Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
Мирболат Мырзатайұлының сотында бір сағатқа үзіліс жарияланып, жұрт сыртқа шықты. Сот алдында жақтастары “Мирболатқа бостандық!” деп айқайлады.
⚡Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Прокурор өз сөзінде блогер тілге қатысты “арандату сипатындағы сұрақтар қойып”, “тіл білмегені үшін” мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті деді. Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.

Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.
🤬30😡13😢3
❗Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты.

Жақыпова бұл қызметке 2023 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
😁16🤔7
❗КҚК-ға шабуыл жайлы жазбалардан терроризмге шақыру белгілері анықталған жоқ

Украинаның Каспий құбыр консорциумына (КҚК) шабуылын қолдаған қазақстандықтардың жазбаларында мемлекетке сатқындық пен терроризмге шақыру белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы 27 қаңтарда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Tengrinews сайтының жазуынша, Балаева мұны депутаттық сауалға жауап ретінде айтқан.

🔹Айдос Сарымның шағымы

2025 жылы 17 желтоқсанда депутат Айдос Сарым Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігінен Каспий құбыр консорциумына шабуылдауға үгіттегендердің сөзіне "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында құқықтық баға беруге шақырған. Сарым депутаттық сауалында Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым нысанына шабуылды желіде ашық "қолдайтын және құптайтын жазбалар жарияланып жатыр, бұл ұлттық мүддеге соққы боп тиеді" деген.

Осыдан соң Астананың полиция департаменті "Әлеуметтік, ұлтаралық араздық қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.

🔹КҚК-ға жасалған шабуыл

29 қарашада Украина теңіз дрондарымен Ресейдің Қара теңіздегі танкерлері мен мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасаған. Осы кезде КҚК-ның портына да дрон түскен. Cалдарынан мұнай айдайтын үш құрылғының бірі істен шыққан. Бұл шабуылдан соң Қазақстан Украинаға қарсылық білдірген еді. Украина СІМ шабуыл Қазақстан немесе басқа үшінші елге бағытталмағанын, бар мақсаты – басқыншының әрекетін тежеу екенін айтқан.

КҚК мұнай құбырының ұзындығы – 1500 км. Бұл құбыр арқылы Еуропаға тасымалданатын мұнайдың 80 пайызы Қазақстанда өндіріледі. Мысалы 2024 жылы КҚК арқылы 68,6 млн тонна мұнай экспорттаған, оның 55 млн тоннасы – Қазақстан өнімі.
👍17😁7❤5🕊2
Azattyq - Азаттық
❗Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты. Жақыпова бұл қызметке 2023 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
❗Тоқаевтың жарлығымен Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Ертаев 2024 жылдан бері осы ведомствода вице-министр қызметін атқарып келген.
🤔16💩5🖕3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬 "Атажұрт" соты алдында ұйым мүшелері полиция қысымына шағымданды

29 қаңтарда жалғасатын "Атажұрт" соты алдында тіркелмеген ұйымға мүше азаматтар өздерін полиция бөліміне шақырып жатқанын хабарлады. Кейбірінің үйіне полиция да барған.

Солардың бірі Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тұратын – Шаймұхамбет Алдажаров. Оның сөзінше, жергілікті полиция бүгін күндіз үйіне келген.

"Екі көлік келді. Бірі – полиция көлігі, бірі – полицияныкы емес. Ол ар жағында тұрды. Сол басқарып тұрғандай көрінді. 29 қаңтар күні "сот жабық өтетінін білесіз бе?" деді. "Иә, білемін" дедім. "Ол жерге барып, айқай-шу шығарсаңдар, жаза қолданады. Соны ескертіп жүрміз. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз" деді. Әлгінде сот ашық болады деп бардық қой. Сүйтіп, жеке куәлігімізді беріп, тіркелдік. Ашық сот болады, кіресіңдер дегеннен кейін. Сол жеке куәлік деректерін бергендердің барлығын мазалап жүрген сияқты" деді Шаймұхамбет Алдажаров Азаттыққа.

Алдажаровтың Азатыққа жіберген видеосында оның үйінің маңында полиция көлігі мен тағы сұр түсті көлік тұрғаны көрінеді. Полиция сол көліктегілермен "ақылдасқаннан" кейін Алдажаровқа жақындап "тағы бір азамат бар екен, (аты-жөнін айтады) соны білесіз бе?" деп сұрайды. Ал Алдажаров оны танитынын, бірақ үйін білмейтінін жеткізеді.

