Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда туған әнші Назгүл Шүкеева 25 жыл бұрын Украинаға көшкен. Сол жерде танылып, отбасы құрған. 2024 жылы Назгүлдің ұлы өз еркімен Украина әскеріне қосылып, майданға аттанған. Азаттық Азия редакциясы Назгүл туралы көлемді видео жариялады. Толық нұсқасын YouTube-тан көріңіз.
❤22👍10👏2
💬 Қытай Қазақстанға үш электр станциясын салып береді

Қытай Қазақстанда алдағы бірнеше жылда үш электр станциясы: екі жел және бір күн электр станциясын салады. Бұл жөнінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

- Қытаймен келісім бойынша үш жоба бар. Біріншісі ірі жел электр станциясы. 1000 мегаваттық ЖЭС Павлодар облысында салынады. Екіншісі 500 мегаваттық ЖЭС Қарағанды облысында салынады. Бұған қоса, 300 мегаваттық күн электр станциясы Түркістан облысында салынады. Жобалық компания ғой. Негізгі инвестор – Қытай. Бірақ Қазақстан тарапынан да салуда үлесі бар, әр жобада 25-30 пайыз, – деді вице-министр.

Оның сөзінше, күн электр станциясының құрылысы былтыр желтоқсан айында басталып кеткен. Жалпы 2027 жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы тиіс. Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2-3 жылда басталмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27👎7🤮5❤2🤬1
Мәулен Әшімбаев вице-президент бола ма? Сенат спикері реакция білдірді

"Сізді вице-президенттіктен үміткерлер қатарында атайды. Бұған не дейсіз?". Бейсенбі күні осы сұраққа жауап берген сенат спикері Мәулен Әшімбаев мұндай әңгімелер “қоғамдық дискурсты дұрыс емес бағытқа жетелейді” және оған негіз жоқ деді.

Оның сөзінше, егер қазақстандықтар жаңа Конституцияны қолдаса, кадрлық шешімдер референдумнан кейін қабылданады. Әшімбаев жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындау президенттің құзыретінде екенін айтып, қазір нақты адамның аты-жөндерін айтып, талқылау дұрыс емес екенін жеткізді.
😁16🤮5🤡3💩2❤1
🗣Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмірлік түрме жазасына кесілді

Оңтүстік Кореяның соты 2024 жылы желтоқсанда елде қысқа уақытқа әскери жағдай жариялап, ізінше "бүлік ұйымдастырды" деп айыпталып, биліктен шеттетілген бұрынғы президент Юн Сок Ельді кінәлі деп танып, оған өмірлік түрме жаза берді.

Арнайы прокурор соттан бұрынғы президентті өлім жазасына кесуді сұраған.

65 жастағы Юн өзіне тағылған айыптармен келіспеді.

Сурет: тікелей эфирде көрсетіліп жатқан бұрынғы президенттің соты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9😱5👍2🤔2😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
16 ақпанда Пекинде мемлекеттік China Media Group компаниясы ұйымдастарытан 2026 Spring Festival Gala іс-шарасында ерекше гуманоид роботтар өнер көрсетті. Олар билеп, күрделі қимылдарды қатесіз орындап жұрттың назарын аударды. Нарық мамандары Қытайдың робототехника нарығы кейінгі жылдары қарқынды өсіп жатқанын айтады.
🔥12👍6🤔2
🗣Бұрынғы ханзада Эндрю "Эпштейн ісі" бойынша ұсталды

Ұлыбритания королінің бауыры Эндрю Маунтбеттен-Уиндзордың америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы тексеріліп жатқан тұста 19 ақпанда таңертең полиция "қызметті өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен бұрынғы ханзада Эндрюді ұстады. Бұл жөнінде BBC және The Telegraph басылымы жазды.

Бұрынғы ханзада өзінің туған күнінде ұсталып отыр – бүгін ол 66-ға толды. Полицияның хабарламасында ұсталған адамның аты-жөні айтылмайды, тек "шамамен 60 жастағы ер адам" деп сипаттайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏28👍5❤3😱1
❗️Тоқаевтың "7 трлн теңге" жайлы сөзінен кейінгі тексеріс: Ұлттық банк әзірге заңсыздық таппаған

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық банктердің бірі 7 трлн теңгеден аса қаржыны шетелге заңсыз "жөнелткені" жайлы сөзінен кейін елдің қаржы реттеуші органы коммерциялық банктердің бірін тексерген. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

Оның сөзінше, айтылған сома бұл "шетелге шығарылған қаражат емес – банк транзакцияларының жиынтығы". Трансшекаралық операцияларды тексеру қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірігіп жүзеге асырылып жатыр. Әзірге қаржы реттеуші органдар заңсыздық анықтаған жоқ деді ол.

