстап, әуелі "Бұзақылық" бабымен әкімшілік жауапқа тартып, кейін "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғады.

Қытайдың наразылығы

Азаттық сот материалдарын зерделеп, қылмыстық істі қозғауға Қытайдың Астанаға жіберген дипломатиялық нотасы негізінде болғанын анықтаған. Сот материалдарында Қазақстанның тергеу органдары "Ұлттық, этностық не өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғауға Пекиннің дипломатиялық нота негіз болған деп жазылған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев "министрлік Қытайдың Қазақстандағы елшісімен жоспарлы кездесу өткізгенін", онда Қытайға қарсы наразылық туралы ақпарат бергенін растады, алайда олар Қытай консулдығы жолдаған нота жөнінде пікір білдірмеді.
🤬11👍6👎5❤1
Azattyq - Азаттық
💬 Нұрай Серікбайдың қазасы: "салғырттық танытқан" полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды Іс жәбірленуші жақтың өтініші бойынша некеге мәжбүрлеу бойынша істі тіркемеген полиция қызметкерлеріне қатысты. 🗣"Сол күні (президенттің бұйрығы шыққан…
Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы студент қыз Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты “Некеге мәжбүрлеу” бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл жөнінде жәбірленуші жақтың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.

“Қазіргі таңда ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келген, білікті полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған” деп жазды адвокаты.

Ол іс әділ әрі сапалы тергеледі деп үміттенетінін жеткізді.

Полиция қазір жас қыздың өлімін “Адам өлтіру” бабымен тергеп жатыр. Бұған дейін адвокат студент қыздың қазасын “аса қатыгездікпен адам өлтіру” бойынша қайта саралауды және сталкинг (аңду) бойынша да іс қозғауды талап еткенін айтқан. Осыған дейін қыздың өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты “салғырттық танытқан” полиция қызметкерлеріне де қарсы іс қозғалған еді.
❤7🤔4👍3
Azattyq - Азаттық
❗"Атажұрт" белсенділерінің соты басталды. Іс туралы не белгілі? Талдықорғанда "Атажұрт" ұйымының 19 белсендісінің соты басталды. Оларға "Ұлт аралық араздықты қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Іс не үшін қозғалды? Былтыр 13 қарашада Алматы облысы…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Атажұрттың» істі болып жатқан 19 белсендісінің жақындары тағылған айыппен келіспейді. Мәселен, істі болып жатқан Беделхан Қабылаштың әйелі Гүлнәр Мақсұтхан Азаттыққа «күйеуім ешқандай қылмыстық жасаған жоқ» дейді. Ол Қытайға наразылық білдірген шарада адамдар «әкімшілік құқық та бұзатын іс жасамады» деп санайды.
❤15😢7🤔1🤮1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡"Атажұрт" белсенділерінің ісі жабық қаралады

Қытайға қарсы наразылық білдіргені үшін "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен істі болып жатқан "Атажұрт" белсенділерінің соты жабық өтеді. Судья сот жабық болады деп жариялаған соң айыпталғандардың жақындары сот залынан шығарылды. Сотқа келгендер істің жабық қаралғанына қарсы.

Істі Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
🤬18😡7❤1👍1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Cот неге жабық болады?

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, істі болып жатқан Аян есімді айыпталушы «қауіпсіздігі үшін» соттың жабық болуын сұраған. Судья бұл өтінішті қанағаттандырған. Бірақ қалған 18 айыпталушы істің ашық болуына қарсылық білдірмеген.

Айыпталушының жақындары «бір адамның сөзі 18 адамның сөзінен артық болды ма?» деп наразылық танытты.
🤬28❤2🤯2🤔1😴1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желіде жұрт 2016 жылғы фото-видеоларын, оқиғаларын жариялап, он жылғы сәт пен қазіргі уақыттарын салыстырып, тренд жасап жатыр. Біз де сол трендті жалғастырып, 2016 жылғы оқиғаларды еске алдық.
❤19👏6🔥3🤮1
❗Абу-Дабиде АҚШ, Украина және Ресей арасындағы келіссөз басталды.

Бұл туралы БАӘ сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Абу-Дабиге Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов, «Слуга народа» фракциясының басшысы Давид Арахамия және Украина қарулы күштері бас штабының басшысы Андрей Гнатов кеткенін айтқан.

Ал Ресей делегациясын Ресей әскері бас штабы бас басқармасының жетекшісі, адмирал Игорь Костюков басқарады.
🔥12👍3❤2🤔2