Осыған ұқсас оқиға Алматы облысы Шелек ауылында тұратын "Атажұрт" мүшелерінің бірінде де болған. Азаттық полициядан жауап алуға тырысып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24❤4🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңаөзенде белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, полиция қызметкерлері белсендіні Маңғыстау облысы Жаңаөзенде жүрген кезде бөлімшеге алып кетіп, ізінше сот өткен.

"Белсенділер экстремист емес" тобының хабарлауынша, сот кешкі 8-ден бастап, түнгі 1.45-ке дейін созылған. Сот шешіміне қарағанда, белсендінің қамалуына былтыр сәуірде Степногорск түрмесі маңында Марат Жыланбаевты қолдау шарасы түрткі болған.

Видео: "Белсенділер экстремист емес" тобы
🤬25😡2
❗Жамбыл облысында сарбаз қаза болды. Не белгілі?

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз 27 қаңтарда қаза тапты. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, солдат қарудан өзіне оқ атып алған. Бұл іс бойынша ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу бастап, жедел тергеу тобы құрылған. Солдаттың қазасын бас прокурор қадағалауына алып, Жамбыл облысындағы сарбаз қаза тапқан бөлімшеге прокурордың орынбасары, бас әскери прокурор, ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілген.

🔹Бас прокуратура әскери бөлімшелерді тексермек


23 қаңтарда Өскемендегі әскери гарнизонда да бір сарбаз қаза болған. Құрлық әскері қолбасшылығы сарбаз қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақаттан көз жұмды деген.

Әскерде сарбаз өлімі жиілеген тұста бас прокуратура елдегі әскери бөлімдердің қауіпсіздігі тексерілетінін мәлімдеді.

«Әскерге алынған сарбаздардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздік мәселесі жақын арада бас прокуратураның арнайы коллегиясында қаралады» деп мәлімдеді бас прокуратура.

🔹Әскери борышты өтеуге қарсылық

Кейінгі кезде Қазақстанда сарбаздар арасында өлім-жітім жиілеп барады. Қазақстан ер азаматтарды әскери борышын өтеуге міндеттейтін елдер қатарында. Сондай-ақ елде келісімшарт негізінде қызмет ету тетігі қарастырылған. Әскердегі қайғылы оқиғалар көбейген тұста толықтай келісімшарт үлгісін көшуге үндегендер болған. Бірақ қорғаныс министрлігі толықтай келісімшартқа өту бюджетке үлкен салмақ түсіретінін айтқан.

Әскери бөлімшелер сарбаздардың өлімін көбіне суицидпен, жеке отбасылық мәселелермен және денсаулық жағдайымен байланыстырады. Бірақ марқұм болған солдаттардың туыстары мұнымен келіспей, балалары кісі қолынан қаза тапты деп күдіктенеді.

t.me/azattyq
🤬26😱7❤4😡2
Харьков облысында жолаушылар пойызына дронмен соққы жасалды

Харьков облыстық прокуратурасы 27 қаңтарда кешке Ресей әскері жолаушылар пойызына соққы жасағанын, оқиға орнында кемінде 5 мәйіт табылғанын хабарлады.

Украина президентінің айтуынша, ресейлік дрон түскен вагонда 18 адам болған. Жалпы пойызда 200-ден астам жолаушы болған. Зеленский қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Харьков облысы прокуратурасының дерегінше, екі дрон пойыз маңында жарылған, тағы біреуі вагонға түскен.
🤬31😢3
❗Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Australian Open жарысының жартылай финалына шықты.

"Багет"

Әлемнің бесінші ракеткасы Рыбакина ширек финалда әлемнің екінші ракетасы польшалық Ига Швентекті 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Теннисте 6:1 есебін "багет" дейді. Француз наны бір санына ұқсас болғандықтан теннисте 6:1 есебі "багет" деп аталып кетті. Сондықтан желіде жанкүйерлер "Рыбакина Швентекке багет ұстатып жіберді" деп жазып жатыр. Рыбакина алғашқы төрт кезеңде рейтингте өзінен төмен тұрған теннисшілерден басым түсті.

Рыбакинаның статистикасы

Қазақстан теннисшісі биылғы Australian Open-де бірде-бір сет жеңілмеді, бес ойында кортта аз уақыт жұмсады, кейінгі 19 ойынның 18-інде жеңіске жетті. Ол енді жартылай финалда америкалық Джессика Пегуламен (6-ракетка) ойнайды.

Рыбакинаның жетістігі

Рыбакина Australian Open жарысының жартылай финалына екінші рет шықты. Ол 2023 жылғы турнирдің финалында ойнап, Арина Сабаленкаға (Беларусь) есе жіберген. Рыбакина бір рет Grand Slam жарысын жеңген. Яғни, 2022 жылы Лондондағы Wimbledon турнирінде чемпион болған. Ол – Grand Slam турнирін жеңген алғашқы қазақстандық теннисші. Ресейде туған Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Жартылай финалға шығу жетістік пе?

