Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
⛸️Қысқы олимпиада-2026. Сіз білу керек негізгі деректер

Бүгін Италияның Милан және Кортина қаласында 25-қысқы олимпиада ойындары басталады. Азаттық олимпиада жайлы жанкүйерге қажетті негізгі сұрақтарға жауап береді.

🔹Қазақстаннан неше спортшы қатысады?

Қазақстаннан 36 спортшы жолдама алды. Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әмренова ұстап шықпақ. Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Бұл – Қазақстан тарихындағы олимпиадаға қатысатын «ең жас» құрама.

🔹Қай спорттан жүлдеге таласады?

Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру, фристайл акробатика, фристайл могул, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы спортынан олимпиадаға қатысады.

🔹Олимпиаданы қай арналар көрсетеді?

Қазақстанда қысқы олимпиаданы көрсету құқығын «Қазақстан», «Қазспорт», «Хабар» және «Жібек жолы» телеарналары алған. Барлық жарысты осы төрт арна бөліп көрсетеді. Олимпиада ойындарын өткізу құқығын әр ел Халықаралық олимпиада комитетінен сатып алады. Қазақстан телеарналары олимпиада көрсету құқығына қанша қаржы жұмсағанын ашық жарияламайды.

🔹Қазақстан хоккейшілері олимпиадаға қатыса ма?

Қысқы олимпиада әлем көз тігетін жарыстың бірі – шайбалы хоккей. Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы да олимпиадаға қатыспайды. Қазақстан ерлер құрамасы іріктеуде Словакия, Австрия, Венгрия бар топта Словакияға жол беріп, жолдама иелене алмаған. Олимпиадаға Словакия лицензия алған еді.

Ал әйелдер құрамасы екінші іріктеу кезеңінде Словакия, Словения, Исландия бар топтан екінші орын алып, іріктеудің шешуші кезеңіне шыға алмаған.

Қазақстан ерлер құрамасы 1998, 2002, 2006 жылғы олимпиадаға қатысқан.
❤9😁2🤬1
Стендап-әзілкеш Нұрлан Сабыровтың (Сабуров) Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынды

Ресей құқық қорғау органдарының ресми тұжырымы бойынша, шешім "ел қауіпсіздігі, заңдылықты сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау мақсатында" қабылданған. Бұған қоса Сабыров "миграция нормаларына қарамастан, Ресейде табыс тапқан".

Кей телеграм-арналар оның Украинадағы соғысты сынауы да себеп болған деген болжам жасады.
😁25👍7🔥4🤔3👎2👏1
Британдық Shell мұнай-газ компаниясы сот дауларына байланысты Қазақстанға қосымша инвестиция салуды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі хабарлады.

Қазақстанның талап-арызы негізінде қозғалған істер бойынша миллиардтаған доллар төлемдер талап етіліп жатыр.

Қазақстан өз елінің сотында және халықаралық арбитражда қозғалған істерде Батыстың бірнеше мұнай компаниясынан миллиардтаған доллар өтемақы талап етіп отыр.
👍25🤔5🔥2❤1👎1😁1
Тоқаевтың мәлімдемесі, Лукашенконың ақылы. Конституция қалай жазылып жатыр? — AzatNEWS l 06.02.2026


🔹 Тоқаев "Қазақстан суперпрезидент жүйесінен бас тартты" дейді. Сыншылар сенбейді.

🔹 Жаңа Конституция қай тілде жазылып жатыр? Қариннің сөзіне күмән келтіретіндер бар.

🔹 Миланда қысқы Олимпиада ойындары басталды. Қазақстанның намысын кім қорғайды?
🤡11😁5🔥3💩1
Мәскеудегі қастандық, Трамптың талабы | Соғыс жаңалықтары

🔹 Украина мен Ресей Әбу-Дабидегі келіссөзден кейін тұтқын алмасты. Келіссөздің келесі раунды АҚШ-та өтуі мүмкін. 🔹 Мәскеуде Ресей генералына қастандық жасалды. АҚШ пен Ресейдің ядролық қару санын шектеу туралы келісімінің мерзімі өтіп кетті. Трамп мұны жалғастырғысы келмейді.
👍18🔥3😱1
🔸Қазақстан қысқы олимпиадаға дайындыққа қанша жұмсады?

