Қазақстан билігі ақыры жаңа Конституция қабылдайтынға ұқсайды. Әуелде қазіргі Конституцияға түзету енгіземіз деген арнайы комиссия бір аптада бес рет жиналып, су жаңа Конституцияға қажет деген тұжырым жасады. Ал бүгін, 30 қаңтардағы алтыншы отырыста жаңа Конституцияның жобасын таныстырып үлгерді. Сарапшылар бұл асығыс шешім десе, Конституциялық комиссиядағы депутат "жаңа Конституция заман талабы" деп санайды.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔24💩17😡10👎5❤1
Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін атап өтті.
Мәлімдеме авторларының айтуынша, Конституция мәтінінің 80 пайыздан астамы өзгерейін деп отыр – бұл іс жүзінде жаңа Конституция қабылдағанмен пара-пар, ал мұндай қадам жеке қоғамдық мандат, ашықтық пен азаматтардың қатысуын талап етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍56😁4🤝2
"Аталған мәселені қарастыру үшін бірқатар банктің трансшекаралық операцияларын бекітілген тәртіп бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан ұлттық банкі, қаржы мониторинг агенттігінің қатысуымен тексеру басталды" деп жазылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ҚазТАГ-қа берген жауабында.
Хабарламада қандай да бір банктің аты аталмайды.
29 қаңтарда бірқатар банк Тоқаевтың мәлімдемесіне реакция білдіріп, өздерінің аталған схемаға қатысы жоғын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26😁6💩6🔥3👎2🤡1
❗Британиялық экс-теннисші Анннабель Крофт BBC Radio 5 эфирінде "Рыбакина бабында болса, жарақатсыз ойнаса, вирус жұқтырып алмаса, жеңілмейтін ойыншы. Соққылары таза, тіпті дыбысы да бөлек. Соққыларын төмен әрі көлденеңнен ұру ғажап. Допты корттағы сызықтарға да дәл түсіре алады. Доп асырулары да таң қалдырады. Рыбакина әйелдер теннисінде доп асырудан ең мықты теннисші деп санаймын" деді.
Қазақстан теннисшісі Australian Open жарысындағы үшін рейтингіне 2000 ұпай және 2,7 млн доллар сыйақы алады. Келесі аптадан бастап ол әлемдік рейтингіде бесінші орыннан үшінші орынға көтеріледі.
Қазақстан теннисшісі Australian Open жарысындағы үшін рейтингіне 2000 ұпай және 2,7 млн доллар сыйақы алады. Келесі аптадан бастап ол әлемдік рейтингіде бесінші орыннан үшінші орынға көтеріледі.
👍28🔥11👎5🏆2❤1
31 қаңтарда Украинаның электр желісінде апат болып, елдің едәуір бөлігі жарықсыз қалды.
Энергетика министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, "Украинаның батыс пен орталық бөлігі арасындағы 750 кВ желі мен Румыния және Молдованың энергетикалық жүйелері арасындағы 400 кВ желі бір мезгілде істен шыққан".
Соның салдарынан Украинаның станциялардың автоматтық қорғаныс жүйесі іске қосылған.
Украинаның энергетика жүйесіндегі ақау көрші Молдоваға да әсер етті. Кишинев пен өзге де елді мекендерде электр энергиясы өшті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14😱9🔥3👎1🤬1
Алматы әкімшілік соты "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғыны Марат Әбдірахмановты кінәлі деп танып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Сот шешімінде Әбдірахманов Facebook желісінде пост жариялап, "жалған ақпарат таратқаны" жазылған. Сотта жауапкер өзіне тағылған айыппен келіспеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25🤣8❤2
Абай облысы түрмесіндегі адам өлімі: қылмыстық іс қозғалды
Абай облысында түрмедегі тұтқынның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін оппозициялық "Бәсе" арнасы Семейдегі ОВ-156/19 қатаң режимді колонияда 38 жастағы Жандос Бадаубаевтың ауыр соққыдан қаза болғанын жазған еді. Арна таратқан видеода мәйіттің кеудесі, іші, табаны және тағы өзге жерлерінен соққы ізіне ұқсас белгілер көрінеді.
