Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🔴 Жапонияда өткен кезектен тыс сайлау нәтижесі бойынша, премьер-министр Санаэ Такаичи басқаратын Либерал-демократиялық партия айқын басымдықпен жеңіске жетті. Консервативтік коалиция парламенттің төменгі палатасындағы орындардың үштен екісінен астамына, яғни көпшілік қолдауын қажет ететін шешім қабылдауға жеткілікті дауысқа ие болды.

1955 жылы құрылған ЛДП тарихында бұрын-соңды мұндай жоғары көрсеткіш болмаған. Бақылаушылар биліктегі консервативтік партияның мұндай жеңісін көбіне Такаичидің жеке басының танымалдығымен байланыстырады.

Бұған дейін парламентте 167 мандатқа ие болып келген негізгі оппозициялық күш – центристік реформаторлық альянс сайлауда ойсырай жеңілді: дауыс беру қорытындысына сәйкес, небәрі 49 орын алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤4🔥1
⚡️️ Қырғызстанда 17 жастағы мектеп оқушысы қызды өлтірді деген күдікпен қамауға алынған 41 жастағы ер адам Бішкектегі тергеу изоляторында қаза болған.

Қырғызстан үкіметі жанындағы Жаза орындау қызметі таратқан ақпаратта 2026 жылғы 7 ақпанда сағат 12:30 шамасында Бішкектегі №21 тергеу изоляторының камерасында айыпталушы А.К.К. асылып тұрған қалпы табылғаны айтылған. "Мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, ол оқиға орнында қайтыс болды" деп хабарлады Жаза орындау қызметі.

Күдікті былтыр 17 желтоқсанда Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторынан ауыстырылған.

Айсулуу Мукашева 2025 жылғы 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысында хабар-ошарсыз кеткен еді. Кейін ол Шу облысындағы Боом шатқалынан өлі табылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡14❤3👍3
⚡️️️️️Тараз қаласында бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен 3 жасар ұлы мен 5 жасар қызын лақтырып жіберген 36 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйел екі баласын бірінен соң бірін лақтырып, артынан өзі де секірмекші болған. Қыз баланың бас сүйегі мен миына қатты зақым келіп, жамбасы сынған, кішкентай ұл да басынан қатты жарақат алған, сүйектері сынған, оларға ота жасалған деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева бұған дейін қатты күйзелісте болған әйел толық ем алмағанын айтты деп жазды Instagram әлеуметтік желісінде.

Кәмелетке толмаған екі баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱26😭7🤬2❤1
Олимпиададағы 52 жастағы сноубордшы

Аустриялық 52 жастағы сноубордшы Клаудия Риглер бесінші олимпиадасына қатысты. Ол параллель слалом жарысында бәсекеге түсіп, финалдық кезеңге дейін жетті.

Риглер – Милан олимпиадасына қатысып жатқан жасы ең үлкен спортшылардың бірі. Ол алғаш рет 1994 жылы алғашқы халықаралық жарысына қатысқан. Содан бері үлкен спортта жүр. Риглер 30 жасқа толғанда Аустрия құрамасының бапкерлері жасың келді деп ұлттық құрамадан шығарып тастаған. Ол бапкерлерінің бұл шешімі қате болғанын дәлелдегісі келгенін айтады.

"Менің ең үлкен мотивациям – жасым. Себебі отызға толғанда тым кәрісің деп құрамадан қуып шыққан еді" деді ол.

Клаудия үш жыл жеке спортшы ретінде жарысқа қатысып жүріп, 2005 жылғы әлем кубогындағы нәтижесінен соң құрамаға қайта алынады. 2015 жылы 41 жасында сноубордтан параллель гигант жарысында әлем чемпионы атанған.

Риглер биыл елі Австрияда өтетін әлем чемпионатына қатысып, одан кейін карьерасын аяқтамақ.

t.me/azattyq
👍18❤2
🔸 Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Назарбаева Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты госпитальден қаңтар айында үйіне шыққан. Мұны 9 ақпанда жергілікті басылымдар жазды.

Сара Назарбаева Алматыдағы "совминка" ауруханасына түсіп, ауыр хәлде жатқаны былтыр мамыр айында белгілі болған еді. Сол кезде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Сара Назарбаева қайтыс болды" деген сыбысты жоққа шығарған.

Шілде және қыркүйек айларында аурухана әкімшілігі журналистерге "Сара Назарбаева әлі ем қабылдап жатқанын" айтқан.