6 ақпанда басталатын Милан-Кортина қысқы олимпиадасына дайындыққа Қазақстан 13,3 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы спорт және туризм министрлігі хабарлаған еді.

Бұл - ақша 2022-2026 жылғы олимпиада цикліне кеткен қаржы. Министрлік ақша мемлекеттік бюджеттен, жергілікті бюджеттен, демеушілерден алынғанын айтады.

Ведомство дерегінше, төрт жылда Қазақстан спортшылары 612 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 434 жарысқа қатысқан
👎14🤬11😨2🎅1
Azattyq - Азаттық
⛸️Қысқы олимпиада-2026. Сіз білу керек негізгі деректер Бүгін Италияның Милан және Кортина қаласында 25-қысқы олимпиада ойындары басталады. Азаттық олимпиада жайлы жанкүйерге қажетті негізгі сұрақтарға жауап береді. 🔹Қазақстаннан неше спортшы қатысады? …
⚡Сонымен Италияның Милан және Кортина қаласында 25-қысқы олимпиада басталды. Ашылу салтанатындағы шеруде Қазақстан құрамасы Милан мен Кортинада да шықты. Миланда туды шорт-трекші Денис Никиша, Кортинада фристайл могулдан олимпиадаға қатысатын Аяулым Әмренов ұстап шықты.

Олимпиадаға Қазақстаннан 36 спортшы қатысады.

Фото: Reuters
🔥8🤔3❤2
Олимпиада ашылуы қалай болды?

Руслан Меделбек, Миланнан хабарлайды

🔹Қысқы олимпиадаынң ашылуы Милан және Кортина қаласында қатар өтті. Миланда әйгілі "Сан Сиро" стадионында, Кортинада қалашықтың көшесінде болды. "Сан Сиродағы" ашылу салтанатының басында Ла Скала театрының 70 бишісі Италиядағы танымал статуялардың бейнесінде шығып, би биледі.

🔹Одан әрі сахнаға бояулар "төгіліп", стадион ортасы түрлі-түсті бояулармен боялды. Осы арқылы ұйымдастырушылар Италияның сурет өнерін көрсетті.

🔹Артынша америкалық әнші Мэрайя Кэри италиялықтардың танымал Volare әнін шырқады.

🔹Сахнаға Италия туымен түстес киім киген модельдер шығып, италиялық танымал модельер Джорджио Арманиге (былтыр қыркүйекте 91 жасында қайтыс болған) құрмет көрсетті. Бұл көйлектерді Армани сән үйі тіккен.
👍10❤4
Олимпиада ашылуы: Украинаны қолдау, Израиль мен АҚШ-қа қарсылық

Украина құрамасы парадқа шыққан кезде стадион қошеметтеп қолдау білдірді. Ал Израиль құрамасы шыққанда қарсылық білдіріп гуілдеді.

Стадионға АҚШ құрамасы шыққанда жиналған көрермендер қошемет көрсетіп жатқан еді, кейін экраннан АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнсті көрсеткенде жұрт гуілдеп қоя берді. Осылайша "Сан Сиродағы" көрермен Израильдің Газадағы соғысы мен Трамп әкімшілігінің АҚШ-тағы саясатына қарсылық білдірді.
👍41👏7❤2🤡1🥴1
❤️ Тоқаев Пәкістан басылымына сұхбатта не айтты?

