Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркия парламентінде министрдің ант беруі кезінде жаппай төбелес болды. Оппозициядағы Республикалық халық партиясының депутаттары жаңа министрдің ант беруіне қарсы шығып, кедергі келтіруге тырысты.
👍23🤔8❤1😁1
💬 Алматыда дәрігерлер 31 магнитті жұтып қойған баланы аман алып қалды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 жас 9 айлық сәби ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер сәбидің асқазанын ауыртқан ондаған магнитті анықтаған.

Ота кезінде хирургтар магниттерді алып, сәбидің асқазанын жуып-шайған, құрсақ қуысын тазартып, инфекцияның таралуын тоқтатқан.

Балалар жедел медициналық көмек орталығының хирургы Асқар Ризвановтың түсіндіруінше, асқазанға бөлек-бөлек түскен магниттер ол жақта бір-бірін тарта бастайды. Бұл өте қауіпті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21😱10🙏4❤3🥰1😢1
Соғысқа барғысы келмей Ресейден қашқан Зелимхан Муртазов былтырғы желтоқсаннан бері Астана әуежайының транзит аймағында тұрып жатыр. Ұлты шешен азамат Қазақстаннан пана сұрағанымен, елге кіруге рұқсат ала алмады. Орталық Азия мемлекетіне қашып келген тағы бір шешен Мансур Мовлаевқа Ресейге экстрадициялану қаупі төніп тұр. Солтүстік Кавказдан шыққан адамдарға босқын мәртебесін бермеудің сыры неде? Бұл сұраққа жауап іздеп көрдік. https://smarturl.click/MG8y3
❤10😢9🤔3🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Талдықорғанда “атажұрттықтардың” соты жалғасты. Бүгін алғаш рет екі қоғамдық қорғаушы процеске кірді. Қалған қоғамдық қорғаушылар “бізді қашан кіргізесіңдер?” деп айқайлап, наразылық білдіргеннен кейін сот қызметкері оларды ертең кіргізуге уәде берді.

Сот өтіп жатқан ғимаратты полиция күзетіп тұр. Айналаға жедел жәрдем көлігі де қойылған.
🔥18🤬6
Azattyq - Азаттық
11 ақпанда Италиядағы олимпиадада украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич тыйымға қарамастан соғыста қаза тапқан спортшылардың суреті жапсырылған шлеммен жаттығуға қайта шықты. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Гераскевичке бұл шлеммен олимпиадаға қатысуға…
❗️Халықаралық олимпиада комитеті украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичті жарыстан шеттетті. Ол бүгінгі жарысқа соғыста қаза тапқан Украина спортшыларының суреті жабыстырылған шлеммен шықпақ болған.

Бұл шлемге ХОК тыйым салған еді, бірақ спортшы тыйымға қарамастан киіп шықпақ болды.

Ережеге сай, спортшылар олимпиада жаттығуында, жарыста, марапаттау кезінде саяси тақырыптарды көтеруге болмайды. Бірақ Гераскевич шлем ешқандай да саяси насихат емес, "олимпиадаға қатыса алмай кеткен спортшыларға тағзым" деп санайды.
😱20❤5👎3
💬Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне Әділет Оразбековті тағайындады.

Әділет Оразбеков 1978 жылы туған. Қырғызстан халықаралық университетін "Дипломатия және халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған қоса, Ресей ФСБ академиясында оқыған. Әскери шені бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁13👎10🤡1🥱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Миландағы олимпиадада Қазақстан конькишілері мен шорт-трекшілерінің формасында Қазақстан даласынан көне заманда тастарға салынған петроглифтер бейнелеген. Спортшылардың жарысқа киіп шығатын комбинезонындағы бейнелердің сыры неде?
❤14👍6👎1
Парламенттегі жанжал, Конституция жобасы, "Атажұрт" соты — AzatNEWS l 12.02.2026

🔹 Конституциялық комиссия мүшелерімен Тоқаев қашан кездесті? Ақорда ақпаратына суреттің дерегі қайшы.

🔹 Билік мақтап, қоғам сынаған Конституция жобасының соңғы мәтіні жарияланды. Не алынды, не қосылды?

🔹 Ақтай ма, соттай ма? Талдықорғанда "Атажұрт" белсенділеріне қарсы сот ісі жалғасып жатыр.
👎16❤5
Мәскеу сұрайды, Астана береді. Ресей босқындарының ісі

Кейінгі екі айда Қазақстан Мәскеу сұрауымен кемінде төрт ресейлікті экстрадициялау туралы шешім шығарды. Олардың арасында оппозиция белсендісі де, соғыстан қашқан әскери қызметкер де, ІТ маман да бар. Құқық қорғаушылар бұл үрдіс Астананың баспана сұрағандарға қатысты саясаты күмән туғызғанын айтады. https://www.youtube.com/watch?v=Y9rEtm2VcvE
🤬22😢3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қамшыбек Ташиев Бішкекке оралды

13 ақпанда түнгі сағат 3-те Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев Бішкекке келгені хабарланды.

Журналист Айбек Бибосынов Facebook-те жариялаған қысқа бейнежазбасында Ташиевті үш ер адам қарсы алғаны, жол талғамайтын көлікке мініп жатқаны көрінеді.

Қырғызстан президентінің ұзақ уақыттан бергі саяси серіктесі болған Ташиевтің қызметтен босатылуы қоғамда қызу талқыланып, екі саясаткер арасындағы қарым-қатынастың салқындағаны жайлы әртүрлі пікір айтылған еді.