Биыл 12 ақпанда 85 жасқа толғалы отырған Сара Назарбаева кезінде елге қандай істерімен танылған еді, толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮16🥱4👎3😁3
Қазақстан Конституциясы жобасының тіл туралы заңына өзгеріс енеді

Баптың мемлекеттік тіл туралы бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал көпшілік арасында қарсы пікір тудырған орыс тілі туралы тармағында "тең" деген сөз "қатар" сөзімен алмастырылады.

Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық комиссия отырысында айтты. Яғни жаңа нұсқада былай болады:
"Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады".
👎63💩16😁10❤2🔥1
Спортшыларды "қуған" дрондар

Милан-Кортина олимпиадасында алғаш рет тау шаңғысы, коньки, шана спортында жылдам дрондар түсірілімге пайдаланып жатыр. Спортшылар жарыс жолына шыққанда артынан дрон еріп, түсіріп жүреді. Мұны телетрансляциядан байқауға болады әрі спорт аренадан да, теледидардан да дронның ызылдаған даусын анық естуге болады.

Дрондар тау шаңғысы кезінде 120 км/сағ жылдамдықпен сырғанап бара жатқан спортшының артынан жақын әрі жылдам жүріп отырады.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) дрондар телетрансляцияның сапасын арттыру үшін қолданылып жатқанын, дрондардың дауысына қатысты көрермендер мен спортшылардан шағым болмағанын айтады.

"Мұны спорттағы эволюция деп қарастырамыз. Дрондар спортшыларға айтарлықтай әсер етпейді деп санаймыз. Біз бұл мәселені зерттеп, сенімді болған соң енгіздік. Дрондар спортшылардың нәтижесіне, олардың жарысына кедергі келтірмейді" деді Миландағы баспасөз мәслихатында ХОК-тың спорт директоры Пьер Дюкре.


Фото: Reuters

t.me/azattyq
🔥11👍7
Донбасс кімде қалады? Украина мамырда референдум өткізуі мүмкін бе? | Соғыс жаңалықтары

Мәскеуде Ресейгенералына қастандық жасады деген күдікті Дубайда ұсталды. Мәскеу оның артында Украина тұр дейді. АҚШ мамырда Украинада президент сайлауы мен референдум өткізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Референдумда Донбасс және Ресей бақылауындағы өзге де аумақтардың кімге тиесілі екендігі сұрала ма?
🖕21🔥1😁1
Орыс тілінің орны, Мәскеудің талабы, журналистердің ашық хаты — AzatNEWS l 09.02.2026

🔹 Жаңа Конституция жобасын жасаушылар сөз бостандығын шектегелі жатыр ма?

🔹 Қазақстандық журналистер президент Тоқаевтан араша сұрайды.

🔹 Ресей Қазақстанның сайтын бұғаттап тастағысы келеді.
🤬38🤔6❤1
⚡️АҚШ әскері 9 ақпанда Ресейдің "тасадағы флотыныкі" болуы мүмкін тағы бір танкерді ұстады. Пентагонның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Aquila II танкерінің ізіне Кариб теңізінен бастап түсіп, үш аптаға жуық уақыттан кейін Үнді мұхитында қолға түсірген.

АҚШ әскери министрлігі ұсталған танкер "Кариб теңізіндегі санкцияға іліккен кемелерге президент Трамп енгізген карантин талаптарын бұзған" деп мәлімдеді. Танкер санкцияларға қарамастан, Венесуэла мұнайын Қытайға жеткізуге әрекет етті деген күдікке ілінген. Бұған қоса ол Ресейдің "тасадағы флотының" бір бөлігі ретінде санкция тізіміне енгізілген.

"Тасадағы флотқа" Ресей мұнайы мен басқа да ресурстарды таситын, басқа елдердің туын пайдаланатын, бірақ іс жүзінде Ресей бақылауында болатын кемелер жатады. Мұндай жүздеген кеме АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбританияның санкция тізіміне енгізілген.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍11🤬4👎1
🔸АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс 9 ақпанда Арменияға ресми сапармен барды

АҚШ-тың мұндай жоғары лауазымды өкілі Арменияға алғаш рет барып отыр.

Вэнс Армениядан кейін сейсенбі күні Әзербайжанға да бармақшы. Ақ үй осы сапар алдында Вэнстің Армения мен Әзербайжанға сапары осы екі ел арасындағы бейбіт келісімді қолдауды көздейді деп мәлімдеген. Келіссөздерде Әзербайжанның негізгі аумағын оның анклавы – Нахичеван автономиялық республикасымен байланыстыратын көлік дәлізін салу мәселесі де талқыланбақ. Бұл жол Армения аумағы арқылы өтеді деп жоспарланған. Армения мен Әзербайжан басшылары былтыр тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамптың атымен аталатын осы дәліз жөнінде келісімге келген, алайда көптеген техникалық және саяси мәселелер әлі шешілген жоқ.

