Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
📹Қайрат Сатыбалды мен бұрынғы әйелінің пәтер дауы. Ал баспана мемлекетке өтіп кеткен

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Асылжан Есенқызы Азаттыққа сұхбат беріп, қазір бастан кешіп жатқан қиындығы жайлы айтты. Оның сөзінше, атына жазылған пәтерінің меншік құқығы өзінің сыртынан өзгеге ауысып, кейін мемлекет иелігіне өтіп кеткен.

🔗Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩10🤯2🥱2❤1
🔴17 ақпанда Алматының әкімшілік соты Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызына "Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзғаны" (120-баптың 3-бөлігі) бұзғаны" үшін 15 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Журналистің отбасылық жағдайына байланысты судья айыппұл көлемін 30 пайызға (шамамен 45 мың теңге) қысқартты.

Журналисті дүйсенбі күні таңертең Алматының Медеу аудандық прокуоратурасы шақыртып, Мұқанқызына Х әлеуметтік желісіндегі жеке парағына Қазақстанда 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдум жөнінде сауалнама жариялағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатынын айтқан.

Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 120-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жіберген.

Сейсенбі күні әкімшілік сот журналистің өкілі заңгер Ольга Диденконың өтінішін қанағаттандырмай, Мақпал Мұқанқызына айыппұл салу туралы шешім шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15❤3🤔2
🔴Конституция жобасы: билік үгітті күшейтті, сын шетте қалды. Қалима Тәжіқұлмен сұхбат

Билік Конституцияны өзгертуді қолдайтын коалиция құрып, ауқымды ақпараттық науқан бастады. Алайда қоғамдағы пікірталас екі түрлі медиа кеңістікте әрқалай өрбіп жатыр. Мемлекеттік БАҚ ұсынылған өзгерістерді саяси жаңғыру деп таныстырды. Ал құқық қорғаушылар мен сарапшылар кей нормалар азаматтық бостандықтарды шектеуі мүмкін деп алаңдайды. Азаттық медиа-сарапшы Қалима Тәжіқұлмен сұхбаттасты.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩14🤡8🔥2❤1
Өзбекстанда қамаудағы қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовқа жаңа айып тағылды

2022 жылғы Қарақалпақстандағы наразылық бойынша 16 жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қосымша жаза берілуі мүмкін. Оған "мекеменің жұмысын бұзды" деген айып тағылған. Туыстары мен қорғау жағының сөзінше, оны түрме қызметкерлері арандатқан болуы мүмкін.

Белсендінің бауыры Ренат Тәжімұратов жуырда түрмеге барып, оны көре алмай қайтқан. Оның сөзінше, бауырының орнына шыққан тергеуші Дәулетмұрат Тәжімұратовқа жаңа айып тағылғанын айтқан.
🤬27🤔6❤2
⚡Алматыда жер сілкінді
😨20❤4👍3🙏3👎1🤯1
Azattyq - Азаттық
⚡Алматыда жер сілкінді
"Сейсмологиялық зерттеу институтының" хабарлауынша, жер сілкінісі ошағы Алматы қаласынан  шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

ТЖМ мәліметінше, Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болған. Алматы облысында 2-4 аралығында болған.
🙏13👎2👏1😱1
🔴Ресей депутаты Орталық Азия оқулықтарынан "русофобия" көретінін айтты. Сарапшылар не дейді?

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Андрей Луговой Орталық Азия елдері мен Әзербайжанды "русофобиялық" саясат ұстанады деп айыптады. Ол мұны аталған елдердің мектеп оқулықтарынан байқағанын айтты. Сарапшылар депутат сөзі Кремль көзқарасына үндес дейді.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣31🤮14🤡9💩5🖕5🔥1😁1💊1
Маңғыстау облысындағы полигонда сарбаз қаза болды

Бас прокуратура сарбаздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

"Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды" деп жазылған хабарламада.

Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім жиілеп барады. Өткен айда Қазақстанның түрлі өңірінде бірнеше сарбаз қаза болған.
🤬34🤯1
⛸️Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?

Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін қазақстандық София Самоделкина 12-орында келеді. Ол қысқа бағдарламада 68,47 ұпай иеленді. Бұл – оның биылғы маусымдағы жарыстарда алған ең жоғарғы ұпайы.