Абай облысында түрмедегі тұтқынның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін оппозициялық "Бәсе" арнасы Семейдегі ОВ-156/19 қатаң режимді колонияда 38 жастағы Жандос Бадаубаевтың ауыр соққыдан қаза болғанын жазған еді. Арна таратқан видеода мәйіттің кеудесі, іші, табаны және тағы өзге жерлерінен соққы ізіне ұқсас белгілер көрінеді.
🤬20😡11❤1
Қазақстанда әйелдер жалғызбасты аналарды қолдайтын қозғалыс құрды. Еріктілер қиын жағдайға түскен, перзентханадан шыққанда қарсы алатын ешкімі жоқ аналарды күтіп алып, жаялық пен балалар киімдерімен қамтамасыз етіп, үйлеріне жеткізеді. Ал барар жері жоқ әйелдерге қонатын орын тауып береді. Бұл бастаманы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Беларусьте де әйелдер жалғастырып жатыр.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👏11👎1🫡1
Қазақстан үкіметі Стокгольмдегі халықаралық сотта мемлекеттің мойнына жүктелмеуі керек болған Қарашығанақ кенішіндегі шығынды бекіту үшін қазақстандық шенеуніктерге пара берілгенін мойындады.
Мәселе Қазақстан билігі мен Қарашығанақ кенішін игерген консорциум (Shell, Eni, Chevron, Лукойл және мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" кіреді) арасындағы дау жөнінде болып отыр.
Басылымның жазуынша, Қазақстан жағы сотта 2022 жылға дейін "сыбайлас жемқорлық пен клептократияға" жол бергенін мойындаған. Ал жекелеген шенеуніктер мемлекеттің мойнына жүктелмеуі керек болған Қарашығанақ кеніші шығындарын бекіткені үшін пара алған. Үкіметтің айтуынша, бұл шығынды әу-бастан ақ мемлекет өтемеуі керек болған. Енді сол шығынды өндіріп беруді талап етіп отыр.
Дереккөздің айтуынша, сот кезінде Қазақстан жағының заңгерлері Италиядағы қылмыстық процесс кезінде алынған құжаттарды да алға тартқан. Оған сәйкес, 2017 жылы бірнеше италиялық мердігер Қарашығанақ пен Қашаған кеніштерінде жұмысқа қол жеткізу үшін қазақстандық шенеуніктерге пара бергенін мойындаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31😱13😁6👎3
Жұмысшылар мінген автобустың қасына дрон түсіп жарылып, кемінде 12 адам мерт болып, жеті адам жараланды деген ақпарат тарады. Кейінірек ДТЭК компаниясы қаза тапқандар саны 15 адам деп хабарлады, алайда артынан деректі қайта нақтылады. Соңғы ресми мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, 16 кісі зардап шеккен.
Оған дейін, жексенбі күні ресейлік күштер Запорожье қаласындағы перзентханаға да шабуыл жасап, салдарынан алты адам зардап шеккен, арасында осы перзентханада жатқан екі әйел бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬39❤1
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16🤯6💩6
Оған бұл ақпаратты келіссөзге қатысып жатқан Украина делегациясы жеткізген. Ал тараптар Әбу-Дабиде 1 ақпан күні кездесті ме деген сауалға әзірге жауап жоқ, Зеленский ол жөнінде ештеңе айтпады.
Бұған дейін АҚШ, Ресей және Украина Әбу-Дабидегі келіссөздің жаңа кезеңін 1 ақпанда өткізу жоспарланғанын растаған еді. Әзірге Мәскеу де, Вашингтон да президент Зеленский айтқан ақпаратқа байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤔5❤2
Оның дерегінше, Қырымда туып-өскен Александр Качуркин – Украина азаматы. 2014 жылы түбекті Ресей аннексиялап алғаннан кейін Қырымның өзге де тұрғындары сияқты, кәмелетке жасы толмаған Качуркинге де Ресей азаматтығын күштеп таңған, кейінірек ол саяси себептермен Қырымнан Қазақстанға қоныс аударған дейді құқық қорғаушылар.