Дүйсенбі күні Ереванда АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт атом саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Вэнс АҚШ Арменияның ядролық энергия саласына 9 миллиард доллар инвестиция құяды деп мәлімдеді.

Сарапшылар бұл сапар Оңтүстік Кавказда АҚШ-тың ықпалы артып келе жатқанын байқатады дейді.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31👎3❤1
❗️ 9 ақпанда Куба үкіметі елге қатынайтын халықаралық әуе компанияларын аралда авиация отыны сейсенбіде толық таусылады деп ескертті.

Гаванадағы билік жолдаған хабарламада елде кемінде бір ай – 11 наурызға дейін ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету мүмкін болмайтыны айтылған. Ал содан екі күн бұрын, билік өкілдері елдегі қазіргі отын тапшылығы әуе қатынасына әсер етпейді деп мәлімдеген еді.

Кейінгі жылдары Куба авиация жанармайымен қамтамасыз ету мәселесінде Николас Мадуро басқарған Венесуэлаға сүйеп келген. Алайда, хабарларға қарағанда, АҚШ былтыр желтоқсанның ортасынан бастап Венесуэладан мұнай экспортын іс жүзінде тоқтатып тастағаннан кейін, Кубаға ол елден шикі мұнай да, мұнай өнімдері де жеткізілмеген. Бұл жағдай АҚШ арнаулы операция жүргізіп, Мадуроны ұстап әкеткеннен кейін де өзгерген жоқ.

АҚШ билігі биыл қаңтар айында Кубаға жанармай бермеуді көздейтін шаралар қабылдайтынын, соның ішінде аралға жанармай жеткізген елдерге қосымша баж енгізуі мүмкін екенін мәлімдеген.
⛓‍💥Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍6🤬3
❤️Тоқаев таңдаған сайлау түрі әлемдік тәжірибе екені рас па? Азаттық талдауы

Қа
зақстанда парламент сайлауы қайтадан толықтай партиялық тізім бойынша өтпекші. Билік бұл әлемде кең тараған тәжірибе деп мәлімдеді. Кең тарағаны рас, бірақ оның арасынан Ақорда таңдаған түріне мысал табу қиын. Партиялық тізіммен сайлаудың немесе пропорциялық сайлау жүйесінің қазақстандық үлгісі қалай жұмыс істейді? Түсіндіреміз. 🔸Оқыңыз, көріңіз, пікір жазыңыз:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17💩6🤔2🤬1
🗣Шымкент қаласында бір отбасының үш адамы – ұлы, анасы мен әжесі иіс тиіп қайтыс болған. Үйден ешкім шықпай қалғанына секемденген көршілері құтқарушыларды шақыртқан.

Қазақстанда қыс түскелі бері осыған ұқсас бірнеше қайғылы оқиға болды.

Өткен аптада Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір үйдің төрт адамы иіс тиіп көз жұмды, арасында 1,5 жасар нәресте де бар.

Осы айдың басында Түркістан облысы Түлкібас ауданында уақытша салынған тұрғын үйдегі пештің ақауы салдарынан ерлі-зайыпты екі адам уланып, біреуі қайтыс болған. Ал қаңтар айында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жекеменшік үйді жалға алып тұрып жатқан бір отбасының үш адамы иіс тиіп опат болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭17❤2🙏1
10 ақпан күні таңертең Астанада Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды. Оны ашқан президент Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиында премьер-министр Олжас Бектенов елдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп беріп, үкіметтің 2026 жылға арналған жоспарын таныстыратынын айтты деп хабарлады мемлекеттік басылымдар.

Бұдан бөлек, Тоқаевтың сөзінше, премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев цифрландыру процесі және жасанды интеллектіні енгізу жөнінде, ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндайды.

Биылғы үкіметтің кеңейтілген отырысы тікелей эфирден көрсетіліп жатқан жоқ. Баспасөз қызметі өткен жексенбіде жасақтаған алдын ала тізімге тіркеліп үлгерген журналистер жиынды бөлек залдан бақылап отыр.
🤔7❤3🤡3
Azattyq - Азаттық
10 ақпан күні таңертең Астанада Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды. Оны ашқан президент Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиында премьер-министр Олжас Бектенов елдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп беріп, үкіметтің 2026…
Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр.

"Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 30 пайыздан асады, бұл – Орталық Азияда жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткішке – 40 пайызға жеткізу", –

деген Бектенов үкімет халықтың нақты табысының өсуіне басымдық беретін болады деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл мақсатта еңбекақыны көтеруді, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуді, азаматтарға түсетін қаржы салмағын азайтуды көздейтін қаржы, салық және басқа да ынталандыру шаралары қарастырылмақ.