– Бұл – өмір бойы жасап келе жатқан еңбегім. Менің ойымша, бапкерімнің ойынша мінсіз сырғанап шықтым. Егер бапкерім Рафаэль Арутюнян "мінсіз сырғанап шықтың" десе, демек бұл шынымен мақтауға тұрарлық сырғанау. Өте ризамын, көңілім толды. Бір деммен сырғанап шықтым. Қобалжу болмады. Қобалжымай бүкіл дайындығымды көрсеткім келді. Аренадан Қазақстанның туын ұстаған жанкүйерлерді көргенде, олимпиада шығыршықтарын көргенде тіпті шабыттанып кеттім, – деді спортшы.

Қандай элементтер секірді?

Самоделкина қысқа бағдарламада екі айналым аксель, үш айналым лутц және үш айналым флип+үш айналым тулуп каскадын секірді. Төрешілер қазақстандық спортшының секіру элементтеріне жоғары ұпай бергенімен, мұздағы қадамдары (Step Sequence) мен мұздағы айналымдарына (spin) үшінші деңгей қойды. Әдетте бұл элементтерде төртінші деңгей жоғары саналады.

Спортшының бапкері Арутюнянның төрешілер берген ұпайға көңілі толмағаны байқалды.

Самоделкина 19 ақпандағы негізгі бағдарламада “таза сырғанап шығу үшін барын салмақ”.

Кімдер көш бастап тұр?

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи ең қиын элементтің бірі үш айналым аксельді таза секіріп, 78,71 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орында 2022-2024 жылдардың арасында әлем чемпионы болған жапониялық Каори Сакамото тұр – 77,23. Үшінші орында – былтырғы әлем чемпионы Алиса Лю (АҚШ) – 76,59 ұпай. Лю үш айналым лутцты толық секірмегені үшін ұпайы кемді. Бейтарап атлет ретінде қатысып жатқан ресейлік Аделия Петросян 72,89 ұпаймен бесінші орында тұр.

Жүлдегелер негізгі бағдарламадан соң анықталады.
❤7🤔2💩1
Azattyq - Азаттық
⛸️Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті? Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін қазақстандық София Самоделкина 12-орында келеді. Ол қысқа бағдарламада 68,47 ұпай иеленді. Бұл – оның биылғы маусымдағы…
Самоделкина "олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген" Қазақстанға алғыс айтады

Олимпиадада норвегиялық журналист Самоделкинадан не үшін Ресейден Қазақстанға ауысқанын сұрады. Спортшы "екі жыл болды Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрмін. Бұл – менің елім. Қазақстанға осы олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз" деп қысқа қайырды. Кейін журналистердің екінші тобына берген сұхбатында "Қазақстан боламағанда олимпиадаға қатыса алмас едім" деді.

Самоделкина Ресейде туған. 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алғанда Ресей басылымдары спортшының Қазақстанға кеткені жайлы көп жазып, екі елде бұл үлкен талқы тудырған.

Ал Қазақстан коньки одағы Азаттыққа "Біз Ресейден не басқа елден мәнерлеп сырғанаушы сұраған жоқпыз. Азаматтықты спорттан бөлек басқа жолдармен алуға болады ғой. Оның анасы Қазақстанда туған, сол арқылы азаматтық алған сияқты" деп мәлімдеген.

Самоделкина 2024 жылдан бастап Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатыса бастады.
🤮16❤7👍3💩3🤔2
🗣Иранда наразыларға қарсы кемінде 23 мың қылмыстық іс қозғалды

Иранда наразыларға қарсы кемінде 23 мың қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады сот жүйесінің өкіліне сүйенген Фарда радиосы.

Сот өкілінің сөзінше, тұтас елдің түкпір-түкпірінде адамдар ұсталған. Оның айтуынша, наразылық кезінде 729 полиция бөлімі мен ислам революциясы сақшылар корпусының 120 шақты орталығына шабуыл жасалған.

АҚШ-та шоғырланған Human Rights Activists in Iran (HRAI) құқық қорғау ұйымының дерегінше, 15 ақпан күнгі жағдай бойынша кемінде 53 552 адам қамалған, 144-і – студенттер. Сотқа 11 053 адам шақырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13👍3🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында әлімжеттік көрген сарбаз ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Отарда әскери борышын өтеген Есбол Қапар туыстарына сержанттар темір затпен ұрғанын айтып берген. Жағы мен мұрны сынған оған екі рет ота жасалған. Бірақ бұл туралы әскери бөлімше туыстарына хабарламаған, отадан шыққан сарбазды белгісіз жерде ұстаған.
🤬44😢2❤1
ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновтің үйқамақ мерзімі ұзартылды

Желтоқсан басында ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.