Шолпанқұлов нақты қай банк тексерілгенін айтудан бас тартты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣41😁9👀6🤬5🤮1🤡1
Azattyq - Азаттық
Самоделкина "олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген" Қазақстанға алғыс айтады Олимпиадада норвегиялық журналист Самоделкинадан не үшін Ресейден Қазақстанға ауысқанын сұрады. Спортшы "екі жыл болды Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрмін. Бұл – менің елім.…
⛸️"Бар мүмкіндігін көрсеткен" Самоделкина олимпиадада ондыққа енді. Ол алда қиын элементтерді секіргісі келеді

Миландағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық София Самоделкина 10-орын алды. Ол қысқа және еркін бағдарламасын қоса есептегенде 207,46 ұпай жинады. Бұл – Самоделкинаның карьерасындағы ең үздік ұпайы, яғни, жеке рекорды.

19 жастағы София еркін бағдарламасын орындап біткенде қатты қуанды. Себебі ол жоспарлаған барлық секіру элементтерін құламай орындап шықты.

– Мен дәл қазіргі бар мүмкіндігімді, бар дайындағанымды көрсеттім. Өте бақыттымын. Арманым орындалды деп айтсам болатын шығар. Барлық адамды армандауға, арманның орындалатынына сенуге шақырамын. Миша (олимпиада чемпионы Шайдоровты айтады – Ред.) екеуміз Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды алға жылжытып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл спорттың дамығанын мен қатты қалаймын. Миша да соны қалайды деп ойлаймын, – деді София жарыстан соң.

🔹"Қиын элементтерді көрсетеміз"

Ресейде туып, 2023 Қазақстан құрамасына ауысқан Самоделкина 23-29 наурызда Прагада (Чехия) болатын әлем чемпионатына қатысуды да жоспарлайды. Спортшы қазір АҚШ-та америкалық бапкер Рафаэль Арутюнянның қол астында жаттығады. София Америкадағы дайындықта үш айналым аксель, төрт айналым сальхов, төрт айналым ритбергер сынды қиын элементтерді секіріп көргенін айтты.

–Алда [қиын элементтерді] көрсетеміз. Жағдайыма, өзімді қалай сезінетініме қарап көрем. Бәлкім [биылғы] әлем чемпионатында бірдеңе жасармыз, – деді мәнерлеп сырғанаушы Азаттық тілшісіне.

Самоделкина Ресей атынан жасөспірімдер арасындағы жарыстарда үш айналым аксель және басқа да төрт айналым элементтер секіріп жүрген. Бірақ жасөспірімдер арасынан ересектер арасына өткенде, бойы, сүйегі, салмағы өсіп, бұл элементтерді жоғалтып алды. Дегенмен спортшы да, бапкері Арутюнян да қиын элементтерді қайтару үшін жұмыс істейтінін бұған дейін де айтқан.
❤14👍2🤷‍♀1
Қазақстанда референдум қарсаңында мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер әлеуметтік желідегі суретіне «Жаңа Конституцияны қолдаймын!» деген шеңбер қойып жатыр. Жергілікті сайттар оларды жұмыс орыны «мәжбүрлеген» деп жазады.

Осы кезде жаңа құжатқа наразы адамдар да өзінше аватарға салатын жиектеме ойлап тауып, жаппай флешмобқа айналдырып жіберді. Азаттық тілшісі екі түрлі жиектемені жасап шығарған адамдармен сөйлесіп, пікірлерін біліп көрді.
🤮14❤11👎4🤬2
🔴"Жаңа саяси процестер болады деген үміт ақталмады". Серік Бейсембаевпен сұхбат

Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша 15 наурызға белгіленген референдумнің үгіт-насихаты әлеуметтік желілерде басталып кетті: мемлекеттік я бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері жапа тармағай өз парағына "Жаңа Конституцияны қолдаймын!" деген шеңбер қойып жатыр. Жергілікті сайттар оларды жұмыс орны "мәжбүрлеген" деп жазды, алайда жетекшілігі оларға "ұсыныс жасалғаны рас, бірақ ешкім мәжбүрлеген жоқ" дейді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12💩7❤1🔥1
Reuters: Ресей мыңнан астам Кения азаматын соғысқа тартқан

Кения барлау қызметінің есебіне сүйенген Reuters осылай деп жазды.

Рекрутерлер бұрынғы сарбаздар мен полиция қызметкерлері, жұмыссыздарды тартып, оларға айына 350,000 шиллинг ($2,715)төленетінін айтып, қызықтырған. Бұған қоса, 1.2 млн шиллингке дейін ($9,309) бонусты уәде еткен.

"Осылайша мыңнан астам кениялық соғысқа тартылып, Ресей-Украина соғысына жіберілген" деді парламентте басым көпшілік болып отырған фракция жетекшісі Кимани Ичунгва

Бұған дейін Украина Ресей жағында Африка елдерінен шамамен 1,4 мың азамат шайқасып жатқанын хабарлаған. Киевтің айтуынша, кейбірі алдау-арбау арқылы әкелінген.
🤬13😱8❤2