Качкуркин Алматыда тұрған және IT саласында инженер болып еңбек еткен. "Первый отдел" Қазақстан билігі Александр Качкуриннің үстінен екі әкімшілік заң бұзу дерегі бойынша - көшеде жол ережесін сақтамағаны және жабық мекемеде кальян тартқаны үшін хаттама толтырған дейді. Сотқа арыз 28 қаңтарда Алматының Бостандық аудандық полиция басқармасынан түскен.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23💩4❤2
The Wall Street Journal басылымы Пентагон Таяу Шығысқа қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын орналастырып жатыр деп жазды. Бұл шаралар Иран шабуыл жасаған жағдайда Израильді, АҚШ-тың араб одақтастарын және аймақтағы америкалық әскери күштерді қорғауға бағытталған дейді басылым.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы америкалық әскери-теңіз күштерін күшейтуді бұйырған. Трамп ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерде ілгерілеу болмаса немесе Иран билігі елдегі наразылықтарды күшпен басып-жаншуды жалғастырса, Иранға қарсы әскери соққы жасау мүмкіндігін де жоққа шығармаған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁14🔥7👍3🤮2
Өскемендік мектеп оқушылары өткен жұма, 30 қаңтар күні да ауаның ластануына байланысты қашықтан оқуға мәжбүр болған. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Өскеменде бір аптадан бері жел соқпай, қаланы өндіріс пен көлік түтіні басып қалған.
Осыған байланысты облыстың экология департаменті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанын жариялады. Қала халқы әлеуметтік желіде "аулаға шығу мүмкін емес" деп жазып, видеолар жариялап жатыр.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20🙊2❤1
"Біз ешкімге умраға барма немесе 15 мың сомони (шамамен 1600 доллар) садақа бер деп айтқан жоқпыз. Тұрғындар махалла мен жамағат басшыларына өздері осындай ұсыныс жасады", – деді аудан әкімі Рабим Ғафурзода баспасөз өкілдеріне.
Оның сөзінше, жиналған қаражат негізінен жолдар мен көпірлерді жөндеуге, электрмен жабдықтауды жақсартуға, балабақша және басқа да қосалқы мекемелердің жағдайын оңалтуға жұмсалған.
Тәжікстанда бұл – бір ауданның өзінде осыншама көп тұрғынның жеке қаражатын туған ауылын дамытуға бағыттап, қажылық сапардан саналы түрде бас тартқан сирек жағдайлардың бірі. Мұндай бастамалар елде кейінгі кезде жиілей бастаған. Бұл үрдіс ел президенті Эмомали Рахмон қоғам белсенділерімен кездесулерде азаматтардың Мекке мен Мәдинаға қайта-қайта қажылық сапарға баруын ашық сынағаннан кейін күшейген.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤29👍26🆒5🤮3😁2
Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов өткен аптада елдегі барлық тұрғындарға "цифрлық карта" ашылғанын айтты. Енді салық органдары жаңа жүйе арқылы азаматтардың кіріс-шығысын, кім қайда барғанын және өзге де деректерді толық біліп отыратын болды.
Әзірге жұрт арасында бұған наразы болып жатқандар бәлендей көп емес, ондайлар негізінен әлеуметтік желілерде ғана байқалады. Сын айтушылар бұл бастама жеке өмірге араласу қаупін күшейтеді деп санайды.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎26🤬11❤4💩3🙊2🔥1💯1
"әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы бұрмаланған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды тапсырған". Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жұмыстарды үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелген.
31 қаңтарда үкімет сайтында кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұратын жаңа Конституция жоба жарияланған. Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін айтқан.
Сенбі күні Алматы әкімшілік соты "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғыны Марат Әбдірахмановты кінәлі деп танып, 86 500 теңге (қазіргі бағам бойынша 170 доллар) көлемінде айыппұл салды. Сотта сөйлеген полиция капитаны Кипеков жауапкер жариялаған жазба "қоғамдық тәртіптің бұзылуына қолайлы жағдай жасайды" деген.
Марат Әбдірахманов 31 қаңтардағы жазбасында жаңа Конституция жобасын сынап, онда "президент пен құрылтайдың жауапкершіліктері" мүлде жазылмағанын, барлық міндет тек азаматтарға жүктелгенін, құқық тек "шенеуніктерде бар" деп жазған. Оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланған.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩21🌚8❤3👎3🖕2