Желтоқсан айының соңында Әмір Қасенов үйқамаққа алынды. Сот шешімі бойынша ол дәрігер және адвокаттан басқа ешкіммен сөйлесе алмайды. Әлеуметтік желіде жазба жариялауға, сұхбат беруге тыйым салынған.

Агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген.
🤬12😱11
🗣Өскеменнің бұрынғы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ақпаратты растады, бірақ жай-жапсарын түсіндірмеді. Комитет өкілдері шенеуніктің қандай бап бойынша тергеліп жатқанын, қандай да бір бұлтартпас шара қолданылғанын-қолданылмағанын айтпады.

Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет желіде 13 ақпанда пайда болған. Сол кезде жергілікті әкімдік "ақпараттан хабарсыз" екендіктерін айтып, "әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алды" деген
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13❤3👍2😐2👏1
🔴"Әскердегі әлімжеттік ісін сотқа жеткізу өте қиын". Инга Иманбаймен сұхбат

Қазақстанда сарбаздардың жұмбақ жағдайда қаза табуы я мертігуі жұрт жиі талқылайтын тақырыптың бірі. Әскери басшылық көбіне сарбаз суицид жасады я оқыс оқиғаға ұшырады десе, қоғамда бұл әскердегі әлімжеттіктің салдары деп санайтындар көп. Заңгер Инга Иманбай ондай істің сотқа жетуі өте қиын дейді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬28👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қамаудағы белсенді, марафоншы Марат Жыланбаев 4 қаңтардан бері аштық ұстап жатыр. 16 ақпанда жақтастары мен адвокаты Степногорск қаласына келіп, Жыланбаевқа кірмек болған. Бірақ №4 түрме бастығы «бұл үшін Жыланбаевтың өзі өтініш жазуы керек» деп адвокатты кіргізбеген. Бұл жөнінде Qaharman тобы жазды.

Түрме бастығының сөзінше, Марат Жыланбаев «шәй және сусын ішеді». Жақтастары оның денсаулығына алаңдап отырғанын айтады.

Адвокат Бақытжан Омарханов Азаттыққа сол күні бастықтың кабинетіндегі камерадан Марат Жыланбаевты көргенін айтты.

«Түрме бастығының кабинетінен көрдім. Тікелей режимде. Жалғыз өзі спортпен айналысып жүр» деді адвокат.

«Не үшін аштық жариялады?» деген сұраққа адвокат жауап бере алмады.

Марат Жыланбаев бұған дейін де түрмеде талай аштық жариялаған. Ол түрмеде өзінің құқықтарының бұзылып жатқандығын және сот үкімімен келіспейтіндігін айтқан.
👍21😢4❤3
🗣Тоқаев Трамп құрған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады

Бұл жөнінде Ақорда хабарлады. 18-19 ақпан күндері Қазақстан президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады.

“Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді” деп жазылған ресми хабарламада.

🔸АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жұмысына қатысуға шақырылған елдер басшыларының алғашқы отырысы 19 ақпанда Вашингтонда өтпек.

🔸Бейбітшілік кеңес жұмысына қатысуға келіскендер арасында Қазақстанмен бірге Аргентина, Армения, Әзербайжан, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Индонезия, Пәкістан, Израиль, Қатар, Сауд Арабиясы мен Түркия бар. Сондай-ақ Беларусьтің авторитар билеушісі Александр Лукашенко да кеңеске шақыруды қабыл алғанын айтқан.

🔸Ресей, Украина, Қытай, Үндістан мен Еуроодақ елдерінің басым бөлігі әзірге өз ұстанымын анықтаған жоқ. Ал Ұлыбритания, Франция мен Германия Бейбітшілік кеңесіне қатысудан бас тартқан.

🔸Трампты сынап жүргендер ол БҰҰ институттарының рөлін Бейбітшілік кеңесі арқылы алмастырғысы келеді дейді.

🔸Бұған дейін кей елдер Бейбітшілік кеңесі идеясын толық жоққа шығармайтынын, бірақ БҰҰ-ға балама құрылым ұйымдастыруға қарсы екенін және Трампқа кең өкілеттік беретін жарғының бірқатар ережесімен келіспейтінін білдірген деген ақпарат болған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁11👎2💩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Грузия қысқы олимпиада тарихындағы алғашқы жүлдесін алды. Бұл жүлде Италиядағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанау жарысында бұйырды.
❤26👍5👎1
💬 Feminita негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға қарсы іс "Ұрып-соғу" бабы бойынша тергеледі. Бұл жөнінде белсендінің өзі хабарлады.

Белсенді істі өзінің белсенділігімен байланыстырады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🤬5🤔4