Қазақстанда азық-түлік пен қызметтер бағасы, бұған дейінгі болжамдарда айтылғандай, табыстың төмендеуімен қатар өсіп жатыр. Кейбір есептеулер бойынша, халықтың жан басына шаққандағы нақты табысы 3,4 пайыз қысқарған.
💩16👎5🤡3👍1
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қоғамда жобасы талқыланып жатқан жаңа Конституцияға қатысты түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын айтты.

"Жаңа Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады",

— деп мәлімдеді Тоқаев сейсенбі күні Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент конституциялық реформаға байланысты азаматтармен байланыс желілері тиімді жұмыс істеді деп есептейді.

"Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы комиссия құрамында шетел мамандары жоқ"

, – деген Тоқаев.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаев бұрынғы билік тұсында енгізілген пропорциялық сайлау жүйесін сынап, Қазақстанда араға едәуір жыл салып, аралас сайлау жүйесі қайта енгізілген еді. Алайда қазір талқыланып жатқан жаңа жобада бір палаталы парламент толықтай партиялық тізім бойынша жасақталатыны жазылған.

Қоғамда оны сынға алып жатқандар аз емес, алайда билік мұны әлемде кең тараған тәжірибе деп айтып жүр.
🔗Толығырақ оқыңыз
🤡19😁15🤮7👍3❤2
⚡Бүгін, 10 қаңтарда олимпиадада Шайдоров жарысқа шығады?

⛸️Миландағы олимпиадада Қазақстанның үміті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жарысқа шығады. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқы бағдарлама Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Шайдоров түнгі 02:00-ден кейін өнер көрсетеді. Михаил былтыр әлем чемпионатында күміс медаль алған. Оның басты қарсыластары – әлем чемпионы, Миланда командалық сында чемпион атанған Илья Малинин (АҚШ), жапониялық Юма Кагияма мен Шун Сато (екеуі де осы олимпиадада командалық сында күміс медаль алды), бейтарап атлет ретінде қатысып жатқан ресейлік Петр Гуменник, италиялық Даниел Грассл (командалық сында қол жүлде иеленді), франциялықтар Кевин Эймоз бен Адам Сяо Хим Фа болмақ.

🔸Сондай-ақ Қазақстан уақытымен 18:00-де фристайл могулдан іріктеу жарысы басталады. Қазақстан сапынан Юлия Галышева (2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері), Анастасия Городко (әлем чемпионатының жүлдегері), Аяулым Әмренова және Павел Колмаков қатысады.

🔹16:00-де шорт-тректен Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова) аралас эстафетаның іріктеуіне қатысады. Жартылай финалға шығу үшін топта бірінші-екінші орынның бірін алуы керек. Қарсыластар – Қытай, Канада, Бельгия.
❤6🙏3🤷‍♂1😁1💩1
🔴Transparency International ұйымының 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (CPI) сәйкес, Қазақстан әлемдегі 182 елдің арасында 100-ден 38 балл алып 96-орында тұр. Былтыр осы тізімде 40 балл көрсеткішпен 88-орында болған еді.

Transparency International халықаралық ұйымының жазуынша, Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде елдің нақты қай орында тұрғаны емес, жиналған балл маңызды саналады: егер көрсеткіш 50 баллдан төмен болса, бұл елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары екенін білдіреді.

Биылғы тізімде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында бұл межеден тек Грузия (50 балл) ғана аса алды. 38 балл алған Қазақстанның көрсеткіші кей көрші елдерге қарағанда жоғары болғанымен, аймақтағы және жаһандық орташа деңгейден төмен болып отыр.
Толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12😢4👍3❤2😁1🤡1😭1
🔹Олимпиадада шорт-тректен қазақстандық Денис Никиша 1000 метр жарысында ширек финалға шыға алмады (суретте). Әйелдер арасындағы 500 метрлік жарыста Яна Хан мен Ольга Тихонова да ширек финалға өтпеді. Никиша іріктеуде өз тобында үшінші, Хан мен Тихонова өз тобында төрт спортшының арасында төртінші орын алды. Финалға шығу үшін алғашқы екі орынның бірін алу керек еді.

Сәлден кейін Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова) аралас эстафетаның іріктеуіне қатысады. Жартылай финалға шығу үшін топта бірінші-екінші орынның бірін алуы керек. Қарсыластар – Қытай, Канада, Бельгия.

t.me/azattyq
😢5👍3🤬2😁1