Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Бейбіт митингілерге шектеу қою ауқымын кеңейту ұсынылды

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссияның екінші отырысында бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою ауқымын кеңейту туралы ұсыныс айтылған. Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді.

Жиын өткізуге қойылатын бұрыннан бар шектеулерге қосымша себептер ретінде конституциялық құрылымның негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау секілді жаңа негіздер қосылады. Депутаттың сөзінше, бұл өзгеріс жиналу еркіндігі мен мемлекет пен қоғам мүдделері арасындағы тепе-теңдікті нақтылауға бағытталған.

🔹Қазіргі талап қандай?


Қазіргі Конституцияда бейбіт жиналыстарға тек мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулықты сақтау және өзге адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екені жазылған.
💩27🤬8👎6✍1👍1👏1🏆1😡1
❗Адам құқығына қатысты қандай ұсыныстар айтылды?

🔹Конституциялық комиссия отырысында өмір сүру құқығын әр адамның абсолютті әрі ажырамас, туа біткен құқығы ретінде Конституцияда нақты жазуды, адамды заңсыз ұстаудан, зорлық-зомбылықтан, тінтуден және мәжбүрлеуден қорғау тетіктерін кеңейтуді ұсынды.

🔹Адам ұсталған сәтте оған құқықтары мен ұстау себептері міндетті түрде түсіндірілуі керек деген ұғымды негізгі заңға енгізу ұсынылды.

🔹Конституцияға адамның қадір-қасиетімен қатар оның абыройы, игі аты мен қоғамдық беделін қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын кеңейтіп, дербес деректерді заңсыз жинау, сақтау және пайдаланудан, соның ішінде цифрлық технологиялар арқылы қорғау нормаларын енгізу ұсынылды.

🔹Сөз еркіндігі өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамдық тәртіпке және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс деген талап қою ұсынылды. Зорлық-зомбылыққа, соғысқа және алауыздыққа үндеуге тыйым салу күшейтіледі.
🤔8👍5🤬3🔥1👏1🏆1
🔴 Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Нипах вирусы қаупіне байланысты елдің барлық шекаралық өткізу бекетінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілгенін хабарлады.

Адамға аса қауіпті Нипах вирусы Үндістанда және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінде тіркелген. Министрлік қазіргі сәтке Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру я инфекцияны сырттан әкелу дерегі тіркелмегенін, әйткенмен алдын алу шарасы ретінде Қазақстанға Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген жолаушыларға бақылау күшейтілгенін айтады.
Қолайсыз елдер тізімі эпидемиологиялық жағдайға қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Нипах вирусы адамға науқас кісіден, жануарлардан (жарқанат, шошқа), лас тағам мен сусын арқылы жұғды. Науқас адамның қызуы көтеріліп, басы ауырып, тұла бойын әлсіздік басып, ауыр түріне шалдықса, жүйке жүйесі зақымдалып, пневмония қоса асқынуы мүмкін деп ескертеді мамандар.

Нипах вирусына қарсы вакцина әлі табылған жоқ дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥2😁2❤1🤔1
🗣 26 қаңтар күні Астанада Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті

О
нда бейбіт жиналыстар өткізу тәртібі, неке институты, адам құқықтарын қорғау, саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметі, сондай-ақ президент өкілеттіктеріне қатысты бірқатар ұсыныс қаралды.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституцияның 32-бабындағы азаматтардың бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою ауқымын кеңейту туралы ұсыныс айтылғанын хабарлады. Жиын өткізуге қойылатын бұрыннан бар шектеулерге қосымша себептер ретінде конституциялық құрылымның негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау секілді жаңа негіздер қосылады.

Депутат "бұл өзгеріс жиналу еркіндігі мен мемлекет пен қоғам мүдделері арасындағы тепе-теңдікті нақтылауға бағытталған" деп түсіндірді.

Қолданыстағы Конституцияның 32-бабында азаматтар бейбіт, қарусыз түрде жиналып, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге құқылы деп көрсетілген. Бейбіт жиын өткізуге мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулықты сақтау және өзге адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екені жазылған.

🔸Комиссияның екінші отырысында тағы қандай ұсыныстар болғанын толығырақ мына жерден оқыңыз:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡13💩7🤔4❤3👍1🙏1
🔴 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда деструктивті контент тарататындардың әрекетіне құқықтық баға беру қажет деді Астанада Бас прокуратурада өткен кеңесте.

"Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады", – деді Тоқаев.

Ол технологиялардың қарқынды дамуын бәзбіреулер теріс мақсатта пайдаланып, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын, өшпенділік тілін қоздыратынын айтты.

"Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет", – деген президент азаматтарға мұндай контентті таратудың құқықтық салдарын тұрақты түрде түсіндіру қажеттігін айтты.