Пәкістан
ға мемлекеттік сапармен барған кезде The News International басылымына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан "суперпрезиденттік басқару үлгісінен тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктері күшейтілген президенттік республикаға көшіп жатыр" деді. Тәуелсіз сарапшылар кейінгі Конституция жобасы керісінше президент билігін күшейте түсетінін айтып, алаңдаушылық білдірген.
🔗Толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮11💩5❤1
🗣 Құлсары мектебінде балта ұстаған оқушы құрылыптастарына тап берген

Атырау облысы Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы өзі құрылыптас балалармен жанжалдасып қалғаннан кейін мектепке балта алып келіп, өзге оқушыларға тап берген.

Полиция мәліметінше, 5 ақпанда болған оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл жарақат алған. Жергілікті билік орындары олардың өміріне қауіп жоқ деп хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда балта ұстаған ересек ұлдың мектеп дәлізінде басқа оқушылардың соңынан түскені көрінеді. Оқиға куәгерлері полиция шақырып, балта ұстаған оқушыны ұстаған.

15 жастағы күдіктінің әрекетіне байланысты "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдары оны есепке алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨9🤬5😡1
❗️Пәкістанда мешіттегі жарылыстан кемінде 30 адам өлген

6 ақп
анда Исламабадта жұма намазы кезінде шиит мешітінде болған жарылыс салдарынан 30-дан астам адам қаза тауып, 160-қа жуық адам жараланған. Полицияның өкілінің айтуынша, жанкешті мешіттің кіреберісінде өзін жарып жіберген.

Елдегі ең қатаң күзетілетін қалалардың бірі саналатын Исламабад әдетте мұндай шабуылдар сирек болады. Соған қарамастан, кейінгі жылдары Пәкістанда радикал топтар белсенділігі артқаны байқалып отыр дейді бақылаушылар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭14😢6👍2
⚡️ Алматының Алмалы аудандық сотында Астанада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды және Ақорданы басып алуға оқталды деген айып тағылған бес белсендінің ісі қаралып жатыр деп жазды Vlast басылымы.

Бұл істе белсенділер Асқар Нұрмаған, Әбдуәли Тағай, Дүйсенбек Жақашев, Қайсар Өзбек пен Талғат Ашировқа топ болып билікті күшпен басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген айып тағылған. Қайсар Өзбек пен Талғат Ашировқа жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау айыбы қосымша тағылды деп жазды басылым.

Істегі куәлардың бірінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын алға тартып, сот процесін жабық өткізуді сұраған прокурордың өтінішін судья орындаған.

"Жария болғанын қаламайды. Бәрін ың-шыңсыз тезірек жауып тастағысы келеді", – деген адвокат Жанар Балғабаеваның сөзін келтіреді басылым.

Билік органдары "Ақорданы басып алмақ болған" бесеудің ісі жайлы әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔12🤬7❤1😁1💩1🍾1
🎥 Соғыстан қашып, Қазақстанға келген ресейлік офицердің әңгімесі

Ресей Украинаға басып кіргелі 50 мыңнан астам ресейлік соғысқа күштеп жөнелтуден қашуға мәжбүр болған. Олар пана іздейтін елдің бірі – Қазақстан. Қазақстан мұндай азаматтардың тізімін жүргізбейді, дегенмен құқық қорғаушылар көмек сұрап келген кемі 10 әскери қызметкер барын айтады.
🔗Толық видеоны Азаттықтан көріңіз
👎17❤2💩2🤡1
🗣 Қазақстан сенаты кинематография туралы заңға фильмді прокатқа шығармас бұрын мазмұнында тыйым салынған, соның ішінде "ЛГБТ насихаты" бар-жоғын да тексеру жөнінде өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді.

Заң жобасына сәйкес, егер фильм мазмұнында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға үндейтін, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословие я ру айырмашылығына байланысты алауыздық қоздыратын, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, порнография, сондай-ақ "дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды" және педофилияны насихаттайтын белгілер болса, прокат куәлігі берілмейді.

"Дәстүрлі емес жыныстық қатынастар" мен педофилияны насихаттауға тыйым салу туралы норма былтыр желтоқсанда қабылданған басқа заңға енгізілген және ол биыл наурызда күшіне енеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🤔7❤3😁3👏1