Теннисте жүлде қоры, ұпайы және беделі жоғары төрт турнир бар. Бұл – Аustralian Open, Roland Garros (Франция), Wimbledon (Британия) және АҚШ-тағы US Open жарыстары. Grand Slam деп аталатын додалардың ширек финалына, жартылай финалына шығу жетістік саналады. Себебі берілер ұпайы да, сыйақысы да жоғары. Мысалы, Рыбакина жартылай финалға шыққаны үшін 841 мың доллар және 780 ұпай иеленді. Ал жеңіске жеткен теннисші бұдан да көп қомақты қаржы мен рейтингіне 2000 ұпай алады.
🔥17👎5❤4🤔2🤮2🥰1
💬 Қырғызстан мигранттар құқығына байланысты Ресейді ЕАЭО сотына берді

Kloop.kg басылымының жазуынша, 27 қаңтарда парламентте еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің отырысында міндетті сақтандыру қорының төрағасы Азамат Мұқанов Ресей ЕАЭО келісіміндегі талаптарды орындамай отыр деп мәлімдеген.

🗣"Міндетті медициналық сақтандыру полисі Ресейде жұмыс істейтін отбасы мүшелеріне берілуі керек. Бұл келісімге бес ел қол қойған. Ресей жағы қазіргі кезде аталған келісімнің 96-97 баптарын бұзып жатыр, еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне міндетті медициналық сақтандыру бермей отыр" деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍38🔥5❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлемнің 145 елінің әскери әлеуетін бағалайтын Global Firepower рейтингі жарияланды. Қазақстан 58-орында тұр. GFP-ден өзге де рейтинг түзетін ұйымдар барын ескертеміз.
🤮13🔥9🤣6😱4👍1😁1🤔1
🔴QazTehna автобустары Қазақстандікі ме, Қытайдікі ме?

Қарағандының Саран қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан QazTehna зауыты мемлекеттен бірқатар жеңілдік алады. Жылына 1500 көлік құрастыратын зауыт көлік бөлшектерін толық Қытайдан импорттайды. Сонымен бұл автобустар қазақстандық өнім деуге келе ме?

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁18😭9🤣7😱3🤬3❤2🤷‍♂2🤯1
🗣Теңіз кенішінде мұнай өндіру бір апта ішінде қалпына келтіріледі

Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Теңіз кенішіндегі өрттен кейін трансформаторлар жартылай жөнделіп, мұнай өндіру біртіндеп қалпына келтіріле бастағанын хабарлады. Оның сөзінше, кеніште мұнай өндіру бір апта ішінде толық іске қосылады.

Оның сөзінше, кеніште әртүрлі қуатта істейтін 30 трансформатор бар. Үшеуі күйіп кеткен. Оның сипаттауынша, бұл өте маңызды жабдық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤6😁4
💬 Былтыр 16,8 мыңға жуық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 1991 жылдан бері Қазақстанға өзге мемлекеттерде жүрген 1 млн 164,8 мың қазақ оралған.

Былтыр Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы – Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден келген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33🔥4🤷‍♂3❤2
🗣Қорғаныс министрлігі бірнеше сарбаздың өлімінен кейін мәлімдеме жасады

Ведомство өкілдері мәлімдемеде қайғылы оқиғалардың “барынша ауыр екенін және өздерінің жауапкершілігін терең түсінетінін” жеткізген. Осы оқиғалардан кейін әскери тәртіпті бақылау күшейтіліп, қару-жарақты пайдалануға қатысты жарғылық талаптар қатаңдатылғанын айтты. Әскери полиция әскери бөлімдерде жан-жақты тексерулер ұйымдастырып, сарбаздардың туыстарымен видеобайланыс жақсартылғанын атап өтті.

Министрліктің айтуынша, сарбаздардың өлімінен кейін “Шығыс” аймақтық қолбасшылық жетекшісі, штаб бастығы мен оның орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сарбаз қаза болған бөлімнің командирі мен оның орынбасары, батальон командирі қызметтерінен босатылған.

Қазақстанда бір апта толмай жатып, елдің екі өңірінде: Өскемен мен Жамбыл облысында екі сарбаз қаза болды. Ресми ақпаратқа қарағанда, екі жағдайда да сарбаз өз-өзіне оқ атқан. Оқиғаларға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25👎5😡2😁1🤯1💩1