Видео: Айбек Бибосынов
👀13❤5🥱4
Қызылорда облысында белсенді Ерғали Құлбаев 4 жыл түрмеге кесілді

Белсендіге "Бопсалау" бабы (194-баптың 2-бөлігі 2-тармағы) бойынша айып тағылған. Сот Құлбаевпен бірге дәл осындай баппен айыпталған Ақлима Ертайқызын да 4 жылға бас бостандығынан айырған. Оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот жазасын өтеуді бес жылға шегерген.
🤬27❤1🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы тұрғыны Жолдасбек Темірғалиев @zholdas.web автобуста бір әйелдің әлдекімдермен сөйлесіп жатқанын кездейсоқ естіп қалған. Әйелге хабарласқандар алаяқтар ма деген күмән туып, әңгімеге араласқан. Жолдасбек бейтаныс әйел әуелі қарсыласқанын, кейін алаяқтар екеніне көзі жеткенін айтады.
🔥14🤔8❤3👍2🤝2
Журналист Данияр Молдабеков шіркеу қызметкері Иаков Воронцов ұсталғанын хабарлады.

“Менде бар дерек бойынша, түнде оның үйіне күштік құрылымдар басып кіріп, тінтіп, өзін полиция департаментінің изоляторына алып кеткен. Ақпаратпен бөлісіп отырамын” деп жазды журналист.

Алматы полициясы әзірге түсініктеме бермеді.

Бұған дейін ҚазТАГ Иаков Воронцов “діни бірлестігін тіркеуден бас тартқаны үшін” Алматы әкімшілік сотына қалалық әділет департаменті үстінен шағым түсіргенін жазған еді.

ҚазТАГ-тың жазуынша, 1,5 жыл бұрын “экстремизм” бойынша оған қарсы ашылған қылмыстық іс тоқталған.

Иаков Воронцов Қазақстан қоғамын алаңдатқан өзекті мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген азамат. Ол Украинадағы соғысты да айыптаған.
👎16🤬10🕊2👍1🔥1👏1😁1
🔴Қазақстанға вице-президент не үшін керек? Әлемдік мысал не дейді?

Қазақстандағы конституциялық реформаның елеулі жаңалықтарының бірі – вице-президент лауазымы. Бұл адамның түпкі қызметі әлемдік үлгідегі функцияға ұқсайды – президент қандай да бір себеппен қызметінен кетсе, соның орнын баса тұрады. Бірақ қазақстандық қызметтің әлемдік тәжірибеден ерекшеленетін тұстары бар.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩7😁5🤯5👏3🐳2❤1😢1
💬 WSJ: АҚШ Иранға жасырын түрде мыңдаған Starlink терминалын жіберген

Иран билігі қаңтарда үкіметке қарсы наразылықты күштеп басып-жаншығаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иранға мыңдаған Starlink терминалын жіберген. Бұл жөнінде америкалық шенеуніктерге сүйенген The Wall Street Journal басылымы жазды.

Ақ үй осылайша наразыларды интернетпен қамтамасыз етуге тырысқан. Иран билігі қаңтардың басынан бері елде интернетті өшіре бастаған еді. Қаңтарда Иран билігі интернетті өшіріп, құқық қорғаушылардың есебінше мыңдаған адамды өлтіргеннен кейін АҚШ контрабандалық жолмен елге 6 мың шақты спутниктік интернет кешенін әкелген. Осылайша Иранға алғаш рет Starlink жүйесі тіке жеткізілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤4🔥3🤬3😁2
🗣Украина қарулы күштері: Ресей әскері бір тәулікте 800-ге жуық әскерінен айырылды

Украина қарулы күштері бас штабының дерегінше, өткен тәулікте Ресей 800-ге жуық әскерінен айырылған. Штабтың мәліметінше, сонымен бірге жуырда Ресей әскерінің 5 мың танк, 3 әскери бронды техника, 41 артиллериялық жүйе, 1 дүркіндете ататын жүйе, бір әуе қорғаныс жүйесі, 1 239 дрон, 16 қанатты ракета, 127 көлік пен автоцистернасы жойылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍57🔥16😁3❤1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжілістегі талқы барысында депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниялары өкілдерінің дайындық деңгейін сынға алды. Депутат компанияларды қазақстандық өндірушілермен келісімшарты бола тұра, тауарды Қытайдан сатып алып жатыр деп сөкті.

«Матен Петролеум» АҚ бас директоры Лю Цзиньчэн компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді алты келісімшарт жасасқанын айтты. Бірақ нақты қай кәсіпорын екенін атап бере алмады, көмекшісі оның құлағына сыбырлап, компания атауын айтып тұрды.
🔥23😁8👍5👏1💩1
💬Дін қызметшісі Иаков Воронцов 10 тәулікке қамалды

"Жаңа ғана әкімшілік сот болды. Оған әкімшілік іс бойынша 10 тәулік берді. Тағылған айыппен келіспеді. Шешімге шағым түсіремін. Қазір сот қаулысын күтіп отырмын" деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Воронцовтың үстінен 440-1 бап бойынша ("Есірткі, психтропты және соған ұқсас заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану") әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұған дейін Иаков Воронцовтың Алматыда ұсталып, полицияға жеткізілгені белгілі болған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤯5🤬4❤3👏1😁1🗿1