🔸🔺 Бас прокуратурадағы жиында Тоқаев мұнан өзге не айтқанын мына сілтемеден оқыңыз:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩11🤬6🤝5❤4👍3👏1👀1
Үш күнде үш отырыс. Комиссия қайда асығады? — AzatNEWS l 26.01.2026

Асыға ма? Конституцияға енетін өзгерістерді талқылайтын комиссия құрыла сала үш отырыс өткізді. | Бейбіт күнде әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты. Басшылық оны өзін-өзі атқан дейді. | Украина-Ресей соғысын тоқтату үшін АҚШ араағайындық жасап, Әбу-Дабиде үшжақты кездесу өтті.
🔥11😁8🤔2❤1💩1🤨1
💬 Ресей әскері Сириядағы Камышлы аэродромынан кетіп жатыр

Дамаск үкіметі жергілікті күрд күштеріне қарайтын аумақтарды бақылауға талпынып жатқан шақта Ресей Сирияның солтүстік-шығысындағы Камышлы әуежайынан әскерін шығарып жатыр. Reuters дереккөзінің айтуынша, Сирияның жаңа билігі Ресейден базадан кетуді сұраған.

Кейінгі екі күнде ресейлік әскери техника мен ауыр қару Хмеймим базасына көшіріліп жатыр. Камышлыдағы Ресей әскерінің бір бөлігі Хмеймимде қалады, бір бөлігі еліне қайтарылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24🔥13❤4😁4👏2👎1
🔴"Бір асығыстық бар". Серік Бейсембаевпен Конституция реформасы жайлы сұхбат

Конституцияға енгізілмек өзгерістерді талқылайтын комиссия құрыла сала бір жұмаға жетпей үш рет отырыс өткізіп, онда митинг өткізу тәртібі, неке институты, адам құқықтарын қорғау, саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметі, вице-президент өкілеті және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Адам, қоғам, мемлекет өмірі үшін маңызды тақырыптарды талқылауды биліктің тездетіп жатқаны нені білдіреді? Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтан сұрадық.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10💩4❤1🥰1🤮1👀1
💬 Bloomberg: Қарашығанақ операторлары Қазақстанға $4 млрд төлеуге міндеттелуі мүмкін

Халықаралық соттан жеңілген Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан ірі операторлар, арасында италиялық Eni мен британдық Shell де бар, Қазақстан үкіметіне $4 млрд көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл жөнінде Bloomberg жазды.

Басылымның жазуынша, дегенмен сот төленетін өтемақы көлемін нақты айқындамаған. Тараптар сот шешімін апелляцияға беруі ықтимал. Сот келісімде қарастырылмаған артық шығындарды мемлекеттің өзі өтеп келді деген Қазақстан үкіметінің уәжін орынды деп тапқан.

“Қазақстанның сырттағы заңнамалық кеңесшілері сот шешіміне сәйкес, Қарашығанақ жобасы бойынша өзара әріптестер – арасында Chevron Corp., Lukoil PJSC және ҚазМұнайГаз да бар – $2 пен $4 млрд аралығында қайтаруына тура келеді деп санайды. Ақшаны қайтару тетігі өнімді бөлісу туралы келісім аясында мұнайды үлестіру формуласын өзгерту арқылы жүзеге асырылады” деп жазды басылым.

Сот отырысы Лондонда өткен. Дереккөздің айтуынша, сот мұнай компанияларының оқиға мерзімінің өтуіне байланысты істі тоқтату туралы өтініштерін кері қаққан.

Қарашығанақ кенішін Eni (29%), Shell (29%), Chevron (18%), Lukoil (13.5%) және “Қазмұнайгаз” (10%) игеріп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18😁11❤5🔥3
🗣Алматыда блогер Мирболат Мырзатайұлының апелляциялық соты басталайын деп жатыр

Алматы қалалық сотына блогердің туыстары, белсенділер, жақтастары жиналған.

🔸Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.

🔸Айыптау актісінде блогердің 2025 жылғы сәуірде Алматыдағы мекеменің кеңсесіне барып, "мекеме басшысымен жанжал барысында" "ұлт араздығын қасақана қоздыруға кіріскені" жазылған. Актіге сүйенсек, блогер мен мекеме басшысы арасында келіспеушілік тілге қатысты туындаған.

🔸Блогер өзіне тағылған айыптарға келіспей, апелляциялық шағым беретінін айтқан. Құқық қорғаушылар мен белсенділер Мирболат Мырзатайұлын босатуға шақырған.

Сурет: Алматы қалалық соты, 27 қаңтар 2026 жыл.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9🙏8🤬2👍1
Azattyq - Азаттық
Алматы қалалық сотының маңында полиция көліктері де көрінеді. Жедел жәрдем көлігі де тұр.
Мирболат Мырзатайұлы сот залына әкелінбеді. Сот алқасы оны сотқа қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Айтуларынша, апелляциялық шағымды қорғаушылар жағы түсірген.

Бұған дейін қорғау жағы апелляциялық қаулы шықпай жатып, Мырзатайұлы Тараздағы абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған еді.
😱20🔥4👎2🤬2